«Төменде өте көп орын бар» 1959 жылдың 29 желтоқсанында физика ғылымы бойынша 1965 жылы «Элементарлы бөлшектер физикасында терең салдары болған кванттық электродинамикадағы фундаментальды жұмыстары»


Көміртекті нанобөлшектердің талшықтәрізді формасының морфологиясы



бет32/131
Дата14.12.2021
өлшемі21,38 Mb.
#126635
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   131
Байланысты:
МФНСУРОВ НAНО негіздері
Горманизация Сапақ Ақерке, Горманизация Сапақ Ақерке, 5-сабак «Қараой», 4 тапсырма
1.7. Көміртекті нанобөлшектердің талшықтәрізді формасының морфологиясы

КН талшықтары «архитектурасы» әртүрлі болып келеді. Оларда графен қабаттары талшық осіне перпендикуляр немесе оған белгілі бір бұрышпен орналасуы мүмкін («шыршалы құрылым», «балық сүйегі»). Ішкі қуыстары толтырылған және периодты бөгеулерден тұратын типтік бамбуктәрізді құрылым 1.4-суретте көрсетілген.

Графитті жоғары қысымда буландыру аркылы наноталшықтардың бір түрі - сфералық бөліктері бар КНТ алуға болады. Мұндай көпқабатты КНТ сызбанұсқа түрінде 1.4 е-суретте көрсетілген. КНТ мен КНЖ өздерінің тұрақтылықтары бойынша да ерекшеленеді.



1.35-сурет. Аморфты көміртекті нанотүтікшелерді күйдіру кезіндегі құрылысының өзгеруі. Стрелка бағыты температура арту бағытын көрсетеді

КНТ-дің морфологиясы мен құрылысы сыртқы әсерлерден өзгеруі мүмкін. Мысалы, диаметрлері 10-60 нм болатын аморфты КНТ-ді инертті ортада 1700-2000%С күйдіру олардың графенді қабат түзе кристалдануына алып келеді. Үдеріс екі сатымен өтеді (1.35-сурет): бірінші сатыда кішкене графитті кристаллиттер түзіледі, ал екінші сатыда кристаллиттер қайта бағытталып, үлкейеді және турбостратикалық графит тәрізді, реттелген үшөлшемді құрылым түзеді.

Бір-біріне кидірілген қиылған конустәрізді КНЖ жоғары температуралық күйдіру цилиндрлік қабырғалары бар КҚКНТ түзілуіне алып келеді. Аралық сатылар кезінде сыртқы цилиндрлік қабаты бар, ал ішкі қабаттарында цилиндрлік ретте орналасқан графен қабаттары бар құрылымдар түзілетіні анықталған (1.36-сурет).

КҚКНТ морфологиясы механикалық сыртқы әсерден өзгеріске ұшырайды. Мысалы, шарлы диірменде КҚКНТ ұзақ уақыт ұсақтау түтікшелердің қысқаруына, майысуына және ашылуына алып келеді. Нәтижесінде түтікшелердің сорбциялық сыйымдылығы мен меншікті беттік ауданы артады. Бұл кезде агрегаттар мөлшері кішірейіп, КҚККНТ ішкі қабаттары ажырауы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   131




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет