Түйінді периартериит кезінде жүрек зақымдалуынын қай түрі едәуір тән?


Р тісшесіз уақытынан ерте жалпақ экстрасистолық комплекстің пайда болуы, толық



бет48/48
Дата02.11.2022
өлшемі165,3 Kb.
#156130
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Т йінді периартериит кезінде ж рек за ымдалуынын ай т рі ед уір (1)
1
Р тісшесіз уақытынан ерте жалпақ экстрасистолық комплекстің пайда болуы, толық компенсаторлы кідіріс
Р тісшесінен кейін пайда болатын QRS комплексінің ұзаруы (0,12 с ұзақ), экстрасистоладан кейін толық емес компенсаторлы кідіріс
экстрасистолалы QRS комплексінің алдында Р тісшесінің болуы
Р тісшесінен кейін QRS комплексінің түсіп қалуы
жоғарыда аталғандар дұрыс.

Артериялық гипертензияға ЭКГ қандай өзгерістер тән?


Сол қарынша гипертрофиясының белгілері;
Электрлік өстің оңға қарай ығысуы;
Оң қарынша гипертрофиясының белгілері;
Экстрасистолия;
Тахикардия.

Эссенциальды артериалық гипертензия кезінде ем қалай жүргізіледі:


Өмір бойы
Жылына 2 рет курс бойынша
Гипертониялық криздер кезінде
Асқынулары болған жағдайда
Науқас жағдайы нашарлаған жағдайда.

Бронхылық демікпе мен артериялық гипертензиясы біріккен науқаста қандай препарат бронхообструкциялық синдромды қоздыруы мүмкін:


бета-блокаторлар
Кальций антогонистері
АПФ ингибиторлары
Диуретиктер
Альфа-адреноблокаторлар

Каптоприлдің әсер ету механизмі немен байланысты:


Ангиотензин-конверттеуші ферменттің тежелуімен
Натрий-калий АТФ-азаны тежеумен
Тікелей вазодилятациялық әсерімен
Орталық симпатолитикалық әсерімен
Аталғандардың барлығы дұрыс

Эссенциальды артериалық гипертензияның қауіп факторына қайсысы жатады:


Барлығы
Тұқымқуалаушық бейімділік
Ас тұзын көп мөлшерде қолдану
Дене салмағының жоғары болуы
Физикалық белсенділіктің болмауы, тұрақты стресс
Спонтанды стенокардияға тән белгі:
аталғандардың барлығы
ЭКГ-да биіктеген ST сегментінің тез жойылуы
коронографияда 10 пайыз жағдайда тәж артерияларының өзгермегенінің байқалуы
ұстамалардың түнде пайда болуы
ауырсыну ұстамасына нитроглицериннің жеңілдік беруі

65 жастағы әйелде 2 айдан бері қатты тағам қабылдағанда жұтынудың қиындауы және 6 кг-ға дейін салмақ тастау, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық байқалады. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?


{
= өңештің қатерлі ісігінің
~ кардия ахалазиясының
~ өңеш дивертикуласының
~ өңеш дискинезиясының
~ гастроэзофагеальды-рефлюкс ауруының
}

45 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін басталып, алға еңкейгенде күшейетін кеуде артындағы ауырсыну, кекіру, құсу және спазмолитиктерді қабылдағаннан кейін азаятын ауыру сезіміне шағымданады. Рентгенде асқазанның фундальды бөлігінің кеуде қуысына ығысуы және диафрагманың өңеш тесігі тұсында асқазан пішінінің деформациясы анықталды. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы ақпаратты?


{
~ колоноскопия
~ ирригоскопия
~ эзофагоманометрия
~ көкірекаралық томографиясы
= эзофагогастродуоденоскопия
}

56 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін кеуде артындағы ауырсыну мен қыжылдауға шағымданады; ауырсыну қатты еңкейгенде және қатты қысатын белдік таққанда пайда болады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?


{
~ кардия ахалазиясының
~ өңеш дискинезиясының
~ өңештің пептикалық жарасының
= гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының
~ көкеттің өңештік тесігінің жарығының
}

Баррет өңеші анықталған науқаста малигнизация қаупін төмендету үшін қандай препараттарды тағайындаған тиімді:


{
~ реглан, квамателды
~ де-нол, ранитидинді
~ маалокс, фамотидинді
= омепразол, мотилиумды
~ гастроципин, церукалды
}

49 жастағы ер адам бірнеше жылдар бойы тамақтанған кейін және ауыр көтерген кезде, горизонтальды қалыпта күшейетін, кекіруден кейін азаятын, семсер тәрізді өсінді аймағындағы ауырсыну мен қыжылға шағымданады. Рентгенде өңештің абдоминальды бөлігінің, асқазанның кардиальды және фундальды бөліктерінің кеуде торшасына ығысуы анықталады. Кенеттен науқаста кеуде артында айқын ауыру сезімі, қан аралас құсық пайда болды. Қандай емдеу тәсілі тиімді?


{
~ химиотерапия
~ сәулелік терапия
= оперативті ем
~ консервативті ем
~ санаторлы курорттық ем
}

64 жастағы әйел, асқазанның ойық жара ауруымен ауырады, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім және тұрақты тұйық ауыру сезімі, біртіндеп күшейетін әлсіздік, тәбетінің болмауына шағымданады. Соңғы 3-4 айда тамақтанумен байланысты ұстама тәрізді ауырсыну сипатты тұйыққа ауысқан. Рентгенде: асқазанның кіші иінінің үштен бір бөлігінде диаметрі 1,5х0,8 жара анықталды. Жараға қарсы емделгеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауыру сезімі басылмады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?


{
~ асқазан полипінің
~ Менетрие ауруының
= асқазанның жаралы қатерлі ісігінің
~ асқазан ойық жарасының
~ асқазан ойық жарасының пенетрациясының
}
32 жастағы ер адам, тамақ ішкеннен немесе алкоголь қабылдағаннан жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы басып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең сипағанда эпигастрии аймағында жайылмалы ауырсыну. ЭФГДС: асқазанның шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-саран қан құйылулар бар. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы мәліметті?
{
~ 24-сағаттық рН-метрия
~ эндоскопиялық рН-метрия
~ электрогастрографиялық әдіс
= Helicobacter pylori зерттеу
~ гастросынама әдісімен асқазанның сөлін зерттеу
}

72 жастағы әйел тез әлсіреу, іштегі тұйық ауырсыну, тәбетінің жоғалуы, соңғы жарты жылда 10 кг салмақ жоғалтқанына шағымданады. Обьективті: іші жұмсақ, сипағанда эпигастрии аймағында ауырсыну байқалады. Мойынның сол жағындағы бұғана үстінде және кіндік маңындағы лимфа түйіндері үлкейген. Қанда эритроциттер - 2,1 млн, Нв - 82 г/л, ЭТЖ - 58 мм/сағ. ЭФГДС: асқазан денесінде, түбі тығыз ақшыл, шеттері биік тегіс емес, жиектері жыртылған, асқазан керілгенде өзгермейтін диаметрі 0,8х1,0 см жара анықталады. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін:


{
= асқазан ісігі, IV клиникалық тобы
~ созылмалы атрофиялық емес гастрит, өршу сатысы
~ созылмалы субатрофиялық гастрит, өршу сатысы
~ асқазан жара ауруы, өршу сатысы, асқазан денесінің жарасы
~ асқазан жара ауруы, өршу сатысы, жиі қайталанатын асқазан денесінің жарасы
}

56 жастағы ер адам, әлсіздік, бас айналу, қаратүсті нәжіске шағымданады. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?


{
~ асқазан ойық жарасының перфорациясының
~ асқазан ойық жарасы, өршу фазасының
~ созылмалы атрофиялық гастриттің, өршу сатысы
~ созылмалы атрофиялық емес гастриттің, өршу сатысы
= 12- елі ішектің жара ауруының, өршу сатысы, қан кету
}

Асқазанның ойық жарасымен ауыратын ер адам эпигастрии аймағындағы ауырсыну және тойған сезімге, алдында ішкен тағаммен жағымсыз иісті құсық, жүдеуге шағымданады. Айқын шолпыл шуылы мен асқазан аймағында көзге көрінетін перистальтика байқалады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?


{
~ 12 елі ішектің ойық жарасының
~ асқазан ойық жарасы, пенетрациямен асқынуының
~ асқазан ойық жарасы, перфорациямен асқынуының
~ асқазан ойық жарасы, қан ағумен асқынуының
= асқазан ойық жарасы, 12-елі ішекке кіре беріс стенозымен асқынуының

}


Ұзақ жылдан бері ойық жарасымен ауыратын 58 жастағы ер адам асқазан, эпигастрии аймағындағы ұстама тәрізді ауырсыну, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Жараға қарсы терапия нәтижесіз. Қандай емдеу тәсілі тиімді?
{
= оперативті ем
~ ерімейтін антацидтер тағайындау
~ антибактериальды терапияны жүргізу
~ наркотикалық емес анальгетиктер енгізу
~ спазмолитиктер мен холинолитиктерді қолдану
}

37 жастағы әйел, көбінесе түнгі уақытта және ашқарында пайда болатын, тамақ қабылдағанда азаятын, эпигастрий аймағындағы басып ауырсыну сезіміне шағымданады. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, сипағанда эпигастрии аймағында жайылмалы ауырсыну байқалады. Төмендегі емдеу шараларының қайсы жоспары тиімді?


{
~ омепразол, де-нол, маалокс
~ метронидазол, де-нол, алмагель
~ тетрациклин, омепразол, квамател
= кларитромицин, флемоксин Солютаб, париет
~нифуратель, флемоксил Солютаб, гастроцепин
}

64 жастағы әйел алты айда 6 кг салмақ жоғалту, үдемелі әлсіздік пен кезеңді мұрнынан қан кетуді байқаған. Соңғы екі күнде нәжісі қара түсті болған. Тері жабындылары боз, эпигастрии аймағында ауырсынады, бауыр қабырға доғасынан 4 см төмен, көк бауыры 3 см төмен. Қан кету көзінің болуы мүмкін?


{
~ тік ішек
~ ащы ішек
~ тоқ ішек
~ он екі елі ішек
= варикозды кеңейген өңеш веналар
}

49 жастағы ер адам, тамақ қабылдағаннан 40-60 мин кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып ауыру, ауырлық сезімі, қышқылды ауамен кекіру, әлсіздік, тітіркенгіштікке шағымданады. Қан анализінде: гипохромды анемия, гипопротеинемия. Рентгенде: асқазанның үлкен иіні мене синусы аймағындағы гигантты қатпарлардың пиязшыққа (привратникке иілетіні анықталған. Қандай зерттеу әдісі мәліметті?


{
~ гастрографияны
~ ирригоскопияны
~ ректороманоскопияны
~ биопсия мен колоноскопияны
= көзделген биопсиямен ЭФГДС
}

38 жастағы әйел, эпигастрии аймағындағы өткір ауырсыну, кейін ауырсыну бүкіл ішке таралып, ауырсыну кезінде бір рет құсқып, ауруханаға түсті. Обьективті: тері жабындылары бозғылт, суық тер басқан. Науқас мәжбүрлі жағдайда, аяқтарын ішіне тартып, арқасымен жатыр. Тынысы беткей, терең тыныс ішіндегі ауырсынуды күшейтеді. АҚ - 90/40 мм с.б.б. ЖЖЖ 50 рет мин. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Рентгенде іш қуысында бос газ анықталады. Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысының болуы мүмкін:


{
= перфорацияның
~ пенетрацияның
~ қан кетудің
~ перивисцериттің
~ 12-елі ішекке кіре берістің стенозының
}

66 жастағы әйел, майлы тағам жегеннен кейін пайда болып, жүрек аймағына берілетін оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ортнер симптомы оң. Қанда лейкоциттер - 9,8 мың. ЭТЖ - 18 мм/сағ. Өтті зерттеуде: барлық порцияларда шырыш және лейкоциттер. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?


{
~ жедел холециститтің
~ жедел аппендициттің
~ созылмалы дуодениттің өршуі
= созылмалы тассыз холециститтің өршуі
~ 12-елі ішектің ойық жара ауруының өршуі
}

28 жастағы әйел, оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауыру сезімі, ауыздағы қышқыл дәм, жалпы әлсіздік, аздаған сарғаюға шағымданып түсті. Емдәмді бұзғаннан кейін пайда болатын ауырсыну ұстамаларының мазалағанына 10 жыл болған. Көк тамырішілік холангиографияда: жалпы өт жолы аздап ұлғайған. Өт қабы ұлғайған, төмен орналасқан, қатпар түзбей толады, түбінде үлкен тас бар. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?


{
~ өт қабы ісігінің
~ созылмалы дуодениттің өршуі
~ өт қабы дискинезиясының гипотониялық түрі
~ созылмалы калькулезды емес холециститтің өршуі
= созылмалы калькулезды холециститтің, өршу фазасы
}

74 жастағы ер адам, қуырылған, майлы тамақ жегеннен кейін пайда болатын және оң жақ жауырын астына берілетін тұрақты емес, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, құсу, басының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, сипағанда өт қабы тұсындағы ауырсыну. Ортнер, Френикус, Мюссе симптомдары – оң. Дене қызуы 370 С. Қан анализінде – нейтрофильді лейкоцитоз. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?


{
~ жедел аппендециттің
~ созылмалы дуодениттің, өршу сатысы
~ өт қабы дискенезиясының гипотониялық түрі
= созылмалы калькулезды емес холециститтің өршуі
~ созылмалы токсикалық гепатиттің минимальді белсенділік дәрежесі
}

49 жастағы әйел, оң қолға берілетін оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, өт аралас құсыққа шағымданып түсті. Ауырғанына 18 жыл болған. Объективті: тәбеті жоғары, склерасы субиктериялы, оң жақ қабырға астында ауысыну, Ортнер симптомы оң. Қанда: лейкоциттер - 12 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Өтті зерттеу – барлық үш порцияда - шырыш, лейкоциттер, IV порцияда- лямблиялар. Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындаған тиімді?


{
~ цефазолинді
~ гентамицинді
~ левомицетинді
~ эритромицинді
=метронидазолды
}

Семіздікпен ауыратын 50 жастағы әйелде, оң бұғана үстіне берілетін кенеттен оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болды. Әйел мазасыз, төсекте тынышсыз. Қарағанда: терісінің түсі қалыпты, сипағанда өт қабы нүктесінде ауырсыну, Ортнер симптомы оң, дене қызуы қалыпты, қан анализі қалыпты. Қандай зерттеу әдісі мәліметті?


{
~ ирригоскопия
~ холецистография
~ эзофагогастродуоденоскопия
= құрсақ қуысының УДЗ
~ көзделген бипсиямен лапароскопия
}

Жас жігіт бір ай ішінде салмағының 5 кг төмендегенін, терісінің сарғайғанын байқаған. 1 аптадан кейін терінің қышуы, эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсыну қосылған. КТ-да холедохтың дистальді бөлімінде өлшемі 2 см түзілім анықталған. Төмендегі диагноздардың қайсысы мүмкін?


{
= холангиокарцинома
~ бактериальді холангит
~ біріншілік склероздаушы холангит
~ өт қабы дискенезиясының гипомоторлық түрі
~ созылмалы калькулезды холециститтің, өршуі
}

38 жастағы ер адам эпигастрий аймағындағы күшті ұстамалы ауырсыну, терісінің сарғаюы, дене қызуының 390С жоғарылауы мазалайды. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісінің түсі сарғайған, бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, сипағанда ауырсынады. Зертханалық анализде: лейкоциттер – 15 мың, ЭТЖ - 28 мм/сағ., УДЗ - холедохтың 9 мм кеңеюі. Қандай емдеу шарасы тиімді?


{
~ гепатопротекторларды тағайындау
= оперативті ем жүргізу
~ ерімейтін антацидтер қосу
~ наркотиктік емес анальгетиктер қосу
~ спазмолитиктер-холинолитиктерді қолдану
}

25 жастағы ер адам 40оС дейін дене қызуымен құрсақ қуысындағы жайылмалы ауырсынумен ауыр жағдайда түсті. УДЗ - өт қабының өзегінде көлемі 3,5 мм тас. Қан анализінде нейтрофильді лейкоцитоз, сілтілі фосфатаза 3 есе жоғары, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Қандай емдеу шарасының тәсілі тиімді?


{
= оперативті ем
~ өт айдайтын препараттар
~ антибактериалды терапия
~ наркотикалық емес анальгетиктер
~ спазмолитиктер-холинолитиктер
}

Ер адам 5 жыл бойы созылмалы калькулезді холециститпен ауырады. УДЗ - өлшемі 0,7 мм-ге болатын тас анықталып, оның еміне 3 ай бойы урсофальк қабылдаған. Жүргізілген ем әсерінің тиімділігін дәлелдеуге төмендегі көрсеткіштердің қайсысы мәліметті?


{
~ ЭТЖ-нің қалпына келуі
= тас көлемінің кішіреюі
~ лейкоциттер деңгейінің қалпына келуі
~ билирубин деңгейінің қалпына келуі
~ сілтілі фосфатаза деңгейінің қалпына келуі
}

49 жастагы әйелде қысқа мерзімде дене салмағы 15 кг төмендеп, терісі сарғайып, оған терінің қышуы қосылып, эпигастрий аймағында тұйық ауыру сезім пайда болған. Холедохты тексергенде түзілім анықталған. Төмендегі емдеу шараларының қандай тәсілі тиімді?


{
~ химиотерапия
~ сәулелік терапия
= оперативті ем
~ спазмолитиктер мен холинолитиктерді тағайындау
~ холедохтың дистальді бөлігінің эндоскопиялық кеңеюі
}

Спецификалық емес жаралы колиттің дамуына бейімдеуі мүмкін:


{
~ еңкейіп жұмыс істеу, ауырлық көтеру, мөлшерден артық тамақтану
~ егде жас, алкольді шамадан тыс қолдану
~ шылым шегу, гиподинамия, рафинирленген тағам қолдану
~ әйел жынысы, артық салмақ, жоғары холестеринді тағам
= сүтті көтере алмаушылық, контрацептивтерді қолдану, бұрын болған ішек инфекциясы
}

30 жастағы ер адамда қан аралас диарея, ішінде толғақ тәрізді ауырсыну сезімі, қызба пайда болған. Проктосигмоскопия кезінде шырышты қабаттың қансыраған, борпылдақтығы анықталды. Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау тиімді?


{
~ смектаны
= салофалькті
~ ванкомицинді
~фуразолидонды
~ метронидазолды
}

34 жастағы ер адам, құрсақтың төменгі бөлігінің сыздап ауыру, тәулігіне 10 ретке дейін болатын қан аралас сұйық нәжіс, салмақтың төмендеуіне шағымданып түсті. Қарағанда: тоқ ішектің ауыруы сезімі. Ирригоскопияда тоқ ішек саңылауының тарылуы, ішек контурынан шығып тұратын көптеген гаустрациялар анықталған. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?


{
~ шигеллездің
~ Крон ауруының
~ ишемиялық колиттің
~ псевдомембранозды колиттің
= спецификалық емес жаралы колиттің
}

45 жастағы әйел тамақ ішумен байланыссыз эпигастрий аймағындағы тұйық, сыздап ауыру, жүрек айнуына шағымданып түсті. Объективті: іші жұмсақ, эпигастрий аймағында аздаған ауыру сезімі. Қан, зәр, нәжіс анализдері қалыпты. ЭФГДС – асқазанның төменгі үштен бірінде және антральді бөлігінде үлкен иінінде – көптеген дөңгелек тәрізді мөлшері 0,5-1,0 см полиптер. Қандай зерттеу әдісі мәліметті?


{
~ тәуліктік РН-метрия
~ асқазанның рентгенскопиясы
~ асқазан сөлін фракциялық зерттеу
= биопсия материалын цитологиялық зерттеу
~ асқазан сөліндегі сүт қышықылын зерттеу
}

42 жастағы ер адамды, ас қабылдағаннан соң 40-60 минуттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып ауыру және ауыртпалық сезім, қышқылды ауамен кекіру, кенеттен тәбетінің төмендеуі мазалайды. Ауырғанына 2 жыл болған. Объективті: терең сипағанда эпигастрий аймағында ауыру сезінеді. Қан анализі: гипохромды анемия, гипопротеинемия. Эндоскопиялық зерттеуде: асқазанның шырышты қабатының рельефі ми иірімдеріне ұқсайды. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?


{
~ асқазанның қатерлі ісігінің
~ созылмалы атрофиялық гастриттің
= алып гипертрофиялық гастриттің
~ созылмалы атрофиялық емес гастриттің, өршуі
~ асқазанның майда гиперпластикалық көптеген полиптері
}

34 жастғы ер адам, тағам қабылдағаннан соң 40-50 минуттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып ауыру және ауыртпалық сезімге, қышқылды кекіруге, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Екі жыл бұрын рентгенологиялық тексеруде асқазан полипі анықталған, операциядан бас тартқан. Сипағанда эпигастрий аймағында ауырсыну. Қан анализі: аздаған гипохромды анемия. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде – алып қатпарлар. Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау тиімді?


{
~ метилурацилді
= омепразолды
~ антибиотиктерді
~ ацидин–пепсинді
~ висмут дәрілерін
}

48 жастағы ер адам, тамақтан 1,5-2 сағаттан кейін эпигастрийдегі ауыру сезімі мен ауамен кекіруге шағымданады. ЭФГДС-те асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабаты қызарған, «жарма дәні» тәрізді ісінген. Қандай зерттеу әдістері мәліметті?


{
~ хромоэндоскопия
~ асқазанның рентгеноскопиясы
~ асқазан ішілік рН-метрия
~ электрогастрографиялық әдіс
= Helicobaсter Pylori - ді цитологиялық зерттеу
}

Науқаста диспепсия синдромдары пайда болғанда қайсысын жүргізу тиімді:


{
~ колонофиброскопияны
~ өңештің рН-метриясын
~ дуоденальды зондылауды
= эзофагогастродуоденоскопияны
~ барийдің пассажымен асқазанның рентгеноскопиясын
}

Функциональды диспепсияның ойық жара тәрізді түрінің мүмкін симтомдары:


{
~ қыжылдау
~ жүрек айну
~ ерте тою сезімі
= аш қарында және түнде ауыру сезімі
~ тамақтан кейін эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім
}

29 жастағы ер адамда, жүйкелік-психикалық жүктемеден кейін ашқарында және түнгі уақытта эпигастрийде ауыру сезімі пайда болады. Қандай зерттеу әдісі мәліметті?


{
= ЭФГДС
~ асқазан сөлінің анлизі
~ құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ
~ АЛТ, АСТ, билирубин, α-амилаза
~ асқазан сөлін рН-мониторлау
}

37 жастағы әйел, эпигастридегі ауырлық және толу сезімі, тамақ ішкеннен кейін тез тою сезімі, кейде жүрек айнуына шағымданады. ЭФГДС, УДЗ жүргізгенде ас қорыту жүйесінде айқын өзгерістер жоқ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?


{
~ созылмалы атрофиялық емес гастриттің, өршуі
~ функциональды диспепсияның, бейспецификалық варианты
= функциональды диспепсияның, дискинетикалық варианты
~ функциональды диспепсияның, жаратәрізді варианты
~ Helicobaсter pylori ассоцирленген асқазанның ойық жарасы
}

32 жастағы ер адам, 3 ай бойы ашқарынға эпигастрийдегі ауыру сезімі, «түнгі» уақыттағы ауыру сезімі, тамақ ішкен соң эпигастрийде ауырлық және толу сезімі, лоқсуға шағымданады. Жүргізілген зерттеулерде (уреаздық тыныстық сынама, ЭФГДС) өзгерістер анықтамады. Төмендегі емдеу шараларының қайсысы тиімді?


{
~ де-нол, но-шпа
~ мотилиум, маалокс
~ рабепразол, алмагель
= мотилиум, омепразол
~ амоксициллин, клацид
}

Тітіркенген ішек синдромының себептері болуы мүмкін?


{
~ жарақаттардың
~ инфекцияның
~ дисгормоналды
~ ішектің ісіктерінің
= стрестік факторлардың
}

Тітіркенген ішек синдромының ішектен тыс көріністеріне мынаның жатуы мүмкін:


{
~ іш қату
~ іш ауруы
~ жиі сұйық дәрет
~ іш қатудың іш өтумен кезектесуі
= депрессивті - қорқыныш синдромы
}

38 жастағы әйел, бас сақинасы тәрізді бастың ауыруына, тез шаршағыштық, ауа жетпеу сезімі, психоэмоциональды жүктемеден кейін жүрек аймағының қағуына шағымданады. Ішінің ауруы, тәулігіне жиі 2-3 рет болатын аздаған көлемді сұйық нәжіс. Қандай зерттеу әдісі мәліметті:


{
~ ирригоскопия
~ ректоромоноскопия
~ құрсақ қуысы ағзаларының МРТ
= шырышты қабаттың биопсиясымен колоноскопия
~ тік ішекті саусақпен зерттеу
}

Ер адам 42 жаста, тамақтан соң күшейетін шаншып толғақ тәрізді ауыру сезімі, 2-3 күн іш қату, іштің керілу сезімі және нәжістің «қойдың құмалағы» тәріздес болуына шағымданып түсті. Колоноскопия жүргізгенде науқас айқын ауыру сезімін сезді, сонымен қатар жуан ішектің шырышты қабатында үлкен көлемде шырыш анықталды. Көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін:


{
~ Крон ауруы
~ жуан ішектің қатерлі ісігі
= іш қатуы басым тітіркенген ішек синдромы
~ іш өтуі басым тітіркенген ішек синдромы
~ шамадан тыс микробты контаминация синдромы
}

Анамнезінде гастроэзофагеальды-рефлюкс ауруымен ауыратын 58 жастағы ер адам емделу барысында протонды помпа ингибиторларын ұзақ уақыт қабылдаған. Соңғы 2 аптада тәулігіне 2-3 ретке дейін сұйық, көпіршікті нәжіс пайда болып, ішінде шұрылдау және құйылу сезімі, дене салмағының төмендеуі байқалған. Емдік ашығу және левомицетин қабылдау нәтиже бермеген. Қандай зерттеу әдісі мәліметті:


{
~ копрограмма
~ колоноскопия
~ ирригоскопия
~ нәжісті жасырын қанға тексеру
= нәжісті бактериалдық зерттеу
}

24 жастағы ер адам, пневмонияға байланысты антибиотиктер қабылдаған. Екі аптадан соң тамақ ішкеннен кейін пайда болып, нәжіс шыққаннан кейін басылатын ауыру сезімі пайда болған. Нәжісі тәулігіне 4-5 ретке дейін жиілеген, сұйық, көпіршікті, көп мөлшерде. Төменде аталған диагноздың қайсысы мүмкін:


{
~ псевдомембранозды колит
~ іш өтудің басымдылығымен жүретін тітіркенген ішек синдромы
~ арнайы емес жаралы колит
~ созылмалы гранулематозды энтерит (Крон ауруы)
= тоқ ішектің шектен тыс бактериальды колонизация синдромы
}

29 жастағы әйел ұзақ мерзім жыныс жолымен берілетін ауыруға байланысты антибактериальды препараттарды қабылдады. Нәжістің бактериальды анализін жүргізгенде Candida туқымды саңырауқұлақтар анықталған. Емдеу шаралары жоспарының қайсысы тиімді:


{
~ имодиум, креон, смекта
~ клацид, линекс, бактисубтил
~ амоксиклав, дицетел, смекта
= флуконазол, хилак-форте, энтерол
~ линекс, лактулоза, бифидумбактерин
}

68 жастағы науқас тағам қабылдаумен байланыссыз эпигастрийдегі тұрақты тұйық ауыру сезімі, жүрек айну, салмақ жоғалту, тәбетінің төмендеуі, әлсіздікке шағымданып түсті. Соңғы 2 айда 6 кг салмақ жоғалтқан. Объективті: жүдеу, терісі бозғылт, склералары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, эпигастрийде ауыру сезімі. Қанда: анемияның жеңіл дәрежесі, лейкоцитоз – 9,5 мың, ЭТЖ - 55 мм/сағ, билирубин - 58 мкмоль/л. Копрограмма: стеаторея, креаторея. УДЗ ұйқы безі басының ұлғаюы. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін:


{
~ Фатеров емізікшесінің қатерлі ісігі
= ұйқы безінің қатерлі ісігі
~ созылмалы панкреатит, ауыру сезімді түрі
~ созылмалы тассыз холецистит
~ созылмалы панкреатит, латентті ағымы
}

63 жастағы әйел, эпигастирийде және сол жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді емдәмді бұзуға байланысты ауыру сезіміне, лоқсуға, іш қатуға бейімділікке шағымданады. 6 ай бұрын холецистэктомия жасалған. Объективті: іші жұмсақ, ауыру сезімді, ұйқы безі тұсындағы нүктелерде ауырсыну. Қанда: лейкоциттер – 9,8х109/л, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Копрограммада: нейтралды майлар, өсімдік клетчаткасы. Төменде диагноздардың қайсысының болуы мүмкін:


{
~ созылмалы гепатит
~ ұйқы безінің қатерлі ісігі
~ созылмалы холангит, өршу сатысы
~ созылмалы панкреатит, ауыру сезімді түрі
= холециститэктомиядан кейінгі синдром, созылмалы панкреатит, өршу кезеңі
}

Созылмалы панкреатиттің қандай клиникалық түрінде сарғаюдың дамуы мүмкін?


{
~ ауыру сезімді
~ латентті
~ склероздаушы
~ рецидивті
= псевдотуморозды
}

Созылмалы панкреатиттің ремиссия фазасында қандай емді тағайындау тиімді?


{
~ холеретиктерді
= полиферментті препараттарды
~ селективті М-холинолитиктерді
~ протон помпасының ингибиторларын
~ протеаза белсенделігінің ингибиторларын
}

Өт-тас ауруымен 1 жыл бұрын холецистэктомия жасатқан әйелде сол жақ қабырға астында ауыру сезімі, жүрек айнуы, іш қату пайда болған. Ұстама тәрізді ауыру сезімі емдәмді бұзғаннан кейін пайда болады. Тексергенде: іші жұмсақ, эпигастрийдің сол жағы ауыру сезімді. Қанда: аздап лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Копрограммада: амилорея, креаторея, стеаторея. Емдеу шаралары жоспарының қайсысы тиімді:


{
= спазмолитиктер, ферменттер
~ анальгетиктер, спазмолитиктер
~ протеаза ингибиторлары, ашығу
~ анальгетиктер, протеаза ингибиторлары
~ дезинтоксикациялық заттар, анальгетиктер
}

52 жастағы ер адам, науқасты эпигастрий аймағындағы белдемелі сипатты ішімдік пайдаланғаннан кейін пайда болатын айқын ауыру сезімі мазалайды. Грюнвальд, Кача, Мейо- Робсон симптомдары оң. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы ақпаратты:


{
~ ЭРХПГ
~ холецистография
~ жалпы шолу рентгенографиясы
~ көк тамыр ішілік холангиография
= іш қуысы ағзаларының УДЗ
}

39 жастағы ер адам, созылмалы панкреатитпен көптен бері сырқаттанады. Соңғы 1,5-2 айда ауызы құрғап, шөлдеу (күніне 4-5 литр су ішеді) пайда болып, айқын арықтаған. Төмендегі емдеу шараларының қайсысы тиімді:


{
~ ренни, креон
~ но-шпа, креон
~ креон, инсулин
~ фамотидин, креон
= мезим-форте, диабетон
}
Гепатоциттер мен лизосомалық мембрананы зақымдайтын ацетальдегидтің тікелей улы әсері, липидтердің асқын тотығуының белсенденуі және бос радикалдардың, гиалиннің түзілуі мынаған тән:
{
~ бауырдың некроздан кейінгі циррозға
~ созылмалы аутоиммунды гепатитке
~ бауырдың біріншілік билиарлы циррозына
= созылмалы токсикалық (алкогольдік) гепатитке
~ созылмалы вирусты гепатит В , орташа белсенділік дәрежесіне
}

ЭТЖ тұрақты жылдамдауы, анемия белгілері, тромбоцитопения, -глобулин мен альбуминнің қалыпты деңгейі, протромбин деңгейінің төмендеуі, тегіс салалы бұлшықеттер, 1 типті бауыр - бүйректік микросомаларға антидененің болуы мынаған тән:


{
~ бауырдың екіншілік билиарлы циррозына
~ созылмалы токсикалық (алкогольдік) гепатитке
= созылмалы аутоиммундық («люпоидты») гепатитке
~ созылмалы вирусты гепатит В, орташа белсенділік дәрежесіне
~ созылмалы вирусты гепатит С, минимальды белсенділік дәрежесіне
}

Ер адам 35 жастағы, оң қабырға астындағы ауру сезімі, мұрнынан қан кетуге шағымданады. Анамнезінде вирусты гепатит В. Қарап тексергенде: телеангиэктазиялар, гепатоспленомегалия. Қанда: ЭТЖ - 22 мм/сағ, тимол сынамасы - 9 бірл., АЛТ - 3,2 мкмоль/л, АСТ - 3,8 мкмоль/л. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін:


{
~ Жильбер ауруы
~ созылмалы аутоиммунды гепатит
~ некроздан кейінгі бауы циррозы, декомпенсация
~ өт жолы дискинезиясының гипотониялық түрі
= созылмалы вирустық гепатит В, минимальды белсенді дәрежесі
}

Алкогольді ішімдіктерді көп қолдану, туберкулостатиктерді, парацетамолды бақылаусыз қабылдау, нитроэмаль буымен тыныстау келесі ауруға әкелуі мүмкін:


{
~ созылмалы панкреатитке
~ Вильсон-Коновалов ауруына
~ созылмалы вирусты гепатитке
= созылмалы токсикалық гепатитке
~ бауырдың екіншілік билиарлы циррозына
}

Айқын және тұрақты цитолиздік синдром (қан сары суындағы трансаминаза белсенділігінің он есе және одан да жоғары тұрақты көтерілуі) мынаған тән:


{
~ бауырдың біріншілік билиарлы циррозына
~ бауырдың латентті алкогольді циррозына
= созылмалы гепатиттің, жоғары белсенді дәрежесіне
~ созылмалы гепатиттің, орташа белсенді дәрежесіне
~ созылмалы гепатиттің, минимальды белсенді дәрежесіне
}

В, С, Д вирусты гепатиттер, улы заттардың әсері, алкогольді ішімдіктерді қолдану, созылмалы жүрек жетіспеушілігі және бауырдың веноздық ағысының обструкциясы төмендегі аурулардың қайсысының этиологиялық себебі болуы мүмкін:


{
= бауыр цирроздарының
~ созылмалы гепатиттердің
~ бауырдың майлы дистрофиясының
~ гепатоцелюлярлы карциноманың
~ біріншілік склероздаушы холангиттің
}

68 жастағы ер адам, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Созылмалы алкоголизммен ауырады. Объективті: терісі мен көзінің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 44 мм/сағ, жалпы билирубин (тікелей фракциясы есебінен) - 58 мкмоль/л. Төменде аталған диагноздың қайсысының болуы мүмкін:


{
~ бауырдың циррозы, компенсация сатысы
~ бауырдың біріншілік билиарлы циррозы
~ бауырдың екіншілік билиарлы циррозы
~ созылмалы гепатит, минимальды белсенділік дәрежесі
= бауыр циррозы, декомпенсация. Қақпалық гипертензия.
}

45 жастағы әйелді соңғы екі ай ішінде оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, екі апта бұрын сарғаю дамыған. Анамнезінде вирусты гепатит В, алкогольмен көп әуестенеді. Қарағанда: жүдеу. Терісі мен көздің склерасы сарғайған, телеангиэктазиялар байқалады. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 2-3 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 34 мм/сағ. билирубинің тікелей фракциясы - 74 мкмоль/л. Зерттеу әдістерінің қайсысы мәліметті:


{
~ ЭРХПГ
~ трепанобиопсия
~ 12-елі ішекті зондылау
= бауырдың пункционды биопсиясы
~ құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ
}

Алкогольді көп ішетін 48 жастағы ер адам, оң қабырға астындағы ауыру сезімі, сарғаю, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Бір апта бұрын асқазанның варикозды кеңейген веналарынан қан кеткен. Қарағанда: терісі мен склерасы сарғыш, телеангиэктазия. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 5-6 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанында: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 44 мм/сағ. Жалпы билирубин - 68 мкмоль/л, тікелей фракция есебінен. Емдеу шараларының қайсы жоспары тиімді?


{
~ кортикостероидтар, өт айдағыш препараттар, ферменттер
~ гепатопротекторлар, эритромасса, өт айдағыш препараттар
~ темір препараттары, кортикостероидтар, өт айдағыш препараттар
~ кортикостероидтар, гепатопротекторлар, өт айдағыш препараттар
= гепатопротекторлар, жаңадан мұздатылған плазма, С, К витаминдері
}

86 жастағы ер адам бел аймағына берілетін ішіндегі ауыру сезімі, ішінің кебуі, қатуы, "қой" нәжісі сияқты беткі қабатында шырыш пен қан аралас нәжіске, әлсіздік пен арықтауға шағымданады. Анамнезінде: тоқ ішектің бөлігіндегі полиптер. Іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауыру сезімі байқалады. Ирригоскопия: сигма маңында 20 см қуыстың циркулярлы тарылуы, тарылу орталығында барий депосы бар. Мына зерттеу әдістерінің қайсысы мәліметті:


{
~ ЭФГДС
~ дуоденография
~ асқазан рентгеноскопиясы
= нысаналы биопсиямен колоноскопия
~ асқазан сөлін бөлшектеп (фракционды) зерттеу
}

66 жастағы әйел майлы тағам қабылдағаннан 30-40 мин. кейін пайда болатын оң жақ эпигастрийдегі ауыру сезімі, лоқсуға шағымданады. Анамнезінде холецистэктомия. Қарағанда: көрінетін терісі мен шырышты қабаттар аздап сарғайған. Сипағанда оң жақ эпигастрий аймағында аздап ауырсынады. Қанында: глютаматдегидрогеназа, аминотрансфераза белсенділігі және жалпы билирубин жоғарылаған. ЭФГДС: шырышты қабаттың қызаруы мен ісінуі, дуоденальді емізікшенің 1,2 см ұлғаюы анықталады. Зерттеу әдістерінің қайсысы мәліметті:


{
~ бауырды УДЗ
~ колоноскопия
~ дуоденография
~ жалпы қарау рентгенографиясы
= ретроградты эндоскопиялық панкреатохолангиография
}

72 жастағы әйел эпигастрий аймағындағы түйық ауыру және ауырлық сезімдер, үдемелі әлсіздік, тәбетінің болмауы, соңғы 4-5 айда 12 кг-ға жүдеуге шағымданып түсті. 18 жылдан бері асқазанның ойық жарасымен ауырады. Соңғы 3-4 айда ауыру сезімінің сипаты өзгеріп, тамақ ішумен байланысты ұстамалы ауыру сезімі тұйық ауыру сезіміне ауысқан. Қарағанда: жүдеу, тері жабындылары бозғылт. Рентгенологияда: асқазанның үлкен иінінің төменгі үштен бір бөлігінде «толу» ақауы мен қатпарлардың ригидтілігі. Емдеу шараларының жоспарына қосқан тиімді:


{
= оперативті емді
~ ерімейтін антацидтерді
~ антибактериялды емді
~ спазмолитиктер мен холинолитиктерді
~ наркотикалық емес анальгетиктерді
} =

82 жастағы әйелді ішінің толғақ тәрізді түйіліп, ауыру сезімі, алқызыл қан және шырышты қоспамен араласқан, жиілігі тәулігіне 6-8 рет болатын сұйық нәжіс, әлсіздік, буындардың ауыру сезімі, қызуының 38оС дейін жоғарылауы мазалайды. Екі рет қанды-шырышты іш өтуге байланысты дизентерия диагнозына күдік туып ауруханада жатқан. Объективті: иегі тез қанайды. Ішін сипағанда тоқ ішек бойымен ауыру сезінеді. Қанда: лейкоциттер - 11,8 мың. Ирригоскопияда: тоқ ішек тарылған, қатпарлары (гаустр) жоғалған, контурлары бұлыңғыр және тегіс емес. Мына зерттеу әдістерінің қайсысы мәліметті:


{
~ ЭРХПГ
~ ЭФГДС
~ ректороманоскопия
~ асқазан рентгеноскопия
= көздемелі биопсиялық колоноскопия
}

73 жастағы ер адам, оң қабырға астындағы ауыртпалық сезімге, мезгіл-мезгіл мұрынынан қан кетуге шағымданады. Анамнезінде миокардит. Қарағанда: аяқтары іскен. Пальмарлы эритема. Ентігу. Бауыры қабырға доғасынан 5 см төмен, тығыз, ауыру сезімді. Көкбауыр 6 см ұлғайған. Қанда: ЭТЖ - 21 мм/сағ, тимол сынамасы - 10 бірл., АЛТ - 3,3 мкмоль/л, АСТ - 3,9 мкмоль/л. ЭхоКГ: миокардтың жиырылу қабілеті төмендеген. Патогенетикалық емнің мақсаты мынау болуы мүмкін:


{
~ детоксикация
~ цитолизды болдырмау
~ электролиттік бұзылыстарды реттестіру
~ мезенхимальді қабынуды тоқтату
=қанайналым жеткіліксіздігін реттестіру
}

83 жастағы әйелдің айналасындағылар терісінің сарғайғанын байқап, сол себептен дәрігерге қаралған. Анамнезінде вирусты гепатит В. Қарағанда: терісі мен көздің склерасы сарғайған. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 5-6 см төмен, тығыздау. Көкбауыры 4 см ұлғайған. Қанда: билирубин - 72,6 мкмоль/л, АЛТ - 1,2 мкмоль/л, тимол сынамасы - 11 бірл., сілтілі фосфатаза - 9,3 мкмоль/л. Берілген жас тобындағы адамдарға дерт ағымының тән ерекшеліктері :


{
~ жиі асқынулар
~ жоғарғы белсенділік
= жасырын клиникалық белгілер
~ интоксикация белгілерінің айқындылығы
~ айкын асқазан-ішектік диспепсия
}

33 жастағы әйел оң қабырға астындағы ауыру сезімі, әлсіздік, ұйқышылдык, тәбетінің төмендеуі, терісінің қышуы, соңғы 4 айда әлсін-әлсін мұрнынан қан ағуға шағымданады. Анамнезінде өкпе туберкулезы. Қарағанда: терісі және склералары сарғайған, тарақ іздері бар. Іші жұмсақ. Бауыр қабырға доғасынан 5-6 см төмен, ауыіру сезімді. Аздаған спленомегалия. Қанда: билирубин - 118,6 мкмоль/л, АЛТ - 2,8 мкмоль/л, тимол сынамасы - 10 бірл., сілтілі фосфатаза - 7,6 мкмоль/л. Емдеу шараларының қайсысы тиімді:


{
~ эссенциале, креон, преднизолон
~ гепабене, фестал, А, Е, К, Д витаминдері
~ В тобының витаминдері, ферменттер, гепадиф
= гептрал, А, Е, К витаминдері, холестирамин
~ антибиотиктер, преднизолон, холестирамин
}

38 жастаіы ер адам, оң жақ қабырға астындағы ауыртпаалық сезім, мұрнынан қан ағуға шағымданып қаралды. Қарағанда: көрінетін шырышты қабат аздап сарғайған. Бауыр қабырға доғасынан 3-4 см төмен, тығыз, ауыру сезімді. Аздаған спленомегалия. Қанда: ЭТЖ - 21 мм/с, жалпы билирубин - 58,8 мкмоль/л (тікелей билирубин - 22,4 мкмоль/л), тимол сынамасы-12 бірл., АЛТ-6,4 мкмоль/л, АСТ-5,9 мкмоль/л. HBV–ға ПЦР оң. Емдеу шараларының жоспарына қосу тиімді:


{
~ цитостатиктерді
~ глюкокортикоидтарды
~ өт айдағыш препараттарды
= вирусқа қарсы препараттарды
~ антибактериалды препараттарды
}

49 жастағы ер адам, ұзақ уақыттан бері бауыр циррозымен ауырады, бір ай бойы оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі, жалпы әлсіздік байқаған. 2 рет өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кеткен. Қарағанда: терісі мен склерасы сарғайған. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 6 см ұлғайған, тығыз. Бұл жағдайдағы портальды гипертензияның тән көріністері:


{
~ сарғаю
~ әлсіздік
~ метеоризм
~ телеангиэктазиялар
= тұрақты спленомегалия
}

36 жастағы ер адам, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім, ішінің кебуі, ұйқысыздық, жалпы әлсіздік, есінің төмендеуіне шағымданады. Бұрын наркотикалық заттарды тамырішіне қабылдаған. Жағдайы соңғы 3 айда нашарлаған. Қарағанда: жүдеу, телеангиоэктазиялар. Тері және склералары сарғайған. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, тығыз, сезімтал. Аздаған спленомегалия. НСV-ға ПЦР оң. Емдік шаралардың қайсысы тиімді?


{
~ эубиотиктер, прокинетиктер, витаминдер
~ витаминдер, интерферон индукторлары, ферменттер
~ гепатопротекторлар, ілмекті диуретиктер, прокинетиктер
~ вирусқа қарсы препараттар, витаминдер, прокинетиктер
= вирусқа қарсы препараттар, гепатопротекторлар, ферменттер
}

54 жастағы ер адам, әлсіздік, тәбетінің нашарлауы, соңғы 2 апта бойы зәрінің бөлінуінің шектелуіне шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, жүдеу. Тері және шырышты қабаттары сарғайған. Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 5-6 см төмен, тығыз. Айқын спленомегалия. Төмендегі емдік препараттардың қайсысын тағайындаған тиімді?


{
~ арифонды
~ маннитолды
~ фуросемидті
~ гипотиазидті
= верошпиронды
}

Созылмалы вирусты гепатитіпен ауыратын 42 жастағы ер адамда келесі өзгерістер анықталған: билирубин - 35 мкмоль/л, тимол сынамасы - 8 бірл., АЛТ - 1,2 мкмоль/л, АСТ - 0,9 мкмоль/л. Серологиялық зерттеуде оң анти-Hbs пен анти-HBc IgG; HBV–ДНК, HBeAg және теріс HBcAbIgM. Төмендегі емдік препараттардың қайсысын тағайындау тиімді?


{
~ прокинетиктерді
= вирусқа қарсы терапияны
~ гепатопротекторларды
~ В, К тобының витаминдерін
~ интерферон индукторларын
}

Диарея дамуының жиі себебі:


{
~ химус пассажының жылдамдауы
~ ішек моторикасының бұзылысы
~ шырышты қабаттың қабынулық экссудациясы
~ ішек құрамының осмолярлығының ұлғаюы
= су абсорбциясының және ішектегі электролиттердің бұзылуы
}
Крипталардың эпителиальды клеткаларында СI¯ және судың секрециясының ұлғаюы, энтероциттердің өзекшелерінде Nа+ және судың сіңірілуінің төмендеуі қандай диареяға тән?
{
~ профузды
= секреторлы
~ осмосты
~ экссудативті
~ гиперкинетикалы
}

25 жастағы ер адамды, ішінің оң жақ жартысындағы сыздап ауыру сезімі, жиілігі тәулігіне 6-8 рет болатын нәжіс, соңғы 2 жылда 8 кг жүдеу, ірі буындардағы ауыру сезімі, ұзақ мерзімге созылған субфебрилитет мазалайды. Зерттегенде: екі балтырында түйінді эритема, оң жақ мықын аймағында айқын ауыру сезімі байқалады. Қанда: лейкоциттер – 12,6 мың, ЭТЖ - 56 мм/сағ, жалпы белок - 49 г/л, альбуминдер - 39%. Колоноскопияда соқыр ішектің шырышты қабатында саңлаулы терең ойық жаралар анықталды.Төмендегі көрсетілген препараттардың қайсысын емге қосу тиімді?


{
~ бускопан
~ эспумизан
~ азатиоприн
~ координакс
= сульфасалазин
}
Созылмалы эзофагиттің ІV дәрежесінің эндоскопиялық суретінде анықталуы мүмкін:
{
~ шырышты қабаттың гиперемиясы және ісіну фонындағы бірен-саран жаралар
~ ісіну, сызықтық жара, өңеш шырышты қабатынан қан кету
~ дистальды бөліктің бірен-саран жарасы, ісіну, қабаттардың қалыңдауы
~ ісіну, шырышты қабаттың гиперемиясы, көп мөлшердегі шырыш
= өңештің толық жарасы, қан кету, ісіну, шырыштың гиперемиясы
}

Рентгенологиялық суретте, өңеш өткізгіштігі сақталған, кардияның артқы кеудеаралыққа шығуы және контрасты заттың асқазаннан өңешке лақтырылуы төменде келтірілген аурулардың қайсысына тән?


{
~ өңештің қатерлі ісігі
~ кардия ахалазиясы
~ өңештің дивертикулы
~ өңештің пептикалық ойық жарасы
= диафрагманың өңештік тесігінің жарығы
}

Төменде келтірілген өңештің кеуде бөлігінің дискинезиясы егде және қарт адамдарда кездесуі мүмкін?


{
~ «шыртылдаған» өңеші
~ диффузды эзофагоспазм
= біріншілік гипомоторлы өзгерістер
~ біріншілік гипермоторлы өзгерістер
~ спецификалық емес қозғалыс бұзылыстары
}

Егде және қарт науқастарға келесі келтірілген препараттардың қайсысын сақтықпен тағайындау керек?


{
~ но-шпа
~ дюфалакты
= мотилиум
~ дюспаталинді
~ хилак фортені
}

78 жастағы ер адам, кекіру, қыжылдау, алға қарай еңкейген кезде бөгде зат тұрған сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ.. Келесі келтірілген зерттеулердің қайсысын тағайындаған тиімді?


{
~ колоноскопияны
~ ирригоскопияны
~ ультрадыбысты зерттеуді
~ ректоромоноскопияны
= фиброгастродуоденоскоияны
}

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет