Тізімәдістеріменфункциялары Тізім элементтерін өңдеу үшін тізімдерде бірқатар әдістер бар:
append(item) - тізімнің соңына элементті қосады;
insert(индекс,элемент) - элементті тізімге индекс бойынша қосады;
remove(item) - элементті жояды. Элементтің біріншісі ғана жойылады. Егер элемент табылмаса, қате болады;
clear() - тізімді тазалау (барлық элементтерді алып тастау);
index(дерек) - деректің индексін қайтарады. Егер дерек жоқ болса, ValueError қателігі болады;
pop([index]): индексі көрсетілген дерек тізімнен өшіріледі және функция мәні сол дерек болады (қайтарады). Егер индекс жазылмаса, онда соңғы дерек өшіріледі;
count(item): тізімдегі элементтің қайталану санын қайтарады;
reverse() - тізімдегі барлық элементтерді керісінше орналастырады;
len(list):тізімнің ұзындығын қайтарады;
sort(list): сұрыпталған тізім қайтарады;
min(list): тізімнің ең кіші элементін қайтарады;
max(list): тізімнің ең үлкен элементін қайтарады;
copy() – көшірмесін алу.