Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пӘні бойынша теориялық сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу мамандығы: 0032000 «Медбикелік іс»



Дата22.02.2018
өлшемі99,47 Kb.
#38183
түріСабақ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті


Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы


ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

пӘні бойынша

ТЕОРИЯЛЫҚ САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Мамандығы: 0032000 «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»

Курсы: ІІІ

Семестрі: V

Тақырыбы: Модуль 2 Төтенше жағдайларды бағалау. Құтқарушылық және апатты орнына келтіру жұмысы.

(жалпы сағат саны:6сағ;теория-2сағ)

ШЫМКЕНТ 2014 ж

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.
«Бекітемін»

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.


Құрастырған: аға оқытушы, магистр Жақсылықкеліні Ұ.А.

Сабақтың тақырыбы: Төтенше жағдайды бағалау. Құтқарушылық және апатты орнына келтіру жұмысы.

(сағат саны:2сағ -90мин)

1 Сабақ: Төтенше жағдайды бағалау.

Сағат саны: 45 мин (100%)


  1. Сабақ түрі: теориялық

  2. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: төтенше жағдай кезінде пайда болатын зақымдану ошағының мінездемесін оқып-үйрену.

  • тәрбиелік: төтенше жағдай кезінде пайда болатын зақымдану ошақтарының сипаттамасын білуге тәрбиелеу;

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап,пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,суреттер,кеспе қағаздары.

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6. Әдебиеттер:

Негізгі: (Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша: (Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004



7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 7мин (15%)

Сұрақ-жауап.



9.Жаңа сабақты түсіндіру 10мин(30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы: 15 мин (35%)

ТЖ болған оқиғаны бағалау

Радиациялық жағдай – жердің радиоактивтік зақымдану көлемі мен дәрежесі, мұның өзі азаматтық қорғаныс жасақтарының іс – қимылына, халық шаруашылығы нысандарының жұмысына және халықтың тіршілік қызметіне әсер етеді.

Радиациялық жағдай болжау әдісімен, радиациялық барлау мәліметтері бойынша анықталып, оған баға берілуі мүмкін.

Болжау әдісі дұшпан ядролық қаруды қолданғаннан кейін зақымдау уақытын, сипатын, жасақтардың іс- қимылын және халықтың мінез – құлық жағдайын анықтау үшін пайдаланылады. Бірақ болжау зақымдану сипаттамасын тек шамалап қана көрсетеді, ол іс жүзінде едәуір өзгеше болуы мүмкін. Болжау үшін қажетті бастапқы мәліметтер: жарылыстың қуаты, түрі және жарылыс орталығының (эпицентр) координаттары, жарылыс уақыты, орташа желдің жылдамдығы мен бағыты.

Болжаған радиациялық жағдай міндетті түрде радиациялық барлаумен нақтыланып, барлау мәліметтері алынғаннан кейін келесі ретпен баға беріледі: радиацияның өлшенген деңгейі бойынша зақымдану аймағы белгіленеді, зақымданған аймақта радиацияның белгілі деңгейі бойынша адамдардың қанша уақыт бола алатындығы, сәуле шарпуының белгілі мөлшері (дозасы) кезінде құтқару жұмыстарын бастаудың рұқсат етілген уақыты және оларды жүргізудің ұзақтығы, цехтар немесе тұтас алғанда нысан бойынша жұмысшылардың, қызметшілердің жұмыс тәртіптері және радиоактивті зақымдану жағдайында халықтың мінез – құлқы анықталады.



Радиациялық қауіп – радиоактивтік зақымдану қаупі туралы халықты ескертетін қорғаныс дабылы. Дабылды берумен қатар, халыққа, нақты қорғану шаралары, атап айтқанда, жеке қорғаныс құралдары мен қорғаныс ғимараттарын пайдалану ұсынылады. Жүріп – тұру тәртібін және қорғаныс ғимараттарынан шығуды тиісті штабтар мен азаматтық қорғаныс бастықтары белгілейді

Химиялық жағдай – қоршаған ортада белгілі бір мөлшерде әртүрлі химиялық заттардың концентрациясының болуы.

Химиялық қауіп дабылы дұшпанның улағыш заттарды және бактериалық құралдарды қолданғаны туралы халықты ескерту мақсатымен беріледі. Дабыл кәсіпорын, ұйымдардағы қолда бар хабарландыру құралдарын пайдалана отырып қайталанылады.



Радиациялық және химиялық барлау. Жердің, ауаның және су көздерінің радиоактивтік және химиялық зақымдануының бар – жоғын, дәрежесін анықтап, радиация деңгейі (улағыш заттардың шоғырлануы) неғұрлыс аз маршруттар мен аймақтарды белгілейді, жердің, ауаның, азық – түлік пен судың зақымдану дәрежесіндегі өзгерістерге бақылау жасап отырады.

Радиациялық бақылау кезінде иондаушы сәулеленуді анықтау үшін индикация әдістері қолданылады:

  • Химиялық әдіс – радиоактивтік сәулелердің әсерінен кейбір заттарда болатын химиялық өзгерістерді анықтауға негізделген. Мысалы: хлороформ сәуле шарпуының нәтижесінде ажырап тұз қышқылын бөледі,ол белгілі мөлшерде жиналып, хлороформ ерітіндісіне қосылған арнайы бояғыштың түрін өзгертеді (ДГ – 70м тектес дозиметр). Алынған бояудың түрлерін алғашқы эталон түрімен салыстыру арқылы радиоактивтік сәулеленудің мөлшерін (дозасын) анықтауға болады;

  • Суретке түсіру әдісі – иондаушы сәуленің фотоматериалдың жарық сезгіш қабатына әсер ету арқылы, пленаның қараю тығыздығына байланысты анықтайды;

  • Сцинтилляциялық әдіс – люминисцентті материалдың иондаушы сәулеленудің әсерінен жарық түрінде, шашыранды сәуле шығарады;

  • Люминисценттік әдіс – екі жағдайда анықталады радиофотолюминисцентті және радиотермолюминисцентті, бірінші жағдайда иондаушы сәуле әсерінен люминисцирлеуші материалда күміс иондары мен атомынан тұратын фотолюминисцентті орталығы құрылады, ультрафиолет жарығынан көрінетін люминисценция тудырады.

Ал екінші жағдайда жылу әсерінен иондаушы сәуленің сорылған энергиясы люминисценцияға айналады.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин (10%)

Сұрақтар:

1.Радиациялық жағдай – жердің радиоактивтік зақымдану көлемі мен дәрежесі, мұның өзі азаматтық қорғаныс жасақтарының іс – қимылына, халық шаруашылығы нысандарының жұмысына және халықтың тіршілік қызметіне әсер етеді.

2. Радиациялық қауіп – радиоактивтік зақымдану қаупі туралы халықты ескертетін қорғаныс дабылы.

3. Химиялық жағдай – қоршаған ортада белгілі бір мөлшерде әртүрлі химиялық заттардың концентрациясының болуы.

4. Радиациялық және химиялық барлау.

5. Радиациялық бақылау кезінде иондаушы сәулеленуді анықтау үшін қандай әдістері қолданылады?



12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру. Құтқару және апатты орнына келтіру жұмыстары.

Қ-1, 37-40бет 2 мин (2%)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет