Токты каротаж Оқытушы: Умирова Г. К



Дата11.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#62258
Байланысты:
Tokty karotazh-1
Абай ата кеші

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ ГЕОФИЗИКА КАФЕДРАСЫ

Токты каротаж

Оқытушы:Умирова Г. К.

Студент: Кәдірбек М. Б.

Мамандығы: 5В070600

Тобы: ГРБ-14-06к

Токты каротаж

Токты каротаж – ұңғыма ашқан қиманы электрлік кедергісі бойынша жіктеудің ең қарапайым әдісі болып саналады. Ол ең алғаш рет 1930ж бастап полиметалды және сульфидті кенорындарда қолданылған.

Токты каротаж тізбектегі екі электрод («А» электроды ұңғыма оқпаны бойымен жылжиды, «В» электроды жер бетінде орналасқан) арасындағы ток күшін өлшеуге негізделген. Әдіс, шегендеу құбырының (құбыр полиэтиленнен жасалған) гидроизоляциялау орнының бұзылуын анықтау үшін қолданылады. Шегендеу құбырының бұзылу орны токты каротажбен тіркеледі: құбырдың тұтастығының бұзылу орны әсерінен электроизоляция орны бұзылып, АВ тізбегінде ток күші аномалды көбейеді. Токты каротаж әдісі сапалы, еліктегіш (индикаторлық) әдістер қатарына жатады. Токты каротаждың екі түрі бар.

1) Бүйірлік токты каротаж (БТК)

2) Жылжымалы контакттар әдісі (МСК)

1-сурет-Токты каротажды жүргізудің сұлбасы

Жылжымалы контакттар әдісі

Рудалық белдемдерді жан-жақты электрлік әдіспен зерттеу үшін қолданылады.

Ерекшелігі: зонд құрамында ұңғыма қабырғасына тиетін серпімді сымдары бар қылшықты электродтар болуында.

Артықшылығы: МСК тәсілінің көмегімен құрғақ ұңғыманы немесе жәй ұңғыманың бұрғылау ерітіндісінен жоғары бөлігін зерттеуге болады.

2-сурет-мысты-никель рудаларын каротаж бойынша айыру

2-суретте мысты-никель кенорнындағы ұңғымада жазылған каротаждық диаграммалар келтірілген. Ұңғыма 500-ден 580м аралығында рудалық жатынды кесіп өтеді. КС диаграммасында барлық рудалық интервалға төменгі кедергілі белдем сәйкес келеді.

МСК диаграммасында көлемді руда белдемі ток күшінің 180мА-ге дейін өсуімен сипатталады.

Бүйірлік токты каротаж

БТК диаграммасы көмірбарлау ұңғымасының қимасын жақсы жіктейді, қима ашқан қабатта қалыңдығы 3-5 см қөмір қабатшаларын ажыратады.

Қолданылуы. Көмірбарлау ұңғымалары үшін бүйірлік токтык каротаж түрі пайдаланылады. БТК зонды үзындығы 2см-ге тең орталық электродынан және ұзындықтары 75см-ге тең, бір-бірімен тұйықталған екі және экрандық электродтардан тұрады. Электродтан бір-бірінен 1-2 см изоляциялық аралықпен ажырасқан. электроды мөлшері =1Ом-ға тең резистор арқылы экрандық электродтың бірімен қосылған. Резисторға тіркеуші аспап қосылған. Резистордан алынатын потенциалдар айырымы орталық электродтан шығатын ток күшіне пропорционал.

  •  

3-сурет-Каротаждық диаграмма бойынша ұңғыма қимасында тас көмір қабаттарын бөліп көрсету

3-суретте көмірбарлау ұңғымасында тіркелген каротаждық диаграммалар келтірілген. Қалыңдығы 1м-ден 20см-ге дейінгі тас көмір қабаттары құмтастар мен құмайттастар ортасында орналасқан. Ұзындығы 0,1м потенциал-зондпен жазылған КС диаграммасында тас көмір қабаты 1200Ом*м-ге дейінгі жоғарғы көрінерлік кедергісімен сипатталады.

БТК әдісі көмір қабаттарын ток күшінің 70-80мА-ден 30-35мА-ге дейінгі азаюымен сипатталады.

ГГК-П диаграммасында көмір қабатына γ-сәулеленуінің жоғары мөлшері сай келсе, ол сыйыстырушы таужыныстарына қарағанда 4-5 есе көп.

Токты каротаж әдісінде жүргізілетін СПЭК аспабының техникалық сипаттамасы

СПЭК құбырлық электрозонды А, В және М қорғасын электродтары орналасқан диэлектрикалық материалдан жасалған сыртқы диаметрі 38мм болатын цилиндрлі модуль түрінде жасалған. Құбырлық құралды токпен қамтамасыз ететін құрылғы ГЕКАТ. Аспаптың ұзындығы 800мм, ал салмағы 3кг. Құрал 0-ден 1000Ом*м-ге дейінгі деңгейдегі тау жынысының көрінерлік кедергісін және -500-ден +500мВ-қа дейінгі деңгейдегі өздігінен поляризацияланған потенциалдарды өлшеуге, сонымен қатар шегендеуде КС каротажын өткізуге және токты каротажды өткізуге арналған. Кобра-М каротажды станциясының құрамына кіреді.

Уран кенорындарын игеру барысында:

Ұңғыманы бұрғылап, шегендегеннен кейін жүргізіледі.

Әдетте, токты каротаж екі рет жүргізіледі: алдымен, құбыр шегенделгеннен кейін, полиэтиленнен жасалған шегендеу құбырының тұтастығын, бұрандамаен қосылған жерлердің және сүзгілердің дұрыс орналасуын тексеру мақсатында. Екінші рет, ұңғыманы меңгергеннен кейін сүзгілердің тазалығын және шегендеу құбырының тұтастығын қайталап тексеру үшін қайталап жүргізіледі. Әдістің сезгіштігі жоғары деңгейде, өйткені, электроизоляция және гидроизоляция бұзылған жерлер анық та айқын аномалиялармен сипатталады.

4-сурет-Ұңғыманы полиэтиленнен жасалған құбырмен шегендеуден кейін жүргізілген токты каротаж нәтижелері

Назарларыңызға

рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет