Толық аты-жөні Жағыпар Мерейлім Бекенбайқызы Туған күні, айы, жылы


Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай» туралы мақаласында



бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі33,46 Kb.
#109626
1   2   3   4   5
Байланысты:
Абай және Алаш кеше, бүгін зерттелу мәселелері

Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай» туралы мақаласында: Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.

Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет. Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз. Ал біздің міндетіміз – осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу... деген болатын.

Әрине Абай атамыз жайында айтылар сөзде, шертілер сырда аз емес. Қазіргі пандемияда ысырапшылдыққа жол берілмеді. Әйтседе Ұлы Абай хақында бірер сөз айтып жатқандар да, сыңғырлаған сары майдай жырларында арнап жатқандар да аз емес. Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойлары, тамаша шығармалары, қарасөздері мен жалынды жырларында маржандай төгілдіреді, оның әрбір сөзінен соншама жақын лебі сезіледі. Ол леп өткен заманның тынысы болса да, бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды. Өйткені Абай лебі, Абай үні, Абайдың тынысы – бүгінде теңдік алып, дербес ел атанған, басқа елдермен терезесі тең болған, кең байтақ Қазақстанның, қазақ халқының тынысы. «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деп ақынның өзі айтып кеткендей, Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен, нақыл сөздерімен де бізбен жасасып келеді. Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді....



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет