Тобы: мдб-т-18 Практика түрі: Байқау практикасына дайындық (1 топ машықтанушылары үшін) Өтілетін күні



Дата06.02.2022
өлшемі18,98 Kb.
#81673
Байланысты:
дидактика жоспар


Мамандығы: 0101000-«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Тобы: МДБ-Т-18
Практика түрі: Байқау практикасына дайындық (1 топ машықтанушылары үшін)
Өтілетін күні: 14.04.2020ж
Уақыты: 08.30-10.05
Әдіскер: Есмаханова У.А
Студент: Аймағамбет Нурайым


ҚАЙЫРЛЫ КҮН
Тапсырма:
1. Әрбір машықтанушы өзіне бөлінген топ бойынша (жас ерекшелігін ескеру керек) күннің І жартысындағы ойын әрекетін және күннің ІІ жартысындағы еңбек әрекетін жоспарлауы керек

Білім беру саласы: Қатынас.


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Дидактикалық ойындар еліне саяхат»

Мақсаттары:


Білімділік: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту, тілдерін байыту.
Тәрбиелік: : Ертегі кейіпкерлер туралы түсініктерін кеңейту.
Қостілдік: Фрукты - жемістер, овощи - көкөністер.
Пайдаланылған көрнекіліктер: Таяқша
Тәрбиешінің іс – әрекеті: Шаттық шеңбері

  • Балалар мемен бірге қызықты ойын ойнауға келісесіңдер ме?

  • Балалар бізді қоршаған заттар, жануарлар туралы не біледі екенбіз бәріміз бірге тексеріп көрейік.

Дидактикалық ойын:
«Эстафета»
Ойын барысы: Балалар дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолында эстафеталық - таяқша болады. Жүргізуші бір ертегі кейіпкерінің атын айтып, қолындағы таяқшаны қасындағы балаға береді. Таяқшаны алған бала сол ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекет қимылына байланысты сөз айтып, келесі балаға тездетіп таяқшаны беруі тиіс. Жүргізуші қолына таяқша қайтып келгенде, ол жаңа сөздер айтып, басқа балаға беріп бастайды. Балалар сөз тауып айта алмаса, айып салынып ұпай беріледі. 3 айып салынған ұпай алғаннан кейін, ол бала ойыннан шығып қалады. Ойын соңында кімде айып салынған ұпайы аз болса, сол бала жеңімпаз аттанады.
Мысалы: «ит» сөзі - үреді, жүгіреді, үй күзетеді т. б. «мысық» сөзі – ойнайды, тышқан аулайды т. б.
Құстарды бақылау
Мақсаты:Құстарды бақылауды әрі қарай жалғастыру. Торғай мен көгершінді салыстыру Бақылау барысы: Серуенге шығардың алдында тәрбиеші, балаларға көгершіндердің қоректендіретін нан алып шығу керектігін айтады. Далаға шыққан соң, құстардың қанша екенін бақылап қарау керек. Көгершіндердің қоректенуңн бақылау. Балалардың назарын көгершіндердің қоректі көретін көздері,оны шұқып жейтін тұмсықтарын, жүретін аяқтары,ұшуға көмектесетін құйрығымен қанаттары бар екендігіне аударту. Көгершіндердің түстері және үлкендіктері әр түрлі болып келеді.
Еңбек әрекеті: Тәрбиешімен бірге құстарға беретін қоректі даярлау. Мақсаты: Құстарды күтуде қолғабыс тигізу. Үлкендердің көмегімен құстарды қоректендіруге дағдыландыру. Құстарға ұя жасауға көмектесу. Баланы өз бетінше құстарға қамқорлық жасауға үйрету. Олардың немен қоректенетіні жайлы түсінік қалыптастыру. Қимыл қозғалыс ойындары: «Бір,екі,үш жүгір!» Мақсаты: Белгі бойынша әрекет етуге үйрету. Жүгірудің шапшаңдығын арттыру
«Мені қуып жет» Мақсаты: Кеңістікте шапшаң жүгіре білуге үйрету. Ептілігін арттыру. Шығарылатын материал: Ойынға арналған бет перделер,құстарға арналған қорек,қарындаштар мен пішіндер.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет