Тобы: Тур-33 Тексерген: Мазбаев О. Б. Нұр-Сұлтан, 2020 ж



бет8/15
Дата07.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#90604
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Кабилтаева Кундуз Тур3 экскурсия

13. Қабанбай батыр даңғылы. Қабанбай батыр даңғылы Достық, Тәуелсіздік, Сарайшық, С.Қожанұлы, Атасу, Ңорғалжын тасжолы, Қалқаман көшелерін қиып өтіп, А. Бараев көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 16093м.Қабанбай батыр (1692-1770) - қазақ қолын бастаған ержүрек қолбасшы, даңқты батыр. Азан шақырып қойылған есімі - Ерасыл. Жылқыға щапқан жабайы қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанған. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде ерекше ерлік көрсетіп, талантты қолбасшы ретінде аты шыққан. 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін, Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін «Дарабоз» атанады. Жазушы Қ.Жүмаділовтің Қабанбай батыр туралы «Дарабоз» атты тарихи романы бар.Бұл даңғылда Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың кардиохирургиялық клиникасы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, Қазақстан-Ресей университеті, «Астаналық цирк», «Салтанат сарайы» орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет