Тұлғаның мәнін әлеуметтану ғылымы мынандай бағыттар арқылы анықтайды



Дата07.02.2022
өлшемі14,26 Kb.
#90658
Байланысты:
1. адам индивид тулга


Тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, себебі қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Тұлғаны зерттегенде, оған мағынасы жақын «адам», «индивид», «индивидуалдылық» деген ұғымдарды түсіну қажет. Адам – ақыл ой, санасы арқылы ерекшеленетін Жер бетіндегі тірі организмдердің ең жоғарғы деңгейі, қоғамдық -экономикалық әрекет пен мәдениеттің субъектісі.
Индивид- адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық- бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, адамның биологиялық тегіне, әлеуметтік жағдайы мен тәрбиесіне байланысты қалыптасатын ерекше табиғи және әлеуметтік сапалары.
Ал, тұлға- тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс- қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Бұл адамның әлеуметтіканықтамасы, оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын көрсеткіш. Тұлғаның мәнін әлеуметтану ғылымы мынандай бағыттар арқылы анықтайды:
Бірінші, диалектикалық – материалистік бағыт бойынша, адам бастапқыдан ақ әлеуметтік тіршілік иесі, оның тұлға ретінде қалыптасуына мынандай факторлар ықпал етеді: адамның биологиялық тегі, қоршаған ортасы, тәрбиесі мен өзін өзі тәрбиелеу дағдысы;
Екінші, антропологиялық бағыт бойынша, тұлға жалпыадамзаттық қасиеттерді тасымалдаушы адам мен индивид ұғымдарына сәйкес келетін тектік ұғым.
Үшінші, әлеуметтанулық бағыт бойынша, тұлға белгілі бір қоғамның әлеуметтік маңызы бар барлық белгілері мен сапаларының көрсеткіші.
Осы негізде, тұлға дегеніміз индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеттері, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипатттайтын сапасы, индивидтің әлеуметтік анықтамасы деп тұжырым жасауға болады.
Әлеуметтік құбылыс ретінде тұлғаны мынандай үш өлшем құрап тұр: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік өлшемдер.
Биологиялық өлшем- бұл тұлғаның қалыптасуына ықпал етуші барлық табиғи және биологиялық қасиеттері (дене бітімі, жас және жыныс ерекшеліктері, темпераменті т.б.)
Психологиялық өлшем- адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер (сезімдері, ерік жігері, есте сақтау, ойлау қабілеті т.б.).
Әлеуметтік өлшем- тұлғаны жан-жақты қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, қызығушылықтары мен мүдделері, мақсаттары, өмірлік тәжірибесі. Осы қоғамдық ортада өмір сүру барысында ғана әрбір адам қажетті тәжірибені жинақтап, жеке санасы мен дүниетанымын қалыптастырады, өмірдегі құндылықтық бағдарларын(мәдениетін, мінез
қылығын, өнегелілік сапаларын) анықтайды, әлеуметтік жүйенің бір элементі ретінде өзінің сұраныстары мен қажеттіліктерін, мүддесін қалыптастырады. Сол арқылы қоғамның ары қарайғы дамуына белгілі бір дәрежеде өз үлесін
қосады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет