Тірек-қимыл жүйесінің аурулары


Ревматоидтық артриттің диагностикалық критерийлері



бет2/5
Дата02.12.2023
өлшемі2,79 Mb.
#194657
1   2   3   4   5
Байланысты:
ревматологиядагы аурулар
Шығармашылық топ, fizika-paeni-esepter-zhinaghy, аллергия, анатомия ОДА, бұлшықет физиология, жүрек анатомиясы, физиологиясы, жедел жане созылмалы бронхит, қан түзу жүйесі насқастарды тексеру әдістері, тыныс алу жүйесі анатомиясы, тірек қимыл тексеру
Ревматоидтық артриттің диагностикалық критерийлері:
  • әйелдердің жиілеу шалдығуы.
  • инфекцияға тікелей байланысының жоқтығы.
  • буындардың ауырсынуы, ісінуі, салицилаттардың әсер етпеуі.
  • қимылсыз жағдайдан кейін, ертеңгілікте буындардың ең болмағанда 1 сғат сіресуі.
  • басым ұсақ буындарды симметриялы зақымдауы.
  • буындардың қайтымсыз деформациялануы.
  • буын маңындағы теріастылық түйіндер болуы.
  • рентгенограммадағы өзгерістер: остеопороз, шеміршектің бұзылып жойылуынан буын жегінің тарылуы, сүйекте – буын бетінің кетіктенуі.

Емі
Ем жобасын түзгенде ревматоидтық артриттің түрін, активтілік дәрежесін, науқастың жасын, ілеспелі ауруларын ескереді.
Ревматоидтық артрит кезіндегі ем бағдарламасы:
  • тез әсерлі қабынуға қарсы дәрмектер.
  • иммундық жүйені реттейтін дәрмектер мен шаралар.
  • жергілікті ем және дәрмектерді буын ішіне енгізу.
  • физиотерапия.
  • емдік дене шынықтыру, массаж, еңбекпен емдеу.
  • санаторлық — курорттық ем.
  • реабилитация.
  • диспансерлеу.

Физиотерапия.
Ревматоидтық артриттің емінде физиотерапияға көп мән берілуі тиіс. Ең жиі қолданатын әдістер: парафиннің, бишофиттің аппликациялары, түрлі дәрмектерді буынға фонофорез немесе электрофорез әдісімен енгізу т.б.
Хирургиялық ем.
Оның түрлері: Бұзылған буынды протезге ауыстыру, бұл ем ірі буындардың жарамсыздығында қолданылады.Ұсақ буындарға синовэктомия, артродез және артропластика жасалады.
Остеохондроз жер бетіндегі тірек-қозғалыс жүйесінің ең көп тараған ауруы болып табылады. Бұл — омыртқаның ауруы. Яғни, қатар тұрған омыртқалардың арасындағы шеміршек деформацияланып, ақырында омыртқалар арасы жақындап кетеді де, оның ортасындағы жұлын-ми жүйке тамырлары қысылып, адамның белі, аяғы, қолы, басы, тіпті, ішкі ағзаларының барлығы ауруға ұшырайды. Грек тілінен аударғанда «osteo» — сүйек, aл «hondrа» — шеміршек деген мағына береді. Осы остеохондроз ауруының асқынған түрі омыртқа арасындағы жарық (грыжа) ауруына алып келіп соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет