«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»


Арнайы физикалық қасиеттері бар материалдар



бет116/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері
Горманизация Сапақ Ақерке, Горманизация Сапақ Ақерке, 5-сабак «Қараой», 4 тапсырма
Арнайы физикалық қасиеттері бар материалдар - бұл магнитті жұмсақ және магнитті қатты бұйымдарды; өткізгіштерді және диэлектриктерді; лазерлі, құралды, өлшегіш, санағыш және атомды техникалық түрлі компоненттерін дайындауға арналған материалдар тобы.

Магнитті материалдар. Соңғы жылдары аморфты күйден бақыланбалы кристалдау арқылы алынған наноматериалдардың қасиеттерін зерттеу нәтижесінде Жапон ғалымдары кристалды және аморфты балқымалармен салыстырғанда статистикалық және динамикалық магнитті қасиеттері жоғары магнитті жұмсақ материалдардың жаңа тобын ашты. Бұл Nb, Cu, Zn және кейбір басқа ауыспалы металдардың азғана қоспасы бар Fe - Si - В негізіндегі балқымалар. Балқытпадан шынықтырудан кейін бұл балқымалар аморфты болады, оптималды параметрлер 530-550°C температурада жарым-жартылай кристалдау кезінде, яғни бөлшектерінің мөлшері шамамен 10 нм реттелген Fe-Si (18-20)% нанокристалды фазасы бөлінгенде алынады. Аморфты матрицадағы нанобөлшектердің көлемдік үлесі 60-80%. Балқымалар төмен коэрцитивті күйге (5-10 А/м) және қайта магниттелуге аз шығын болғанда (200 кВ/м3) әдеттегі және жоғары жиіліктерде жоғары бастапкы магниттік өткізгіштікке ие. Бұл олардың электротехника мен электроникада трансформаторлы өзектер, магнитті күшейткіштер мен импульсті энергия көздері ретінде, сонымен қатар магнитті жазба мен қайта жаңғырту техникасында қолданылуын қамтамасыз етеді. Әлем бойынша жылына 1000 т балқымалар шығарылады.

Жоғары тығыздықты магнитті жазбалар бүркеншіктері үшін қиын балқитын косылыстардың коспасы (ZrN, AIN және т.б.) бар нанокристалды темір үлпектерін қолдану перспективті. Үлпектер азотты плазмада Fe балқымаларынан нысананы магнетронды шашырату арқылы алынады.

Наноқұрылым есебінен мұндай балқымалардың қанығу индукциясы жоғары (1,6-1,8 Т), ал коэрцитивті күші аз (4-6 А/м) болады. Құрылымда қиын балқитын бөлшектердің болуы жеткілікті термиялық тұрақтылық пен тозуға деген жоғары төзімділікті қамтамасыз етеді.

Басым бөлігінде механохимиялық синтез әдістерімен алынатын Fe-Nd-В және Fe-Sm-N негізінде нанокристалды магнитті қатты материал- дар да кеңінен қолданылады. Жоғарғы коэрцитивті күш (2000 кА/м) пен жоғары магнитті энергия ((ВИ) = 175 кДж/м3) олардың аз мөлшерінің мах тұрақты магниттерді дайындау үшін тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді.

Тәжірибелік диодтар мен транзисторларды, яғни көміртекті нанотүтікшелер мен басқада нанообьектілер негізіндегі екі және үш электронды элементтерді жасаудың мысалдары көп. Бір электронды молекулалық транзистор сызбанұсқасы 6.32-суретте көрсетілген. Графит бетіндегі стеарин қышқылының көп қабатты үлпектерінде (Ленгмюр-Блонджетт үлпектері) орналасқан (Pd,(CО),(P(C.Н,),), типіндегі қосылыстар лигандты қабыршақтары Pd және Pt негізіндегі кластерлі бөлшектер реттелген екі өлшемді торды түзеді. Вольт-амперлі сипаттамаларды зерттеу наноэлектрониканың бір электронды сызбанұсқаларын құрастыру мүмкіндігін дәлелдеді. Бағалау көрсеткендей, мұндай құрылымдардағы элементтер тығыздығы 1см2-ге 1013-нен астам, ал тез әсер көрсету 1 с аралығында 1012 операциядан астам болуы мүмкін.

Жоғарыда аталған мысалдар микромөлшерлерден наномөлшерлерге біртіндеп ауысып келетін электрониканың дамуындағы наноматериалдар рөлін көрсетеді. Мурдың эмпирикалық заңына сәйкес электронды құрылғылар мөлшері уақытқа байланысты экспоненциалды түрде азаяды (шамамен 1,5-2 жылда екі есе азаяды). Бұл болжамдардың жүзеге асуына байланысты пессимизм білдірілген, өйткені әдеттегі технологиялар электроника дамуының мұндай қарқындарын қамтамасыз ете алмады. Бірақ, нанобаспалы литографиядағы және басқа да нанокұрылымдарды жинактау әдістеріндегі соңғы жетістіктер наноэлектроникадағы табыстарға үміт береді. Осыған байланысты молекулалар мен супермолекулалы материалдарды қолданатын молекулалық электроника әдістеріне үлкен көңіл бөлінуде. Көміртекті нанотүтікшелерден жасалған сымдармен қосылған және молекулалардан электронды сызбанұсқаларды жинау іске асады, жазу тығыздығы қазіргі заманғы құрылғылардан 'милли- он(!) есе жоғары құрылғыларды жасауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, қолданылатын куат миллиард (!) есе азаяды деп күтілуде.

Құрамында ротаксан молекулалары бар молекулалық ауыстырып- қосқыш, мысалы, қызығушылық тудырады. Бұл молекулалар сыртқы әсерлерден (мысалы, жарық, магнит, электр және температуралық өрістер) қайтымды түрде бір-біріне қатысты орналасуын өзгертуі мүмкін.

Ротаксандар негізіндегі молекулалық ауыстырып-қосқыштар қосылған түрде (әдетте бұл химиялық тотықсызданған күй) бос орбитальдар арасындағы электрондардың түннельденуі есебінен өткізгіштікке ие. Берілген кернеуді арттырғанда пайда болатын тотыққан күйде кедергі пайда болып, түннельдену мүмкін болмайды (ауыстырып-қосқыш ажырайды). Бұл екі күй өткізгіштерінің айырымы 103, бұл әдеттегі жартылай өткізгіш транзисторлардан (бұларда 106) біршама төмен. Мұндай құрылғылар үшін басқа молекулаларды іздеу жалғасуда.

Ядролық материалдар. Кеуекті бериллий термоядролық реакторлардың тритий қайталаушы бланкетін дайындау үшін перспективті болып саналады.

Кеуектілігі 20-30% бериллийден жасалған бұйымдар нейтрондарды көбейткіш пен бейнелегіш рөлін атқарады. Мұндай бұйымдардың беріктігін арттыру үшін және ашық куыстары бар микроұяшықты құрылымды түзу үшін ірі кристалды бериллий ұнтағына ВеН, қосылады. Оның бериллий нанобөлшектерінің түзілу есебінен ыдырауы бөлшектер арасындағы беттесудің беріктелуіне, ал сутегінің бөлінуі ашық қуыстардың түзілуіне мүмкіндік береді. Сәулелену өнімдерінің шығу жолдары ретіндегі бөлім беттерінің көп болуынан нанокристалды құрылым жоғары ағынды жылдам және жылулық атомды реакторлардың жылу болетін элементтеріне арналған аз ісінетін қабыршақты және жанармайлық материалдарды жасау кезінде пайдалы болуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   131




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет