Төлеу Көбдіковтің елінде



бет1/2
Дата25.12.2016
өлшемі358,36 Kb.
#4848
  1   2

Кашаку Гүлжан, Облыстық сәулет-этнографиялық

және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының

сирек кітаптар мен икон жазба бөлімінің маманы

Төлеу Көбдіковтің елінде...

Шығыс өңірі - көркем сөзден зерделі кілем тоқыған танымал тұлғалардың өмір мен өнер есігін ашқан ортасы. Осы топырақтың тумаларының бірі - халық ақыны (1954), Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (1948), төкпе айтыскер Төлеу Көбдіков. Ол 1874 жылы Қарқаралы уезінің Дағанды болысына қарасты ІІ ауыл, Мұзбел жерінде (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Баршатас аулында) дүниеге келген.



Төлеу ақын. 1948 жыл. Семей.

Ауыл молдасынан хат таныған, Төлеу жасөспірімдік шағында сол өлкеге ақындардың толғау-дастандарын нақышына келтіре отырып жат орындау шеберлігімен танылған.

Қазақ елінің тарихындағы қасыретті кезеңдердің бірі 1916 жылдың көтерілісіне арнап жазған «Сарыарқа» толғауы ақын есімін көпке танытқан. Осы толғаудың небәрі он алты жолы тұңғыш рет 1936 жылы ұлт-азаттық қозғалысының жиырма жылдығында басылым көрген «1916 жыл» өлеңдер жинағына енген [6, 71 б.].

1940 жылдан кейінгі аралық ақын шығармашылығының кең қанат жайған тұсы болып есептеледі. Себебі, бұған дейінгі жазған өлеңдері басылым көрмеген, әрі өмірдің бұралаң жолдары мүмкіндік бермеген. Тек, аталған жылы Мұхтар Әуезовтің нұсқауымен Әрхам Ысқақов Новосібірдің Топчиха жеріне іздеп барып, ақын үйінде қонақ болып, елге оралуға үгіттеп, ақыры Шар станциясына көшіріп әкеледі. Осы кезден бастап, ақынның қаламынан туған өлең-толғау, айтыстары «Екпінді» газетінің бетінде үнемі жарияланып отырды [5, 13 б.].



Төлеу Көбдіковтің ақындық таланты мен сөз саптау мәнерінің ерекшелігі сонда, ол өзге ақындарға қарағанда өлеңді Абай дәстүрімен жазып та, қолма-қол сурып салып та шығаратын айтыскер ақын. Ақынның аталған қасиетіне кезінде Мұхтар Омарханұлы Әуезов те аса көңіл аударған. Мәселен, «Төлеу басқа қарт ақындардан өзгеше бір қасиеті - өлеңді жазып та, ауызша да шығаратындығы және өлеңіне көлденеңнен бір де бір жол енгіздірмейтіндігі. Ол жазған, ол шығарған нәрсеге хатшы ақынның қол жүгіртуінің қажеті жоқ көрінеді» [5, 9 б.] І Республикалық айтыс (1943), Ұлы Абайдың 100 жылдығына (1945), және Жамбылдың 100 жылдығына арналған (1946) айтыстарға қатысып, Тәңірберген Әміренов, Нұрлыбек Баймұратов сынды ақындармен дүбірлі додаға қатысты. Оның, тіпті, өзінен жасы кіші буынның ақыл-өресін сынау, шыңдау үшін де сөз сайыстырып, шәкірт тәрбиелегені белгілі. Оған баласы Мұрат Төлеуовпен, нағашы інісі Ғаббас Шөкімұлымен айтыстары дәлел бола алады.



Төлеу Көбдіков (Мұхтар Әуезовтің оң жағында) 1943 жылы Алматыда өткен халық ақындарының айтысында.





Суретте халық ақындары: Төлеу Көбдіков, Тәңірберген Әміренов, Сапарғали Әлімбетов. Суреттің артындағы жазуды беріп отырғанымыз, Төлеу ақынның сол жағында халық ақыны Нұрлыбек Баймұратовтың бейнесі болыпты, халық ақыны халық жауы айыбымен айыпталған жылдары, ақын суреттен қиып алған екен.

Ақынның 1948-дан 1975- жылға дейінгі аралықта төрт-ақ жинағы басылым көрген [6, 3 б.]. Оның үшеуін жазушы Сапарғали Бегалин құрастырып, баспаға әзірлеген, олар: «Алып күшті Отаным» (1948), «Өмір жыры» (1953), «Өлеңдер» (1955). Ал, соңғы төртінші – «Жырларым» (1975) жинағын баласы Мұрат Төлеуов баспаға әзірлеп, алғы сөзін жазған.





Отырғандар: Төлеу ақын, жұбайы Гүлқұсия (Құсжан) және кенже ұлы Мұрат. Тұрғандар: ақынның баласы Мақұлбек және келіні Зәмия. 1939 жыл. Сібірдің Топчиха станциясы.

Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет