Тұжырымдамасы Заң жобасының атауы



Pdf көрінісі
Дата08.04.2020
өлшемі0,8 Mb.
#61913
Байланысты:
ПЕДАГОГ ЗАҢ
Маршруттық парақ қазақ әдебиеті пәні бойынша әдістемелік құрал 2020, Маршруттық парақ қазақ әдебиеті пәні бойынша әдістемелік құрал 2020

ЖОБА 

 

«Педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету 

бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар 

енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының 

тұжырымдамасы 

 

1. Заң жобасының атауы 

Педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені тӛмендету бойынша 

кейбір  заңнамалық  актілерге  ӛзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы  

(бұдан әрі  – Заң жобасы). 

 

2. Заң жобасын әзірлеу қажеттiлiгiнiң негіздемесі 

Заң жобасы тұжырымдамасын әзірлеу негіздемесі Мемлекет басшысының 

2018  жылғы  5  қазандағы  «Қазақстандықтардың  әл-ауқатының  ӛсуі:  табыс  пен 

тұрмыс  сапасын  арттыру»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауының  бір  шартын 

«Орта  білім  беру  жүйесінде  негізгі  тәсілдер  белгіленген,  қазіргі  кезеңде 

солардың  орындалуына  баса  назар  аударған  жөн.

 

....Білім  сапасын  бағалау 

жүйесі  халықаралық  стандарттарға  негізделуге  тиіс. Орта  мектептердің 

өзінде  балаларды  мейлінше  сұранысқа  ие  мамандықтарға  бейімдеп,  кәсіби 

диагностика  жүргізу маңызды.  Бұл оқытудың  жеке  бағдарын  жасауға және 

оқушымен  мұғалімнің  оқу  жүктемесін  азайтуға  мүмкіндік  береді»  орындау 

мақсатында жүзеге асырылды. 

Қазіргі  кезде  білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілердің,  педагогикалық 

қызметкердің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі: 

- «Білім туралы» ҚР Заңының 7-тарауымен (бұдан әрі – Заң); 

- «Педагог  қызметкердің  мәртебесі»  50-бабымен,  «Педагог  қызметкердің 

құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» 51-бабымен, «Білім беру ұйымдары 

қызметкерлерінің  еңбегіне  ақы  тӛлеу  жүйесі»  52-бабымен,  «Әлеуметтік 

кепілдіктер» 53-бабымен; 

- «Білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілердің  құқықтары,  міндеттері  мен 

жауапкершілігі» 47-бабымен; 

- «Білім 

алушылардың,  тәрбиеленушілердің  денсаулығын  сақтау»                      

48-бабымен; 

- Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың 

2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасымен  (бұдан  әрі  – 

Мемлекеттік бағдарлама) реттелген. 

Педагог мәртебесі, мұғалім жүктемесін төмендетуге қатысты 

Мемлекет  басшысының  2018  жылғы  5  қазандағы  Жолдауы  аясында: 



«Келесі  жылы  «Педагог  мәртебесі  туралы»  заңды  әзірлеп,  қабылдау  қажет 

деп  санаймын.  Бұл  құжат  мұғалімдер  мен  мектепке  дейінгі  мекемелер 

қызметкерлері  үшін  барлық  игілікті  қарастырып,  жүктемені  азайтуға, 

жөнсіз  тексерістер  мен  міндеттен   тыс  функциялардан  арашалауға  тиіс.» 

 

 жұмыс  тобымен  педагог  қызметкерлер  және  оларға  теңестірілген  тұлғалар 



үшін  ынталандыруды  қарастыратын  «Педагог  мәртебесі  туралы»  ҚР  Заңының 

жобасы мен Тұжырымдама  әзірленді. 

Бүгінгі  күні  мемлекеттік  білім  беру  ұйымдарында  оқу-тәрбие  процесін 

тікелей  жүзеге  асыратын  педагогикалық  қызметкерлерге  айлық  жалақыны 

есептеу  үшін  аптасына  нормативтік  оқу  жүктемесі  қолданыстағы  Заңмен                   

18 сағат болып анықталды (52-баптың 7-тармағы). 

Педагогикалық жұмыстың кӛлемі апталық нормативтік жүктемені ескере 

отырып анықталады. Заңға сәйкес педагогикалық оқу жүктемесін бӛлу құқығы 

әрбір  мұғалім,  тәрбиеші  және басқа  педагогикалық  қызметкерлердің  ӛздерінің 

міндеттерінің  белгіленген  кӛлемінің  сапалы орындалуы  үшін  жауапкершілікте 

болатын білім беру ұйымының бірінші басшысына берілген.  

Бүгінгі таңда мұғалімнің жүктемесін белгілеу қиындықтары туындауда: 

1. Мұғалім,  әсіресе  шағын  жинақталған  мектептерде  ӛз  мамандығы 

бойынша қажетті сағат санын жинақтай алмауы мүмкін. 

2. Қысқартылған  Үлгілі  оқу  жоспарына  (бұдан  әрі  -  ҮОЖ)  кӛшу 

жағдайында сағаттар санының жалпы қысқаруы педагогтер үшін қауіп туғызуы 

мүмкін. 

3. Бастауыш  сыныптың  мұғалімі  үшін  сағат  санының  («Ағылшын  тілі», 

«Қазақ  тілі»,  «Информатика»,  «Дене  тәрбиесі»  пәндерін  пән  мұғалімдерінің 

ӛздері жүргізеді) жеткіліксіздігі.  

4. Апталық педагогикалық жүктемені тӛмендету бүгінгі күні жаңартылған 

білім  беру  мазмұнына  кӛшу  қазіргі  мұғалімнің  жұмысында,  білім  беруге 

бәсекеге  қабілеттілік  тәсілі  аясында,  денсаулық  қорғау  технологияларды 

қамтамасыз  ету,  коллаборативті  ортада  құрылған  жағдайдағы  білім  беру 

процесін  дифференциациялау  және  жекелендіру  жағдайында  жұмыс  істеуге 

дайын болуды қалыптастыру үшін жаңа талаптарды талап етеді. 

Педагог  қызметкерлер  мен  оларға  теңестірілген  тұлғалар  үшін  жұмыс 

уақытының қысқартылған ұзақтығы білім беру саласындағы уәкілетті органмен 

қарастырылатын және бекітілетін болады.

 

Мектептерде  бес  күндік  аптаға  кӛшу  оқу  үдерісіне  оң  әсер  етеді. 



Мұғалімдерде  жаңа  жұмыс  аптасына  және  шығармашылық  даму  уақытына, 

білім  беру  сапасына  ықпал  ететін  материалдарды  ұсынудың  жаңа  тәсілдерін 

әзірлеуге қосымша уақыт пайда болды  

Білім  беру  ұйымдары  білім  алушылардың  білім  беру  сапасын  арттыру 

мақсатында 

ойлауды 


қалыптастыратын 

және 


дамытатын 

пәндерге 

қызығушылық таныту үшін жүйелі жұмыс жүргізеді.   

«Білім  беру  сапасы»  түсінігі  білім  беру  мониторингін  жүзеге  асыру 

Ережелерінде  анықталған,  ал  білім  беру  сапасын  басқару  міндеттері    Заңның 

55-бабымен реттелген.   

ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын 

іске  асыру  мақсатында  «Білім  жүйесін  бағалау  халықаралық  стандарттарға 



негізделуге тиіс» және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Орта 

 

білім  беру  жүйесінің  заңнамалық  реттеуінің  жай-күйі,  мәселелері  және 



келешегі» тақырыбындағы Парламенттік тыңдаулардың негізіндегі ұсыныстары 

(соның ішінде білім беру сапасын жақсарту үшін заңнамалық актілерді әзірлеу, 

бағалаудың      критерийлерін  анықтау)

 

бағалау  жүйесі  талаптарына  сәйкес 

келтіру  үшін  Заңның  «білім  сапасы»,  «білім  беру  сапасының  критерийлері», 

«білім  беру  сапасының  кӛрсеткіштері»  негізгі  түсініктеріне  анықтама  енгізу 

қажет. 

Педагогтерді  шамадан  тыс  қосымша  жүктемелерден  босату  мақсатында 



Министрлікте  педагог  қызметкерлері  жүргізу  үшін  ұсынылатын  5  құжаттан 

тұратын  тізбе  (Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2018 

жылғы  26  қаңтардағы  №32  бұйрығы)  бекітілді.  Білім  беру  ұйымдары 

электрондық  жүйеге  қосылған  жағдайда  жоғарыда  аталған  бірнеше  құжаттар 

электрондық  форматта  толтырылады  (Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрінің  2007  жылғы  23  қазандағы  №  502  бұйрығына    Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2017  жылғы  13  желтоқсандағы          

№ 615 бұйрығына ӛзгерістер енгізілген).



 

Жалпы  орта  білім  беретін  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқытуды  жүзеге 

асыратын  әрбір  ұйымда  мұғалімдер  мен  оқытушылар  саны,  кез  келген 

қызметкерлерді, оның ішінде білім беру ұйымдарында әкімшілік-шаруашылық, 

оқу-кӛмекші  және  қызмет  ету  персоналдары  қызметкерлерінің  санын  анықтау 

барысындаштаттық  кесте  негізінде  емес  мамандық  бойынша  (математика, 

тарих,қазақ  тілі  мен  әдебиеті,  география,  арнайы  пәндер  және  т.б.)

 

оқу 


жүктемесінің кӛлеміне байланысты қойылады. 

Осындай ерекшелік мұғалімдер, оқытушыларға қолданылатын қызметтік 

жалақы  емес,  олардың  айлық  жалақысын  анықтау  барысында  белгіленген  оқу 

жүктемесінің кӛлеміне тәуелді педагогикалық жұмыстың аптасына анықталған 

сағат нормасы жалақы ставкасымен есептелетіндігіне байланысты болған.  

Жаңартылған  білім  мазмұны  тұрғысынан  педагог  әр  оқушыны  оқытуда 

оның  сабаққа  деген  қарым-қатынасын  және  жалпы  тұлғаның  даму 

динамикасын,  күтілетін  нәтижеге  қол  жеткізуді  жан-жақты  және  объективті 

бағалау мақсатында жоғары деңгейдегі бірқатар қалыптасқан біліктілікті игеруі 

тиіс.  


Мемлекет  басшысының  тапсырмасын  орындау  үшін  мұғалімдерге 

жүктемені азайтудың құқықтық негізін қалыптастыратын Заңға тиісті түзетулер 

енгізу  қажет.  Осыған  байланысты  Заңның  глоссарийінде  «нормативтік  оқу 

(нақты)  жүктеме»,  «қосымша  жүктеме»  және  «тарифтік  жүктеме  (ресми 

жалақы)»  анықтамалары  болмағандықтан,  оларды  1-бапқа  енгізілуі  талап 

етіледі.   



Оқушыға жүктемені төмендету туралы 

Заңға  сәйкес  оқу  жүктемесі,  білім  алушылардың,  тәрбиеленушілердің  

сабақ  кестесі  білім  алушылардың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарты  (бұдан  әрі  -  МЖМББС),  санитарлық-эпидемиялық  қағидалар  мен 



 

нормалар,  оқу  жоспарлары  және  білім  беру  мен  денсаулық  сақтау 



органдарының ұсынымдамалары негізінде анықталады. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2018  жылғы  10  қаңтардағы 

«Тӛртінші 

ӛнеркәсіптік 

революция 

жағдайындағы 

дамудың 

жаңа 


мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап кӛрсетілді «....Біздегі 

 оқушылардың  жүктемесі ТМД  елдерінің  ішінде ең  жоғары болып отырғанын 

және  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы  елдеріне  қарағанда 

орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек.» 

Білім  және  ғылым  министрлігі  тапсырманы  орындау  барысында  

оқушылардың  жүктемесін  азайту  бойынша  үй  тапсырмасының  мӛлшерін 

азайтуға, сабақтың ұзақтығын қысқартуға және бес күндік оқу аптасына кӛшу 

бойынша  жұмыс  жүргізді.  Сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2018  жылғы  24  шілдедегі  №  460  қаулысымен  бекітілген 

Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 

жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламасында  орта  білім  берудегі 

оқушылардың  жүктемесін  азайту  және  бес  күндік  оқытуға  кезең-кезеңмен 

кӛшу жӛніндегі шаралар қабылданды. 

Онымен  қоса  барлық  сыныптарда  оқу  жүктемесін  тӛмендету  арқылы 

ҮОЖ-ның  жобалары  жасалды.  Осы  ҮОЖ-ның    берілген  жобаларын  

аймақтардың  педагогтік  ұйымдары  қолдаған,  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және  ғылым  министрінің  2018  жылғы  4  қыркүйектегі  №  441  бұйрығымен 

бекітілген  (Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2012 

жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына ӛзгерістер енгізілді). 

Сағат  саны  қысқаратын  пәндерді  анықтау  барысында  қазіргі  таңдағы 

екінші  тілді  оқыту  жолдары,  оқытудағы  коммуникативтілікке  бағыттау 

ескерілді:  яғни  теорияға  емес  тілдік  практикаға  басымдық  жасалуда.  Осыған 

байланысты грамматикалық материал біршама қысқартылған. 

Бастауыш мектепте жүктеме дамытушылық сипаттағы жеке және топтық 

сабақтарды алып тастау есебінен: 1, 2 -сыныптарда аптасына  2 сағаттан,  3, 4 –

сыныптарда 3 сағаттан тӛмендетілген.  

Негізгі  мектепте  жүктеме  5-7-сыныптарда  3  сағатқа,  8-9-сыныптарда                    

4 сағатқа тӛмендеген. Инварианттық жүктеме максималды түрде тӛмендетілген, 

тереңдете оқыту үшін пәндерді таңдау мүмкіндігі беріледі. 

Ұсынылып  отырған  жүктеменің  ҮОЖ-н  (9-нұсқа)  таңдау  білім  беру 

ұйымдары  үшін  бес  күндік  оқытуға  кӛшуге  тиісті  жағдайы  бар  мектептерге               

еркін мүмкіндік береді.  

Онымен қоса  бес күндік оқытуға кӛшу туралы шешім  әрбір білім беру 

ұйымында  әкімшіліктің  ата-аналар  комитеті  мен    қамқоршылық  кеңесімен 

келісімі бойынша қабылданады. 

Бес  күндік  оқытуға  кӛшуге  ӛту  оңды  жағдай:  отбасының  кӛп  уақытын 

бірге  ӛткізуіне  мүмкіндік  береді,  ӛзін  ӛзі  дамуы  мен  демалысына,  қосымша 

шұғылдануға уақыт кӛбейеді.  


 

Министрлік  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  дербес  білім  беру 



ұйымымен  бірлесіп  (бұдан  әрі  -  «НЗМ»  ДББҰ)  «НЗМ»    ДББҰ  тәжірибесін 

республиканың жалпы білім беретін мектептерге тарату шеңберінде білім беру 

мазмұнын жаңарту бойынша жұмыстарды «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 

76-қадамын  және  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды 

дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  іске 

асыру шеңберінде жалғастыруда.  

Ағымдағы оқу жылы республикадағы барлық мектептердің 1, 2, 3, 5, 6, 7  

және  8-сыныптарда  жаңартылған  бағдарлама  енгізілді.  Жаңа  бағдарламаға 

кӛшуге  4,  9,  10-сыныптар  2019-2020  оқу  жылында,  11  сыныптар  –  2020-2021 

оқу  жылында  кӛшіріледі.  Осылайша,  2020  жылы  барлық  сыныптардың 

жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңмен кӛшуі жүзеге асырылады. 

Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  шеңберінде  алдын-ала  белгіленген 

критерийлер  арқылы  білім  алушылардың  оқу  жетістігін  бағалауға  мүмкіндік 

беретін,  қиындық  туғызатын  себептерді  болдырмау  және  қалыптастыратын 

критериалды  бағалау  жүйесі  енгізілуде.  Оқу  жүктемесінің  тӛмендеуіне  білім 

алушылардың  үй  тапсырмасы  да  әсер  етеді.  Үй  тапсырмасын  орындау 

уақытын  қысқарту  үшін  5-11-сыныптарда  жұптасқан  сабақтарға  рұқсат 

беріледі.  Үй  тапсырмасын  орындау:  2-сыныптарда  –  50  минут,  3-4-

сыныптарда – 70 минут, 5-6-сыныптарда – 90 минут, 7-9-сыныптарда – 110 

минут, 10-11-сыныптарда – 130 минуттан аспау керек. 

Үй тапсырмасы кӛлемінің қысқаруы сабақ уақытының оқу үдерісіне зиян 

келтірмейтіндей  қысқаруына,  сабақ  уақытының  қысқаруы  үйге  берілетін 

тапсырманы  түсіндіру  және  тексеру  үшін  сабақты  45  минуттан  40  минутқа 

қысқартуға мүмкіндік берді. 

Орта  білім  беру  ұйымдарында  үй  тапсырмасын  ұйымдастыру  мен 

орындау  бойынша  әдістемелік  ұсынымдамалар  бекітілді  (Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2017  жылғы  24  сәуірдегі                  

№ 182 бұйрығы). 

Сонымен қатар баланың сау болып дамуына мектеп оқушысы сӛмкесінің 

салмағы да, құрамына 2 заттар тобы бар: 

-оқулықтар, жұмы дәптері мен кеңсе тауарлары

- қосымша: таңғы ас, кезекті аяқ киім, спорттық киім және т.б. әсер етеді 

 

Халықаралық  зерттеулердің  нәтижесіне  сәйкес,  мектеп  оқушысы 



сӛмкесінің  ауырлығы  мектеп  оқушысы  салмағының  10-18  пайызынан  аспау 

керек. Осы мәселені зерделеу нәтижесінде Білім беру объектілеріне қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, 

санитариялық 

қағидаларына 

(Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің  2017  жылғы  16 

тамыздағы № 611 бұйрығы) ӛзгерістер енгізілді, онда сӛмкедегі күнделікті оқу 

жиынтығының салмағы бала салмағының 10 пайызынан: 

1 - 3 –сыныптардың білім алушылары үшін  -1,5 -2,0 кг-нан; 

4- 5 – сыныптардың білім алушылары үшін  - 2,0 - 2,5 кг-нан; 

6- 7– сыныптардың білім алушылары үшін -3,0 - 3,5 кг-нан; 


 

8- 11(12) – сыныптардың білім алушылары үшін  - 4,0 -4,5 кг-нан аспауы 



керек делінген. 

Сондай-ақ  Мектепке  дейінгі,  орта  білім  беру  ұйымдарын,  сондай-ақ 

арнайы  білім  беру  ұйымдарын  жабдықтармен  және  жиһазбен  жарақтандыру 

нормаларының тізбесіне оқулықтары, ауыстыратын аяқ киімдері мен спорттық 

құралдарына  арналған  жеке  шкафтар  енгізілді  (білім  беру  ұйымдары 

оқушыларының  жеке  қолданулары  үшін  құралдар)  Қазақстан  Республикасы 

Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы  22 қаңтардағы № 70 бұйрығы). 

Жоғарыда  аталған  барлық  іс-шаралар  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  2018  жылғы  10  қаңтардағы  Жолдауын  орындау  мақсатында 

оқушыға жүктеменің тӛмендеуіне әкелді.  

Сонымен  бірге  біркелкі  қолдану  тұрғысында  Заңға  тиісті  ӛзгерістер 

енгізу керек. 



Білім  беру  ұйымдарында  мемлекеттік  аттестаттау  рәсімін  жоюға 

қатысты 

Мемлекет басшысының  кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу жүйесін 

жетілдіру  туралы  тапсырмасын  орындау  мақсатында  2018  жылы  ішінара 

тексеру, бақылаудың ӛзге нысанын алып тастау бӛлігінде заңнамаға ӛзгерістер 

енгізілген  болатын.  Осыған  орай,  Министрлік  «Білім  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңына ӛзгерістер енгізу қажет.  

Заңның  59-бабының  3-тармағына  сәйкес  бақылаудың  ӛзге  нысанында 

ӛткізілетін  мемлекеттік  бақылаудың  негізгі  түрі  білім  беру  ұйымдарын 

мемлекеттік  аттестаттау  болып  табылады.  (Анықтама:  Білім  беру  ұйымдарын 

мемлекеттік  аттестаттау  білім  беру  ұйымдары  кӛрсететін  білім  беру 

қызметтерінің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартының 

талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында ӛткізіледі.) 

Мемлекеттік аттестаттаудың рәсімі жоспарлы түрде жүргізіледі. 

Сәйкесінше, 

барлық 

білім 


беру 

ұйымдарында 

ведомстволық 

бағыныстылығына қарамастан жоспарлы түрде бес жылда бір рет мемлекеттік 

аттестаттау  ӛткізеді.  Сонымен  қатар,  мемлекеттік  бақылауға  білім  беру 

қызметінің  нашар  нәтижесін  жүйелі  түрде  кӛрсететін  оқу  ұйымдарымен  қатар 

оқу жетістіктерінің үлгілі кӛрсеткіштерге ие  білім беру ұйымдары да жатады. 

Тәжірибеде  алдыңғы  мерзімдегі  қызметтің  нәтижелеріне  қарамастан 

мемлекеттік аттестаттаудан жыл сайын орташа 2,0 мың оқу мекемелері ӛтеді. 

Мемлекеттік аттестаттаудың барысында білім беру ұйымдары білім беру 

қызметінің  келесі  бағыттары  міндетті  түрде  зерттеуге  жатады:  педагог 

қызметкерлердің  лауазымдарына  сәйкестігі,  білім  алушылардың  контингенті, 

оқу-әдістемелік,  оқу-тәрбие  жұмыстары  мен  педагогикалық  жүктеме,  оқу-

материалдық  активтермен,  ақпараттық  ресурстармен  және  кітапхана  қорымен 

қамтамасыз  етілу  жағдайы,  білім  алушылардың  білімін  бағалау  және  тағы 

басқалар. 

Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттары  талаптарының 

сақталуын  тексеруде  құжаттаманы  зерделеу,  оқу  процесінің  кӛрсеткіштерін 



 

талдау,  оқу  сабақтарға  қатысу,  кешенді  тестілеуді  ӛткізу  арқылы  білім 



алушылардың білімін бағалау жүзеге асырылады. 

Аталған  шаралардың  барлығы  ӛз  кезегінде  оқу  жылының  ортасында 

мұғалімдермен  бірге  (ӛзін-ӛзі  бағалау  материалдарын  дайындау)

 

білім 



алушыларға да (тестілеуге дайындалу)

 

қосымша жүктеме артады. 



Қолданыстағы  білім  беру  ұйымдарын  мемлекеттік  аттестаттау  жүйесін 

тӛмендегідей сипаттауға болады: 



мемлекеттік  бақылаудың  икемсіз  жүйесі  (аттестатталды/аттестатталынбады) 

– білім беру ұйымдарының тарапынан білім алушылардың жетістіктерін дамытуға және 

оқытудың сапасын арттыруға бағытталған ынталандыру механизмі қарастырылмаған; 

мемлекеттік  аттесттаудағы  білім  кесінділерін  бақылау  кең  құзыреттіліктерді 

және  біліктілікті  өлшемейді  –  аттестаттау  барысындағы  білім  кесінділерін  бақылау 

нысаны  тек  білімнің  көлемін  жатқа  білуді  талап  етеді  және  ойлауды  дамытуға, 

функционалдық сауаттылыққа және баланың мүмкіндігін ашуға бағытталмаған; 

мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсатына толық жетілпеу, аяқталмау – жазалау 

сипатындағы шаралары қолданылады, бірақ заңнама нормаларын бұзушылығы азаймайды. 

Себебі  –  ауыл  мектептерін  материалдық-техникалық  жабдықтармен  толық  қамтамасыз 

ету,  шалғайдағы  тұрғылықты  мекендердегі  мектептердің  білікті  мамандармен 

қамтамасыз ету мәселесі шешілмеген. 

Сонымен  қатар,  ағымдағы  жылы  кәсіпкерлік  саладағы  заңнаманы 

жетілдіру  бойынша  мемлекеттік  саясаттың  шеңберінде  Заңның  59-бабының               

8-тармағына  ӛзгерістер  енгізілді,  сәйкесінше  «Білім  беру  жүйесіндегі 

мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес 

тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.». 

Қазақстан  Республикасының  Кәсіпкерлік  кодексіндегі  (бұдан  әрі  - 

Кодекс)  ӛзгерістерге  сәйкес  мемлекеттік  бақылаудың  «бақылаудың  ӛзге 

нысаны» деген түрінің орнына мемлекеттік бақылаудың жаңа түрі – алдын алу-

профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау енгізілді. 

Кодекстің  144-бабының  10-тармағына  сәйкес  Кодекспен  бекітілмеген 

тексерістердің  басқа  түрлерін  жүргізуге  тыйым  салынады.  Кодекстің  137-

бабына сәйкес бақылаудың негізгі түрі тексеріс және тәуекел дәрежесін бағалау 

ӛлшемшарттар жүйесінің негізінде тағайындалатын профилактикалық бақылау 

болып табылады. 

Мемлекеттік аттестаттау рәсімі тәуекел дәрежесін бағалау жүйесін есепке 

алмай жоспарлы түрде (5 жылда 1 рет) ӛткізілетінін ескере отырып,  «тәуекел 

дәрежесін  бағалау  нәтижесіне  байланысты  тексеру  үшін    субъектіні  іріктеу» 

нормасы енгізілгендіктен, Заңда мемлекеттік аттестаттау нормасы алып тастау 

қажет. 


Жоспарлы  мемлекеттік  бақылаудан  тәуекел  дәрежесін  бағалау  жүйесі 

негізінде 

тағайындалатын 

профилактикалық 

бақылауға 

кӛшу 


адал 

субъектілерді ынталандыруға, сонымен қатар бақылаудың нәтижесі нашар және 

сапасы тӛмен білім беру қызметтерге бағытталуына алып келеді. 

Сәйкесінше,  жоспарлы  бақылау  шараларының  санын  азайту  қоғамдық 

бақылаудың  рӛлін  арттырады  және  мұғалімдер  мен  білім  алушылардың 

жүктемесін азайтады. 



 

Мемлекеттік  аттестаттауды  алып  тастау  бӛлігінде  «Білім  туралы» 



Қазақстан  Республикасының  Заңына  сәйкес  толықтырулар  мен  ӛзгерістерді 

енгізу ұсынылады. 

Жоғарыда  айтылғандар  білім  алушы  мен  мұғалімнің  жүктемесін  азайту 

және  педагог  статусын  кӛтеру  мәселелері  бойынша  заң  жобасына  ӛзгерістер 

мен толықтырулар енгізу қажеттігін меңзейді. 

Заң жобасы:  

-  қауіпсіз  және  жақсартылған  жағдайда  оқу  мен  еңбек  жағдайындағы 

мұғалім мен оқушының құқықтарын қамтамасыз етудің нақты кепілдемесін; 

- мұғалім мен оқушының бекітілген жүктемесі бойынша нормаларын

- кепілденген  тегін  орта  білім  беруде  оқушылардың  құқықтарының 

жеткен деңгейін сақталуын; 

-  әлеуметтік  кепілдемелер  кӛрсету  бойынша  мұғалімдердің  құқықтарын 

қорғауды қарастырады.  

Заң жобасында педагогтің мәртебесі, мұғалім мен оқушының жүктемесін 

тӛмендету бойынша қолдау кӛрсетуге тиістілік анықталатын болады.  

 

3. Заң жобасын қабылдау мақсаты 

Заң  жобасы  педагогтің  мәртебесін,  мұғалім  мен  оқушы  жүктемесін 

тӛмендетуді  реттеуді  қамтамасыз  ететін  құқықтық  механизмді  жетілдіру, 

сондай-ақ,  әлемдік  тәжірибені  ескере  отырып  білім  саласындағы  заңнамадағы 

құқықтық  олқылықтарды  жою  арқылы  маңызды  мәселелерді  тиімді  шешу 

мақсатында әзірленуде.  

 

4. Заң жобасын реттеудің нысаны 

Заң  жобасын  реттеудің  мәні  білім  саласындағы  мемлекеттік  саясатты 

қалыптастыру  және  іске  асыру  үрдісінде  пайда  болатын  қоғамдық  қарым-

қатынастар болып табылады.   

 

5. Заң жобасының құрылымы және мазмұны 

Заң жобасының құрылымы екі баптан тұрады. 

1-баппен  Қазақстан  Республикасының  келесі  заңнамалық  актілеріне 

ӛзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:  

«Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Кодексі;  

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы. 

Заң  жобасы    алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік  он 

күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 

 

 



 

6.  Тиісті  саладағы  заңнамалық  актілерге  жүргізілген  құқықтық 



мониторинг нәтижелері  

Заңнамалық  актілерге  жүргізілген  құқықтық  мониторингнәтижесінде 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  қарсы,  ескірген,  жемқорлыққа 

қатысты және тиімсіз орындалатын нормалар анықталған жоқ.  

 

7. Заң  жобасы  қабылданған  жағдайда  болжалды  құқықтық  және 

әлеуметтік-экономикалық салдар  

Құқықтық  салдарға  білім  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  тиімді  іске 

асыру  үшін  құқықтық  негізді  қамтамасыз  етуге  бағытталған  заңнаманың 

жетілдірілуін жатқызуға болады.  

Әлеуметтік-экономикалық  салдарға  заң  жобасы  қабылданған  жағдайда 

жастардың  әлеуметтік  қорғалуын  белсендірілуін,  білім  сапасын  арттыру 

есебінен  сәтті  мансап  құруда  олардың  мүмкіндіктерінің  кеңеюін  жатқызуға 

болады.   

Заң  жобасын  қабылдау  құқықтық,  әлеуметтік-экономикалық  салдарға 

алып келмейді және білім беру үрдісін жетілдіру бойынша міндеттерді шешуге 

алып келуі тиіс.  

 

8. Басқа  заңнамалық  актілерді  әзірленіп  жатқан  заң  жобасына  бір 



мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі 

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек 

кодексіне  және  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27 

шілдедегі № 319-III Заңына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан 

Республикасының  2014  жылғы  5  шілдедегі  №  235-V  Кодексіне  басқа 

заңнамалық  актілерді  әзірленіп  жатқан  заң  жобасымен  бір  мезгілде  сәйкес 

келтіру қажеттілігі. 

 

9. Заң жобасы нысанасының өзге нормативтік құқықтық актілермен 



реттелуі 

Осы  заң  жобасы  аясында  қарастырылып  отырған  қоғамдық  қарым-

қатынас  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  кодексімен,  «Әкімшілік 

құқықбұзушылық  туралы»  Қазақстан  Республикасының  кодексімен,  «Білім 

туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңымен,  «Қазақстан  Республикасында 

білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

қаулысымен және т.б реттеледі.     

  

10. Қаралып  жатқан  мәселе  бойынша  халықаралық  тәжірибенің  бар 

болуы 

Мұғалімдерге, сондай-ақ, оқушыларға апталық оқу жүктемесін тӛмендету 

мәселесі бірінші жыл кӛтеріліп отырған жоқ.  


10 

 

2007  жылы  ЮНЕСКО  деректерінің  негізінде  республикада  әлемдегі  ең 



үлкен  жылдық  аудиториялық  жүктеме  екені  ресми  түрде  анықталды  (Білім 

берудің  жағдайы  мен  дамуы  туралы  Ұлттық  баяндама,  2007.).  Бұл  ретте 

мектептегі оқу жылының ұзақтығы талданған 50 елде: 34 оқу аптасы және 204 

оқу  күні  38-39  апта  және  182-190  күнге  қарсы  медианалық  мәнмен 

салыстырғанда  салыстырмалы  болып  анықталды.  Талдау  жүргізген  кезден 

бастап әлем бойынша бастауыш және негізгі мектептің барлық сыныптарының 

оқу сағаттарының саны қысқарып келеді. Мұны ЮНЕСКО-ның 2005, 2015 және 

2017  жылдардағы  «Баршаға  арналған  білім»  баяндамасының  командасы 

растайды  (Баршаға  арналған  білім  2000-2015  жж.:  жетістіктер  мен  сын-

қатерлер.  ЮНЕСКО  2015.  2017  жылғы  білім  мониторингі  бойынша 

дүниежүзілік  баяндама  (БМДБ).  Қазақстанда  кері үрдіс:  2007  жылғы  талдауда 

тіркелген Қазақстанның оқу жүктемесі керісінше 1-ші және 9-шы сыныптарды 

қоспағанда артқан.  

TIMSS-2011  және  PISA-2012  зерттеулері  халықаралық  салыстырудағы 

білім беру сапасына қатысты сағаттар мен олардың санын зерттеді. 

Осы және 

басқа  да  нәтижелер  негізінде  ЭЫДҰ  сарапшылары  2014  жылы  оқушылар  мен 

мұғалімдердің  ӛнімсіз  жүктелуі  туралы  қорытынды  жасады  (ЭЫДҰ-ның  2014 

жылғы  ұлттық  саясатқа  шолуы).  Академиялық,  жаратылыстану-ғылыми 

пәндердің  артық  жүктелуіне  қарамастан,  Қазақстан  Республикасындағы                      

11 жылдық мектептің оқу бағдарламалары ӛзінің тиімсіздігін кӛрсетті.  

Проблеманы  шешу  үшін  ЭЫДҰ  негізгі  мектепте  шығармашылық  және 

практикалық  пәндерді  қоса  отырып,  оқу  бағдарламаларын  қайта  қарауды,                     

күндік 



оқу 

аптасына 

кӛшуді, 

жоғары 


сатыны 

бейіндеумен  

12  жылдық  орта  білімге  кӛшуді,  оқу  уақыты  мен  демалыс  уақытын  орынды 

бӛлу  мақсатында  мектеп  күнтізбесін  қайта  қарауды  (3  айлық  жазғы  демалыс 

кезеңінде білімін жоғалту) ұсынды.  

Оқу  жүктемесін  тӛмендетудің  оңтайлы  мүмкіндіктерін  анықтау  үшін 

ТМД елдеріндегі апталық оқу жүктемесі зерделенді. 

Бұл салыстыру Армения мен Молдованың 3-жылдық жоғарғы мектеп пен 

12  жылдық  оқытуды  қоспағанда,  ТМД  елдері  бойынша  мектептегі  білім 

деңгейлерінің  құрылымының  бірдейлігін  (4+5+2)    кӛрсетеді.  Одан  басқа,  оқу 

жылы  мен  сабақтың  ұзақтығы  жалпы  ұқсас  (34  апта,  40-45  минут). 

Нәтижесінде,  Қазақстан  -  апталық  оқу  жүктемесі  бойынша  ТМД  елдері 

арасында рекордтық кӛрсеткішке ие болып тұр. 

Мұғалімнің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы,  оның  мәртебесі  және 

жұмыс берушімен әкімшілік-құқықтық қарым-қатынасына байланысты, жұмыс 

беруші  мемлекет,  қоғамдық  корпорация  немесе  жеке  заңды  тұлғалар  болуы 

мүмкін.  

Кейбір 


мемлекеттерде 

олардың 


қайсы 

бағыныстылықтағы 

жұмысшылардың  санатына  жататыны  маңызды,  мысалы  орталық,  ӛңірлік 

немесе жергілікті деңгейдегі. 



11 

 

Кейбір  елдерде  аралас  схемалар  бар,  қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес, 



тіпті  жария білім беру секторында да кейбір мұғалімдер  азаматтық қызметкер 

болса,  ал  кейбіреулері  олай  емес.  Мысалы,  Нидерландыда  біріншіге  тек 

орталық  үкіметке  және  муниципалитеттерге  тиесілі  мектептердің  мұғалімдері 

жатады.  Данияда  9  сыныптық  муниципалдық  міндетті  білім  беру 

мектептеріндегі мұғалімдер мемлекеттік қызметте, ал округтерге (ӛңірлік билік 

органдарына)  тиесілі  орта  мектепте  мұғалімдер  келісім-шарттар  бойынша 

жұмысқа қабылданады. 

Мұғалімдердің  жүктемесін  реттеу  тәсілдері  әр  мемлекетте  әртүрлі, 

дегенмен белгілі бір топтарға тән бірқатар маңызды жалпы принциптерді бӛліп 

алуға болады. 

Әлемнің кез-келген жерінде мұғалімнің кәсіби қызметі тек сабақта сабақ 

жүргізумен  ғана  шектелмейді,  бірақ  басқа  педагогикалық  міндеттердің  кең 

ауқымын қамтитындықтан, «оқу уақыты» түсінігі нақты сабақ уақытына (яғни, 

сабақ  уақыты  мен  басқа  да  білім  беру  сабақтары)  және  басқа  да 

«педагогикалық  жүктемелер»  түсінігі  кіреді.  Бұл  бӛлу  қызмет  кӛрсету 

шарттарында  немесе  жеке  келісімшарттарда  қалай  анықталғаны  және  ол 

мүлдем  бекітілгеніне  қарамастан,  біртұтастық  жоқ  және  әртүрлі  елдерде 

қарама-қарсы кӛзқарастар бар.  

Тұтастай  алғанда,  бірқатар  елдерде,  сәйкессіз  кәсіби  қызмет  түрлеріне 

бӛлінген  уақыт  оқу  уақытының  пайыздық  үлесі  ретінде  белгіленеді.  Мысалы, 

Грецияда,  Италияда,  Нидерландыда  және  Испанияда  бастауыш  білім  беруде, 

олар  үшін  33-40%  Австрияда  және  Испаниядағы  орта  білім  бойынша  оқу 

уақыты 40-тан 50% -ға дейін бӛлінеді. Испанияда мектепке дейінгі, негізгі және 

орта білім беретін қоғамдық оқу-тәрбие мекемелерінде педагогикалық персонал 

мемлекеттік  басқару  қызметкерлері  сияқты  аптасына  37,5  сағат  жұмыс 

жасайды. Олардың 30 сағаты міндетті түрде мектепке бару нормасын құрайды 

және  педагогтік  қызметтің  әртүрлі  білім  беру  іс-шараларына  тағайындалады. 

Бұған,  ең  алдымен,  сыныптағы  сабақтың  барлық  түрлері  кіреді:  мектепке 

дейінгі  мекемелерде  және  негізгі  жалпы  білім  беруде  -  аптасына  25  сағат  (28 

жеке  мектептерде);  орта  білім  беруде  -  18  сағат  (бірақ  бұл  кестені  жүзеге 

асыруды  қамтамасыз  ету  мүмкін  болмаса,  бұл    санды  21  сағатқа  дейін 

кӛбейтуге  болады).  Қалған  сағаттар  (яғни,  негізгі  орта  мектепте  5  сағат  және 

орта  білім  беруде  12  сағат)  білім  алушылармен  жеке  сабақтарға,  олардың  оқу 

іс-әрекеттерін  басқаруға,  кәсіби  бағдарлануына,  сондай-ақ  педагогтердің 

әдістемелік  бірлестіктерінің  жұмысына,  алқалық  басқару  органдарының 

отырыстарына  және  т.б.  қатысуына  қолданылады.  Қалған  уақытта  мұғалім 

мектепте  болуға  міндетті  емес:  ол  ӛзінің  сабағына  дайындалу,  біліктілігін 

арттыру немесе басқа да кәсіби міндеттерін атқаруына болады. Бұл факторлар 

дамыған  шетелдердегі  мұғалімдердің  жұмыс  жағдайын  нақты  бағалау  кезінде 

әрдайым  есепке  алынбайды.  Мысалы,  Франциядағы  орта  білімнің  барлық 

деңгейлерінде апталық сағаттың жалпы саны - 84 сағат, АҚШ-та - 84 сағат, ал 

Қазақстанда - 100 сағат. 


12 

 

Соңғы  20  жылда  бүкіл  әлемде  мектеп  портфелінің  ауырлығы  мен 



мазмұны  бойынша  70-ке  жуық  зерттеу  жүргізілді.  Осы  зерттеулердің  негізгі 

қорытындылары  т.б.  шет  елдердегі  мектеп  портфелінің  орташа  салмағы 

шамамен  6-6,5  кг.-ды  құрайды.  Сӛмкенің  салмағы  баланың  дене  салмағының 

арақатынасынан 18 % артуы баланың дені сау болып дамуына кауіп тӛндіреді. 

Ғалымдардың  пікірі  бойынша,  сӛмкенің  ауырлығы  баланың  дене  салмағының 

10-18% арақатынасында болуы керек.   

Сонымен  қатар  педагог  мәртебесі  бойынша  «Мұғалімдердің  жағдайы 

туралы»  ЮНЕСКО-ның  ұсынымдамалары,  «Мұғалімнің  мәртебесі  туралы» 

Модельді заң және педагог еңбегін жақсартуды заңнамалық  бейнелеу бойынша 

халықаралық  тәжірибелер,  «Мұғалімнің  мәртебесі  туралы»  Қырғызстан, 

Ӛзбекстанның Заңдары (жоба), Беларус Кодексі, «Білім туралы» Беларус Заңы 

мен  «Қазақстан  Республикасының  сот  жүйесі  мен  судьяларының  мәртебесі 

туралы»,  «Адвокаттық  қызмет  және  заң  кӛмегі  туралы»,  «Атқарушылық  iс 

жүргiзу  және  сот  орындаушыларының  мәртебесi  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңдары, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі 

туралы»  Қазақстан Республикасының Кодексі  зерделенді. 

 

11.  Заң  жобасын  iске  асырумен  байланысты  болжалды  қаржылық 

шығындар 

Заң  жобасын  қабылдау  мемлекеттік  бюджеттен  қосымша  қаржылық 

шығындарды қажет етпейді.  

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет