Толық аты-жөні Жағыпар Мерейлім Бекенбайқызы Туған күні, айы, жылы


Кемеңгер Абай ғасырдан – ғасырға жылжып барады



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі33,46 Kb.
#109626
1   2   3   4   5
Байланысты:
Абай және Алаш кеше, бүгін зерттелу мәселелері

Кемеңгер Абай ғасырданғасырға жылжып барады,

Данышпан айтқан сан ойлар санамда мәңгі қалады. Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп, кейінгі өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз. Ендеше біздің қазақ халқының тарихында да сондай кезеңдердің бар екендігі шындық. Қазақ халқының руханияттық дамуында осындай толағай өзгерістер мен ерекше серпілістердің көзге айрықша шалынар сәті — ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы.

Қос ғасырдың тоғысар тұсында «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» екі жаққа үңілген ұлы Абай, халықты өркениеттің өріне алып шығар амалды тапты. Ол ғылым мен білім, өнер үйрену жолы еді. Замананың тұрпатын, ұлт тұрмысының кемшілікті тұстарын Абайдай көре білген, ұлы ақындай таныған жан кемде-кем. Абай жасампаздығының мәңгілігі мен өнерінің өрістілігі осында жатса керек. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Абай феномені –  қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы орны айтып болмас ұлы құбылыс!

Кемеңгер бейнесі көптеген аса көрнекті ақындар мен жазу­шылардың, суретшілердің назарын аударып келеді. Ұлы ақын өз дә­уі­рінің ар - ожданы бол­ған сол кезеңдегі қазақ қо­ғам­дық ойы мен әдебиеті Абай есімімен тығыз байланысты болды.

Алаш қозғалысының 103 жылдығы аталып жатқан кезде біз Абай­ды және оның бай мұ­­ра­­сын қазақ халқының ру­­ха­ни әлеміне қоса отырып, Алаш қай­рат­керлерінің ел тә­уел­­сіз­дігі жолында өз із­гі мұрат­­­тарын тауып, ұлт пен Ота­­нын сақтау үшін күрес жүргізгендерін айқын сезіне­міз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет