Тобы: Биология магистратура 1 курс



Дата21.02.2023
өлшемі55,56 Kb.
#169607
Байланысты:
Эссе
толағай - Поиск в Google, 3 Дәріс МБ


Эссе

Орындаған: Шуакбаева А.Б.


Тобы: Биология магистратура 1 курс
Қабылдаған:Укбаева Т. Д.

Медициналық микробиологияның мақсаты мен міндеттері, даму этаптары


Микробиология бөлімдері
Микроорганизмдердің классификациясы
Микроорганизмдер физиологиясы
Вирустардың химиялық құрылыс, тыныс алуы, өсу және дамуы

Медициналық микробиология – адамға патогенді микробтарды зерттейтін ғылым.


Медициналық микробиологияның мақсаты адамда ауру тудыруы мүмкін микробтардың құрылысын, олардың тіршілік әрекетін, жұқпалы аурулардың негізгі клиникалық көріністерін, жұқпалы аурулардың спецификалық диагностикасын, алдын алу және емдеуді зерттейді. Сонымен қатар микробиология саласындағы жетістіктерді жалпы биологиялық маңыздылығын анықтау, микробиологияның басқа биологиялық салаларымен байланысын көрсету, осы саладағы жаңалықтарды және әлеуметтік этикалық маңыздылығын айқындау болып табылады.
Міндеттері: Микроағзалардың ашылу тарихымен таныстыру;
Микробиология ғылымының негізгі проблемаларының теориялық зерттеулерін дамыту; Тарихи даму процессінің жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күштерін түсіне білуге баулу.
Микробиологияның даму этаптары: Микробиология ғылымының дамуы 5 кезеңі бар – эвристік, морфологиялық, физиологиялық, иммунологиялық және молекулалы-генетикалық.
Эвристикалық зерттеудің кезеңі:
Гиппократ (III-IV б.д.д.) – миазматикалық теория;
Әбу Әли Ибн-сина-Авиценна (980-1037жж.) - көрінбейтін тірі жәндіктердің адам ағзасына енуі.
Джералимо Фракасторо (1476-1553) – контагия туралы теория.
Морфологиялық кезеңі:
Левенгук (1632-1723) – 50-300 есе үлкейтетін линзалардың ашылуы. «Анималкульдің» – «тірі хайуандарды» суда және т.б. табылуы.
Ивановский Д.И. (1892) – вирустардың ашылуы
Физиологиялық кезеңі:
Луи Пастер (1822-1895) – микробтардың аэробты тыныс алуынан басқа анаэробты жағдайда да тыныс алуы болатынын дәлелдеді; залалсыздандыру тәсілдерінің дамуына әсер етті; «аттенуациялау» деген терминді ұсынды; жұқпалы аурулар қоздырғыштарын зерттеудің негізгі әдістерін енгізді; тауық тырысқағының қоздырғыштарын ашты.
Роберт Кох (1843-1910) – бактерияларды бояуын ұсынды, микрофотосъемканы, таза дақылды алу әдістерін ұсынды, туберкулез және тырысқақ қоздырғыштарын ашты.
Иммунологиялық кезең:
Мечников И.И. (1843-1916) –фагоцитарлы теория, иммунитеттің жасушалық теориясының негізін салды.
Молекулярлы-генетикалық кезеңі: электронды микроскоптың пайда болуымен бұл кезең қатты дамып кетті, вирустар мен бактерия гендерінің ашылуы, биотехнология кең қолданылатын болды.

Медициналық микробиология екі бөлімнен тұрады: жалпы және жеке микробиология. «Жалпы микробиология» бөлімінде патогенді микроорганизмдердің морфологиясы, физиологиясы, генетикасы туралы жалпы түсініктер беріледі. Науқастарды емдеуге қолданылатын антибиотиктер мен химия-терапиялық препараттар туралы ілімнің негіздері, жұқпалы ауруларға зертханалық диагноз қою әдістері, инфекциялар эпидемиологиясы және олардың алдын алу шаралары туралы мәліметтер баяндалады. Микробтардың табиғатта таралуы, адам организмінің қалыпты микрофлорасы және де оның дисбактериоздар дамуына дейін бұзылуы туралы мәселелерді талдайды.


Жеке микробиология жұқпалы аурулардың патогенезіне, клиникалық көріністеріне, микробиологиялық диагноз қою, эпидемиологиясы, спецификалық профилактикасы және емдеуіне байланысты олардың негізгі қоздырғыштарының (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, т.б.) биологиялық қасиеттерін зерттеуді нақтылы қарастырады.
Клиникалық микробиология (оны пәннің бір тарауы деп есептеуге болады) науқастарда микроб қоздыратын аурулардың, этиологиясын, патогенезін, иммунитетін зерттейтін пән болып табылады. Шартты-патогенді микробтар (стафилококтар, стрептококтар, клебсиеллалар, көкірің таяқшалары, протейлер, кандида саңырауқұлақтары, т.б.) қоздыратын ауруларды тек қана клиникалық микробиология зерттейді.
Санитариялық микробиология – қоршаған ортаның микрофлорасын оның барлық объектілерін – топырақты, суды, ауаны, тамақты жұқпалы аурулардың таралу көздері ретінде зерттейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет