Токиева Балзинеп Каирбаевна бастаыш сынып мұғалімі Көкшетау қаласы «№12 орта мектеп» кмм бастауыш сыныпта көрнекілікті қолданудың тиімділігі



Дата19.02.2017
өлшемі92,73 Kb.
#11062
Токиева Балзинеп Каирбаевна

бастаыш сынып мұғалімі

Көкшетау қаласы «№12 орта мектеп» КММ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРНЕКІЛІКТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Білім беру саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, тәуелсіз еліміздің даму барысын ескере отырып, жинақталған тәжірибеге арнайы талдау жасау қажеттігі туды. Бұл орайда Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартында: ..."бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті биіктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала"-деп қарау міндеті анықталған.

Бұл міндет осы уақытқа дейін оқытудың көздейтін негізгі мақсаты - балаларға білім беру екендігі қазіргі кезде бір жақты, жеткіліксіз деп есептеледі. Себебі, мектеп оқушыларға білім берумен қанағаттанып, сол білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар еді.

Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін баса айтқан болатын. Бұл орайда оқушылардың да танымдық белсенділігін дамытуда көрнекі құралдардың маңызы ерекше көңіл бөлген жөн.

Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.

"Көрнекі құрал" ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде түрліше сипатталуда. "Көрнекілік" терминінің түбірі "көру" етістігінен шықса да, қазіргі уақытта ол түрліше сезім мүшелері арқылы санаға әсер ету керектігін білдіреді.

Ұлы Абай өзінің шығармаларында ақыл -ойды дамытып, шын ғылыми білім алудың қажеттілігін, ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез-құлық, ерік-жігер, қиял сияқты психикалық процестерді дамыту керек екендігін ашық көрсетеді. Мәселен "Адам баласы... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады" - деген дана ойы көрнекі құралдардың маңыздылығын нақты айқын көрсетеді.

Сондықтан сабақт үрдісінде баланың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар мен әдістерді, көрнекілік заттар және өмір фактілерін пайдалану оқушының дұрыс ойлау қабілетін арттыруға көмегін тигізеді.

Бастауыш оқушыларының ойлау қабілеті жан-жақты толысып, пісіп жетілуіне, алдағы өміріне қажетті білімнің, біліктің, дағдылардың берік негізін дамытуда көрнекі құралдың алатын орны ерекше.

Сабақ үрдісінде, әсіресе бастауыш сыныптарда әртүрлі көрнекіліктерді қолдану оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыра түседі. Көрнекіліктің түрлерін қолдануда мұғалім оқушының танымын арттыру мақсатында дамыта оқыту үрдісімен ұштастыра жүзеге асырса нәтижесі анағұрлым жақсы болады. Көрнекілікті қолдану аясына қарай төмендегідей түрлерге бөлуге болады.



Көрнекі құралдар

Табиғи бейнелеуші символикалық техникалық-

көрнекіліктер динамикалық

Табиғи көрнекілік: коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуанаттар мен құстардың тұлыбы, минералдар және тағы басқалар жатады.

Заттар және бейнелеу көрнекілігі: оқу картиналары, муляж, геометриялық фигуралар, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, көркем суреттер, жер бетінің бедері тағы басқалар.

Символикалық көрнекілік: сызбанұсқалар, мәтіндік, сандық кестелер, карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы, кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер тағы басқалар.

Техникалық-динамикалық көрнекілік: шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипреакциялар, оқу киносы, оқу теледидары.

Көрнекілікті қолдануда мұғалім төмендегідей шарттарды ескергені жөн. Мұнда:

-оқу бөлмелерінің толық жабдықталуы; қажетті құралдың білім беру мен оқыту аясында өзіндік мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы;

- оқу-тәрбие жүйесінің барлық салаларының кіріктірушілік, үйлесімділік және кешендік мүмкіндіктерін ескерту;

- оқытушы мен оқушының қазіргі кездегі оқыту әдістерін пайдалану барысында өзара қарым-қатынастарын ескеру.

Бастауыш сынып оқушыларына оқу – тәрбие үрдісінде көрнекі құралдарды қолдана отырып оқыту барысында дидактикалық құрылымдар мен тәрбиелік бағыттарын сабақ мазмұнына орай анықтайды.

Көрнекілік құралдарды оқыту мен тәрбие беру барысында қолдану төмендегідей қызметтерді қалыптастырады. Мұнда:

1. оқушының жеке сезім - күйіне әсер етеді (яғни, таныммен, ғылыммен, өнермен байланыс жасауы мен тұрақтандырушылық қызметі);

2. ақпаратты меңгеруді жеңілдетеді (яғни, ақпаратпен танысушылық қызметі);

3. объекті жөніндегі ақпаратты белгілі шамаға дейін ұғынуға мүмкіндік береді (сананы қалыптастырудағы көрнекілік қызметі);

4. іскерлік пен дағдының қалыптасуына үлес қосады (жаттықтыру қызметі);

5.оқу — тәрбие жұмыстарының нәтижесін бақылауға үлес қосады (бақылау мен бағалау қызметі);

Көрнекі құралдарды оқыту процесінде жүйелі түрде қолдану функциялары сабақтың мазмұны мен мұғалімнің сабақ беру әдіс-тәсілдеріне байланысты. Сондай әдістердің ең неізгілерінің бірі - оқушылардың байқау-көру қабілетін дамыту үшін сабақта қолданылатын көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану. Мысалы: бастауыш сыныптарда көрнекі құрал ретінде заттың өзін пайдаланған тиімді. Бұл оқушылардың қабылдауына жеңіл болып, олардың сабаққа деген белсенділігін арттырады.

Ең негізгісі көрнекі құралдар қазіргі заманғы талаптарға сай болу керек. Мұнда көрнекі құралдарға төсендегідей талаптар қойылады:

1.Көрнекі құралдардағы суреттер, жазулар сынып оқушыларына толық көрінетін болуы керек.

2. Әрбір көрнекі құрал өтілетін тақырыпқа арналған, оның мазмұнын ашатын болуы тиіс.

3.Көрнекі құрал тартымды безендірілген, бояулары айқын болғаны жөн.

4.Көрнекі құралға оқушы назарын ерекше аудартуға арналған мәтін, сурет ерекше бояумен берілуі керек.

5.Көрнекі құралда бір мәселенің қайталануынан сақ болу керек.

6.Көрнекі құралда жүйелілік, хронологиялық реттің сақталуын қатты қадағалау.

7.Көрнекі құралда берілген әрбір мысал тексерілген, дау тудырмайтын, түсінікті, өтіліп отырған материалды дәлелдеуге көмектесетін болуы керек.

8. Мүмкіндігінше көрнекі құрал өтілейін деп отырған материалды толық қамтитындай болғаны жөн.

9. Көрнекі құралды сыныпта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтіндей етіп жасау (іліп қою, алу, қайта пайдалану).

Көрнекі құралдарды қолдану кезінде оны жасау мен ұйымдастыру ең бірінші дидактикалық негіздерге және оны қолдана білу аумағын білу керек. Сабақ барысында қолданатын көрнекі құралдар қолдануға қолайлы, тиімді, әрі негізгі қағидаттарды ескере отырып жасалған болу шарт. Бұл орайда төмендегідей қажеттіліктер мен сәйкестіктерді ескерген жөн.

1. Дидактикалық, техникалық және экономикалық қажеттіліктерін қарастыру.

2. Оқу бағдарламасына сәйкес келуі.

3. Ғылыми техникалық қазіргі заман дамуына сәйкестендіріліп жасалу сәйкестігі

4. Дидактикалық материалдар жүйесі ақпараттарды беру үшін оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру және бақылау жұмыстары білімділік іс-әрекеттерін қалыптастыруға сейкес болу қажет.

5. Көрнекілік жасаудың негізгі принциптеріне сәйкес келуі. Яғни, оқытудың ерекшелігіне, өтілетін тақырыптың мазмұнына, жаңашылдығына, қолданатын әдістер мен оқыту формасына сәйкес келу керек.

6. Қолданатын көрнекі құралдар оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың қабілеттерін танымдық процесі арқылы дамытуға әсер етуге тиіс. Бұл орайда оқыту процесі кезінде көрнекі құралдар оқушыларға жеке-жеке көмек көрсетуге арналса, ұжымдық оқыту кезінде жақсы көрінетіндей етіп әр элементтерді слайдтар арқылы демонстрация жасау керек. Оқушылар жұмыс жасайтын орын кең әрі жұмыс жасауға қолайлы болуы тиіс.

7. Оқушы мен оқытушы бір-бірімен еркін жұмыс жасай алуы керек. Жұмыс жасайтын орын эстетикалық және гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет.

8. Мұғалім мен оқушы еңбегін ұйымдастыру кезінде ғылыми және шығармашылық жұмыспен қамтамасыз етілуі тиіс.

9. Қолданылатын дидактикалық материалдар тиімді және максималдық педагогикалық талаптарға сәйкес болуы керек.

Сонымен қатар көрнекі құралдарды құрастырғанда төмендегідей сапасын анықтайтын басты өлшемдерді ескере отырып жасайды:

1. көрнекі құралдардың мазмұндық өлшемдері;

2. әдістемелік өлшемдері;

3. эргономикалық өлшемдері;

4. техникалық-экономикалық өлшемдері.

Мектептегі оқу үрдісінде оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік рөлі бұрынғыдан да арта түсуде. Қайта құрудың басты тұтқасы - адам, ал оның белсенді өмірлік айқындамасын қалыптастыру мектептен басталады.

Жеке пәндер бойынша, әсіресе бағдарламада көрсетілген кейбір қиын материалдарды немесе олардың тарауларын өткенде ғылыми тұрғыдан іздену мен әдістемелік талдаулар жасау арқылы ғана оқыту әдістерін жетілдіруге болады.

Педагогикада ең негізгі мәселелердің бірі болып қолданылатын көрнекілік және дидактикалық материалдарды оқу процесінде тиімді қолдану мәселесі ерекше рол атқарады. Бұл мәселені шешу үшін, педагогикалық ұжымдарда және оқу орындарында, ғылыми конференцияларда қарастырған жөн. Оның маңызы мен мазмұны ерекше болып табылады.

Қазіргі заманда тәжірибелік жобаларда көрнекі құралдарды дайыңдау үшін үлкен жүйелі жол жасалады. Бұл жерде көрнекі құралдарының мазмұны, формасы және оқыту әдісі байланыстырылып қолданылады. Осының бәрін кешенді қамтамасыз ету үшін оқу бағдарламаларында көрнекі құралдарды сабақта кезеңмен қолдануы кезінде оқыту үрдісінің маңыздылығын, сапасын арттырады.



Қорыта келе көрнекілік құралдарды оқыту мен тәрбие беру барысында қолданудың маңызы мен берер нәтижесі не дегенге тоқталар болсам:

  1. оқушының жеке сезім - күйіне әсер етеді (яғни, танымын арттырады);

  2. ақпаратты меңгеруді жеңілдетеді (яғни, ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін арттырады);

  3. объекті жөніндегі ақпаратты белгілі шамаға дейін ұғынуға мүмкіндік береді (сананы қалыптастырудағы көрнекілік қызметі көрінеді);

  4. іскерлік пен дағдының қалыптасуына үлес қосады (жаттығу қызметі);

  5. оқу — тәрбие жұмыстарының нәтижесін бақылауға үлес қосады (бақылау мен бағалау көзқарасы қалыптасады);

Каталог: images -> Publication
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
Publication -> Мұқатай Асылбек Қойбағарұлы – Көкшетау балалар музыка мектебінің домбыра аспабының оқытушысы 2015 жыл
Publication -> Сейтенова Бакыт Есимкызы бастауыш сынып мұғалімі Көкшетау қаласы «№12 орта мектебі» кмм ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға
Publication -> Сабақ сапасы ұстаз білігінде
Publication -> Джуматаева Акмарал Болегеновна бастауыш сынып мұғалімі Оқжетпес орта мектебі Бурабай ауданы
Publication -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармашылық портреті. Білімділік мақсаты
Publication -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармашылық портреті
Publication -> Бактыбаева Молдир Балгабаевна бастауыш сынып мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет