«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»


Судағы гидроксильді радикалдар мөлшері мониторингісінің жаңа сезімтал әдісі



бет126/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері
Горманизация Сапақ Ақерке, Горманизация Сапақ Ақерке, 5-сабак «Қараой», 4 тапсырма
7.9. Судағы гидроксильді радикалдар мөлшері мониторингісінің жаңа сезімтал әдісі

АҚШ және Швейцария зерттеушілерінің бірлесіп жұмыс істеуі судағы гидроксильді радикалдар мөлшері мониторингісінің жаңа сезімтал әдісін өңдеп шығарды.

Таза су адамзат денсаулығының кілті болғандықтан, судың сапасы мен тазалығы мониторингісінің жаңа әдістерін өңдеп шығару өзекті мәселе болып табылады.

Гироксилді радикалдар қартаюдың, биологиялық ұлпалардың және қоршаған орта химиясының радиациялық зақымдануының биологиялық үдерістеріне қатысатын жоғары белсенді тотықтырғыштар болып табылады. Табиғи су қоймаларында бұл радикалдар фотохимиялық үдерістер нәтижесінде нитратты және нитритті тыңайтқыштардан немесе су қоймасын ластайтын органикалық қосылыстардан түзіледі. Гидроксильді радикалдар концентрациясын дәл өлшеу қандай химиялық үдерістерге су қоймасын ластайтын заттар қатысатынын түсінуге мүмкіндік береді.

Гидроксильді радикалдар концентрациясының талдау әдістері, мысалы, бензойн қышқылының көмегімен, көбіне төмен сезімталдықпен сипатталады, мұндай әдіспен талдау үшін үлгіні ұзақ сәулелендіру және сенсорлы заттың жоғары концентрациясы қажет. Бұл екі фактор үлгідегі гидроксильді радикалдар концентрациясын өзгертіп, талдау дәлдігіне әсер етуі мүмкін. Кристофер МакНейлл (Швейцария, Федералды Технологиялар Университеті) Миннесота Университетіндегі әріптестерімен бірге судағы гидроксильді радикалдардың концентрациясын дәл анықтау үшін терефталаттың колданылуын анықтады (7.8-сурет).

Терефталат биологиялык және радиациялық химияда аналитикалық құрал ретінде қолданылады. Ал МакНейл терефталатты су жүйелерінің химиясында қолданған алғашқы адам. Терефталаттың гидроксильді радикалмен әрекеттесуі гидроксилтерефталаттың түзілуіне әкеледі. Бұл интенсивті флуоресценция көрсететін, сондықтан оңай детекцияланатын молекула. Жаңа әдіспен концентрациясы бензойн қышқылымен анықтауға қарағанда 10 есе аз гидроксильді радикалды анықтауға болады. Бұл гидроксильді радикалдар мөлшері аз табиғи су коймаларындағы суларды зерттеу үшін пайдалы болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет