Түменбаева Ләззат Ералықызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тренинг сабақ


Мен кез келгенмәселені шеше аламын және



бет2/2
Дата24.04.2017
өлшемі0,5 Mb.
#15159
1   2
Мен кез келгенмәселені шеше аламын және

Мен өз-өзіме сенемін.

Түйінді пікір: Сіздің балаңыз “Қорқыныш пен еркіндік” арасынан еркіндікті таңдасын. “Өзгелер мен туралы не ойлайды немесе не айтады” деген қорқыныш оны тоқтатпасын. Егер балаңыз кішкентай кезінен сіздің көмегіңізбен ешнәрседен қорықпай, өз мақсатына жетуге дағдыланса, ол өз өмірінде үнемі ЖЕҢІМПАЗ атанып жүреді.
Сабақ үлгісі:

Д.Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?» өлеңі


Мұғалімнің аты-жөні

Түменбаева Ләззат

№149 «Қызылту» орта мектебі,

Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылы



7 «А» сыныбы


5-күн - 5сабақ 27.09.2013

1 сабақ

Уақыты: 11:25 - 12:10

Сабақ атауы

Д.Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?» өлеңі


Сілтеме

Білім стандарты,пән бағдарламасы, Р.Құтқожина,Қ.Бітібаева, Е.Арын оқулығы- 7 сынып Интернет материалдары

Жалпы мақсаты

Міндеттері



Ақын Д.Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру және өлеңдегі негізгі ойды анықтау, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Оқушылар ақынның өмірі,шығармашылығы жайлы мәліметтер алады, ХІХ ғасырдағы қазақ елінің жағдайымен танысады.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өлең мазмұнына талдау жасай алады, салыстыра талдауды игереді, қажетті тарихи деректемелерге өзіндік ізденіс жүргізеді.

Негізгі идеялар

Интернеттен ақынның шығармашылығымен және «Аягөз» өзені туралы тарихи деректемелермен танысады.

Тапсырмалар

Топпен жұмыс , жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс, «Санмен бағалау», «Бағдаршам», «Саусақпен бағалау», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Кері байланыс» әдістері
Ғаламтор, Power Point, ресурстар, «Білім беру платформасы»

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Негізгі бөлім

Қорытынды

Уақыты

Мұғалімнің

іс -әрекеті



Оқушының іс-әрекеті

3 минут

5 минут
2 минут

10 минут

10 минут

2 минут

8 минут

2 минут
3 минут


І. Кіріспе

а) Сәлемдесу

б) Сабаққа дайындығын

тексеру


в) Сынып оқушыларын

3 топқа бөлу «Дулат», «Ақтан», «Аягөз» аттары жазылған таратпалар таратылады.Сол таратпаларды алған оқушылар бір-бірімен топтасып отырады. Топ болып жұмыс жасауларыңызға тілектеспін. Іске сәт!


ІІ Үй тапсырмасы

«Тоқтатқан дүниеде тобықтай сөз» тақырыбына ой толғау жазу
Үй тапсырмасын сандар арқылы бағалайды.
ІІІ Тұсаукесер

(жаңа сабаққа кіріспе)

А) «Ой қозғау»

(Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау)



Ә) Оқулықпен жұмыс

«Аягөз,қайда барасың?» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұндық талдау жасау.


Б) «Бағдаршам» арқылы бағалау
ІҮ Білімді жинақтау және жүйелеу

А) Топтық жұмыс

І топ - Өлең құрылысына сатылай-кешенді талдау жасайды.

ІІ топ – Бұл өлеңді Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен салыстырып, лириканың қай түріне жататынын анықтайды.

ІІІ топ – «Аягөз» өзені туралы тарихи деректер мен ақынның сипаттауындағы өлеңнің сипатына талдау жасайды.


Ә) «Қол соғу арқылы» бағалау

Жұмыс барысын бақылау нысандары, өзін-өзі және өзара бақылау тәсілдері


Ү Сабақты қорыту

«Екі жұлдыз, бір тілек», кері байланыс арқылы сабақ қорытындыланады.

«Дулат», «Ақтан», «Аягөз» сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді.


Үй тапсырмасын билер сөзі арқылы толықтырады.

Кестедегі сандар арқылы өздерінің жұмысын бағалайды.

Оқушылармен бірлесе отырып, аталған ұғымға қатысты оқушылардың білімдері

жинақталады. Постерге өз ойларын түсіреді.

Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнына талдау жасауға тапсырма беріледі, сол бойынша өлеңнің тақырыбы мен негізгі идеясын анықтайды.


Оқушылар тапсырма бойынша табыс крийтериіне сай кезеңдік бағалауды жүзеге асырады.

Оқушылар өздеріне міндеттелген тапсырмаларды орындап, постерге түсіріп, жұмыстарын қорғайды.


Оқушылардан өзара бағалау сұралады.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері жайлы рефлексивті есеп жазады.


Сабақтың жабдықтары

Ноутбук, маркерлер, қарындаштар, постер, стикерлер


Келесі тапсырмалар /портфолио/
Келесі оқу

Сабақты талдау



Д.Бабатайұлы «Аягөз,қайда барасың?» өлеңі


  1. Оқушылар топқа бөлініп, үйрене бастады.

  2. Сабақ тартымды өтті.



Тәжірибелік сабақты бағалау



  1. Оқушылар сабақтарда өз ойларын еркін айтуға, пікірталасқа

дағдылана бастады.

2. Топпен жұмыс жасауға үйренеді.


Сабаққа өзгертулер енгізу


Топтық жұмыстарды қорғау, уақытты үнемдеу.





Авторлық бағдарлама:

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»

бейіналды даярлық курсының бағдарламасы

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 1 жыл


Бағдарламаға арналған балалардың жасы: 7-сынып оқушылары
Бағдарламаны жасаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Түменбаева Ләззат Ералықызы


Түсінік хат

Адам-қоғам дамуының үлес қосатын саналы тіршілік иесі.Ол өзінің алдына жоспарлы мақсаттар қойып, оған қол жеткізуді армандайды.Тіршілік иелерінің қарым-қатынасы тілдің қатысуымен жүзеге асырылады. Олай болса, тіл- қоғамды қозғаушы күштің бірі, ұлт тірлігінің күретамыры.

Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамы халқымыздың басынан кешірген бүкіләсібінің өмірінің,шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы, куәсі іспеттес ұзақ дамуының жемісі.

Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, тіл байлығын

арттырып, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интеллектуалдық деңгейін биіктетеді.

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» курсы бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жасалды.

Қазақ тілінің лексикологиясын оқытудың мақсат-мазмұны –лексикалық ұғымдарды іріктеу, онда сөзді оқытуда оның екі жағын бірлікте қарастыру, яғни дыбыстық жағы мен мазмұнын байланыста алу қарастырылды.

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясының» курсының мақсаты- курсты оқу арқылы оқушы сөз жүйесін түсінеді, әрі сөздің орынды қолданылуы арқылы ойды толық және дәл жеткізуге қызмет ететін сан алуан мағыналы сөздерді жете түсініп,талдап, таңдап қолдана білуге, көркем шығарманың әсерлілігін түсінуге дағдыланады.

Сөздің тілдік келбеті мен сөйлеу ерекшелігін, тілдің шығу тегі, сөздік қоры, құрамы мен тіл ретінде қалыптасып, дамуы жөнінде білімдерін өрістету, танымдық мәліметтер арқылы белсенділігін толықтыра түсу.



Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:


  • оқушылардың лингвистикалық дүниетанымын арттыру;

  • лексиканың жүйелілігін айқындайтын негізгі лексикалық ұғымдарды айқындау;

  • лингво-әдістемелік ұстанымдардың ерекшелігін ашу;

  • сөз мағыналарының ерекшелігін ашып,оқыту барысында осыған сай дидактикалық материалдарды іріктеу;

  • тіл мәдениетін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу,жазу,талдау жұмыстарының талаптарына сай дағдыларды жетілдіру;

Күтілетін нәтиже:


  • оқушылар әдеби тіл нормаларын жетік меңгереді;

  • оқушылардың сөзді орынды қолдана алу дағдысын қалыптасады;

  • тілдік материалдар арқылы оқушылардың логикалық ойлауы, қабылдау, түйсіну әрекеттері жетіледі, шығармашылық қабілеттерін артады.;

  • оқушылардың өзбетінше іздене білу дағдылары қалыптасады;

  • алған білімдері бойынша өзіндік ой қорытындысын жасай білуге дағдыланады;

  • лексикалық сатылай-кешенді талдау жасауға үйренеді.


Оқушылар нені меңгеруі тиіс:


  1. Оқушылардың білімі нығаяды, себебі тілдік тараулар арасындағы байланыс көзделеді;

  2. Оқушылардың сөздік қоры молаяды;

  3. Өз ойларын дұрыс әрі жатық айтып беруге дағдыланады,себебі сабақта игерілген тілдік тақырыптар бойынша оқушының ойлауын қалыптастыру, іс жүзінде пайдалана білуге үйрету көзделеді;

  4. Оқушылардың лексикалық мәселелерді саналы түсінуіне жағдай жасаумен бірге, оқушының ойын дамыту,ой қорыта білу дағдыларын қалыптастыру;

  5. Ойды образды бейнелеуге баулумен, сөздердің мағыналық реңктерін және стильдік ерекшеліктерін аңғарту арқылы тілдерін дамыту;

  6. Кітапханамен байланыс жасай отырып, сөздіктермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Курсты ұйымдастыру формасы:

-лекция


-семинар: «Есімдер сыры», «Сөздіктер бізде қонақта», «Араб-парсы тілінен енген сөздер», «Қазақ тілінің лексикографиясы»

-ой толғау

- бағдарламалар дайындау

-топтық жұмыс

-жұптық оқыту, т.б әдістерді пайдалану.

Курсты оқытуды (тоқсан сайын ) аяқтау әдістері:

-рефераттар

-эссе

-жоба қорғау: « Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Қызылорда облысы тұрғындарының тіліндегі диалектілік ерекшеліктер»



- шығармашылық кітапшалар

- тест тапсырмалары



Пәнаралық кіріктіру:
Қазақ ауыз әдебиеті, қазақ әдебиеті, қазақ тілі, тарих, шешендік өнер, орыс тілі, ағылшын тілі.
Кәсіпке бағдарлау:

Тіл маманы, журналист, кітапханашы, аудармашы


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
Оқушылардың портфолиосы арқылы

Бейіналды даярлық курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары

7 «А» сыныбы

/Барлығы -34 сағат, аптасына- 1сағат/

2014-2015 оқу жылы

р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Пайдаланатын көрнекіліктер мен әдебиеттер

1

Лексикологияның зерттеу обьектісі

1




Электронды оқулық

2

Тіл білімінің лексикологиямен шектес салалары

1




Ә.Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»

3

Сөз және мағына

1




Тақырыптық кестелер

4

Сөз мағынасының дамуы

2




Ә.Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»

5

Сөздің көп мағыналылығы

1




Кестелер

6

Омоним.Синоним.Антоним

1




Семантикалық карталар

7

Табу.Эвфемизм.Дисфемизм

1




Үлестірмелер

8

Практикалық сабақ

1




Деңгейлік тапсырмалар

9

Қазақ тілінің сөздік құрамы,сөздік қор

1




кестелер

10

Түркі тілдеріне ортақ сөздер.Қазақтың байырғы төл сөздері

1




Ш.Бектұров, Қазақ тілі Лексика.Фонетика.Морфология.

Синтаксис



11

Қазақ лексикасындағы кірме сөздер

1




Интернет материалдары

12

Араб-парсы тілдерінен енген сөздер

1




Ә.Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»

13

Қазақ тілінің монғол тілдерімен қарым-қатынасы

1




Рефераттар

14

Орыс тілдерінен енген сөздер

1




Қазақша-орысша сөздік

15

Практикалық сабақ

1




Деңгейлік тапсырмалар

16

Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері

1




Электронды оқулық

17

Сөйлеу тілінің лексикасы.Экспрессивті-эмоционалды лексика

1




Ә.Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»

18

Фразеология және оның өзіндік белгілері

1




Кестелер

19

Фразеологизмдердің түрлері

1




Тест тапсырмалары

20

Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы

1




Қ.Тұрағұл.Т.Қоңыров,Тұрақты теңеулер сөздігі

21

Фразеологизмдердің сөз табына қатысы

1




Кестелер

22

Фразеологиялық синонимдер

1




І.Кеңесбаев Фразеологиялық сөздік

23

Фразеологиялық антонимдер

1




Деңгейлік тапсырмалар

24

Фразеологиялық варианттар

1




Перфокарталар

25

Практикалық сабақ

1




Тест

26

Қазақ тілінің лексикографиясы

Сөздіктің түрлері



1




Сөздік түрлері

27

Терминологиялық сөздіктер

Түсіндірме сөздіктер



1




Т.Жанұзақов Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

28

Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігі

1




Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігі, 15 томдығы

29

Диалектологиялық сөздіктер

Синонимдер сөздігі



1




Диалектологиялық сөздік

С.Бизақов «Синонимдер сөздігі»



30

Этимологиялық сөздіктер

1




Этимологиялық сөздіктер

31

Фразеологиялық сөздіктер

1




І.Кеңесбаев Фразеологиялық сөздік

32

«Сөздіктер бізде қонақта» практикалық сабақ

1




Постер,стикерлер, Сөздіктер

33

Қорытынды сабақ

1




Қосымша материалдар


Мұғалімдер үшін пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Ә.Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» Алматы «Санат» 1997ж

2.К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» Алматы,1973ж

3. Ш.Бектұров, «Қазақ тілі Лексика.Фонетика.Морфология. Синтаксис» Алматы «Атамұра» 2006ж

4.І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі Лексика. Фонетика» Алматы, 1975ж

5. Т.Қордабаев «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары» Алматы, 1987ж

6.Ш.Сарыбаев,О.Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы» Алматы, 1989ж

7.Б.Қапасова «Оқушы анықтамасы 5-11 сыныптар» Арман-ПВ 2004ж

8.Б.Жахина «Сөздің лексика-семантикалық тобымен байланыста тіл дамытудың әдістемесі» Көкшетау «Келешек-2030»,2007ж

Оқушылар үшін пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Ә.Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» Алматы «Санат» 1997ж

2.Ш.Бектұров, «Қазақ тілі Лексика.Фонетика.Морфология. Синтаксис» Алматы «Атамұра» 2006ж

3. Б.Қапасова «Оқушы анықтамасы 5-11 сыныптар» Арман-ПВ 2004ж

4. Т.Жанұзақов «Қазақ тілінің түсіндірме» Алматы «Дайк-Пресс» 2008ж

5. С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» Алматы, 2007ж

6. Қ.Тұрағұл.Т.Қоңыров,»Тұрақты теңеулер сөздігі» Алматы, 2007ж

7. Р.Ғ.Сыздықова, К.Ш. Хұсайын «Қазақша-орысша сөздік» Алматы «Дайк-Пресс» 2008ж



8.Ә.Ғарифолла «Орфоэпиялық сөздік» Алматы «Арыс» 2007ж

9.Н.Уәлиұлы, А.Фазылжанова «Орфографиялық сөздік» Алматы 2007ж
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет