ТұЛҒаның БӘсекеге қабілеттілігіндегі психологиялық мазмұН



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата08.02.2022
өлшемі317,29 Kb.
#98992
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
856-1-1428-1-10-20181119 (1)
физика срсп 9,10
Ключевые слова: 
конкурентоспособность, личность, развитие, гиперконкурентоспособность, 
гендерные особенности, CW ориентация конкурентного поведения; CЕ форма конкуренто-
способности. 
Кіріспе. Мәселенің өзектілігі
Қазіргі кезде Қазақстан азаматтары рухани 
жаңғыру және ділді жаңаша қалыптастыру зама-
нында өмір сүруде. Сондықтан терең білімділік 
пен жоғары деңгейдегі интеллектуалдылыққа 
талаптардың арта түсуі тұлғалық қасиеттерінің 
заманға сай дамуымен шарттасады. Жалпы, қа-
шанда тұлға дамуы және оның іс-әрекеттегі 
же тістіктері, табыстылығы өзара байланысты 
қарастырылады. 
Жеке даралық дәріптелетін қоғамда бәсе-
кеге қабілеттілік аса құнды тұлғалық қасиет 
қатарында. Қазіргі қазақстандық қоғамда да 
бұл қасиеттің маңызы артуда. Ал, мемлекеттік 
деңгейде қазақстандық қоғамның жаңаша да-
муындағы басты фактор ретінде тұлғаның бәсе-
кеге қабілеттілігі өзекті мәселе болып қойыла 
бастады. Президент Н.Ә. Назарбаев (2017) қо-
ғам дық сананың жаңғыруындағы басты бағыт 
ретінде тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі бойын-
ша міндеттерді шешуді атайды. Сонда, тұлға -
ның бәсекеге қабілеттілігі Қазақстан Респуб ли-
касының ұлттық идеясына айналды деуге болады. 
Сондықтан қазақстандықтардың жаһандану 
үдерісіне сәйкес қазіргі өмір жағдайында бәсекеге 


Хабаршы. Психология және социология сериясы. №3 (66). 2018
34
Тұлғаның бәсекеге қабілеттілігіндегі психологиялық мазмұн
қабілеттілікті зерттеудің, оның психологиялық 
мазмұнын ашып, сипаттаудың және осы орайда 
мақсат-бағдарлы дамытудың ғылыми-теориялық 
негіздерін жүйелеу мен психологиялық тәжіри-
бесін қордаландыру қажет. Ал, бәсекеге қабілет-
тіліктің психологиялық мазмұнын анықтап, 
зерттеуге әдіснамалық бағдар болатын әлемдік 
ғылымда теориялар, эмпирикалық зерттеулерден 
алынған мәліметтер мен бірқатар тәжірибелік 
жұмыстар бар. Оған қоса, бүгінгі таңда біздің 
қазақстандық қоғамда кез келген тұлғаның, 
мысалы, кәсіби білім беру жүйесінде болашақ 
мамандардың бәсекеге қабілеттігін дамытудың 
психологиялық-педагогикалық алғышарттары 
да жеткілікті. 
Шын мәнінде, кімнің «бірінші», «тұңғыш» 
болғысы келмейді? Себебі, басқалардан озық 
шығу ортада құрметке кенеліп, мақтаныш 
сезімімен, материалдық пайдамен бақытты өмір 
сүрудің кепілі сияқты. Ал, мұның басқа жағы да 
бар. Әлбетте, бәсекеге қабілетті тұлға ортаның 
өзіне, ісіне, тұрмыс-жағдайына деген қызғаныш, 
жеккөру сезімдерінің туындап, өршуіне себеп-
кер де болады. Сондықтан, тек біздің көпшіл-
дікті ұлықтайтын қоғамда ғана емес, батыс 
мәдениетінде де бәсекеге қабілеттілікті әрі «жа-
ғымды» («жақсы») деп дәріптейді де, екінші 
жағынан, «жағымсыз» («жаман») деп жақ-
тырмайды да. 
Сондықтан, бұл мақала аясында тұлғаның 
бәсекеге қабілеттілігінің психология ғылымда-
рындағы анықталып, зерделену жағдайы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет