Тмд нарығында қолданылатын гаж-дың бағдарламалық құралдарына шолу



бет2/2
Дата20.10.2022
өлшемі19,72 Kb.
#154102
1   2
Байланысты:
ОСӨЖ 2
p1900000988.12-10-2021.kaz
Arc GIS ArcInfo (АҚШ – тың ESRI фирмасы жасап шығарған). Бір – біріне тәуелсіз екі бағдарлама пакетінен, яғни ArcInfo WorkStation және ArcInfoDesktop – тан тұратын толық функционалды ГАЖ. Біріншісі 3 базалық модульден тұрады: ArcMap – деректерді бейнелеу, өңдеу және сараптау, Arc Catalog – деректерге кіру және деректерді конвертациялаудың кеңейтілген кеңістікті сараптама жасаудың құралы. Қосымша модульдер мынадай мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді:
Arc COGO – геодезилық деректермен жұмыс істеуге арналған құралдар мен функциялар жиынтығы.
Arc GRID – құрамында сандық және сапалық қасиеттеріне байланысты орналастырылған сараптаудың және басқарудың, сонымен қатар күрделі процестерді модульдеудің күшті жиынтығы бар.
Arc TIN – топографиялық беттерді модельдеуге арналған.
Arc NETWORK – кеңістіктік тор түрінде топологиялық байланысқан нысандарды модельдеу және сараптау үшін және торда орналастырылған ресурстарды бағалауға арналған.
ArcInfo геоақпараттық жүйелерді құруды, ормандық, геологиялық және басқа да кадастрлар құруды, көліктік торларды жобалауды және табиғи ресурстарды бағалауды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні ГАЖ келесі классификацияға ие. Территорияның қамтылуына байланысты – ғаламдық (global GIS), субконтиненталдық, ұлттық (мемлекеттік мәртебеге ие), аймақтық (regional GIS), субаймақтық, жергілікті (local GIS). Ақпараттық модельдеу саласының пәніне байланысты – жер қойнауын пайдаланушы қалалық (муниципалды) ГАЖ (urban GIS), таулы-геологиялық ГАЖ, табиғатты қорғау ГАЖ (environmental GIS) және т.б., олардың арасында кеңінен таралған геоақпараттық жүйелері. Мәселелік бағытына қарай – алдына қойған мақсатына байланысты (ғылыми және қолданбалы), олардың арасында ресурстарды инвентаризациялау (соның ішінде кадастр), талдау, бағалау, мониторинг, басқару және жоспарлау, шешім қабылдауды қолдау деп бөлінеді.
Біріктірілген ГАЖ, БГАЖ (integrated GIS, IGIS) ГАЖ және суреттерді (дистанциялық байқау мәліметтері) сандық өңдеу жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін көп жағдайда бірге қолданылады. Сонымен қатар, полимасштабты немесе масштабты-тәуелсіз ГАЖ (multiscale GIS), кеңістіктік-уақыттық ГАЖ (spatio-temporal GIS) деп айырады .
Геоақпараттық жүйелер түсінігімен геоақпараттық технологиялар түсінігі тығыз байланысты. Бұл – ақпараттық технологиялардың географиялық ұйымдастырылған ақпараттарды өңдеуі. Негізгі геоақпараттық жүйелердің ерекшеліктері, оның басқа автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің артықшылықтарын салыстырудағы оның геоақпараттық негіздемесінің бар болуын анықтайды. Яғни, сандық карталар, жер беті жайындағы қажетті ақпаратты беріп отырады. Осының барлығы жоба ретінде қарастыруға болады.
Геоақпараттық жобаларды (GIS project) іске асыру ГАЖ жасау ұғымын қамтиды және оның төмендегідей кезеңдері көрсетіледі. Жоба алдындағы зерттеулер (feasibility study), соның ішінде қолданушының талаптарын (user requirements) және ГАЖ қолданылатын бағдарламалық құралдардың қызметтік мүмкіндіктерін зерттеу, техникалық-экономикалық негіздеме, «шығын/табыс» (costs/benefits) қатынасын бағалау; ГАЖ жүйелік жобалау (GIS designing), соның ішінде тәжірибелік жоба (pilot-project) кезеңі, ГАЖ дайындау (GIS development); оны үлкен емес территориялық бөлікте немесе тестік учаскіде (test area) тестілеу, тәжірибелік үлгі немесе прототип (prototype) жасау; ГАЖ (GIS implementation) пайдалануға және қолданысқа енгізу.
Қазіргі ГАЖ заманауи ақпараттық технологиялардың алдыңғы қатарлы құрылғыларына жатады. Бір жағынан автоматтандырылған әдістерді қосады, ал екінші жағынан мәліметтерді өңдеу және ұйымдастырумен ерекшелінеді. Олар геоақпараттық жүйелерді көп мақсатты және көп көріністі жүйе ретінде анықтайды .
Қазіргі кезде қолданыста американдық MaрInfo Professional, ресейлік ГеоГраф, Панорама ГАЖ, басқа да ER Mapper, ERDAS IMAGINE сияқты ГАЖ бар.
Кейінгі кезде нарықта Жер туралы ғылымда қолданылатын ГАЖ Encom Discover 5.0 бағдарламасы пайда болды. 1994 жылы пайда болғаннан бері, бұл үстел үстілік ГАЖ геологтарға маңызды құралға айналды. Ол геологиялық жиынтық деректерін дайындауда, ұңғыма жоспарын және қимылдарды құруда, берілген масштабта геологиялық символды таңбалармен сызықтық линияларды қолданып жоғары сапалы карталар шығаруда, координаттары байланған графиктерді құруда, кеңістік деректер жиынтығынан құралған метадеректерді өңдеуде және пайдалануда кеңінен қолданады. Одан басқа бірқатар ГАЖ ArcGIS ArcInfo, ArcCOGO, ArsGRID, ArcTIN, ArcNETWORK, ArcGIS Arcview атап көрсетуге болады.
Топографиялық-геодезиялық жұмыстарда ГАЖ жер қыртысы мен жағдайы, орналасқан ғимараттары мен құрылыстары (жер үсті, жер асты және жерден жоғары) және жоспарға сай орналасқан басқа да элементтер туралы нақты, сенімді және өзекті материалдар мен мәліметтер (сандық, графиктік немесе басқа формада) алу үшін қолданылады. Ол территорияны тиімді шаруашылық қолдану мақсатында; нысандарды тиімді қолдану мен жою үшін, жоба алдындағы құжаттарды негіздеу үшін, жаңа нысандар салуды жобалау және салу үшін, бар нысандарды кеңейту, қайта құру және техникалық қайта қамтамасыз ету үшін қажет.
Мемлекеттік тізімдеме жасау және жұмысын қамтамасыз ету үшін (жер, қала құрылысы және т.б.), жылжымайтын мүлік нысандарын техникалық инвентаризациясын есепке алу жүйесін құру үшін, территорияны басқаруды қамтамасыз ету үшін, жылжымайтын мүлікпен азаматтық-құқықтық операцияларды өткізу үшін қажет.
ГАЖ-да топографиялық-геодезиялық қамтамасыз ету модулі бар, ол түрлі мекемелердің топографиялық-геодезиялық қызметтерінің жұмыстарын автоматтандыру үшін қолданылады.
Модульда қызметтер жиынтығы көмегімен жүйеге келтірілген кешенді жұмыстарды автоматтандыруға мүмкіндік туады. Осындай модульдің қызметтерін бірнеше топтарға бөлуге болады:

  • Тірек негіздемесінің қалыптасуы, оның ұлғаюы мен теңесуі;

  • Топографиялық мәліметтерді өңдеуі;

  • Өлшемдерді автоматтандыру (бұрыштық және сызықтық), аудан мен көлемнің есептелуі;

  • Геометриялық есептердің позитивті шешілуі;

  • Карталар мен жобаларда ақпараттың толықтырылуы;

  • Арнайы регламенттік және қосымша есептік құжаттаманың қалаптасуы мен жүргізілуі.

ГАЖ әртүрлі құбырларды пайдалануда, инфрақұрылымның дамуында және инженерлік-құрылыстық жұмыстарда қолданылады. Геодезия мамандары еңбек ресурстарына баға бере отырып, географиялық ақпараттық жүйелер қазіргі технологиялар жұмыс процесстеріне талдау жасайды.
Еуропа, АҚШ, Қытай, Жапония, Ресей және басқа дамыған елдер заманауи техникаларды қолданумен қатар ГАЖ мемлекет мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында белсенді қолдануда.
ГАЖ Қазақстанда пайдалану мүмкіндігі отандық мамандардың жетіспеушілігінен, материалдық-техникалық базаның жетілмегендігінен, мемлекеттік органдарда және түрлі мекемелерде заманауи компьютерлік құрылғылардың жетіспеушілігінен шектеліп отыр. Жаңа ақпараттық технологиялар саласында шетелдік тәжірибие алмасу, шетел тілін меңгерген жоғары сапалы кәсіби мамандарды дайындау мәселесі туындап отыр.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалабаев Н.Б. ГИС и основы цифрового картографирования. Алматы, 2001.
2. Халугин Е.И., Жалковский Е.А., Жданов Н.Д. Цифровые карты. – М.:Недра, 1992, с.419
3. Лисицкий Д.В. Основные принципы цифрового картографирования местности. – М.:Недра, 1988, с.261
4. Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері/ 159-163 бб.;
5. Геоинформационные системы и технологии. 2012 год. GIStechnik. Все о ГИС и их применении. http://gistechnik.ru/publik/git.html;
6.Геоинформационные системы. 02.12.2013. Сайт Отдела ГИС технологий. http://gis.web.tstu.ru/chtogis2.htm.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет