Тобы: 18 б тексерген: Бралов И. И. Ақтөбе, 2018 жыл


Бұл ауруға кімдер жиі шалдығады?



бет6/7
Дата08.12.2023
өлшемі3,56 Mb.
#195450
1   2   3   4   5   6   7

Бұл ауруға кімдер жиі шалдығады?

  • А гепатитіне мектепке дейінгі жастағы және бастауыш сыныптың балалары жиі шалдығады. Бұл олардың балабақшада, алаңда, мектепте құрбыларының арасында ұзақ уақыт болуына байланысты. Егер, бір бала ауырса, дерттің басқаларға жұғуы мүмкін. Аурудың қыркүйек айында шарықтау шыңына жетуі де осыған байланысты. Гепатит А көбінесе «ыстық» елдерден келеді. Ауру бірден білінбейді, вирусқа шалдыққан бала демалыстан кейін мектепке немесе балабақшаға барғанда ғана ауруы анықталып жатады.

Аурудың басталу белгілері

  • Гепатиттің белгілері шамамен үш апта бойы дамиды. Олар:
  • - әлсіздік және жоғары дәрежеде шаршау;
  • - бұлшықеттердің, бастың ауыруы;
  • - іш ауыруы;
  • - тәбеттің болмауы немесе төмендеуі;
  • - лоқсу;
  • - нәжістің ағаруы;
  • - зәрдің қоңырлануы.

Вирус қалай беріледі?

  • Алуан түрлі жағдайларда ұзақ уақыт бойына өміршеңдігін сақтайтын А гепатиті вирусы – өте әлді вирус. Жиі жағдайда балалардың дертке шалдығуы вируспен ластанған су арқылы ішкенде немесе суда шомылғанда өтеді. Әрі қарай дерт вирус жұқтырған адаммен жанасқанда беріледі. Вирус, әдетте мұздатылған азық-түліктерде де сақталуы мүмкін. Бұл дертті ел арасында «лас қолдардың ауруы» деп те атайды. Шын мәнінде, гигиена ережелері сақталмаса, сіз өз денсаулығыңызға қауіп төндіресіз. Себебі, вирус түрлі заттар арқылы да беріледі. Мысалы, бала лас ойыншықпен ойнап, вирусты жұқтыруы ықтимал.

Қорғану жолдары

  • Профилактиканың ең сенімді тәсілі вакцинация болып табылады. Ол 6-18 ай үзіліспен жасалатын екі рет егуден құралады.
  • Вакцинаны балаларға екі жастан бастап егуге болады. Бірінші екпеден кейін 10 күн өткен соң вакцина егілгендердің кемінде 99%-да вирусқа тұрақты иммунитет дамиды. Вакцинациялау орталықтарында, балалар емханаларында екпе алуға болады. Сонымен қатар, аурудан сақтану үшін мынадай гигиена ережелерін қатаң ұстанған дұрыс:
  • * Арнайы бөлініп, жабдықталған жерде ғана суға түсу.
  • * Тек қайнаған немесе шөлмекке құйылған суды ғана пайдалану.
  • * Барлық жемістер мен көкөністерді мұқият жуу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет