Төменде берілген жауаптардың қайсысы елдегі денсаулық сақтау жағдайын аса дәл анықтайды



Дата26.04.2024
өлшемі59,66 Kb.
#201417
Байланысты:
тест
Фтизиатрия 5 курс рус, №2 АБ 1, 3 билет, вся методичка в печть готовая, Retsepty po farmakoglogii, rezolucia-conf-kz, арука шыгару, -921033374, «Жедел медициналы ж рдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий , транспортировка пострадавших, Раны и кровотечения, 5. Выполнение транспортной иммобилизации при переломе костей ниж, skoraya-medicinskaya-pomoshh-pri-anafilakticheskom-shoke-u-detej-, okazanie-neotlozhnoj-pomoshhi-pri-ostanovke-serdca-

Төменде берілген жауаптардың қайсысы елдегі денсаулық сақтау жағдайын аса дәл анықтайды:
а) туу деңгейі
б) өлім деңгейі
в) жан басына дәрігерлер саны
+г) нәрестелер өлімі
д) бала өлімі
Аса анық кумулятивті қабілеттілік неде байқалады:
а) дигоксинде
+б) дигитоксинде
в) коргликонда
г) строфантинде
д) изоланидта
Өкпе жүрегінің қалыптасуына не қолдау көрсетпейді:
а)муковисцидоз
б) созылмалы пневмония
в) бронх демікпесі
+г) аортальді клапанның жеткіліксіздігі
д) бастапқы өкпе гипертениясы
Ауыз арқылы қабылданатын препараттармен теміртапшылықты анемияны емдеудің жалпы ұзақтығы қанша уақытты құрайды:
а) 1 жыл
+б) 3-6 ай.
в) 1 ай
г) 2-3 ай.
д) 2-3 жыл
5 жастағы балаларда дем алу жиілігі /1 минутта/:
а) 16-20.
+б) 20-30.
В) 30-40
Г) 40-50.
Д) 50-60.
ЭКГ - гипокалиемия туралы куәландыратын белгі:
а)экстрасистолдар
б)синусты тахикардия
в)Гис шоғырының оң жақ ұшының бітеліп қалуы
+г)жүрекшенің фибрилляциясы
г)ST сегменті изосызықтан төмен
Сурфактант туындайды:
а) гепариноцит
б) лимфоциттармен.
в) бокал тәріздес клеткалармен.
г) макрофагтармен.
+д) 2 түрдегі альвеоциттермен
Талған кезде қандай шаралар жүргізілмейді:
а) төсекке жатқызу, төсектің бас жағын түсіру
б) еркін тыныс алуды қамтамасыз ету
в) таза ауаны қамтамасыз ету
г) бетке суық су шашу
+д) несеп айдау құралдары
ЭКГ - гиперкалиемия белгісі
а)экстрасистолдар
б)синусты тахикардия
в) Гис шоғырының оң жақ ұшының бітеліп қалуы
г) жүрекшенің фибрилляциясы
д) +Т жоғары кертеші
Дені сау балалардың перифериялық қанында ретикулоциттердің мөлшері қандай:
а) 25-30%.
б) +0,5-1%.
в) 16-20%.
г) 2-3%.
д) 8-10%.
4-5 жастағы баланың гемограммасында лимфоциттердің қандай мөлшері жастық нормативтерге сәйкес келеді:
а) 30%.
б) +45%.
в) 60%.
г) 70%.
д) 75%.
Бала қанының формуласында екінші физиологиялық қиылысудың мерзімі:
а)туылғаннан кейін 5 күн.
б)10-11 ай.
в)2-3 жыл.
г) +4-5 жыл.
д)5 жыл.
Баланың лейкограммасында алғашқы қиылысу жүретін жасты атаңыз:
а) 5 жыл
б) 15 ай
в) +5 күн
г) 4 жыл
д) 6 жыл
Гипопротеинемия туралы куәландыратын қандағы жалпы белоктың мөлшерін көрсетіңіз:
а) +55 г/л
б)60 г/л
в)65 г/л
г)70 г/л
д)80 г/л
Қандай антикоагулянт қандағы барлық ұю факторларының тежегіші болып табылады?
а) гепарин.
б) альфа2-макроглобулин.
в) антитромбин-1.
г) +антитромбин- 3.
д) антитромбин-4.
Гемограмманың қандай көрсеткіші теміртапшылықты анемияның белгісі болып табылмайды?
а) микроцитоз.
б) эритроциттердің гипохромиясы.
в) анизоцитоз.
г) +бластты клеткалардың пайда болуы.
д) пойкилоцитоз.
Лейкемоидті реакциялардың келесі нұсқалары орын алуы мүмкін, тек біреуінен басқа:
а) эозинофильді түрдегі.
б) лейкопения.
в) лимфоцитарлық түрдегі.
г) +анемиялық түрдегі.
д) лимфоцитарлық-моноцитарлық түрдегі.
Асқынған асқазан-ішек қан кетуі төменде берілгендердің барлығымен сипатталады, тек біреуінен басқа:
а) қан құсу.
б) мелена.
в) тері жабындарының бозарыңқылығы.
г) коллапс.
д) +гипертермия.
Нефроттік синдромның белгілерін атаңыз:
а) +протеинурия, гипопротеинемия, гиперхолестеринемия, ісінулер
б) гематурия
в) цилиндрурия
г) артериалық гипертензия
д) анемия
Вирустың этиологияның асқынған ларингиті кезінде стеноз үшін келесі белгілердің біреуі тән емес:
"а) баланың ""айқайы"" және жылауы кезінде дауыстың шығуы."
б) стенотикалық дем алу.
в) кеуде клеткасының жұмсақ жерлерінің тартылуы.
г) инспираторлық ентікпе
д) +экспираторлық ентікпе
Екі жастағы балаға 2 апта бұрын АКДС егілді. Осыдан кейін бір түннің ішінде қыздың барлық арқасы ісініп кетті. Анасарка. Зәрі аз шығады. Болжанған диагноз:
А) Асқынған гломерулонефрит
Б) Аллергиялық реакция
В) +липоидті нефроздың нефротикалық синдромы
Г) Асқынған пиелонефрит
Д) Жүрек функциясының жеткіліксіздігі
Бала 5 жаста. Кеше кешкісін анасы баланың құлағының артында және басының шашты бөлігінде қабыршақты бөртпені байқайды. Таңертең тұмау, арқада бөртпе элементтері пайда болды. Дене қызуы 37,5°С. Сіз қандай диагноз қоясыз:
А) Жұншау
Б) +Шешек
В) Қызылша
Г) Псевдотуберкулез
Д) Аллергиялық бөртпе
10 жастағы балаға дәрігер үйге шақырылды. Бала екінші тәулік бойы сырқаттанып жатыр. Дене қызуы 39,0°С. Іші және белі, сонымен қатар басы қатты ауырады. Терісі таза және боп-боз. 19 сағат бойы дәретке бармаған. Болжаланған диагноз:
А) Жіті пиелонефрит
Б) +Асқынған гломерулонефрит
В) Цистит
Г) Атоникалық зәр қуығы
Д) Көпіршікті-зәрағар рефлюксі
"Қыз 8 жаста. Үйге дәрігер шақырылды. Екі күн бойы қатты ауырып жатыр. Дене қызуы тәулік ішінде 38,0-40,0°С дейін көтерілген; қалтырап тоңып жатыр. Қыз азып кеткен. Дәретханаға жиі барады, зәрі мөлдір емес. Болжанған диагноз:"
А) Асқынған цистит
Б) Асқынған уретрит
В) Асқынған гломерулонефрит
Г) +Асқынған пиелонефрит
Д) Зәр шығару жолдарының инфекциясы
10 жастағы баланы объективті қарау кезінде екі жағынан қабырғаларынан астында бұдырлы, тығыз-созылмалы төзілімдерді байқауға болады. Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің зертханалық белгілері бар. Бірінші кезекте қандай ой келеді:
А) Бүйректердің қосарлануы туралы
Б) Бүйректің поликистозы туралы
В) Бүйректің мультикистозы туралы
Г) Созылмалы пиелонефрит туралы
Д) Бүйректің эхинококкозы туралы
1 жас 7 айлық бала. Кенеттен туындаған жөтелге, 15 минутқа созылған ентікпеге шағым жасалды. Баланы қарау кезінде: дене қызуы қалыпты, бала белсенді, өкпесін тыңдаған кезде, сол жақтан жоғары жағында дем шығарғанда қырылдаған, перкуторлық қорапты дыбыс шығады. Болжаланған диагноз:
А) Бронх демікпесі
Б) Обструктивтік бронхит
В) +Бронхтағы бөтен зат
Г) Бронхиолит
Д) Көкжөтел
Бала 7 жаста. 5 күн бойы сырқаттанып жатыр. Дене қызуы 37,6°С. Шағымы: демалуы киын, инспираторлық ентікпе, әлсіздік. Қарау кезінде: тамағында өңез, сыбырлап сөйлейді, терісі боп-боз, 1 минутта ЖЖЖ 120, қатаң үн, жүректің сол шекарасы емшектің ұшынан 2 см шығып тұр. Болжанған диагноз:
А) Жалған круп
Б) Ангина
В) Ревматизм
Г) ЖРВИ, миокардит
Д) +Дифтерия
Дәрігердің қабылдауында анасы үш айлық баласында белсенді былдырлау жоқ екеніне шағымданады. Осы жағдайдың дұрыс анықтамасын табыңыз:
А) 3 айға дейін белсенді былдырлаудың болмауы қалыпты нәрсе.
Б) Балада құлақ естігіші төмен. Баланы сурдологтың, генетиктің қарауына жіберу керек.
В) ОЖЖ ақау салдарында психомоторлық дамудағы артта қалушылық.
Г) Дамудағы артқа қалушылық физикалық әлсіз балада болуы мүмкін.
Д) +Жоғарыда айтылған барлық нұсқалар.
13 жастағы балада мерзімді түрде көзінің ақ қабығының сарғыштығы байқалады, емделушінің інісі сондай түрдегі сары аурумен 2 рет ауырған. Физикалық тексеріс ешқандай ақау таппады. Бауырды зерттегенде келесілер анықталды: жалпы билирубин - 38,8 мкмоль/л, тіке - 3,5 мкмоль/л, АСТ, сілтілі фосфатаза - норма, сканерлеу - қалыпты. Науқастың диагнозы қандай болуы мүмкін:
А) вирустық гепатит
Б) туа біткен гемолитикалық анемия
В) Дабин-Джонсон синдромы
Г) +Жильбер дерті
Д) Өт-тас ауруы
Туылғанына 7 күн болған нәрестені патронажды қарау келесідей болды: ішінің төмен жағында, аяқ-қолдарында, бүгілген жерлерінде әр алуан даму сатысындағы көпіршіктер анықталды (өлшемдері: диаметрі бойынша 0,5-тен 1,5 см дейін, олар іріңге толы болған, көпіршіктердің негізі эритематоздық дақтардың негізінде біршама сіңген). Никольский синдромы теріс болған. Көпіршіктерді ашқаннан кейін эрозия қалған. Бұрынғы көпіршіктердің орнында қабықтар түзелмеген. Баланың жалпы күйі нашарламаған. Дене қызуы субфебрильді. Сіздің диагнозыңыз:
А) Туа біткен буллезді эпидермолиз
Б) Туа біткен сифилис
В) Лайел синдромы
Г) Эксфолиативті Риттер дерматиті
Д) + Пемфигус (жаңа туылған нәрестенің күлдіреуігі)
Сегіз айлық баланың физикалық дамуын бағалау кезінде оның дене салмағы 7300 г, бойы 68 см құраған. Туылған кезде баланың дене салмағы 3200 г, бойы 50 см болған. 4 айға дейін емшек берілген, содан кейін бейімдендірілген қоспаға ауыстырылған. 5,5 айдан бастап ботқа (манка, сұлы) түріндегі тамақ, 6,5 айдан бастап - көкөністер езбесі, 7 айдан бастап ет беріле бастаған. 5 айға дейін даму жасына сәйкес келген, содан кейін дене салмағы аз қосылатындығы (80-100 г) байқалған, ал 7 айдан кейін бала дене салмағын жоғалтқан. Күніне 2-3 мәрте дәрет сындырады, мерзімді түрде 5 мәрте. Болжаланған диагноз:
А) Муковисцидоз
Б) +Целиакия
В) Галактоземия
Г) Лактазаның жетіспеушілігі
Д) Сахарозаның жетіспеушілігі
10 сыныптағы оқушы күрт тоңғанына, басының сынып ауырғанына, қатты шөлдейтініне шағымданды. Ауырғанына бір күн болды. Дене қызуы 40,0° С. Есі шатасқан. Тері жабындары көк, бөксесін, санын ұсақ нүктелі петехиялардан 3-4 см өлшеміндегі қан құйылысына дейін геморрагиялық бөртпелер басқан. Қарында, арқада, қолдарында бірлі-жарым розеолезді және розеолезді-папулезді элементтер. Шүйде бұлшық еттері қатты, Керниг симптомы күмәнді, тамыр соғуы минутына 120, әлсіз толған, жүректің үні қатаң, АҚ 85/55 мм рт. ст., ЧД минутына 28. Қанда: сол жаққа ауысқан лейкоцитоз 22х10 9 /л, СОЭ 26 мм/ч. Бірінші кезекте қандай ой келеді:
А) Тұмау
Б) Септицемия
В) +Менингококкцемия
Г) Тромбоцитопениялық пурпура
Д) Шенлейн-Генох дерті (геморрагиялық васкулит)
Жеңіл анамнезі бар 4,5 айлық қызға АКДС екпесі + полиомиелит профилактикалық егу жүргізілді. Алдыңғы АКДС+ полиомиелит егуді (3 айында) жақсы көтерді. Укол салғаннан кейін екінші күні қыздың дене қызуы 38 градусқа көтеріліп кетті, мазасыздық, гиперемия орын алып, егілген жер қатайып кетті. АКДС екпесін қайта еккеннен кейін ықтимал реакцияларды атап өтіңіз.
А) қызудың көтерілуі
Б) мазасыздық
В) гиперемияның пайда болуы
Г) екпе егілген жердегі қатаю
Д) + жоғарыда айтылғанның барлығы
"6 жастағы қыз жасына байланысты өсіп, дамып келе жатты. Проф. егулерді егу күнтізбесіне сәйкес алып отырды. Алғашқы рет 4 жасында Манту реакциясы жасалды. Нәтижесі - папула 12см. ""Туб вираж"" анықталды, осыған орай 3 ай бойы химиопрофилактикадан өтті. Осы қызға 6 жаста қандай егулер жасауға болады?"
А) +АДС, ЖКВ-2(қызылшаға қарсы)
Б) БЦЖ, АДС
В) БЦЖ, ЖКВ-2
Г) БЦЖ, АДС, ЖКВ-2
Д) жоғарыда айтылғанның барлығы
6 айлық бала егу күнтізбесі бойынша профилактикалық егулер алып жүрді. Дәрігердің қарауында сол жақтағы қолтық астында лимфатикалық түйіндердің 1 см (фасоль) ұлғайғаны анықталды. Фтизиатр БЦЖ белгіледі. 6 жастағы балаға қандай егулер жүргізуге болады, тек біреуінен басқа:
А) +ЖКВ-2 (қызылшаға қарсы)
Б) ЖПВ (паротит эпид. қарсы))
В) АКДС қайта егу
Г) БЦЖ
Д) АДС
Балаға 8 күн толды, шала туылған, туылған кезде дене салмағы 1000г болған. Жаңа туылған нәрестеге перзентханада қандай егу жүргізуге болады?
А) БЦЖ, ОПВ, ВГВ1
Б) БЦЖ, ОПВ
В) +егілмеуі қажет
Г) БЦЖ, ВГВ1
Д) ВГВ1,ОПВ
12 жастағы қызда бойшаңдық, булимия, шөлдеу, III дәрежедегі семіру, сүт бездерінің, бөксесінің, иығының, қарынының терісінде қызғылт стриялар. Артерилық қысым - 135/ 85 мм рт. ст. Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз:
А)конституциялық-экзогенді семіру
Б) +май алмасуы бұзылған гипоталамикалық синдром
В)церебральді семіру
Г)вазоренальді гипертензия
Д)симпатикотоникалық типі бойынша вегетативті дистония синдромы
8 жастағы бала 1 сағат бойы ессіз қалыпта жатыр, Куссмауль тынысы, бет гиперемиясы, терінің құрғақтығы, көздің алмасы жұмсақ, аузынан ацетонның иісі шығады. 3 апта бойы шөлдеу мазасын алған, жиі дәретке барған. 1 кг азған. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз қандай?
А)қант диабеті
Б)қанттың емес диабет
В) +диабеттік кетоацидоттік кома
Г)менингит
Д)гипогликемиялық кома
Бала 1 жаста, қатты ауырып қалған, дене қызуы 38. 9 градусқа дейін көтерілген, тамаққа байланыссыз екі рет құсқан, жалпы мазасыздық, жылай береді, тамақ ішуден бас тартады, жедел жәрдеммен стационарға жеткізілген, тексеру кезінде бөксесінде, аяқтарында ұсақ нүктелі геморрагиялық бөртпе байқалған, тексергенде гиперестезия анықталған, мәжбүрлі жағдай - басты шалғайту, желке бұлшық еттерінің қатаюы. Диагноз туралы сіздің пікіріңіз:
А)нейротоксикоз
Б) +менингококты инфекция, менингококкцемия, менингит
В)қызылша қызамығы
Г)қызылша
Д)геморрагиялық васкулит
"Бала 8 жаста, бас ауруы, бас айналу, бір реттік құсу, жүрек айну, жалпы әлсіздікке шағымданғаннан кейін ауруханаға жеткізілген. Анамнез бойынша: дене шынықтыру сабағында жерге басымен құлаған, аз уақытқа есін жоғалтқан, кері амнезия, неврологиялық жағдай: екі жақтан конвергенцияның бұзылуы, оң жақта мұрын-ерін бөрмесінің тегістігі, гипотония, D>S, анизорефлексия, оң жақтан Бабинский симптомы, менингеальді симптомдар жоқ. 4 - 6 тәулікке қарай неврологиялық белгі кері қайтқан.
Сіздің диагнозыңыз:"
А) + ми шайқалу
Б) жеңіл ауырлық дәрежесіндегі бас миының жарақаты
В) орташа ауырлық дәрежесіндегі бас миының жарақаты
Г) ми қан айналымының бұзылуы
Д) вегетативті пароксизм
"Қыз 13 жаста. 2 жыл бойы созылмалы гастритпен ауырады. Тамақ ішкеннен кейін эпигастриядағы ауыру және ауырлық, кекірік, жүрек айну, ауыздан шығатын жағымсыз иіс мазалайды. Метеоризм, диарея. Бозарған, склераның субиктериялығы, ""лакталған"" тіл. Кейде тілінің күюі, аяқ-қолдарында түршігу сезімі туындайды. ОАК гиперхромды, макроцитарлы анемия.
Осы клиникалық сипаттамаға созылмалы гастриттің қандай эндоскопиялық суреті сәйкес келетін болады:"
А) +атрофиялық форма
Б) эрозивті форма
В) гипертрофиялық форма
Г) беттік
Д) аралас форма
"Бала 7 айлық - физиологиялық өткен II босану. 2 айлықтан бастап майы алынбаған сиыр сүтімен тамақтандырылған. Көкөніс езбесін онша жемейді. Көбінесе ботқалар жейді. Объективті: өз бетінше отыра алмайды, шеке мен төбе бұдырмақтары айқын, қабырға сүйектері қатты байқалады, Гаррисон жүлгесі. Бұлшық ет тонусы төмен. Бауыры шетінен 2 см шығып тұрады. Бас органдарында ерекшеліктер жоқ.
Болжаланған диагноз:"
А) I рахит, өршіп тұрған кез, асқыну
Б) I рахит, өршіп тұрған кез, сәл асқыну
В) II рахит, өршіп тұрған кез, асқыну
Г) II рахит, өршіп тұрған кез, қайта орын алу
Д) + II рахит, өршіп тұрған кез, сәл асқыну
3,5 айлық балада жеңіл тершеңдік, бұлшық ет гипотониясы, желкесінде шашының түсуі, жеңіл пероральді цианоз байқалады. Рахит диагнозын қою үшін қандай диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет, тек біреуінен басқа:
А) қан сарысуының фосфоры
Б) қан сарысуының кальцийі
В) сілтілі фосфатаза
Г) +Сулкович сынамасы
Д) жалпы қан анализі
"Бала 1 жаста. Ата-аналары шайқалып жүретін ""үйрек"" тәріздес жүріске шағымданады. Баланы қарау кезінде: жағдайы қанағаттандырарлық. Бұлшық ет тонусы қанағаттандырарлық. Маңдайында және төбесінде бұдырмақ, қабырға сүйектері қатты байқалады, сирағының О-тәріздес бұзылуы анық көрінеді. Ішкі органдарында ақау жоқ. Болжаланған диагноз:"
А) +фосфат -диабет
Б) Д дәрумені - тәуелді рахит, псевдотапшылықты, гипокальциемиялық
В) ұршық буынының дисплазиясы
Г) Д дәрумені -тапшылықты рахит
Д) Де-Тони Дебре-Фанкони дерті
"Бала 2,5 айлық. II жартысындағы гестоз фонындағы екінші жүктілік. Туылғанда дене салмағы 3600г., бойы 53см. болған. 3,5 аптадан бастап әр тамақтандырғаннан кейін жиі тамағын шығарып тастаудан ""фонтан"" тәріздес құсуға дейін орын алған. Объективті: Тері жабындары бозарған, құрғақ ""мәрмәр тәріздес"" суреттермен. Тері астындағы май қабаты жұқа, тін тургоры азайған, бұлшық ет гипотониясы. Ішкі органдарының ақауы жоқ. қарау кезінде баланың салмағы 4300г. Диагнозын қойыңыз:"
А) ацетонемикалық құсу
Б) I дәрежедегі гипотрофия
В) +пилоростеноз, II дәрежедегі гипотрофия
Г) постнатальді, эндогенді (пилороспазм), II дәрежедегі гипотрофия
Д) III дәрежедегі гипотрофия
Бала 7 айлық, салмағы 9350г. Объективті: тері жабындары таза, тіннің тургоры артқан. Ішкі органдары тарапынан ауытқулар байқалмаған. Баланың жағдайы туралы сіздің пікіріңіз:
А) +I дәрежедегі паратрофия
Б) II дәрежедегі паратрофия
В) нормотрофия
Г) хондродистрофия
Д) семіру
"3 айлық нәрестеге туылғаннан кейінгі үшінші патронажды жүргізген кезде учаскелік педиатр 1 және 2 патронаждағы кеңестер нәрестеге ешқандай нәтиже бермегенін және анасында сәттің жоғалып кеткенін байқайды, өйткені анасында поллиноз асқынып кеткен және үйдегі жағдай қатты ширыққан. Анасы баласын ""Малютка"" сүт қоспасымен тамақтандыра бастаған. Үшінші күні балада мазасыздық, құсу, іштің кебуі, қорытылмаған үлкен дәрет байқалған. Бетінде гиперемия, басының шаш өсетін бүліктерінде және қасында гнейс пайда болған. Учаскелік педиатр сиыр сүтінің белоктарына айқын төзімсіздікті анықтап, келесі қоспаларды беруді ұсынады:"
А) Малютка, Хумана ГА, Фрисомел
Б) +Нутрамиген, Прегестимил
В) Нутрилон-Соя, Алсой
Г) Нутрилон-антирефлюкс
Д) Нутрилак төмен лактозалы
9 жастағы баланы учаскелік педиатрға көрсеткен. Анамнез бойынша: II жүктілік, алғаш рет босану. Туылған кездегі салмағы 3900, бойы 51 см. Сирек ауырады. Тәттіні, ұннан жасалған тамақты жақсы көреді. Аз қозғалады. Ата-аналары толық. Қарау кезінде: бойы 136 см, салмағы 58 кг, тері астындағы май клечаткаларының таралуы біркелкі, стрия жоқ. АҚ 100/50. Оған қандай зерттеу әдістерін жүргізу қажет, біреуінен басқа:
А) қант пен ацетонды анықтау үшін тәуліктік зәрдің талдауы
Б) бас сүйек рентгенограммасы
В) тәуліктік зәр мөлшеріндегі 17-КС және 17-ОКС
Г) холестериннің, ?-липопротеидтердің, триглицеридтердің деңгейі
д) +жалпы қан белогы және белокты фракциялар
Бала 2300 г. салмақпен туылды, бойы 46 см, жүктіліктің 1 және 2 жартысында токсикоз болған. Бала емшек емеді. Жаңа туылған нәрестені алғаш қараған кезде, бойы және салмағы бойынша кідірісі бар екені анықталған, салмақ-бой көрсеткіші 50 құраған. Құрсақ ішіндегі гипотрофияның дәрежесін анықтаңыз.
А) қалыпты физикалық даму
Б) III дәрежедегі туа біткен гипотрофия
В) + II дәрежедегі туа біткен гипотрофия
Г) I дәрежедегі туа біткен гипотрофия
Д) салмақ бойына сәйкес келеді
Босанғаннан кейін жаңа туылған нәрестеге III патронажды жүргізгеннен кейін баланың анасы учаскелік педиатрға 2 сағат бұрын дене қызуы 37,5 дейін көтерілгеніне, қолмен басып көргенде сол жақ түсінде тығыздалу, аз гиперемия пайда болғанына шағымданды. Сүтті сүзіп алғанда сүттің түсі қалыпты, ешқандай қоспасыз және қансыз болған. Учаскелік педиатрдың әрекеті.
А) емшекпен емізуге тыйым салады
Б) сүтті сүзіп алуға және баланы пастерленген сүтпен тамақтандыруға кеңес береді
В) +емшекпен емізуді жалғастыруға және тамақтандырғаннан кейін қалған сүтті міндетті түрде сүзіп алуға кеңес береді
Г) емшекпен емізуге тыйым салады және сүтті бактериологиялық зерттеуге жібереді
Д) баланы уақытша донорлық сүтке ауыстырады
Туылғанына 7 күн болған нәрестені учаскелік педиатр қарап шықты. Анамнез бойынша: бірінші жүктілік, анасының жасы 18, шешесі шылым тартады, жүктілік барысында I және II жартысында токсикоз болған. Босануға қолдау жасалған, сусыз кезең 8 сағат, кіндігі тамағын бір орап туылған. Шешесі жұмыс істемеген, тұрмысқа шықпаған, ата-аналарымен тұрады, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары қанағаттандырарлық. Тұқым қуалаушылық ауыр емес. Бала емшек емеді. Бала қандай денсаулық тобына жатқызылады?
А) I денсаулық тобы
Б) + IIA денсаулық тобы
В) IIБ денсаулық тобы
Г) III денсаулық тобы
Д) IV денсаулық тобы
Бала 1 айлық. Емшек емеді. Баланы үйіне келіп қараған кезде, учаскелік педиатр баланың жүйке-психикалық дамуын бағалады және бала қозғалып бара жатқан қызыл шарды бір қалыпты бақылайтынын, дәрігердің сүзін тыңдайтынын, күлетінін, қарнында жатып, басын көтеруге және ұстап тұруға тырысатынын, мамасы сөйлегенде жауап ретінде жеке дыбыстар шығаратынын байқады. Дәрігер баланың жүйке-психикалық дамуын қалай бағалайды?
А) баланың дамуы озық
Б) жылдам даму
В) дамуы 1 эпикризді мерзімге кешеуілдеген
Г) дамуы 2 эпикризді мерзімге кешеуілдеген
Д) +қалыпты даму.
Бала 6 жаста. Мектепте оқуға дайындалып жатыр. Биологиялық жасы құжаттағы жасына сәйкес келеді. Бала бақшаның бағдарламасын белгілі бір қиындықтармен меңгерді. Мектепке жетілу деңгейі - 6-7 балл. Қарсылығы төмен. Сіз оны қандай дайындық деңгейіне жатқызасыз?
А)мектепте оқуға дайын
Б) +мектепте оқуға дайын емес
В)мектепте оқуға шартты түрде дайын
Г)жақсы деңгейде дайын
Д)мамандандырылған мектепте оқуға дайын
Баланың мектепке оқуға дайындығын анықтауды қашан бастау қажет?
А)3 жастан бастап
Б) +5 жастан бастап
В)6 жастан бастап
Г)7 жастан бастап
Д)8 жастан бастап
"2 айлық баланың жүйке-психикалық дамуын тексеру кезінде анықталды: эмоционалдық реакциялары - сөйлегенге бірден күлімсірейді; жалпы қозғалыстары - білектеріне сүйеніп, басын жоғары көтеріп алып, қарынымен ұзақ уақыт жатады; қолтығынан ұстаған кезде аяғына сүйенеді және тізесі бүгілмей тұрады; ересек адам көтеріп тұрған кезде басын тік күйде ұстап тұра алады, сөйлеу реакциялары - ұйықтамағанда былдырлап сөйлейді; көзбен көру реакциялары - қозғалып бара жатқан затты ұзақ бақылайды, тік жағдайда ойыншықтарға қарайды, есту реакциялары - қатты дыбыс шыққан кезде, қайдан шыққанын іздейді. Жүйке-психикалық дамуын бағалаңыз."
А) қалыпты
Б) + озық
В) кешеуілдету
Г) қалыпты емес
Д) үйлесімді емес
"Бала 5 жаста, стационарға келіп түскен, шағымдары: тамақтан бас тартады, іші ауырады, күніне 2-4 рет сұйық үлкен дәретке барады, ұқсады, бөртпе шығып кеткен. Анықталды: орташа ауырлық жағдайы, улану симптомдары, терінің бозарыңқылығы, папулезді бөртпе, ""қолғап"" және ""шұлық"" симптомдары, эксикоз көрінбейді, күніне 3-4 мәрте дәретке барады, дәреті мол, қою жасыл түсті және жағымсыз иісті. Зоонозға РПГА- 1:400. Сіздің диагнозыңыз?"
А) жұншау
Б) сальмонеллез
В) шигеллез
Г) + иерсиниоз
Д) эшерихиоз
"Бала 12 айлық. Егер бала еңбектесе, орнынан тұрса және тұрып тұрса, отырса, заттарды қозғалтса, бір-бірінен шығарса, бірақ бір-біріне салмаса, ересек адамның айтқанын және сұрағанын орындаса, ""болмайды"" деген сөзді түсінсе, заттарды формасы бойынша айырса, түсінікті сөйлемде заттардың атауын жалпыласа, ""мама"" деп айтса, кеседен ішсе, бірақ оны ұстай алмаса, қалыпты жағдай туралы куәландыратын даму жолын таңдаңыз. Жасқа сәйкес келетін даму жолы:"
А)белсенді сөйлеу
Б) +айтқанды түсіну
В)сенсорлық даму
Г)заттармен әрекеті
Д)дағдылар
Қандай жолдар арқылы 7 айлық баланың жүйке-психикалық дамуы туралы қорытынды жасауға болады. (бір қате жауапты таңдаңыз)
А)жалпы қозғалыстар
Б) заттармен әрекеті
В)айтылғанды түсіну
Г)дағды
Д) +көру және есту реакциялары
"Бала 4 жас 3 айлық. Соматикалық дені сау. Сөйлеу және сенсорлық дамуында тежелу бар. Биологиялық анамнезі жақсы. Отбасы материалдық жағынан қамсыздандырылған. Анасының білімі 8 сынып. Отбасында 21 және 36 айлық тағы екі бала бар. Мамандардың қорытындысы бойынша бала сау.
Бұл баланы дамыту үшін не ұсынуға болады?"
А)үй жағдайларында арнайы жаттығу
Б) +мектепке дейінгі мекемеге жіберу
В)арнайы логопедиялық бала бақша
Г)табиғи жолмен дамуына жол беру
Д)невропатологта емдеу
Антропометрия кезінде балада қысқа бойлылық анықталған. Төменде берілген қай жағдайларда, егер соматикалық патология анықталмаса, бойдың конституционалдық ерекшелігін айтуға болады?
а)ата-анасындағы эндокринді патология
б) +бала ұлттық ерекшелігі бойынша қысқа бойлы халық тобына жатады
в)бала ұзын бойлы халық өмір сүретін аймақта тұрады
г)бала көп балалы отбасынан шыққан
д)шала туған бала, гипосомия, гипотрофия
3 жастағы жиі ауыратын бала үшін арнайы шыңдаудың басым әдісін таңдаңыз, оның генеалогиялық анамнезінде гипертониялық дертке шалдыққан үш туысқаны бар және біреуі қант диабетімен ауырады.
А)қарқынды шыңдау
Б)Иванов әдісі
В)контрастты әдіс
Г) +шыңдау кезінде дене қызуы біртіндеп төмендету
Д)дене қызуын бірден төмендету
Солақай балалардың жүріс-тұрысына қандай ерекшеліктер тән?
"А)""айналы"" ойлау"
Б)кеңістікте көру бағыт-бағдарының төмендігі
В) +жоғары эмоционалдылық, жоғары деңгейдегі мазасыздық, өз жүріс-тұрысын жоспарлаудағы қиындық
Г)анық байқалатын агрессивтік
Д)ой өрісінің төмендігі
Бала 12 жаста, диагнозы: созылмалы холецистит, стационардан шыққаннан соң 6 айдан кейін оң жақ қабырға астында ұстама тәріздес ауру пайда болған және ол оң жақ иыққа және жауырынға таралған, сондай-ақ құсу, жүрек айну, іш қату орын алған. Дәрігерде қаралғаннан кейін аурудың қайталануына қарсы ем тағайындалған. Аурудың қайталануына қарсы емді атаңыз.
А) диетотерапия
Б) өт айдайтын шөптер
В) антибиотиктер
Г) В тобындағы дәрумендер.
Д) +жоғарыда айтылғанның барлығы
Бала 7 жаста, 1,5 жастан бастап атопикалық дерматит диагнозымен бақылауда тұр, орташа-ауыр формасы. 3 жасқа дейін жылына 4-5 асқыну жағдайлары орын алған. Соңғы екі жыл бойы ремиссия байқалуда. Сіз қандай алдын алу шараларын жүргізесіз, тек біреуінен басқа:
А) білім беру бағдарламалары
Б) антигендік ауырлықты шектеу
В) емдік тамақтануды түзету
Г) шынықтыру
Д) +сыртқы терапия
Мектеп дәрігері диспансерлік қарау кезінде 11 жастағы қыздан экстрасистолия анықтаған. Емделуші ештеңеге шағымданбайды. Қарау кезінде науқастың жағдайы қанағаттандырарлық. Жүрек тарапынан: шекаралары қалыпта, жүрек соғу дыбысы сәл қатаңданған, жатқан күйде минутына 6-7 экстрасистол естіледі. Тұрған күйде жүрек соғу дыбысы қарқынды, экстрасистолдар естілмейді, физикалық жаттығудан кейін экстрасистол саны минутына 1 азайған. Учаскелік дәрігердің қойған диагнозы: Функционалдық кардиопатия. Емделудің негізгі жолдарын атап өтіңіз, тек біреуінен басқа:
А) вегетативті тонусты жақсартатын препараттар
Б) миокардтың зат алмасуын жақсартатын препараттар
В) инфекцияның созылмалы ошақтарын санациялау
Г) диетаны және күн тәртібін түзету, емдік физкультура
Д) + жүрек гликозидтері
Бала 7 жаста, тоңып қалғаннан кейін қатты ауырып қалған, дене қызуы 39,00С дейін көтерілген, құрғақ жөтел, бас ауруы пайда болған. Дәрігерде қаралғаннан кейін оң жақтағы пневмония анықталған және бала стационарлық емделуге жіберілген. Бала сауығып кеткеннен кейін емханада қанша уақыт қаралуы қажет?
А) 6 ай
Б) + 1 жыл
В) 2 жыл
Г) 5 жыл
Д) 15 жасқа дейін.
"7 жастағы бала ауруханаға жеткізілді, оның үш күн бойы басы ауырады, беті, жіліншігі ісіп кеткен, ""ет түсті"" зәр болған. Зәрдің жалпы талдауы: мөлшері - 70,0мл, түсі - қызыл, реакция - сілтілі, үлес салмағы - 1023, эритроциттер - өзгертілген, бүтіндей, лейкоциттер- 2-3 п\з, белок 0,99%. Қойылған диагноз: асқынған гломерулонефрит. Нефрологиялық бөлімге жатқызылған. Стационардан шығарылғаннан кейін науқасқа диспансерлік бақылаудың ұзақтығын көрсетіңіз:"
А) 6 ай
Б) 1 жыл
В) 3 жыл
Г) +қайталанбаған жағдайда 5 жыл
Д) 14 жасқа дейін
1 жастағы бала стационарға анық байқалған токсикозбен, аралас сипаттағы ентікпемен, 38С дене қызуымен келіп түскен. Перкуссия кезінде перкуторлық дыбыстық қорап тәріздес реңкі байқалады. Шашыраңқы қырыл естіледі, жауырынның оң жағында - тұрақты ұсақ көпіршікті қырылдар. Алдын ала диагноз қойыңыз:
А) бронхиолит
Б) альвеолит
В) +пневмония
Г) бронх демікпесі, ұстама
Д) обструктивтік бронхит
Жеті айлық баланың ЖРВИ аясында 4 күні жағдайы одан сайын нашарлап кетті, дене қызуы 37,8С дейін көтерілді, экспираторлық сипаттағы ентікпе пайда болды, оральді қырыл. Аускультация кезінде - ұзақ дем шығару, екі жақтан әр алуан калибрлі ылғал қырылдар. Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз:
А) бронхиолит
Б) +обструктивтік бронхит
В) қайталама бронхит
Г) пневмония
Д) плеврит
10 жастағы балада жұтқан кезде тамағы ауырады, дене қызуы 39,2С, басы ауырады, бадамшаларында ірің өңезі. Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз:
А) + фолликулярлы ангина
Б) аденоидит
В) жұту абцессі
Г) фарингит
Д) паратонзиллярді абцесс
БЦЖ егуіне қай жағдайда тыйым салынады:
а) туа біткен ферментопатиялар кезінде
б) иммунитет тапшылығы жағдайларында
"в) отбасындағы басқа балаларда белсенді туберкулез бар болған жағдайда;"
г) Bruton агаммаглобулинемиясы кезінде
д) + барлық аталған жағдайларда
Құрсақ ішіндегі инфекциялардың клиникалық көрінісін мына жауаптардың қайсысы аса дәл анықтайды:
а) + Құрсақ ішіндегі зақымданудың мерзімі
б) Қоздырушының уыттылығы
в) Инфекцияның ену жолы
г) Ұрық ағзасының реакциялық белсенділігінің жағдайы
д) Жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы
Сепсистің негізгі дифференциалды-диагностикалық белгісін атаңыз:
а) +көптеген, кезектеп туындайтын инфекция ошақтары
б) ОЖЖ қатты зақымдануы
в) ашық ішек синдромы
г) пневмония
д) миокардит
Шала туылған балаларда өкпе қабынуының аса жиі байқалатын белгілері, айтылғандардың барлығы, тек біреуінен басқа:
а) интестинальді синдром
б) плеврит
в) +миокардит
г) артрит
д) сепсис
Туылғаннан кейін алғашқы тәулікте ГБН бар мерзімінде туылған нәрестеге қан құю үшін абсолютті көрсеткіш қайсысы:
а) гемоглобиннің 160 г\л-ден төмен түсуі
б) +туылғаннан кейін алғашқы тәулікте билирубиннің сағаттың өсуі 6,8 мкмоль\сағ асқанда
в) күрделі гепатоспленомегалия
г) анық байқалған сары ауру
д) қан тобы немесе резус фактор бойынша ана мен бала қанының сәйкессіздігі дәлелденсе
Қай жағдайларда туа біткен қызамық синдромы дамуының үлкен қаупі туындайды:
а) егер қызамыққа қарсы егілмеген әйел жүктілік кезінде қызамықпен ауыратын науқаспен байланысқа түссе
б) +егер әйел жүктілік кезінде қызамықпен ауырса
в) егер жүкті әйел 36-38 аптада қызамықпен ауырса
г) егер фетоплацентарлық тапшылық орын алса
д) барлық көрсетілген жағдайларда
Жаңа туылған сәбилердің геморрагиялық дерті кезінде К дәруменін берудің патогенетикалық негіздемесі:
а) I, II, III факторларының тапшылығы
б) антитромбин III тапшылығы
в) X, XII ұю факторларының тапшылығы
г) + протромбиннің, проконвертиннің тапшылығы
д) I, XII ұю факторларының тапшылығы
Триада Грегга қайсысына тән:
а) туа біткен цитомегалияға
б) туа біткен герпеске
в) туа біткен токсоплазмозға
г) +туа біткен қызамыққа
д) туа біткен сифилиске
Экссудативті плевритке төмендегілердің қайсысы тән:
а) перкуторлық дыбыстың қысқаруы және көкірек қуысы органдарының ауыратын жаққа ауысуы
б) перкуторлық дыбыстың экссудат алдында қорапты сипаты
в) күшейген дауыс дірілі және экуссудат жанында анық байқалған бронхофония
г) + перкуторлық дыбыстың қысқаруы және көкірек қуысы органдарының сау жаққа ауысуы
д) күшейген дауыс дірілі және перкуторлық дыбыстың қысқаруы
Төменде берілген белгілердің қайсысы өкпе гемосидерозына тән:
а) + қақырықта сидерофагтардың болуы
б) қан сарысуында темірдің жоғары деңгейі
в) эмфизема
г) эозинофилді өкпе инфильтраты
д) тотық түсті қақырық
5 жастан асқан балаларда 1 секундтағы мәжбүрлі дем шығарудың көлемі (FEV), мәжбүрлі өмірлік сыйымдылық (FCV) және максималды дем шығару жылдамдығы (PEF ) төменде берілгендердің қайсысын бағалауға мүмкіндік береді:
а) аллергизация дәрежесін
б) инфекциялық процестің айқындалу дәрежесін
в) ағзаның иммундық жүйесінің жағдайын
г) +бронх демікпесі кезінде бронх обструкциясының дәрежесін
д) ентікпенің айқындалу дәрежесін
Төмендегілердің қайсысы кеуде ішіндегі лимфотүйіндердің туберкулезін анықтау үшін аса маңызды зерттеу болып табылады:
а) өкпенің шолу рентгенограммасы
б) + өкпенің компьютерлік томографиясы
в) пикфлоуметрия
г) бронхоскопия
д) бронхография
Бронх-өкпе жүйесі дамуының ақауына жатады:
а) өкпе бөлігінің гипоплазиясы
б) + Бэк саркоидозы
в) Вильямс-Кэмбелл синдромы
г) кеңірдек-өңеш жыланкөзі
д) Картагенер синдромы
Ингаляциялық стероидтердің аса жиі кездесетін жанама әсерін көрсетіңіз:
а) остеопороз
б) + ауыз қуысының кандидозы
в) бү йрекүсті безі қабығының жеткіліксіздігі
г) гипергликемия
д) Иценго-Кушинг синдромы
Вирустық этиологияның обструктивтік бронхиті кезінде негізгі емдеу шаралары, тек біреуінен басқа:
а) қақырық түсіретін құралдарды қабылдау
б) бронхолитиктерді қабылдау
в) +антибиотиктерді қабылдау
г) кеуде қуысына вибрациялық массаж жасау
д) физиопроцедуралар
Пневмония кезінде антибиотиктермен емделудің оңтайлы ұзақтығы:
а) дене қызуын қалпына түсіргенге дейін
б) өкпеде инфильтрат толық сорылғанға дейін
в) СОЭ қалпына келтіргенге дейін
г) +токсикозды жойғанға дейін және 2-3 күн дене қызуын тұрақты қалпына түсіргенге дейін, нақты оң клиникалық динамика кезінде
д) аурудың клиникалық көрінісіне байланыссыз 7 күнге дейін
Төменде берілгендердің барлығы спазмофилияның аса дәл сипаттамалары, тек біреуінен басқа:
а) мазасыздық
б) +бұлшық ет гипотониясы
в) ларингоспазм
г) карпо-педальді спазм
"д) ""акушердің қолы"""
Бронхиолитке төменде берілгендердің барлығы тән, тек біреуінен басқа:
а) алғашқы 3-4 күнде ЖРВИ дамиды
б) қақырық қиын түсетін, үздіксіз, ұстама тәріздес жөтел
в) қиын таныс алу белгілері
г) +өкпе рентгенограммасы: өкпенің төмен бөліктерінің жергілікті шоғырлануы
д) өкпе рентгенограммасы: ісу, қабырғалардың көлденең орналасуы, кеңірдек тарамдарының күшеюі, ошақты іздердің болмауы.
Балалардағы қарапайым асқынған бронхитке аса тән ерекше белгіні көрсетіңіз:
в) +құрғақ шашырыңқы қырыл
г) ентікпе
д) өкпе дыбысының бәсеңдеуі
а) нейротоксикоз синдромы
б) субфебрилитет
Жүйке-артриттік диатездің негізінде ненің бұзылуы жатыр:
а) +зәр қышқылының
б) пирожүзімді қышқылдық
в) лимон қышқылының
г) көріптас қышқылының
д) полиқанықпаған май қышқылдарының
Төменде берілгендердің барлығы асқынған пиелонефритке тән белгілер болып табылады, тек біреуінен басқасы:
а) абдоминальді ауру синдромы
б) дизурия
в) фебрильді безгек
г) +артериальді гипертензия
д) лейкоцитурия
Ұлтабар ойық жарасын емдеу кезінде ауру өршіген кезде не қолданылады:
а) антибиотиктер
б) де-нол
в) антисекреторлық препараттар
г) фурандық препараттар
д) + жоғарыда айтылғандардың барлығы
Тітіркенген ішек синдромының клиникасына не тән:
а) іш қату
б) іш өту
в) ауыру
г) іштің кебуі
д) + жоғарыда айтылған белгілердің барлығы
Созылмалы гепатиттің бауыр циррозына өту белгілерін атаңыз:
а) өңеш тамырларының кеңеюі
б) геморроидалді түйіндердің пайда болуы
"в) ""медузаның басы"""
г) асцит
д) + жоғарыда айтылғандардың барлығы
Ультрадыбыстық диагностика кезінде созылмалы холециститтің негізгі критерийін атаңыз:
а) өт қабының өзгеруі
б) + өт қабы қабырғасының қалыңдауы
в) тастардың болуы
г) өттің тұрып қалу белгілері
д) өт қабы өлшемінің ұлғаюы
Ұйқы безі функциясының сыртқы секреторлық жеткіліксіздігінің белгілерін көрсетіңіз:
а) дене салмағының азаюы
б) стеаторея
в) амилорея
г) диарея
д) + жоғарыда айтылғандардың барлығы
Балаларда созылмалы рецидивті панкреатиттің өршуін анықтау үшін аса ақпаратты тест қанда нені анықтайды:
а) трипсинді
б) + эластазаны
в) амилазаны
г) сілтілі фосфатазаны
д) глюкозаны
Маллори-Вейс синдромына тән патология:
а) өңештің жарылуы.
б) өңеш ісігінен қанның кетуі.
в) + өңештің асқазанға өтетін жолында шырышты қабықтың жарылуы
г) асқазандағы полиптен қанның кетуі.
д) асқынған гастрит.
Гемофилияға төменде берілгендердің барлығы тән, тек біреуінен басқа:
а) қан ұюының бұзылуы
б) мұрыннан қан кету
в) буындарға қан кету
г) ретикулоцитозбен бірге постгеморрагиялық анемия
д) + протромбин уақытының бұзылуы
Верльгоф ауруына төменде берілгендердің барлығы тән, тек біреуінен басқа:
а) тромбоциттердің азаюы
б) қан кету ұзақтығының ұлғаюы
в) қан ұюының баяулауы немесе тоқтауы
г) + Дюк бойынша қан кетудің қалыпты ұзақтығы
д) қалыпты ұю
Аралас түрдегі геморрагиялық васкулитке төменде берілгендердің барлығы тән, тек біреуінен басқа:
а) тері синдромы
б) буын синдромы
в) абдоминальді синдром
г) ДВС-синдром
д) + мұрыннан қан кету
Верльгоф ауыруы кезінде төменде берілгендердің барлығына тыйым салынған, тек біреуінен басқа:
а) сірке суы
б) алкоголь
в) салицилаттар, НПВП
г) карбенициллин, аминазин
д) + кальций глюконаты
Тұқым қуалайтын нефрит кезінде қандай құрал-жабдықты дифференциалды-диагностикалық зерттеу әдістерін қолданады, тек біреуінен басқа:
а) бүйректі УДЗ
б) аудиограмма
в) тамыр ішіндегі урография
г) цистоскопия, цистография
д) + компьютерлік томографиялық зерттеу
Гематуриясы бар балада тұқым қуалайтын нефрит диагнозын растау үшін оның туысқандарында келесі белгілердің болуын анықтау маңызды, тек біреуінен басқа:
а) құлақ мүкістігі
б) гематурия
в) көз ақауы
г) + Spina bifida
д) ерте мерзімде ХПН дамуы
ХПН негізгі синдромдары, тек біреуінен басқа:
а) азотемиялық
б) анемиялық
в) ҚСЖ бұзылуы
г) + интестинальді
д) остеодистрофиялық
Жас балаларда энцефалиттік реакцияның (нейротоксикоз) жиі байқалатын белгілері:
а) сіңір тартылуы
б) + делирий (естің бұзылуы)
в) ессіз күй
г) ликвородинамиканың бұзылуы
д) АҚ артуы
Гипергликемиялық комаға төмендегілер тән, тек біреуінен басқа:
а) біртіндеп басталу
б) + бозарыңқылық
в) шырышты қабықтардың және тері жабындарының құрғауы
г) ауыздан ацетон иісінің шығуы
д) Кусмауль тынысы
Энцефалит мына жағдайда жиі өршиді:
а) + тұмау кезінде
б) қызылша, шешек, қызамық кезінде
в) дизентерия кезінде
г) паротит кезінде
д) герпес кезінде
Баладағы гидроцефалияны қалай анықтауға болады:
а) бас шеңбері бойынша, ол нормадан 2 см асса
б) 2-3 айда ашық тіккен жерлер және қалдар бойынша
"в) + бас шеңбері бойынша, ол нормадан 3-4 см асса,
немесе 6-8 айда баладағы ашық тіккен жерлер, Греффе симптомы бойынша"
г) бастың қалыпты өсуі және қалыпты психомоторлық даму кезінде Греффе симптомының болуы бойынша
д) гиперрефлексия бойынша
Люмбальді пункция өткізу үшін абсолютті көрсеткіш не болып табылады:
а) шок
б) + қайталама сіңір тартылуы
в) жүрек функциясының жеткіліксіздігі
г) тұрақты безгек
д) естің өзгеруі
ЖВС туралы айтылған төменде берілген пікірлердің барлығы дұрыс, тек біреуінен басқа:
а) + бұл өлтірілген вирус
б) антиденелердің жылдам туындауын тудырады
в) 0 град. төмен температурада сақтауды және тасымалдауды қажет етеді
г) сұйық түрде ауызбен қабылдау үшін тривакцина мөлшері 0,2 мл. (4 тамшы).
д) аз реактогенді егу
Ревматикалық хореяны төменде берілген барлық патологиялармен айыруға болады, тек біреуінен басқа:
г) + менингитпен
д) атаксиямен
а) жергілікті тартумен
б) кең таралған гиперкинезбен
в) ығыр қылатын қозғалыстардың неврозымен
Бронхиолиттің аса маңызды критерийі не:
а) + 38,5-39°С жоғары температура
б) физикалық деректердің асимметриясы
в) пневматизацияның біркелкісіздігі және рентгенограммада өкпе бейнесінің күшеюі
г) аса анық байқалатын нейтрофильді лейкоцитоз
д) тыныс алудың қиындауы
Бала полиомиелитпен ауырды, бұдан кейінгі егуге қатысты қандай әрекет қолданылады?
а) + жоспар бойынша қалыпты мөлшерде егіледі
б) егілмейді
в) иммунитетті күшейтуге қатысты серологиялық зерттеу жүргізгеннен кейін егіледі
г) аз мөлшерде егіледі
д) салдарды ескере отырып, егіледі.
Муковисцидозы бар балаларды диспансерде бақылау ұзақтығы қанша уақытты құрайды:
а) 1 жыл
б) + өмір бойы
в) 3 жыл
г) 5 жыл
д) аурудың асқыну жиілігіне байланысты.
Тубулоинтерстициальді нефритті бастан кешірген балаларға диспансерде бақылау жүргізу ұзақтығын атаңыз:
а) 1 жыл
б) 2 жыл
в) 3 жыл
г) 5 жыл
д) + есептен шығарылмайды
Асқынған гломерулонефритпен ауырған балаларға диспансерде бақылау жүргізу ұзақтығын атаңыз:
а) 1 жыл
б) 3 жыл
в) + 5 жыл
г) 7 жыл
д) 10 жыл
Бірінші дәрежедегі рахитке төменде берілген белгілердің біреуі тән емес:
а) бас сүйегінің жұмсақтығы
б) желкенің тегіс болуы
в) мазасыздық
г) тершеңдік
д) + тұрақты гипокальциемия
Екінші дәрежедегі гипотрофия дене салмағының жеткіліксіздігімен сипатталады:
а) 8-10 %
б) 15-20%
в) + 20-30 %
г) 20-40 %
д) 10-15 %
Қандай анемия жоғары ретикулоцитозбен қатар жүреді:
а) + гемолиттік
б) созылмалы постгеморрагиялық
в) темір тапшылығы
г) гипопластикалық
д) В6 дәрумені -дефициттік
Мектепке дейінгі балаларда цианозы бар туа біткен жүрек ақауы көп жағдайда қалай аталады:
а) аорта коарктациясы
б) ашық боталл жолы
в) өкпе артериясының стенозы
г) + тетрада Фалло
д) алғашқы өкпе гипертензиясы
Оқшауланған миокардиттің ауыр түрі қандай жағдайларда жиі кездеседі:
а) жүйелі қызыл жегі кезінде
б) дерматополимиозит кезінде
в) ревматизм кезінде
г) септикалық кардит кезінде
д) + поствирустық кардит кезінде
Гипертрофикалық кардиомиопатияны емдеу кезінде қолданылатын негізгі препараттар:
а) перифериялық возодилятаторлар
б) жүрек гликозидтері және диуретиктер
в) + бета-оқшаулағыштар және кальций антагонистері
"г) ""а"" және ""б"" жауаптары дұрыс"
"д) ""а"" жауабы дұрыс"
Гипертрофиялық кардиомиопатияға не тән:
а) құсу
б) іш өту
в) ентікпе
г) температура
д) + іштегі және жүрек маңайындағы ауыру
Жүйелі қызыл жегі кезінде бөртпе әсіресе қай жерде жинақталады:
а) арқада
б) кеудеде
в) құлақтың жарғағында
г) + мұрында және бетте
д) аяқтарда
Инфекциялық эндокардит үшін келесі белгілер тән:
а) аортальді клапанның зақымдануы
б) СОЭ ұлғаюы
в) безгек
г) гиперкоагуляция
д) + жоғарыда айтылғандардың барлығы
Кисель - Джонсон критерийі нені анықтау үшін қолданылады:
а) жүйелі қызыл жегіні
б) дерматополимиозитті
в) + ревматикалық безгекті
г) ревматоидті артритті
д) саркоидозды
Артериалды жолы кеңінен ашық науқаста сирек не байқалады:
а)күшейген таралған жоғары соққы
б)сол жақтан жүрек маңайында кеуде клеткасының ісінуі
"в)""машиналық"" шуыл"
"г) + цианоз және ""барабанды саусақтар"""
д) жүрек шекарасының сол жаққа қарай кеңеюі
Өкпе гипертензиясы қандай жағдайда байқалмайды
а)ашық артериялық жол кезінде
б)жұрек алдындағы қалқа арасындағы ақау кезінде
в)өкпе артериясының оқшауланған стенозы кезінде
г)асқазан арасындағы қалқа ақауы кезінде
д)аорта стенозы кезінде
Жүйелі қызыл жегі кезінде жиі не байқалады:
а)Рейно синдромы
б) + LE-клеткалардың болуы
в)периорбитальді эритема
г)дисфагия
д)миозит
Асқынған жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінің белгісіне не жатпайды:
а)тері жабындарының бозарыңқылығы
б)жіңішке тамыр соғуы
в)артериялық қысымның түсуі
г)терінің мәрмәрлығы
д) + безгек
Пароксизмальді тахикардияны анықтау ?шін бірінші кезекте не жүргізу қажет:
а)рентгенография
б) + ЭКГ
в)ФКГ
г)биохимиялық зерттеу
д)ЭХО-КГ
Д-витаминдік улануға төменде берілгендердің барлығы тән, тек біреуіне басқа:
а) анорексия.
б) іш қату
в) субфебрильді температура.
г) лейкоцитурия.
д) + сүйектің босауы
Гипербилирубинемиямен қатар жүретін қандай дерт ОЖЖ зақымдануына алып келеді:
а) туа біткен гепатит.
б) + жаңа туылған нәрестелердің гемолиттік дерті
в) ана сәтімен берілген сары ауру
г) өт жолдарының атрезиясы
д) коньюгациондық сары ауру
е) массивті гематомалар кезіндегі сары ауру.
Пневмотораксқа тән емес белгіні атаңыз:
а) тыныс алу кезінде зақымданған жақ қатыспайды
б) ентікпенің күшеюі
в) + көкірек қуысының органдары ауыратын жаққа ауысқан
г) R-граммада зақымданған өкпе бөлігінің мөлдірлігінің артуы.
д) R-граммада өкпе көрінісінің болмауы
Кеңірдекке бөтен зат түскен жағдайда шұғыл шараларға төменде берілгендердің барлығы кіреді, тек біреуінен басқа:
а) тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету
б) оксигенация.
в) кортикостероидтерді ендіру.
г) + бумен ингаляция жасау.
д) жедел ауруханаға жеткізу.
Анафилактикалық шокқа тән емес белгіні көрсетіңіз:
а) өкпенің ісінуі.
б) мидың ісінуі.
в) көмейдің ісінуі.
г) + АҚ артуы.
д) бронхоспазм.
Талған кезде қандай шараларды орындауға болмайды:
а) төсекке жатқызу, төсектің бас жағын түсіру
б) еркін тыныс алуды және таза ауаны қамтамасыз ету
в) бетті суық сумен сулау
г) кордиамин, кофеин көрсеткіші бойынша
д) + несеп айдау құралдары
Хореяға келесі клиникалық белгілер тән, тек біреуінен басқа:
а) хорейлік гиперкинезалар
б) психоэмоционалдық бұзылулар
в) статика мен координацияның бұзылуы
г) + кардит
д) бұлшық ет гипотониясы, қан тамырларының дистониясы
Менингококкцемия кезінде қандай белгі болжамды түрде жағымсыз болып табылады?
а) ерте жас
б) + геморрагиялық бөртпенің ерте пайда болуы және жылдам тарауы
в) бөртпенің арқа мен бетте көп болуы
г) іріңді менингиттің болуы
д) гипотермия
Асқынған асқазан-ішек жолдарынан қан кету төмендегілермен сипатталады, біреуінен басқа:
а) қан құсу
б) мелена
в) тері жабындарының бозарыңқылығы
г) коллапс
д) + гипертермия
Нефроттық синдромның белгілерін атаңыз:
а) + протеинурия, гипопротеинемия, гиперхолестеринемия, ісіктер
б) гематурия
в) цилиндрурия
г) артериялық гипертензия
д) анемия
Люмбальді пункцияны жүргізуге қарсы көрсетілім төменде берілгендердің барлығы болып табылады, тек біреуінен басқа:
а) 3-дәрежедегі ессіз күй
б) коллапс
в) 3 дәрежедегі инфекциялық-уыттық шок
г) + гипертермия
д) тарамды белгілердің болуы
СПИДті анықтаудың критерийлері, тек біреуінен басқа:
а) + лимфоцитоз
б) лимфопения
в) полилимфоадения
г) субфебрилитет
д) отбасында есірткіге тәуелді адамның болуы.
Ішек дисфункциясы неге қарсы егу жасалғаннан кейін туындауы мүмкін:
а) көк жөтелге қарсы
б) қызамыққа қарсы
в) паротитке қарсы
г) + полиомиелитке қарсы
д) туберкулезге қарсы
Ревматизм кезінде өте жиі не зақымданады:
а) сол жақ қарынша
б) аортальді клапан
в) + митральді клапан
г) трикуспидальді клапан
д) жоғарыда айтылғанның барлығы
Туа біткен қызамыққа қандай белгі тән?
а)хориоретинит
б) + катаракта
в)миокардит
г)геморрагиялық синдром
д)пневмония
Босану кезінде асфиксияның туындауынан көп жағдайда кімдер зардап шегеді:
а)мерзімінде туылған нәрестелер
б)шала туылған нәрестелер
в)құрсақ ішінде дамуы кешеуілдеген нәрестелер
г)құрсақ ішінде инфекция жұқтырған нәрестелер
д) + аталған балалар тобының барлығы
Бронх демікпесінің ұстамасын тоқтату үшін не қолданылады:
а)адреналин
б) + сальбутамол
в)кальций глюканаты
г)эуфиллин
д)глюкоза
Анафилакситтік естен тануға тән емес белгіні атаңыз:
а) өкпенің ісінуі
б) мидың ісінуі
в) көмейдің ісінуі
г) + АҚ артуы
д) бронхоспазм

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет