ТұЛҒаның ДҮниетанымы және ұлттық бірегейлік



Дата03.04.2023
өлшемі27,82 Kb.
#173641
Байланысты:
ТҰЛҒаның ДҮниетанымы және ұлттық бірегейлік-melimde.com


ТҰЛҒаның ДҮниетанымы және ұлттық бірегейлік

ТҰЛҒАНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК

Орындаған: Төлеубай Нұрәлі Әділбек Оңалбек Сейт Нұрдәулет Пахратдинов Алмат


Қабылдаған:Жакупова Шынар


Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуының зандылықтары. Оқушылардын ғылыми дүниетанымы тұтас педагогикалық процесте қалыптасады. Дәл осы жерде ғылыми білімдерді меңгеру жүйесі мен оларды тәжірибеде пайдалану, бұрынғы кездегі мәдени мұралармен, қазіргі ғылым негіздерімен оқушыларды қаруландыру құралы болса, дүниетанымдық білімдерді терең сенімге айналдыру оқушылардың іс-әрекет және мінез-құлық принциптеріне айналады, қоғамдық бағыттарын анықтайды, іс-әрекетке дайындығын және өмірлік ұстанымын қалыптастырады.
Маңызды педагогикалық мәселелердің бірі болып оқушылардың дүниетанымын қалыптастырута байланысты оқушылардың сенімдері мен өзіндік көзқарасының заңдылықтарын ашу. Ғалымдардың көзқарасы бойынша табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдерді меңгеру — ғылыми дүниетанымды қалыптастыру негізінің маңызды шарты болып табылады. Бірақта табиғат пен қоғам дамуының заңдылығын білу жеткіліксіз. Саналы көзқарас, сенім ойдьщ болмауы адамда формальды түрде деректерді меңгеруге және дүниетанымдық сипатты жалпылауға әкеп соғады. Тек қана білімді «аудару» және өзіндік сезінген тәжірибесін, әр түрлі іс-әрекеттерден қамтылған тұрақты көзқарастарын, негізіне тұлғаның идеялық мақсаты жататын сендіру және идеалынан тұрады. Олардан адам мінез-құлқына бағыттайтын дүниетаным пайда болады.
Психология-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай келе, тұлғаның дүниетаным ұйытқысын құру, ғылыми сенімді қалыптастыру құбылыстарының мәселесін мынындай етіп бөлуге мәжбүр етеді: — объективті мазмұны, маңызды қасиеті бар сыртқы дүние туралы дүниетаным білімі болуы және оны меңгеру; — олардың мағынасы мен құндылығын түсіну; — олардың талаптарынан шығатын міндеттерге, шынайылыққа сенімділік; — индивидтің қажеттілігі мен қызығушылығын есепке ала отырып, меңгерілген білімді негіздеу; — құбылыстар мен әлеуметтік фактілерді бағалау және ғылыми талдаудың тәсілдерін меңгеру, білім берудің біліктілігін жаңғырту, адамдардың іс-әрекетін, өмір құбылыстарын, әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа да құбылыс фактілерін талдау және бағалау; — өмірде осы білімдер арқылы басшылық жасай білу ұмтылу; — белсенді іс-әрекетке субъект ретінде дайындық
Г.Н.Филонов бойынша тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыдан оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды төмендегідей қарастырады: — шынайы дүниені жеке тұлғаның рухани-тәжірибелік тұрғыдан меңгеру негізіндегі іс-әрекетін мойындауы және оның адам санасындағы адекватты бейнеленуі; — тұтастықтықтың жеке тұлғаның интеллектуальдық эмоциональды-еріктік және іс-әрекет тәжірибе саласына әсерін іске асыру; — жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру жүйесінде тәрбие процесін дараландыру, еңбек және оқытуда жеке тұлға мен ұжымнын өзара әсерінің органикалық біртұтастығы;
Жаһандану және
интеграциялану
жағдайында қоғамда
ұлттық бірегейлік мәселесі
қамтамасыз
ету үшін шешуші рөл атқарады. Ұлттық
мемлекеттің тұрақты дамуын
бірегейлік түбегейлі анықталмаған
жағдайда қоғам ішінде дағдарыстың орын алу
ықтималдығы күшейеді. Яғни, өз кезегінде ұлтаралық және этносаралық қарым-қатынастар, көші-қон үрдістері мен жергілікті элиталардың ұлттық саясаттағы жұмысының күшеюіне өз әсерін тигізеді. Нәтижесінде, азаматтардың өздері бірегейлігін іздестіру барысында рулық, тайпалық, діни, отбасылық сияқты басқа да бірегейлік түрлерінің күшейіп, кең таралуына жол ашады. Мемлекеттің ішінде түрлі ағымдардың күшейіп, тоқырауға ұшырауына алып келеді. Сондықтан нақты ұлттық бірегейлік қалыптасқан қоғамда ғана тұрақталған және мығым мемлекеттің дамуы орын алады.
Ұлттық бірегейлікті сақтау-ұлттық жаңғыру.Ұлттық жаңғыру деген сөздің өзі үлттық
сананың кемелденуін білдіреді.Оның екі қыры бар:


  • Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.

  • Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып,оның бірқатар сипаттарын өзгерту.

Қашан да қоғамға қажет нәрсе ұлттық бірегейлік, себебі, мемлекеттің тұтастығы қоғамдағы ұлттың және зиялылардың азаматтық бірегейлігіне тәуелді. Ұлттық бірегейлік ұрпақтың (халықтың) рухани деңгейінен шығады, рухани деңгей арқылы көрініп, жүзеге асып отырады. Ұрпақтың рухани деңгейі ұлттық тәрбие, діни сауаттылық, тарих білімі,


интеллектуалдық қызметі, мәдениеті, қабілеті, өнері, білімі, еңбекқорлығы негізінде
қоғамда ұлттың және оны демеп отыратын
көрініп отырған. Рухани
зиялылардың азаматтық,
деңгейі бар
тұлғалық бірегейлігі сақталмақ. Керісінше жемқорлыққа,
парақорлыққа халықтың көзі үйренген ортада ұлттық бірегейлік түгіл азаматтық бірегейлік болмайды, болса да қоғамда елдің табиғатына, ұлттың мінезіне жат нәрселердің орын алуы себепті тарихтан келе жатқан дәстүрден (ұлттық бірегейлік пен тұлғалық бірегейліктің жолынан) өсіп келе жатқан ұрпақтың ішкі әлемі алшақтай түспек.
Ұлттық бірегейлік адамның белгілі бір ұлтқа,елге, мәдени кеңістікке жататындығын білдіретін бірегейліктің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде анықталып жүр. Ол – азаматтық және ұлтшылдық сияқты түсініктермен теңестірілмейді, дегенмен, олар оған күшті әсер ете алатын факторлар болып табылуы мүмкін. Сонымен бірге ұлттық бірегейлік адаммен бірге тумысынан пайда болмайды. Ол белгілі бір адамдардың тобының тілін, тарихын, қауымдастықтың мәдениетін қабылдаған кезде пайда болады. Осыған белгілі бір мемлекетке тиесілік, мемлекеттік бірегейлікке, ұлттық идеяға және мемлекеттік символдарға шынайы берілушілік сезімін де қосуға болады.Ұлттық бірегейлік көпдеңгейлі және көпқұрамды болуы да мүмкін. Жеке мемлекеті жоқ азшылықты құрайтын халықтарда ұлттық бірегейлік көп жағдайда саяси ұлтпен және мемлекетпен байланысты едәуір кең ұлттық бірегейліктің құрамдас бөлігі болып табылатын өңірлік этномәдени бірегейлікпен анықталады.Мәселен, мигранттардың ұлттық бірегейлігі олардың шыққан жерімен анықталса, екінші жағынан, жаңа мемлекетпен және мәдени ортамен өзіндік бірегейленуімен де анықтауға болады
Жаһандану бүгінгі таңда жалпы дүниежүзілік процесс болып табылады. Жаһандану кезеңінде Қазақстан өзінің ұлттық және мемлекеттік бірегейлілігін сақтап қалу мәселесі туындайды. Осы арқылы мемлекетіміз әлемдік ұйымдарда өз орнын сақтап, нығайта алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл дегеніміз жаһандану кезеңінің барлық жағдайларына көне бермеу керек, яғни Қазақстан тікелей өз даму стратегиясын жүргізуі қажет. Сонда ғана ұлттық және мемлекеттік бірегейлілігімізді сақтап қала аламыз.Тәуелсіздіктің қалыптасуы, ұлттық мемлекеттіліктің
дамуы қоғамдағы
қалыптастыруымен
біріктіру
тығыз

факторы болып табылатын салауатты ұлттық бірегейлілікті


байланысты. Ол мемлекет территориясында тұратын барлық
этностық топтар мүдделерінің теңқұқылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатқа едәуір ықпал ете алады.Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлекеттік құрылысында екі бағыт айқын анықталды. Бірақ оларды зерттемес бұрын, біз «ұлт», «этнос» және тағы басқа ұғымдардың мәнін және мазмұнын ашып, анықтап алуымыз керек.Этнос және ұлт — әр түрлі әлеуметтік құбылыстар. Ю.М.Бородай олардың айырмашылығын жақсы көрсете білді. Этностық қауымның спецификасы адамның антропогенетикалық ерекшелігіне негізделеді. Сондықтан да этникалық «табиғи» қауымның дамуы ешқандай мемлекет басқаруын қажет етпейді. Керісінше, ұлт мемлекет пен азаматтық қоғамның жемісі болып табылады.
Қазақстанда ұлттық бірегейлікті анықтауда қоғамда екі концепцияның қарама-қайшылығын Қадыржановта айтады. Ол оны «Қазақ ұлты» және «қазақстандық ұлт» деп екіге бөліп көрсетеді. Бұл екі тұжырым қазірше виртуалды кеңістікте, қоғамдық дискурс саласында күрес жүргізіліп отыр деп пайым жасайды.Кеңестік уақытта қалыптасқан адамдардың саяси мәдениеті, коммунистік санасы мен халықтың құндылықтарымен астасып жатыр. Бұл өз кезегінде коммунистік жүйенің ыдыраған тұсында адамдардың бірегейлігін таңдауында тығырыққа тірегені анық. Оған қоса ұлттық құрамның түрлі этнос өкілдерімен араласып көпэтносты және мультимәдени қоғамның қалыптасуы тағы бар.
Атам қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген керемет мағыналы сөз бар. Бұл аталы сөз ұлтты ұйыстыруға ұлттық бірегейлікке, елдік пен ауызбіршілікке үндейді. Себебі, ұлттық бірегейліктің түп-тамыры әрбір отбасындағы ұлттық дәстүрден бастау алады. Әрине, жаһандану дәуірінде ұлттық болмысты жоғалтпай, бабадан балаға мирас болып жалғасқан ата дәстүрді ұмытпаған абзал.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бірегейлігін қалыптастыру тұжырымдамасы әзірленді. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен 1996 жылы 23 мамырда жаңа егемен және тәуелсіз Қазақстанда бірыңғай азаматтық бірегейлікті қалыптастыру мүмкіндіктері туралы ұсыныс жан-жақты қоғамдық, саяси және мемлекеттік талқылауға түсті. Мемлекет және қоғам үшін бірыңғай бірегейлік алдағы уақыттағы және болашақтағы дамуға қажет деп бекітілді. Президенттің бірыңғай мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру бойынша ең маңызды ұсыныстары мен бастамаларына тоқталып өтейік.
Біріншіден, азаматтар арасындағы ұлттық ұстаным бойынша өзара бөлініс мәселесін шешудегі ең маңызды ұсыныс ретінде және шығу тегі, ұстанымдары бойынша қарама-қарсылықтарды әлсірету үшін барлық азаматтарды біртұтас тәуелсіз мемлекеттің бір бөлігі ретінде өздерін бағалау үшін тапсырмаларды іске асыру көзделді. Елбасының идеясы барлық тұрғындардың, барлық саяси күштердің мемлекеттің игілігі үшін өзара әрекетін арттырумен байланысты екенін байқауға болады;
Екіншіден, тұжырымдамада қарым-қатынас тілінің еркін таңдалуы нақты бекітілген. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде бекітілуі басқа да көпшілік этностардың орыс және басқа да тілдерін еркін қол-данылуын шектемеуі қажет деп айтылған. Сонымен бірге, мемлекет тіл саясатын дамыту мен оны іске асыру мемлекеттік тілді және басқа тілдерді білмеу себепті жік туғызбауы керек делінген;
Үшіншіден, мемлекеттік бірегейлік тұжырымының ерекше маңызды теориялық және ғылыми жетістігі – Президенттің ұлттық саясатының стратегиялық мақсаты Қазақстанның патриоттық, жоғарғы білімді, мәдени азаматын қалыптастыру болып табылды. Осыған сәйкес мемлекет, басқару жүйесі, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар, саяси партиялар, элитаның назарын, жастарды демократиялық, азаматтық қоғам жағдайына дайындау және ұлттық белгісі бойынша өзара бөлінушілікке жол бермеуге бағытталған. Тұжырымдаманың мәні мен мақсаты біртұтас Қазақстанның төңірегіне барлық халықтарды шоғырландыруға арналады.
Біздің пікірімізше, ел ішінде барлық этнос өкілдерінің жалпы бірыңғай бірегейлігін қалыптастыруда маңызды, мәнді рөлді азаматтардың жоғарғы патриоттық сезімі атқарады. Ол тек жоғарғы саяси және құқықтық мәдениет бар жерде ғана іске аса алады. Ол үшін азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру керек. Сондықтан, Қазақстандағы ұлттық бірегейліктің қалыптасуына президенттік институттың рөлі мен маңызын түсіну - еліміздегі ұлттық мәселелерді терең зерттеуді қажет етеді. Қазақ халқының тәуелсіздік алуы және өз алдына жеке дер-бес мемлекетінің құрылуы мен қазақ ұлтынан мемлекет басшысының тағайындалуы патриоттық сезіммен қатар, мемлекет құрушы және ұланғайыр аумақтың иесі болу мақтанышын оятты. Яғни, бұл үрдіс қазақ халқының ұлттық санасының одан сайын оянуына түрткі болды.
Ұлттық бірегейліктің мазмұны мен парадигмасын анықтауға ұмтылу мен ғылыми іздестірудің саяси-құқықтық негізі Қазақстан Республикасының ең алғашқы ата заңы 1993 жылғы Конституциясында қаланды. 1993 жылғы Конституциясының 47-бабы этностық компонентке негізделген ұлттық бірегейліктің нақты парадигмаларын көрсетті. 1993 жылы ең алғашқы Конституция Қазақстанда ұлттық құрылыстың этномәдени моделінің басымдығын байқатты.
1975 жылы «Этникалық бірегейлік» атты Дж. Де-Востың ұжымдық еңбегі жарық көреді. Біріншіден Дж. Де-Вос этникалық біргейліктегі эмоционалды-субъективті, тіпті иррационалды астарды зерттеуге ұсынысын айтатын болсақ, екіншіден ол бұл феноменнің рационалды маңыздылығын да жоққа шығармайды. Этникалық бірегейліктің негізгі белгісі ретінде сабақтастық сезімі, өткенмен тығыз байланысты көрсетеді. Де-Вос бұл сұрақты тұлғаның бүгінінен айырмай, оның әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен болашақтағы талпыныстарымен қатар зерттейді. «Шығу тегінің, дінінің, құндылықтарының, тіршілік ету тәсілдерінің бір екендігі туралы сезім – «ортақ негіз» тектес – ішкі өзін өзі анықтауымен сипатталатын топқа адамдардың бірігу үдерісінде үлкен маңызға ие. Бір әлеуметтік топтың ішінде есею, байланыс құралдарының ұқсастығы адамдар арасындағы барлығына түсінікті бейімделу механизмдерін қалыптастырады, бұл келіспеушіліктердің мүмкіндігін азайтады»- деп жазады Дж. Вос . Жалпы осы мәселе төңірегінде ұлттық мінез-құлық, ұлттық менталитет, этникалық бірегейлік, этникалық ментальдық бір-біріне қатысты ұқсас және бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Бұл ұғымдардағы негізгі екпін ұлттық және этникалық деген сөздерде. Дж. Де-Востың пікіріне толық сүйенетін болсақ, ұлттық деген ұғым этникалық деген ұғымнан өзгеше емес. Ұлт деген ұғыммен көбіне саяси белгілері бар топтарды жатқызады. Көптеген зерттеушілер үшін ұлттық бірегейлік және субъективті мәдени бірегейлік бір біріне сәйкес келетін ұғымдар екені дәлелденген болып табылады, әсіресе этникалық және ұлттық бірегейлік тарихы жағынан сәйкес болса, басқа жағдайда этникалық бірегейлік ұлттық бірегейлікке қарағанда кең ұғым болып саналуы мүмкін.

Кез келген ұлттың бірегейлігін жаңғыртуда, қайта қалыптастыруда және мемлекетті құруда ұлттық-мемлекеттік символдар, идеалдар оның ажырамас бөлігі болып табылады. Символдар өз бойына құпия түрде мағыналық белгілерді жинақтаған идеялық және бейнелік құрылымдарды білдіреді. Халықтардың символдары ұзақ уақыт бойында олардың дәстүрімен және дүниетанымымен сабақтаса пайда болады және дамып жетіліп отырады. Символдар сол халықтың ұлттық және рухани ерекшеліктеріне, өзіндік ұлттық санасының қалыптасуына ерекше күш береді. Ал, кейбіреулері элитаның көмегімен мақсатты түрде халықтың санасына сіңіріледі. Қазіргі уақытта ұлттық мемлекеттердің пайда болуы үрдісінде саяси және ұлт көшбасшылары азаматтардың назарын өздеріне аудару, біріктіру мен топтастыру мақсатында жалаулар, әнұрандар, конституциялар мен мерекелер және т.б. ұлттық-мемлекеттіксимволдарды құрастырып және оны қолданысқа енгізіп отырады. Ұлттық және мемлекеттік символдар өзара бір-бірімен тығыз байланысты, көп жағдайда біреуі екіншісін толықтырып тұрады. Осы орайда, бұрынғы посткеңестік елдер өздерінің тәуелсіздігін алысымен жаңадан ұлттық және мемлекеттік құрылысты қалыптастыруда кеңестік символдарды жаппай жоюмен айналысты. Бұл посткеңестік кеңістікте пайда болған үрдіс батыстың ғылыми әдебиеттерінде кеңестік символдарды деидеологизациялау деген атауға ие болды. Нәтижесінде олардың орнына егемен және тәуелсіз елдердің жаңадан құрылған ұлттық мемлекеттерінің өзінің тарихтағы ұлттық символдары қайтадан жаңартылды және қолданысқа түсті. Бұл символдар ұлттар мен халықтардың тарихи және ұлттық санасын қайта оятуға үлес қосады.


Назарларыңызға рахмет!



http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет