Тұқымдық жадығат сапасы жөніндегі құжаттар. Мемлекеттік үлгіқалыптар (стандарттар) бойынша тұқымдық жадығат үш немесе екі сыныпқа (класқа) бөлінеді (3 - кесте).
Көрсетілген кластардың біріне кіретін тұқымдарды кондициялы деп атайды, олар себуге жарамды. Себу сапасының көрсеткіштері үшінші (екінші) сыныпты үлгіқалып шарттарына сәйкес келмейтін тұқымдарды кондициялы емес (кондициясыз) тұқымдар деп есептейді де олар себуге рұқсат етілмейді.
3-кесте – Сыныптарға бөлгендегі тұқым сапасының негізгі көрсеткіштері
Дақылдар
Сынып
Негізгі дақылдың тұқымы, %
Басқа өсімдіктер тұқымының қоспасы, дана/кг көп емес
Лабораториялық өнгіштіқ, %
барлығы
оның ішінде арамшөп өсімдігі
1
2
3
4
5
6
Жұмсақ бидай
І
99
10
5
95
ІІ
98
40
20
92
ІІІ
97
200
70
90
Қатты бидай
І
99
10
5
90
ІІ
98
40
20
87
ІІІ
97
200
70
85
Арпа, сұлы
І
99
10
5
95
ІІ
98
80
20
92
ІІІ
97
300
70
90
Тары
І
99
16
10
95
ІІ
98
100
75
90
ІІІ
97
200
150
85
Асбұршақ
І
99
5
рұқсат етілмейді
95
ІІ
98
10
2
92
ІІІ
97
50
5
90
Күнбағыс
І
99
5
2
95
ІІ
98
15
5
93
ІІІ
97
35
15
90
Майлы зығыр
І
98
200
150
95
ІІ
97
550
500
90
ІІІ
86
1550
1550
85
Еркек шөп
І
95
-
0,5 % көп емес
80
ІІ
90
-
0,1 % -//-
65
Егістік жоңышқа
І
96
-
0,5 % -//-
80
ІІ
96
-
1,0 % -//-
70
Ақ және сары түйе жоңышқа
І
96
-
0,3 % -//-
80
ІІ
96
-
0,8 % -//-
65
Қылтықсыз арпабас
І
95
-
0,6 % -//-
75
ІІ
90
-
1,0 % -//-
65
Судан шөбі
І
98
-
0,2 % -//-
80
ІІ
95
-
0,5 % -//-
70
«Тұқым кондициясы жөніндегі куәлік» құжатының әсер ету мезгілі берілген уақытынан санағанда көпшілік дақылдар үшін (көкөніс, бақшалық дақылдар және мал азығындық тамыр жемістерден басқалары) - төрт ай, және ол мерзім тұқымның өнгіштік көрсеткіші бойынша белгіленеді.
«Тұқым талдаудың нәтижесі» - себу сапасы МҮҚ шарттарына сәйкес келмеген тұқымдарға және мөлшерленетін көрсеткіштер түгел тексерілмегенде берілетін құжат. Бұл құжатта тұқымды талдаудың нәтижесі келтірілген және қандай себептермен үлгіқалып шарттарына жауап бермейтіндігі көрсетілген, сонымен бірге кондицияға жеткізу үшін тұқымға қандай өңдеу жұмысын жүргізу қажет екендігі айтылған.
Өздігінен тексеру сұрақтары:
Тұқымдық (егістік) сапа көрсеткіші деп нені атайды?
Тұқым тазалығы деп нені атайды және оны анықтаудың әдістемесі қандай?
Тұқымның зертханалық (лабораториялық) өнгіштігі, өну қуаты (энергиясы) және оларды анықтау әдістемесі.
Тұқым ылғалдылығы деген не, оны қандай тәсілдермен анықтайды және негізгі тәсілдің анықтау әдістемесін атаңыз.
1000 тұқымның массасы қалай анықталады?
Өсу күшінің мәні, анықтау тәсілдері.
Тұқымның тіршілікке қабілеттілігі деп нені атайды және оны анықтаудың қандай тәсілдерін білесіз?
Тұқымның тіршілік ұзақтығы (ұзақ өміршеңдігі) деген не? Оның түрлері, ісаналық мәні қандай?
Тұқымның себу жарамдылығы дегеніміз не? Агрономиялық мәнін, қолдану аясын атаңыз.
Тұқым кондициялығы жөніндегі куәлік қандай тұқымдық жадығатқа толтырылады?
МҮК талаптары бойынша дақылдарға байланысты тұқымдық жадығат қандай сыныптарға (кластарға) бөлінеді?
«Талдау нәтижесі» қандай тұқымдық жадығатқа және қандай жағдайда толтырылады?
Әдебиет: 1. Аринов К.К., Шестакова Н.А. Агрономические основы семеноведения и семенного контроля на Севере Казахстана. Астана, 2006
2. Әрінов Қ.К., Можаев Н.И., Шестакова Н.А. ж.б. Өсімдік шаруашылығы практикумы. Астана, 2004
3. Әрінов Қ.К., Мұсынов Қ.М., Шестакова Н.А. ж.б. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2011
4. «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы (2009.17.07 берілген өзгертулер және толықтырулармен). Астана, 2009.