Көлемін 2 есе арттырып, ал абсолют температурасын 2 есе кеміткен кезде, идеал газдың қысымы қалай өзгереді?
Ыдыстағы газдың жартысы шығарылып жіберілді. Қалған газдың қысымын бастапқы қысыммен салыстырғанда 3 есе арттыру үшін оның абсолют температурасын қалай өзгерту керек?
Молекулалардың ең ықтимал жылдамдығы 3 есе артса, газдың температурасы қалай өзгереді?
Массасы 320г оттегін температурасы 10К – ға изобаралық қыздыру кезінде қандай жұмыс атқарылады (р = 105 Па):
Көлемі 83 дм3 түтікте температурасы 270С массасы 20 г сутегі бар. Оның қысымын анықта:
Сыйымдылығы 70 м3 бөлменің температурасы 280 К пешті жағып қыздырғанда температура 296 К-ге көтерілді. Егер қысым тұрақты 100 кПа тең болса, ауаның ұлғаю кезіндегі жұмысы неге тең?
Газдың концентрациясы өзгермеген жағдайда абсолют температурасы 3 есе артса, идеал газдың қысымы қалай өзгереді?
Молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы 3 есе артса, молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
Егер газ температурасы 2 есе артса, молекуланың орташа кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?