Титулдық парағы


Лабораториядағы жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі



бет3/59
Дата16.12.2021
өлшемі0,59 Mb.
#101812
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Лабораториядағы жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі
1. Жұмыс бастардың алдында әдістемелік нұсқаулықты, болып жатқан процесстердің теориялық негізін, қолданылатын химиялық заттек пен реактивтің қасиетін, олармен жұмыс істеу тәртібін, жұмысты қауіпсіз орындау ережесін оқып шығу керек.

2. Аспаптар мен жабдықтардың сыртқы түріне байқау жүргізіп, олардың құрылғысы мен жұмыс істеу тәртібін үйрену.



3. Желдеткіш ақаулы немесе қосылмаған кезде жұмыс істеуге тыйым салынады.

4. Зертханадағы кез келген жұмысты тыңғылықты, мұқият, асықпай орындау керек. Жұмыс орнында нақты бір жұмысты орындауға қажетті реактивтер, аспаптар мен құрылғылар болуы керек. Жұмыс орнында тәртіпсіздікке жол берілмейді.

5. Қышқыл және сілтіні сифон мен тамшуырға ауызбен тартуға тыйым салынады.

6. Қышқыл мен сілтіні шұңғылшаға төгуге тыйым салынады. Бұл ерітіндіні арнайы ыдысқа құю керек.

7. Төгілген қышқыл мен сілтіні дереу құммен көміп залалсыздандыру керек, содан кейін барып жұмысты жалғастырылады.

8. Жұмыс аяқталған соң электр аспаптарын желіден ажырату қажет.

9. Жұмыс аяқталуы бойынша жұмыс барысында қолданылатын барлық аспаптар мен ыдыстарды жуу қажет.

10. Ыдыстарды жуу үшін сабын, кальцийленген сода, жуғыш құралдар қолдануға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет