Тоѓызќ±малаќ. Сабаќтыњ таќырыбы: Санауѓа жєне жазуѓа ‰йрету



Дата07.02.2022
өлшемі1,23 Mb.
#96218
түріСабақ
Байланысты:
0007a1d6-9399a459

  • Тоғызқұмалақ жүрістерін жасау
  • Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ жүрістері.

  • Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ жүрістері.
  • Сабақтың мақсаты: Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау.
  • Сабақтың міндеті:
  • 1. Оқушыларға тоғызқұмалақ
  • ойынын үйрету.
  • 2. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы
  • оқушылардың ұлттық ойындарға
  • деген қызығушылығын арттыру
  • және өз елін сүюгетәрбиелеу.
  • 3. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы
  • оқушылардың ойлау қабілеттерін
  • дамыту.
  • Сабақтың өтетін орыны: Мултимедиялық кабинет
  • Сабақ өткізілетін сынып: 5
  • Керекті құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, тоғызқұмалақ тақта.
  • Сабақты жүргізген: Шынбергенов Марат
  • Сабақ
  • бөлімі
  • Сабақ мазмұны
  • Уақыт мөлшері
  • Әдістеме-лік нұсқау
  • Ұйымдыс-тару нұсқау
  • Кіріспе
  • Оқушылармен салемдесу.
  • Оқушыларды тізім бойынша тексеру.
  • Сабақтың барысын айту.
  • Балаларды отырғызу
  • 5 минут
  • Оқушыларды
  • екі -екіден,
  • қарама- қарсы,
  • бір-біріне отырғызу,
  • тақта көрінетін болсын
  • Балалар тәртібін
  • сақтау.
  • ойындарды
  • жайып қою.

Негізгі бөлім

  • Балаларды отырғызып болған соң интерактивті тақтаны іске қосып, өткен сабақты қайталау есебінде тоғызқұмалақ тақтасының құрылысын және түрлерімен таныстырдым. Содан кейін өзімнің шығарған “Тоғызқұмалақ ойыны” атты электронды оқулығын пайдалана отырып өткіздім. Пайдаланған материалдарды көрсетіп болған соң, оқушыларға жүріс жасау ережелерін өз қолдарындаға тақталарымен жұмыс жасауға шақырдым. Олар сабақты жақсы игергендерін көрсетіп, көп қателеспей жүрістерін жасады.
  • 9
  • 8
  • 7
  • 6
  • 5
  • 4
  • 3
  • 2
  • 1
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • Қоштаушының
  • отаулары
  • Бастаушының қазаны
  • Бастаушының отаулары
  • Қоштаушының қазаны
  • Кері
  • Тоғызқұмалақ
  • тақтасының
  • түрлері

Жүріс дәлдігі

  • Жүріс дәлдігі немесе айтқанда дәлдік ( атжетер ) деп, отаудың ішіндегі тастардың санына байланысты соңғы тастың дәл қай отауға түсетінін алдын ала анықтауды айтамыз.
  • амалымен табуға болады. Мысалы: № 3 отауда 4 тас жатса, оны көзбен таратқанда № 3, 4, 5, 6 отауларына түсетін болғандықтан, дәлдік 6 болады. Екінші жолмен анықтау үшін отаудың ішіндегі тас санына сол жақта орналасқан көрші отаудың номерін қосу арқылы дәлдік табамыз. Сондықтан алдыңғы мысалдағы дәлдік 4 +2 = 6 – ға тең екен. Отаудың саны бар болғаны 9 болғандықтан , қосуамалында қосынды 9 – дан асса, онда қарсыластың № 1 отауына 10 , № 2 отауына 11 құмалақ т.с.с. деп жалғастырып кете беруге болады.
  • Алу амалын қолдану да оңай. Ол үшін отау ішіндегі тастар санынан, сол отауға қарсы жатқан қарсылас отауының номерін аламыз. Мысалы № 6 отауда 7 тас жатса, онда отаудағы тастар саны боп табылатын 7 – ден, қарсы жатқан отаудың номері 4- ті алып тастаймыз. Дәлдік 7 – 4 =3 болады. Көзбен тексерсек те осы нәтиже шығады.
  • Енді тастардың саны 10 шамасында болса, яғни 5 – 15 арасында болған жағдайды қарастырсақ. 10 тасы бар отаудың дәлдігі қарсыластың дәл сондай номерлес ( аттас) отауында жатқаны, тақта бетінде анық көрініп – ақ тұр. Сондықтан, тастар саны 10 – нан қанша артық болса, сонша санды отау номеріне қосамыз. Егер кем болса, онда керісінше аламыз. Бір жақтағы отаудың ұзына бойынғы саны 10 тасқа есептелгендіктен, артық тас 10 тастың үстінде екінші қабатта жатады. Мысалы: 15 тастың 10 –ы астында ( бірінші қабатта ), ал қалған 5 тасы үстінде ( екінші қабат та )жатып, қосатын тас саны анық көрініп тұрады. Кем тас саны да, көзге анық көрініп тұрады. Мысалы: 7 тастың 3-і кем кем, 8 тастың2-сі кем, 6 тастың 4-і кем. т.с.с.
  • Енді дәлдік тауып үйренейік. Мысалы:№ 4 отауда 13 тас жатса, 10 тастан 3 тас артық болғандықтан, отау номері 4-ке 3 санын қоссақ, дәлдік 7 болады екен. Егер №5 отауда 8 тас жатса, дәлдік 5-2= 3 болады екен. Ал, алу амалын қолдансақ (қарсыластың қарсы отауы № 5 отау болғандықтан), 8-5= 3 тең.
  • Тастар саны 12-17 аралығында болғанда, отау номерін 10-нан асқан артық тастар есебінен 9-ға толтырып, қалған таспен дәлдік табамыз. Мысалы: 8-15 жағдайында (№8 отауда 15 тас) отау номері 8-ді 9-ға толтыру үшін, артық 5 тастың 1 тасын қосамыз. (5-1=4), қалған 4 тас дәлдік анықтайды.5-16 жағдайында дәлдік 6-4=2 болады.
  • Келешекте 10,19, 28, 37 (цифрларының қосындысы10-ға тең) түйін сандарын еске сақтау керек. Мұнда 10 тас жарты айналым, ал, 28 тас бір жарым айналым жасап, қарсыластың номерлес (аттас) отауында болады. Ал, 19 бен 37 тақ түйін сандардың дәлдіктері өз орнында жатады. Себебі 19 тас бір айналым, 37 тас екі айналым жасап, өз орнына түседі.
  • Сондықтан отаудағы тастар саны қай түйін санға жақын кекніне қарай және тастар саны осы түйін саннан қанша артық немесе кем екніне қарай, отаудың номеріне сонша санды қосу немесе алу амалын қолданамыз. Мысалы: 5-30 жағдайында (№5 отауда 30 тас) жақын түйін сан 28 және ол қарсыластың номерлес отауында болғандықтан, 5+(30-28) =7 екенін табамыз.
  • Түйін санды тасы бар отауларға төмендегідей ат береміз:10-кіші орда,19-орда, , 28-күміс орда,37-алтын орда.
  • Бұл айтылғандардан қорытындылайтынымыз- дәлдікті анықтау үшін, алғаш жақын түйін санның қайда жатқанын тақта бетінде біліп, қалғанын көзбен тапқан өте ыңғайлы екендігі.

Пайдалы кеңестер.

  • Ойынның барысын жақсы білу үшін бастамада қателеспей, мына пайдалы кеңестерді орындаған жөн.
  • 1. Алғашқы жүрістерді алдыңғы шептің отауларынан жүріп, ортаңғы әсіресе артқы шеп отауларының күшін сақтауға (тастарының көбеймеуіне) тырысу.
  • 2. Жалғыз тас жатқан отауларға және қатарынан орналасқан бірнеше «бай» (тасы көп) отауларға сақ болу (байланып қалмау)
  • 3. «Орға» (жалғыз тасы бар отаудың алдындағы отау бос болса, осылай аталады) және бірнеше жалғыз тасты отауларға (құтылмас тұздық болмас үшін) сақ болу
  • 4. Тұздық алу немесе «бай» ұту қауіптерін төндіріп, қорға тасты аз-аздан болса да жинай беру.
  • 5. Тұздық алмасқанда неғұрлым күштісін (№ 5 отауға жақын) алып, қарсыласқа нашарлауын беру.
  • 6. Нашарлау тұздық ауысқанда бір-екі «байды» артық алу.
  • 7. Тұздық орнына 30-40 тасты артық алу.
  • 8. Тұздық алмасқаннан кейін «байларды» орнымен таратып жіберу.
  • 9. Жалпы жағдайдың тиімділігін пайдалану үшін позицияны ұтымды пайдаланып ойнау.
  • 10.Келешек атсырауды немесе тасты көп алып, тез 82-ге жеткізуді ойлау.
  • Көп құмалақ жиналған отау бай деп аталады.
  • Тұздық жоқ кезде көбінесе №8 отауға «бай» (көп тас) жинап, қарсыластан амалсыз (күшпен) тұздық алуға болады. Мысалы 92, 820, 75 позициясында 1,72х №1 немесе №2 отауларынан тұздық алынады. Егер 93, 821, 75 болса, 1,92х жүрісімен амалсыз тұздық береді.
  • Жалғыз тастың алды бос болғаны қауіпті. Себебі құтылмас тұздыққа түсіп қалуға болады. Тасы жоқ бос отаудың артындағы көрші отауда жалғыз тас жатса, онда мұндай отауды «ор» деп атайды.
  • Екі жерден тұздыққа түсіп қалмау керек. Мысалы: б.86, 96; қ.11 , 42 жағдайында 1,95 жүрісінен кейін, қоштаушы №1 немесе №4 отауларынан тұздық беруге мәжбүр болады.
  • Тас (құмалақ) ұтып алу үшін бір отауды байлап, екінші отауға қауіп төндіреді. Мысалы: б. 84,92 қ. 16,26 позициясында 1,91 жүрісінен соң, бастаушы тас ұтып алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет