Төменгі жақасты лимфа бездері улкейген. Алғашқы диагноз койыңыз



Дата11.06.2023
өлшемі48,53 Kb.
#178645
Байланысты:
гос тест 2
3. Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары, Курсовая работа финальная версия

6. Емханаға 66 жастағы науқас Н., қатты таңдай аймағының тағам қабылдағанда және тістерін тазалағанда кушейе тусетін ауыратынына шағымданып келген.Науқастың, айтуы бойынша ыстық тағамды байкаусыз қабылдағаннан кейін пайда болған ауру сезімдері 2 тәулік бойы мазалайды. Ауыз қуысын қарағанда: қатты таңдайдың, шырышты қабығы қызарған, ісінген, бетінде пальпацияда ауыратын, пішіні дұрыс емес фибринозды қақпен жабылған эрозия аймақтары анықталады.
Төменгі жақасты лимфа бездері улкейген. Алғашқы диагноз койыңыз:
А) қатты таңдайдың жырылған жарасы
Б) қатты таңдайдың тесілген жарасы
В) герпетикалық стоматит
Д) қатты таңдайдың шырышты қабығының күйігі +
Е) лейкоплакия
7. Пациент Ж. 46 жаста, 1.6 тістің созылмалы гранулематозды периодонтиттің өршуі диагнозы бойынша келді. Түбір өзектерін аспаптық өңдеу кезінде медиальды- ұрттық өзегі ұзындықтың 2/3 бөлігіне дейін өтті. Аталған түбір өзегінің өткізгіштігін жеңілдету үшін қандай материалды қолдану керек?
А) ЭДТА гелі +
Б) қалампыр майы
В) хлоргексидин ерітіндісі
Д) ортофосфор қышқылының гелі
Е) резорцин- формалин қоспасы
9. 20 жастағы В. есімді пациент ауыз қуысын санациялау үшін дәрігер- стоматологқа келді. Қарау кезінде 4.7 тістің артқы ұрт төмпешігінің ұшы аймағында деминерализацияланған дақ анықталды, оның ортасында эмаль деңгейіндегі қуыс бар. Сүңгілегенде, температуралық тітіркендіргішке реакциясы жоқ, ЭОД – 3 мкА.
Болжамды диагноз қойыңыз:
А) ақ дақ сатысындағы тісжегі +
Б) гипоплазия, нүктелі түрі
В) беткейлік түрі
Д) жергілікті гипоплазия
Е) орташа тісжегі
11. Жергілікті реминерализация терапиясының әсер ету механизмі мыналарға негізделген:
А) тіс бетін қоршайтын (омывающий ) ауыз сұйықтығының рН өзгеруі
Б) тіс бетін тіс қағынан мұқият тазалау
В) тіс бетінен патогендік микрофлораны алып тастау
Д) тіс тіндеріндегі эмаль мен ион алмасуының өткізгіштігі +
Е) тістің бетінде қорғаныш қабатының пайда болуы
17. Мырыш тотығы мен эвгенол негізіндегі пасталарға қандай пломбалық материал жатады?
А) эндометазон +
Б) биокалекс
В) пульпотек
Д) уницем
Е) АН - 26
18. 29 жастағы науқасқа 2.3 тістің дентинінің тісжегісі диагнозы қойылды. Қарағанда: тісжегі қуысы күрек тістер мен ит тістерлің кескіш жиегінің бұзылуынсыз жанасу беттерінде орналасады. Тістердің тісжегі қуысының Блэк бойынша классын анықтаңыз:
А) I
Б)II
В)III +
Д)IV
Е)V
19. Емханаға 26 жастағы науқас Р., төменгі жақ аймағындағы өздігінен болатын ұстамалы ауырсынуға шағымданып келді, ауырсыну құлақ аймағына таралып, түнге қарай күшейе түседі. Себепші тісті дәл көрсете алмайды. Ауыз қуысын қараған кезде: 3.6 тістің шайнау беткейінде терең тіс жегі қуысы анықталды, қуыс түбін зондтау ұзақ мерзімді ауырсынады. Қуыс түбі мен жиектері жұмсақ, дентин сарғыш түсті, оңай алынады. Температуралық тітіркендіргіштер ұзақ мерзімді баяу басылатын ауырсыну тудырады. Перкуссия ауырсынусыз. Алғашқы диагноз қойып, диагностика әдісін анықтаңыз:
А) Созылмалы периодонтит, перкуссия
Б) Созылмалы пульпит, пальпация
В) Жедел периодонтит, рентгенография
Д) Дентин тіс жегісі, витальды бояу
Е) Жедел пульпит, электроодонтометрия +
20. 24 жастағы пациенттің ауыз қуысын тексеру кезінде дәрігер- стоматолог 3.5 тістің вестибулярлық бетінің мойын аймағында ақ түсті жеке бор тәрізді дақ байқады. Дақтың беті күңгірт, тегіс 2% метилен көк ерітіндісімен дақ боялады. Температуралық тітіркендіргішке рекция жоқ. ЭОД – 4 мкА. Болжамды диагноз қойыңыз:
А) флюороз, бор тәрізді- бедерлі пішінді
Б) ақ дақ сатысындағы тісжегі +
В) флюороз, дақты формасы
Д) беткейлік тісжегі
Е) жергілікті гипоплазия
21. Науқас А., 40 жаста аузын шаю кезінде сұйықтықтың мұрын қуысына өту шағымымен келді. Анамнезінен 3 тәулік бұрын жоғарғы жақта 1.6 тісін жұлдырған. Объективті: беті симметриялы, ауыз ашылуы еркін, 1.6 тіс ұяшығы таза, зондтау кезінде жоғарғы жақ қойнауымен байланысы бар. Болжам диагноз қойыңыз:
А) жоғарғы жақ қойнауының созылмалы синуситі
Б) созылмалы этмоидит
В) гаймор қойнауы түбінің перфорациясы +
Д) жедел фронтит
Е)жедел сфеноидит
22. Хирургиялық кабинетке 30 жастағы әйел сол жақ төменгі жақсүйектің иррадациялы ауырсынуына, жұтыну кезіндегі ауырсынуға шағымданып келді. 3 күннен бері ауырады, тісі бұрын мазалаған. Беті симметриялы, тері жамылғысының түсі өзгермеген. Ауыз қуысында: 3.8 тіс бұзылмаған, жартысы жарылған, тісті жабатын және тістің айналасындағы шырышты қабық гиперемияланған, ісінген, қызылиек шетінің астынан ірің шығады. Бұл клиникалық жағдайда алдын ала диагноз қандай?
А) 3.8 тістің қиналып жарып шығуы, жедел іріңді перикоронарит +
Б) 3.8 тістің жарып шығуы, созылмалы перикоронориттің өршуі
В) 3.8 тістен дамыған ретромолярлық кеңістіктің абсцессі
Д) 3.8 тістен дамыған ретромолярлық кеңістіктің флегмонасы
Е) 3.8 тістің жедел периодонтиті
23. 25 жастағы науқас У., медиальды қанаттәрізді бұлщық еттің қабынбалы контрактурасына байланысты ауыз ашылуының шектелуі бар. 4.7 тісті жұлу керек. Контрактура 3- дәрежелі. Анамнезінде – ауыз ашылуының шектелуі 3 тәулік бұрын пайда болған. Осы клиникалық жағдай кезінде жансыздандыру әдісін:
А) Берше- Дубов бойынша +
Б) Вайсбрем бойынша
В) мандибулярлы
Д) торусальды
Е) туберальды
24. Жақсүйек – бет бөлімшесіне жақсүйек – бет аймағының жарақаты бар 42 жастағы ер адам түсті. Пациенттің айтуынша, ол есін жоғалтпаған, құспаған. Жалпы жағдайы орташа ауыр. Жақсүйек – бет хирургі оны бірден рентгенограммаға жіберді. Суретте: сыну сызығы алмұрт тәрізді тесіктің негізінен, альвеолярлық өсіндіден, жоғарғы жақсүйектің төмпешігі мен қанат тәрізді өсінді арқылы өткен. Бұл клиникалық жағдайда алдын ала диагноз қандай?
А) біріктірілген жарақат
Б) бетсүйек доғасының сынуы
В) Ле Фор- 2 бойынша жоғарғы жақсүйектің сынуы
Д) жоғарғы жақсүйектің ішінара сынуы
Е) Ле Фор- 1 бойынша жоғарғы жақсүйектің сынуы
25. Науқас А., 25 жаста, ультракаинмен жергілікті анестезия өткізгеннен кейін 5 минуттан соң төменгі еріннің оң жақ жартысында, иекте және тілдің ұшында ұю пайда болды. Осы анестезияны өткізу кезінде қандай жүйкелерге блокада жасалды:
А) төменгі шұңқырша және тіл жүйкелері
Б) таңдай және кескіш жүйкелер
В) артқы жоғарғы ұяшықты және таңдай жүйкелері
Д) ұрттық және көзасты жүйкелері
Е) бет жүйкесінің тармақтары
27. Клиникаға 54 жастағы Л.есімді науқас сол жақ төменгі жағының жұмсақ тіндері аймағындағы ісінуге, ауырсынуға, дене температурасының 37,8С-ге дейін жоғарылағанына шағымданып келген. 4.6 тісінің ауырғанына 3 тәулік өткен, 2 тәулік бұрын ісік пайда болған. Объективті: сол жақ төменгі жағының жұмсақ тіндерінің ісінуі нәтижесінде бетінің асимметриясы, терісі гиперемиялы, ісінген. Пальпация ауырсыну туындатады. Ауызды ашу ауыртады. 4.6 тістің тіссауыты 2/3-ге бұзылған, перкуссия ауырсыну туындатады. Переходная складка на уровне 4.5, 4.6, 4.7 тістер деңгейінде ауыспалы қатпарлар жазылған, гиперемиялы, ісінген, кернеулі. Пальпация жасау ауыртады. Болжамды диагноз қойыңыз және диагностика әдісін анықтаңыз:
А) төменгі жақтың жедел іріңді периоститі, рентгенография +
Б) төменгі жақтың жедел іріңді остеомиелиті, электроодонтометрия
В) ұрт аймағының флегмонасы, иммунологиялық зерттеу
Д) жедел іріңді лимфаденит, коагуллограмма
Е) жедел іріңді периодонтит, телерентгенография
28. Клиникада А. есімді 27 жастағы науқасқа «4.6 тістің созылмалы периодонтиті» диагнозы қойылған, 4.6 тісті жұлу жоспарланған. Мандибулалық анестезияны өткізу кезінде инъекциялық иненің ұшы сынған. Жұмсақ тінде қалып қойған иненің сынығы көзбен көрінбейді. Науқасқа әрі қарай жасалатын әрекетті анықтаңыз:
А) жұмсақ тіндерді кесу, сынықты өздігінен алу
Б) науқасты ауыз ішілік рентгенографияға жіберу
В) ауруғана жағдайында зерттеу және бақылау
Д) бөгде денені шектеп алғанға дейін күту әрекеті
Е) емдік әс-шаралар талап етілмейді
29. Науқас Д., 35 жаста, дәрігер келесі диагнозды қойды: 4.7 тістен бастап төменгі жақтың созылмалы одонтогенді остеомиелиті. Осы аурудың негізгі жергілікті симптомы қандай:
А) қиын тыныс алу, тахикардия
Б) температура жоғарылау, шайнағанда ауырсыну
В) тахикардия, ауызды ашу шектелген
Д) жыланкөздің болуы +
Е) жұтынған кездегі ауырсыну, тахикардия
30. 18 жастағы жігіт тісін жұлдыру үшін стоматологиялық клиникаға келді. Ауыз қуысында: 1.6 тіс толығымен бұзылған,шырышты қабықтың ерекшеліктері жоқ. Дәрігер- стоматолог тісті жұлуға шешім қабылдады. Ауырсынуды басатын дәрі еккеннен кейін, дәрігер тісті жұлып тастады, бірақ оны алып тастағаннан кейін тісұядан көпіршікті қан пайда болды. Науқас ұртын томпита алмады. Тісті жұлу операциясынан кейін қандай асқыну болды?
А) парез
Б) қан кету
В) жоғарғы жақсүйектің бұдырын жұлып алу
Д) альвеолярлық өсіндінің сынуы
Е) гаймор қойнауының перфорациясы +
31. Науқас К., 29 жаста, 3.6 тісті жұлу мақсатында дәрігер мандибулалық анестезия өткізген. 10 минуттан кейін 3.6 тістің иектік жиегін қабаттауға кіріскен. Тіл жағынан қабатталу ауру сезімінсіз, вестибулярлық жағынан – ауырсынуға байланысты науқас қабаттауды жасатпады. Дәрігер жіберген қателікті түсіндіріңіз, қандай нервтің блокадасы жасалмаған:
А) көзасты жүйкесіне
Б) ұрт жүйкесіне
В) төменгі жақ жуйкесіне
Д) тіл жүйкесіне
Е) таңдай жүйкесіне
34. Науқас Д., 27 жаста, дәрігер 3.6 тісті жұлу үшін операция өткізу үшін инфильтрациялық анестезия жасады. 3.6 тісті жұлу операциясын жүргізу кезінде тіс түбірінің ұшы сынған, ауырсыну күшейгендіктен тісті жұлу мүмкін болмаған. Анестезияны қайта жасау қажеттігі туындаған. Осы жағдайда дәрігер қолдануы тиіс анестезия түрін анықтаңыз:
А) туберальды және кескіш
Б) мандибулалық және таңдайлық
В) мандибулалық және инфильтрациялық +
Д) ментальды және инфильтрациялық
Е) туберальды және мандибулалық
35. Дәрігер- стоматологқа 36 жастағы ер адам төменгі жақсүйектің тіс аймағында ұстамалы ауырсынуға шағымданып келді. Беті симметриялы, дұрыс пішінді, тері жамылғысы таза. Аыз қуысында: 4.8 тісте тіс қуысымен байланыспайтын кариозды қуыс, сүңгілеу бір нүктеде ауырады. Перкуссия ауыртпалықсыз. Бұл тіске қатысты емдеу тәсілі қандай?
А) өмірлік ампутация
Б) өмірлік экстерпация
В) девитальды ампутация
Д) девитальды экстерпация
Е) тісті жұлу
36. Науқас А., 35 жаста, 4.6 тісті жұлу операциясы жасалу керек. Тісті жұлу операциясы кезінде дәрігер жұмыр жалғаманы толығымен қабаттамаған. Шұңқыршадан тісті шығару кезінде шырышты қабық ажырап иектен көп қан кеткен. Тісті жұлу кезінде дамыған асқынуды анықтаңыз:
А) гематома
Б) тістің сынуы
В) тістің шығуы
Д) альвеолит
Е) қызыл иектің ажырауы
37. Хирургиялық кабинетке 20 жастағы жігіт жұтынған кезде ауырсынатынына шағымданып келді. 2 күннен бері ауырады. Ауыз қуысында: 4.8 тіс шығып келеді, медиальдық төмпешік көрінеді, тісті жабатын шырыш және ретромолярлы аймақ гиперемияланған, ісінген, өтпелі қатпарды пальпациялағанда ауырады, оң жақ жақсүйекасты лимфа түйіндері үлкейген, ауыртпалық, қозғалмалы. Ортопантомограммада: 4.8 тіс вертикальды тұр, ретромолярлы қашықтық – 0.8 см. Бұл клиникалық жағдайда емдеу тәсілі қандай?
А) перикоронароэктомия
Б) пункция
В) перистотомия
Д) тісті жұлу
Е) эндодонтия
38. Ауруханаға 39 жастағы науқас А. жоғарғы жақ аймағындағы ауырсынуға, ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуына шағымданып келді. Қойылған диагноз: 2.7 тістің созылмалы периодонтитінің асқынуы. 2.7 тісті жұлу операциясы көрсетілді. Жергіліікті жансыздандыру әдісін анықтаңыз:
А) туберальды және күректістік
Б) туберальды және таңдайлық +
В) туберальды және тілдік
Д) көзастылық және күректістік
Е) күректістік және таңдайлық
40. Клиникаға Н. есімді 25 жасар науқас қаралды. Дәрігер «4.7 тістің созылмалы периодонтиттің өршуі» диагнозын қойды. 4.7 тісті жергілікті анестезия көмегімен жұлу жоспарлануда. 4.7 тісті жұлуға арналған сайманды және дәрігердің орналасу қалпын анықтаңыз:
А)тоғыспайтын тұмсық тәрізді қысқыштар, дәрігердің орналасу қалпы артынан және оң жақтан +
Б) әмбебап қысқыштар, дәрігердің орналасу қалпы науқастың артынан және сол жақтан
В) тоғыспайтын тұмсық тәрізді қысқыштар, дәрігердің орналасу қалпы алдынан және оң жақтан
Д) тоғыспайтын тұмсық тәрізді қысқыштар, дәрігердің орналасу қалпы артынан және сол жақтан
Е) әмбебап қысқыштар, дәрігердің орналасу қалпы науқастың алдынан және сол жақтан
41. Клиникалық қабылдауға 67 жастағы науқас жоғарғы және төменгі жақтарда толық тістерінің жоқтығына шағымданып келді. Тексеру барысында жоғарғы жақта экзостоздың бары және төменгі жақта альвеолярлық өсіндінің толық атрофиясы анықталды. Осы науқасқа толық алмалы протез дайындау үшін протез негізін таңдаңыз:
А) пластмассалы
Б) металды
В) силиконды
Д) нейлонды
Е) қосқабатты
42. 62 жастағы М. науқас. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ сүйегі альвеолярлық өсіндісі жақсы сақталған, аз батымды шырышты қабықпен жабылған. Таңдай біркелкі шырышты қабықпен жабылған, артқы бөлігі аз батымды. Шырышты қабаттың табиғи қатпарлары ( ерін, ұрт және тіл жүгеншелері) жоғарғы және төменгі жақтарға альвеолярлы өсінді шыңынан алшақ орналасқан.
А) суппле бойынша І класс
Б) суппле бойынша ІІ класс
В) суппле бойынша ІІІ класс
Д) суппле бойынша ІV класс
Е) суппле бойынша V класс
43. Жоғарғы және төменгі жақтарға жартылай алмалы пластиналық протездердің балауызды құрылымын ауыз қуысына енгізген кезде, беттің төменгі бөлігі ұзарды, еріндер қиындықпен түйіседі, бет қатпарлары тегістелген, сөйлеу кезінде алдыңғы тістердің арасындағы саңылау аз байқалады, тістердің тықылдары естіледі. Барлық қарсы тістер бір бірімен біркелкі әрі тығыз түйіседі. Қандай қателік жіберілді және сіздің іс әрекетіңіз:
А) тістем биіктігі жоғарылатылған- орталық окклюзияны қайта анықтау
Б) тістем биіктігі жоғарылатылған- бүйір тістердің окклюзиялық беттерін егеу
В) фронтальды тістердің дұрыс емес орналастырылуы- балауызды жұмсартып фронтальді тістерді тереңірек орналастыру
Д) тістем биіктігі төмендетілген- тістемді қыздырылған балауыз пластинкасымен жоғарылату
Е) тістем биіктігі жоғарылатылған- фронтальды тістердің кесу қырларын егеу
45. Науқас Ж. 52 жаста ауыз қуысында металл дәмінің және қышқыл сезімінің пайда болғанына шағымданады. Анамнезі: 2 ай бұрын протез салдырған. Объективті: ауыз қуысының шырышты қабығы өзгеріссіз, ауыз қуысында әртүрлі металладардан әзірленген протездер бар ( алтын және тотықпайтын болат), тістем бекітілген. Никель, хром, кобальтқа тері сынамалары теріс. Диагноз қойыңыз:
А) гальваноз
Б) аллергиялық стоматит
В) жарақаттық стоматит
Д) химия- токсикалық стоматит
Е) токсикалық стоматит
48. Науқасты тексеру барысында жоғарғы жақта 2.3- 2.6 тірек тістерде көпіртәрізді протез анықталды. 2.7- 2.8 тістер жұлынған. Көпіртәрізді протезді шешкеннен кейін 2.6 тістің толық бұзылуына байланысты жұлдыру ұсынылды. Диагноз қойыңыз:
А) кеннеди бойынша І класс
Б) кеннеди бойынша ІІ класс +
В) кеннеди бойынша ІІІ класс
Д) кеннеди бойынша IV класс
Е) гаврилов бойынша V класс
49. 52 жастағы ер адам, жоғарғы жағына жартылай алмалы пластиналық протезді салдыруды жоспарлаған. Тексеру барысында: тіс тастарының алдыңғы бөлігінде кетік бар, альвеолярлы өсіндісі айқын атрофияға ұшыраған. Жасанды тістерді орналастыру түрін анықтаңыз:
А) жұмсақ төсеніште
Б) металл негізде
В) жасанды қызыл иекте
Д) қосқабатты негізде
Е) жанастыра орналастыру
50. Қалпына келтіру сауытын 1.8 тіске орналастыру кезеңінде сауытта мерзімінен бұрын жанасу анықталды және жақын тұрған тістер түйіспейді. Ішкі беткейін таңбалау кезінде сауыттың тісте тығыз орналасқандығы байқалады. Тіс- қызылиек науашығында ауырсыну жоқ. Қызылиек ағармаған. Бұл науқаста сауыт қандай?
А) ұзын сауыт
Б) қысқа сауыт
В) биік сауыт
Д) төмен сауыт
Е) тар сауыт
51. Клиникаға науқас жоғарғы оң жақ тісінің бұзылғандығына шағымданып келді. Анамнезі: 1.7 тісті тісжегісі бойынша бірнеше рет емдеткен, пломба 2 рет түсіп қалған. Объективті: 1.7 тіс сауыты қысқа, шайнау бетінде кең көлемді пломбасы бар. Тіс ұлпасы алынған, перкуссиясы теріс, рентген суретте тіс каналдары түбір ұшына дейін толық пломбыланған. Патологиялық өзгерістері жоқ. Ортопедиялық емдеу әдісін таңдаңыз:
А) тұтас құйылған сауыт
Б) пластмассалы сауыт
В) тұқылды сауыт
Д) Ричмонд бойынша өзекті тіс
Е) өзекті пластмассалы сауыт
52. Клиникалық өабылдауға 37 жастағы науқас протез салдыру мақсатында келді. Қарап тексергенде: жоғарғы жақта тіс қатарының кетігі анықталды, алдыңғы бөлігінде шектелген кетік ал бүйір бөлігінде шектелмеген кетік. Жоғарғы жаққа доғалы протез дайындау ұсынылды. Доғалы протезді бекіту жүйесін таңдаңыз:
А) Нея жүйесі
Б) құлыпты бекіту
В) телескопиялық жүйе
Д) ұстағыш кламмерлер
Е) Румпел- Дольдер жүйесі
53. Тісті препараттау кезінде ұлпаны зақымдайтын сонан соң пульпитке әкелетін факторларға мыналар жатады
А) бормен механикалық қысым
Б) ауамен салқындату
В) сумен салқындату
Д) тіс гипертермиясы +
Е) бор дірілі
54. Қалып бойынша құйылған мүсінде металлокерамикалық сауыттың астына дайындалып егелген тістің тіс- қызыл иек науашығының көмескі, айқын емес түскен таңбасы бойынша әзірленген сауыт жанаспайды
А) кертпемен
Б)қарама қарсы тістерімен
В) тістемді жоғарылатумен
Д) қатар тұрған тістермен
Е) протездік жазықтықпен
56. Пациент М, 47 жаста, кең жасанды сауыт тұрақты цементке бекітілді. Жасанды сауыт жиегі мен тістің мойыны арасындағы цементтің қалыңдауы неге ықпал етеді?
А) тістеу кезінде ауырсынуға
Б) цементтің сіңірілуіне
В) жасанды сауыттың сенімді бекітілуіне
Д) тіс ұясының сүйек тінінің атрофиясына
Е) қарсы тістерімен мерзімінен бұрын түйісуге әкеледі
58. Науқас эстетикалық талапқа сай келуі үшін металлокерамикалық протез салуды талап етеді. Тексеру барысында 2.2 және 2.3 тістері жоқ. 2.1 және 2.4 тістері бүтін, қабыну белгілері анықталмады. Тістем ортогнатиялық. Тістері майда, сауыт бөліктері төмен. Дәрігердің іс- әрекетін таңдаңыз:
А) болмайды, себебі 2.1, 2,4 тістер шайнау қысымының үлкен жүктемесін қабылдайды.
Б) болмайды, себебі сауыт бөлігінің төмендігіне байланысты нашар бекітіледі.
В) болмайды, себебі сауыт бөлігінің төмендігіне байланысты ұлпаның ашылуы мүмкін
Д) болады, егерде 1.1 және 2.5 тістерін қосымша тірек ретінде қолдансақ
Е) болмайды, себебі ортогнатиялық тістем кезінде металлокерамикалық протез қолданылмайды
59. Егелген және тіс ұлпасы алынбаған тістерді уақытша құрылымдармен қорғауданбас тарту кезінде, эмалдің қорғаныш қабілетінің болмауы және дентин түтікшелерінің ашылуы, одонтобласттардың зақымдануы бірінші тәулікте алып келеді:
А) пародонтитке
Б) периодонтитке
В) тістердің ығысуына
Д) тозудың жоғарылауына
Е) ауырсыну сезімталдығының жоғарылауына
60. Клиникаға 27 жастағы әйел эстетикалық кемістікке шағымданып келді. Анамнезі: 1.7 тісті тісжегісі бойынша бірнеше рет емдеткен, пломба жиі түседі. Объективті: 1.7 тістің шайнау бетінде пломба жартылай сынған, түсі өзермеген. Салманың түрін таңдаңыз:
А) онлей
Б) инлей
В) пинлей
Д) оверлей
Е) тұқылды
61. Профилактикалық тексеруге анасы бір айлық нәрестесімен келді.Бастың пішінінің дұрыс еместігіне шағымданды. Анамнезінде бала мерзімі жетіп туылған, бірінші жүктіліктен, жүктілік кезінде ауытқулар байқалмаған. Объективті: баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бастың пішіні сопақша және ұзынша, бастың маңдай бөлігі ұзындау, бет профилі сәл шығып тұрады. Бұл клиникалық жағдайда бастың пішіні қандай?
А) скафоцефалиялық
Б) брахиоцефалиялық
В) долихоцефалиялық
Д) плагицефалиялық
Е) гидроцефалиялық
63. Ортодонт дәрігерге 8 жасар баланың ата- анасы тістемнің дұрыс еместігіне шағымданып келді. Тексеру кезінде төменгі және жоғарғы күрек тістердің тығыз орналасуы, алдыңғы бөлімде жоғарғы және төменгі жақ сүйектің тарылуы байқалады. Дәрігер тіл, таңдай және вестибулярлық доғалары бар ерін пелоттары және ұрт қалқандары бар алмалы- салмалы аппарат жасады, жоғарғы және төменг жақ сүйектерге бекітіледі. Бұл сипаттама қандай ортодонтиялық аппаратқа қатысты?
А) Френкель
Б) Хургина
В) Энгль
Д) Порт
Е) Рудько
64. 10 жастағы А.есімді бала дәрігерортодонтқа қаралды. Анамнезінде: жұдырығын ұртына қойып сол бүйірімен жатып ұйықтау әдетке айналған. Объективті: бетінің оң және сол жақ жартысы симметриялы емес, бетінің жоғарғы, ортаңғы және төменгі үштен бірі пропорционалды, мұрын-ерін, иек асты қатпарлары орташа дамыған, профилі тура. Трансверзаль бойынша шайнау тістерінің жақындасуы: сол жақтан - төменгі шайнау тістерінің ұрт төмпектері жоғарғы ұрт төмпектерін жабады, оң жақтан – төменгі шайнау тістерінің ұрт төмпектері жоғарғы ұзына бойы фиссурада орналасқан. Төменгі және жоғарғы орталық күрек тістердің арасындағы ортаңғы сызық 2 мм оңға ығысқан. Аузын ашу көлемі 39 мм, аузын ашқан кезде девиация байқалады.Болжамды диагноз қойыңыз:
А) Айқасқан окклюзия +
Б) мезиалды окклюзия
В) дисталды окклюзия
Д) вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
Е) сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
65. 9 жастағы балаға ортодонт дәрігер терең тістем диагнозын қойып, пластмассалы негізі бар аппаратты қолданды, онда сагиттальды бөлінген ортодонтиялық бұрандасы, ылди жазықтығы, ленталы кламмерлері бар, бұранда 3- 4 күнде 1 рет ¼ айналымға бұрау арқылы іске қосылады. Құрылғы алмалы- салмалы, ол шайнау байламдарының бұлшықет күшін пайдаланады және сонымен қатар тіс қатарына механикалық әсер етеді. Бұл сипаттама қандай ортодонтиялық аппаратқа сәйкес келеді?
А) Хорошилина
Б) Хургина
В) Брюкль
Д) Вебер
Е) Катц
66. Науқас Г., 8 жаста, бетінің деформациясы шағымымен қаралған. Объективті: иек астының оңға ығысуы әсерінен бетінің асимметриясы. Мұрын-ерін, иек асты қатпарлары орташа дамыған, профилі тура. Трансверзаль бойынша шайнау тістерінің жабылуы: сол жақтан - төменгі шайнау тістерінің ұрт төмпектері жоғарғы тістердің таңдай төмпектерімен байланысады, оң жақтан – төменгі шайнау тістерінің ұрт төмпектері жоғарғы тістің ұрт төмпектерін жабады. Төменгі және жоғарғы орталық күрек тістердің арасындағы ортаңғы сызық 4 мм оңға ығысқан. Аузын жапқанда төменгі жақ оңға ығысады, аузын ашқанда қалыпты жағдайға қайта келеді. Ауызды ашу көлемі 39 мм. Болжамды диагноз қойыңыз:
А) мезиалды окклюзия
Б) айқасқан окклюзия +
В) дисталды окклюзия
Д) вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
Е) сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
72. Қалыпты окклюзия және алдыңғы тістердің айқын тығыз орналасуы кезінде жоғарғы жақтың үш сегменттерінің (алдыңғы, ортаңғы, артқы) 6,7 ± 0,84 мм-ге, дистоокклюзия кезінде 6,4 ± 0,93 мм-ге, мезиоокклюзия кезінде 6,3мм ± 0,91 мм-ге қысқаруы келесі жолмен ауытқулы тістесуді емдеуге көрсеткіштердің бірі болып табылады:
А) бөлек тістерді емдеу
Б) бүйір күрек тістерді емдеу
В) ит тістерді жұлу
Д) жеке тістерді жұлу +
Е) молярларды жұлу
73. Анасы 9 жасар баласымен ортодонт дәрігердің кеңесіне келді. Анасының айтуы бойынша, бала түнде аузын ашып ұйықтайды. Сыртқы тексеру кезінде еріндер толығымен жабылмайды, танаулары тарылған, «қызылиектің күлімсіреу» байқалады. Ауыз қуысында жоғарғы жақ сүйегі V- тәрізді пішінді, төменгі жақ сүйегі жоғарғы жақ сүйекке қатысты тарылған және дамуда артқа қалған. Балада қандай функцияның бұзылуы байқалады?
А) сөйлеудің қалыптасуы
Б) тістеу
В) жұту
Д) шайнау
Е) тыныс алу +
74. Науқас А., 15 жаста, ортодонтқа жоғарғы орталық тістерарасында саңылаудың болуына шағымданып қаралды.Объективті: бетінің төменгі үштен бірінің қысқаруы нәтижесінде бетінің асимметриясы байқалады. Мұрын-ерін қатпарлары жазылған, иек асты қатпарлары анық. Төменгі фронталды тістердің тығыздығы байқалады. Тістердің фронталды бөлімді жабылуы кезінде ортаңғы сызық 4 мм солға ығысқан. Жоғарғы орталық күрек тістері төменгі тістерді тіссауыттың ½ биіктігінде жауып тұрады. 13,12,11 тістер аймағында сагиталды саңылау орталық күрек тістер бағытына қарай 3 мм-ге дейін кішірейген. Аузын ашу көлемі 41 мм, аузын ашқанда девиация байқалады. Болжамды диагноз қойыңыз:
А) қиылысқан окклюзия
Б) мезиалды окклюзия
В) дисталды окклюзия
Д) вертикалды күрек тістік дизокклюзия
Е) терең күрек тістік дизокклюзия +
76. Ортодонт дәрігерге 8 жасар баланың ата- анасы аузының жартылай ашық болуына, тістемінің дұрыс еместігіне шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша, бала ЖРВИ, тонзиллитпен жиі ауырады. Бала кезінде емізікті ұзақ уақыт емген. Ауыз қуысында: еріндер толығымен жабылмайды, еріндері құрғақ, орталық жоғарғы күрек тістердің протрузиясы, готикалық таңдай, жоғарғы жақ сүйектің алдыңғы жағы тарылған, төменгі жвқ сүйектің тіс қатары трапеция тәрізді, тік саңылау 8.3 – тен 7.3 – ке дейінгі тістерге 4мм құрайды. Бұл клиникалық жағдайда алдын ала диагноз қандай?
А) дистальдық тістем
Б) мезиальдық тістем
В) жеке тістердің ауытқуы
Д) ашық тістем
Е) айқасқан тістем
79. Қыздарда 11 жасында және балаларда 13 жасында гнатикалық түрдегі мезиальды тістесуде ұқсас жоғарғы тістердің адентиясы кезінде төменгі тіс қатарының дамуын тоқтату мақсатында жұлу қажет:
А) кіші мектеп жасында бірінші молярлар ұрықтарын
Б) жоғары мектеп жасында бірінші премолярлар ұрықтарын
В) препубертатты кезеңде төменгі үшінші молярлар ұрықтарын +
Д) орташа мектеп жасында екінші премолярлар ұрықтарын
Е) мектепке дейінгі жаста екінші молярлар ұрықтарын
81. Бала 7 жаста. Анамнезде: балалар церебралды салдануы бар. Ауыз қуысын тексергенде: кп + КПУ= 7. Балада тісті емдеуге қатысты айқын негативті психо- эмоциональды күй қалыптасқан. Баланың тісін емдеу және тісті жұлу үшін қандай жансыздандыру қажет?
А) седация
Б)жергілікті
В)өткізгіштік
Д)сүйекішілік
Е) жалпы жансыздандыру +
82. Бала 9 жаста. Шағымы: тістерінің косметикалық ақаулары. Ауыз қуысында: 1.6, 1.5, 2.5, 2.6, 3.6, 4.6 тістердің шайнау төмпектерінің пішіні тікенек тәрізді, тіл мен ұрттың сілемейлі қыбығын жарақаттайды. Барлық тістің кесу қырына көлденең параллель жатқан жүлгелер көрінеді. Жүлгелердің түбі мен қабырғасы тегіс, тығыз, терең жүлгелер түбінде жұмсақ тіс шөгінділерін көруге болады. Диагнозы қандай?
А) тіс жегі дақ сатысында
Б) флюороз, жылтыр-теңбілді
В) флюороз, штрих тәрізді
Д) жүйелі гипоплазия, жүлгелік +
Е) жүйелік гипоплазия, дақтық
84. Бала 12 жаста. Шағымы: 2.2 тісте үнемі сыздап ауырсыну, ауру сезімі тістегенде күшейе және сол жақ көзге таралады. "Өсіп кеткен" тіс сезімі бар. Объективті: беті симметриялық. Аузын еркін ашады. 2.2 тістің тісжегілік терең қуыс бар, зондтау ауыртпайды, перкуссия ауырсыну туындатады, 2.2 тістің айналасында шырышты қабат гиперемиялы, ісінген, пальпация ауырады. Рентгенограммада 2.2 түбірінің ұшында ағарған гомогенді ошақ бар, пішіні дөңгелек, диаметрі 0,5*0,5 см, шекаралары анық. Клиникалық диагнозы мен емдеу әдісін қандай?
А) жедел іріңді периодонтит, тісті жұлу
Б) созылмалы гранулематозды периодонтиттің өршуі, эндодонтиялық ем +
В) созылмалы грануляциялық периодонтит, түбір ұшын резекциялау
Д) созылмалы гангренозды пульпит, эндодонтиялық ем
Е) созылмалы фиброзды периодонтит, эндодонтиялық ем
85. Бала 13 жаста.Шағымы: сол жақ құлақ маңы-шайнау аймағының ауырсынуы және ісінуі, аузында кермек дәм. Анамнез: 2 жылдан бері ауырады, сол кезде ауық-ауық сол жақ құлақ маңы- шайнау аймағында ісіну пайда болады. Аудандық емханада қабынуға қарсы кешенді ем жасалған. Ем нәтижесінде құлақ маңы-шайнау аймағындағы ісіну басылған, алайда кейін қайта пайда болған. Контрасты сиалографияда: құлақ маңы сілекей безінің паренхимасында "жүзім шоғыры" түрінде II-III реттік өзектердің кеңеюі және IV-V реттік өзектердің тарылуы анықталды.Клиникалық диагнозы қандай?
А) жедел вирустық сиалоденит
Б) созылмалы паренхиматозды сиалоденит
В) созылмалы паренхиматозды сиалодениттің өршуі +
Д) созылмалы интерстициалды сиалодениттің өршуі
Е) жедел іріңді силоденит
86. Нәресте 10 айлық.Шағымы: тамақ ішпейі. Анасының жүктіліктің бірінші жартысында токсикоз болған. Бала жасанды тамақтандыруда. Ауыз қуысында: ұрттық аймақтағы 5.2, 5.1, 6.1, 6.2 тістердің вестибулярлы және таңдайлық беткейлерінде орташа тереңдіктегі тісжегілік қуыстар бар. Қуыс жиегіндегі эмаль жылтыр, тегіс. Дентині пигменттелген, тығыз. Сүңгілеу кезінде эмаль-дентин шекарасында ауырсыну. Диагнозы және тісжегінің дәрежесін қандай:
А) орташа тісжегі, компенсация түрі +
Б) беткейлі тісжегі, субкомпенсация түрі
В) терең тісжегі, компенсация түрі
Д) орташа-тереңдеген тісжегі, субкомпенсация түрі
Е) тістің мойын бөлігіндегі тісжегі, декомпенсация түрі
87. Бала 2 жаста. Шағымы: оң жақ жақ асты аймағының ісінуі және ауырсынуы. Сәби 1 апта бұрын баспамен ауырған. Тексеру кезінде: жақ асты аймағында ауырсынатын инфильтрат пальпацияанады, қозғалмалы, терімен және айналасындағы тіндермен бірікпеген, өлшемі 2.5х2.0см. Оның үстіндегі терінің түсі өзгермеген, қатпарларға жинақталған. Аузын еркін ашады, аңқасы гиперемиялы, оң жағы ісінген. Мүмкін диагнозды болжаңыз:
А) мойындағы бүйірлік киста
Б) созылмалы гиперпластикалық лимфаденит
В) жедел серозды лимфаденит +
Д) жедел іріңді лимфаденит
Е) жедел серозды сиалоденит
88. Бала 10 жаста. Аурудың анамнезі: ортодонт дәрігердің кеңесінен кейін ретенцияланған 1.2 тісті жұлу ұсынылды. Балада антибиотиктерге, құлпынайға, цитрус жемістеріне аллергиясы бар, бөртпелермен көрінеді. Панорамалық рентгенограммада: жоғарғы жақсүйектің тарылуы байқалады, 1.1 және 1.3 тістердің арасында көлденең жатқан 1.2 тіс бар. Тіс жұлу операциясы алдында қандай препарат тағайындау қажет?
А) Антигистаминдер
Б) қабынуға қарсы
В) кортикостероидтар
Д) детоксикациялық
Е) сульфаниламидті
89. Бала 10 жаста. Аурудың анамнезі: ортодонт дәрігердің кеңесінен кейін ретенцияланған 1.2 тісті жұлу ұсынылды. Балада антибиотиктерге, құлпынайға, цитрус жемістеріне аллергиясы бар, бөртпелермен көрінеді. Панорамалық рентгенограммада: жоғарғы жақсүйектің тарылуы байқалады, 1.1 және 1.3 тістердің арасында көлденең жатқан 1.2 тіс бар. Тіс жұлу операциясы алдында қандай маманның кеңесі қажет?
А) аллерголог
Б) педиатр
В) анестезиолог
Д) реаниматолог
Е) диетолог
90. Жасөспірім 15 жаста. Шағымы: 3.3 тістің мойын аймағында ақ дақтың болуына. Анамнезі: дақ жарты жыл бұрын пайда болған, уақыт өткен сайын көлемі үлкейген. Ауыз қуысында: 3.3 тістің мойын аймағында күңгірт реңді жылтыр дақ бар. Эмаль күңгірт тартқан. Дақ метилен көктің 2% ерітіндісімен боялады. Температуралық тітіркендіргіштерге реакциясы жоқ. Диагнозы және емдеу әдәсі қандай?
А) орташа тісжегісі, пломбылау
Б) бастапқы тісжегі,реминерализациялық терапия +
В) терең тісжегісі, пломбылау
Д) орташа-терең тісжегісі, реставрация
Е) мойын бөлігіндегі тісжегі, аппликация
91. Бала 14 жаста. Шағымы: қатты және суық тамақ ішкенде 1.6 тістің ауырсынуы. Анамнезі: 1.6 тіс тісжегі диагнозымен емделген, 2 ай бұрын пломба жартылай түсіп қалған, температуралық және механикалық тітіркендіруге ауырады. Ауыз қуысында: 1.6 тістің шайнау беткейінде тісжегілік терең қуыс бар, жұмсартылған дентинге және амальгамалық пломба қалдықтарына толған. Қуыстың түбін сүңгілеу қатты ауырсыну тудырады, суықпен тітіркендіргенде қысқа мерзімді ауырсыну, перкуссия ауыртпайды, ЭОД =10 мкА. Диагнозы және диагностика әдісі қандай?
А) орташа тісжегі, рентгенография және пальпация
Б) беткейлі тісжегі, перкуссия жәнеЭОД
В) терең тісжегі, термодиагностикажәне ЭОД +
Д) орташа тереңдеген тісжегі, витальды бояу және рентгенография
Е) тістің мойын бөлігіндегі тісжегі, зондтау және рентгенография
92. Бала 4 жаста. Шағымы: түнде және тамақтану кезінде тістің ауыратыны. Анамнезі: аллергоанамнез ауыр. Ол жиі суық тиіп ауырады. Ауыз қуысында: 5.4, 5.5, 7.5, 8.5, 6.4 тістердің шайнау беттерінде терең кариозды қуыстар бар, сүңгілегенде бір нүктеде ауырады, перкуссия ауырмайды. Ауыз қуысының шырышты қабаты бозғылт қызғылт түсті. Бұл клиникалық жағдайда жансыздандырудың қандай түрі қажет?
А) жалпы жансыздандыру
Б) седация
В) премедикация
Д) инфильтрациялық
Е) өткізгіштік
93. Бала 9 жаста. Шағымы: жоғарғы жақтың сол бөлігіндегі жұмсақ тіндерінің ауырсынуы және ісінуі, дене қызуы 38 0 С-ге жоғарылауы. Үш күннен бері ауырады. Объективті: жоғарғы жақтың сол бөлігі жұмсақ тіндерінің ісінуі әсерінен бетінде асимметрия. Ісік үстіндегі терісі гиперемиялы, ісінген, пальпация ауырсыну туындатады. Аузын ашу ауыртады. 6.4 тістің тіссауытың 2/3-сі бұзылған, перкуссия ауырсыну туындатады, 7.4 тістің қозғалысы II- дәрежелі. 6.3,6.4,6.5 тістер деңгейіндегі өтпелі қатпар гиперемиялы, ісінген, кернеулі. Пальпация ауыртады. Диагноз болжаңыз және қандай диагностика әдісі тиімді:
А) 6.4 тістің жедел іріңді периодонтиті, телерентгенография
Б) 6.4 тістен бастап жедел іріңді остеомиелит, компьютерлік томография
В) 6,4 тістен батап ұрт аймағының одонтогенді флегмонасы, коагуллограмма
Д) 6.4 тістің жедел іріңді пульпиті, электроодонтометрия
Е) 6.4 тістен бастап жедел іріңді периостит, рентгенография +
94. Бала 8 жаста. Шағымы: жоғарғы жақтың сол бөлігіндегі ауырсынуы және ісінуі. Анамнезі: 6.5 тісінің ауруы 2 тәулік бұрын басталған, сол тісті 6 ай бұрын жедел пульпит диагнозымен емделген. Ауық-ауық 6.5 тіс мазалайтын, алайда қайта медициналық көмекке жүгінбеген. Ісіну пайда болған. Дәрігер- стоматолог тексеру және рентгенография негізінде 6.5 тісті жұлу шешімі қабылданды. 6.5 тіске қандай жансыздандыру және қысқыш түрі қажет:
А) ментальды, тік қысқыш
Б) инфраорбитальды, тік элеватор
В) тубералды, құстұмсық тәрізді түйіспейтін ісікті қысқыш
Д) инфильтрациялық, S-тәрізді түйіспейтін ісікті қысқыш +
Е) мандибулярлық, ісіктері бар құстұмсықты қысқыш
95. Бала 5 жаста. Ауыз қуысында: сілемейлі қабығы бозғылт-қызғылт, ылғалды, көзге көрінетін патологиялық өзгерістері жоқ. ИГ =1,9. 8.4 және 8.5 тістердің жанасу беткейлерінде тісжегілік қуыстар бар, эмальды- дентинді шекарасында сүңгілеу аздап ауыртады, перкуссия кезінде ауру сезімі жоқ. Диагнозы және тісжегінің белсенділік дәрежесі қандай:
А) орташа тісжегі, компенсациялық түрі +
Б) беткейлі тісжегісі, субкомпенсациялық түрі
В) терең тісжегісі, декомпенсациялық түрі
Д) орташа-терең тісжегісі, субкомпенсациялық түрі
Е) мойын бөлігі тісжегісі, субкомпенсациялық түрі
96. Бала 8 жаста. Ауыз қуысында жоғарғы орталық күрек тістерінің пішіні бөшке тәрізді. Кесу қырында жартылай ай тәрізді ойық бар. Кесу қырына қарағанда мойын бөлігі үлкен сияқты көрінеді. Диагноз қандай?
А) эмаль гиперплазиясы
Б) жетілмеген дентиногенез
В) флюороз
Д) Турнер тіс
Е) Гетчинсон тісі +
97. Нәресте 2 айлық. Шағымы: сол жақ жоғарғы еріндегі ақауға, тамақтануының, тынысалуының бұзылуы. Патологиялық туа бітті. Тексеру кезінде жоғарғы еріннің сол жағы ақауының нәтижесінде бетті асимметриясы, ақау мұрын жолын қоса қамтиды, жоғарғы еріннің ортаңғы бөлімі қысқырған, мұрынның сол жағы тері- шеміршектік бөлімінің деформациясы. Диагнозы қандай?
А) жоғарғы еріннің оң жағының толық жырығы
Б) жоғарғы еріннің сол жағының жартылай жырығы
В) жоғарғы еріннің сол жағының жасырын жырығы
Д) жоғарғы еріннің сол жағының толық жырығы +
Е) жоғарғы еріннің оң жағының жартылай жырығы
98. Жасөспірім 16 жаста.Шағымы: тамақтану кезінде қатты ауырсынады. Анамнез: төменгі жақ сүйек астындағы сілекей безінің сілекей- тас ауруы бойынша операция жасалған. Қосымша әдісті қолдану кезінде төменгі жақсүйек астындағы сілекей безіне қабатты зерттеу жүргізілді. Қандай сәулелік зерттеу әдісі қажет?
А) МРТ
Б) КТ
В) УДЗ
Д) рентгенограмма
Е) эхограмма
99. Жасөспірім 16 жаста. Шағымы: төменгі жақтың оң бөлігіндегі ауырсыну және ісінуі. Анамнез: 4.6 тістің ауырғанына 2 тәулік болған. Тексеру мен рентгенография негізінде дәрігер- стоматолог 4.6 тісті жұлуға шешім қабылдады. 4.6 тісті жұлу үшін қандай жансыздандыру қажет және дәрігердің орналасуын дұрыс?
А) тубералды және таңдайлық, алдында, оң жағында
Б) менталды эәне инфильтрациялық, алдында, сол жағында
В) мандибулярлық және инфильтрациялық, артында, оң жағында +
Д) инфроорбитальды және таңдайлық, артында, сол жағына
Е) күрек тістік және таңдайлық, ортасында
100. Бала 4 жаста. Шағымы: тамақ ішкен кезде ауырсынады. Ауыз қуысында: 8.4 тісте шайнау бетінде тіс қуысымен байланысатын кариозды қуыс бар, сүңгілегенде бір нүктеде ауырады. Төменгі жақсүйекасты оң жақ лимфа түйінінің көлемі « бұршақ» тәрізді. Қандай анестезия қажет?
А) инфильтрациялық
Б) мандибулярлы
В) туберальды
Д) ментальды
Е) аппликациялық

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет