Төменгі сатыдағы автотрофты өсім



бет10/10
Дата05.09.2020
өлшемі375,68 Kb.
#77289
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (2)
биологиялық кеш, биологиялық кеш, слайд систематика, курсовой систематика
А-талломның сыртқы түрі; Б-талломның көлденең кесіндісі.



145-сурет. Спирогираның өмірлік циклы:



1-талломның бір бөлігі; 2-3-тіркесудің жүйелілігі; 4-5-зигота; 6- 7-зиготаның мейоз жолымен бөлінуі және үш гаплоидты ядроныц өлуі; 8-зиготаның өсуі; 9-клетка кабықшасы; 10-цитоплазма; 11-ядро; 12-хроматофор;


13-пиреноид.

лық заттар түзіп, судан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді және оттегін бөліп шығарады. Онымен суды мекеңдейтін жануарлар тыныс алады. Сонымен бірге жасыл балдырлар, әсіресе оның бір клеткалы және жіптәрізді түрлері балықтардың жөне басқа да су жануарларының қорегі болып табылады.

Егістікті суғаратын каналдарда және балық өсіретін көлшіктерде балдырлардың шамадан тыс көбейіп кетуі шаруашылыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан да оны болдырмас үшін каналдарды және көлшіктерді оқтын-оқтын балдырлардан тазартып түру қажет.

ХАРА БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ (ХАРОВЫЕ)-

ХАРА БАЛДЫРЛАР КЛАСЫ

Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша хара балдырларының 300-дей түрі сипатталып жазылған. Юлар мынадай 6 туысқа жатады: нителла толипелла, нител-лопсис, лампротамниум лихнотамнус және хара .



Бұлардың алғашқы екеуі нителлалар тұқымдасына, ал қалған төртеуі харалар тұқымдасына жатады.


140-сурет. Хара балдыры:



А-жалпы көрінісі; Б-талломның бір бөлігі: 1-ризоид; 2-түйнекшелер; 3-бүйірлік бұтақтары; 4-орталық клетка; 5-сыртқы клеткалар; 6-бір клеткалы бұтағы; 7-оогамий; 8-жүмырткд клеткасы; 9-тәж (коронка); 10-антеридий; 11-қалқан; 12-түғыр; 13-сперма түзетін жіпшелер; 14-сперматозоид.

Талломы күрделі тарамдалған болып келетін үлкен балдырлар. Олар көп жағдайда тұщы суларда кездеседі (көлдерде, өзендердің ескі арналарында), кейде су астында ну болып жиі өседі, жыныссыз жолмен көбеймейді. Вегетативтік көбеюі ризо-идтарыңца пайда болатын түйнектері немесе талломының төменгі бөліктері арқылы жүзеге асады.

Жыныстық көбею органдары — оогоний мен антеридийлері көп клеткалы. Хара балдырлары эволюциялық тұрғыдан қарағанда жасыл балдырлардың ішіндегі ең жақсы жетілгеңдеріне жатады.

Хара туысы-(Сһага) (146-сурет). Талломының ұзындығы бірнеше ондаған сантиметрге жетеді. Оның тік тұратын "сабағы" буынға жөне буын аралықтарына бөлінген. "Сабақтың" буындарынан "жапырақ" деп аталынатын бүйірлік бұтақтардың шоқтары кетеді. Талломның өстік бөлігі ортаңғы үлкен клеткадан тұрады, оны ұсақ клеткалар қоршап жатады. Талломы ризоидтары арқылы судың түбіндегі субстратқа бекініп тұрады.



Вегетативтік көбеюі ризоидтарыңда түзілетін түйнектері арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбейгенде кейбір бір клеткалы бүйірлік бұтақшаларының қолтықтарыңда оогоний мен антеридий жетіледі. Оогоний сопақша формалы болып келеді. Оның қабырғалары спираль тәрізді болып бұралған ұзынша клеткалардан түрады. Осы клеткалардың жоғарғы ұшы тәж (коронка) деп аталынатын 5 қысқа клеткадан тұратын өсіндіге айналады. Оогонийдің ішінде жұмыртқа клеткасы жетіледі. Антеридийі оогонийіне қарағанда кішілеу және формасы шар тәрізді болып келеді. Пісіп жетілген кезінде олар қызғыш-сары түске боялады. Антеридийдің қабырғасы қалқанша (щит) деп аталынатын сегіз үшбұрышты клеткалардан тұрады. Қалқаншадан антеридийдің ішіне қарай ерекше сүйеніш немесе түғыр кетеді, оларға шұмақталып оралған спермаген жіпшелері бекінеді. Әрбір жіпше 100—300-ге дейін диск тәрізді жалпақ клеткадан тұрады, олардың өрқайсысында бір-бірден спираль тәрізді бұралған екі талшықты сперматозоид жетіледі.

ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зигота (ооспора) түзіледі. Осыдан кейін ооспора тыныштық қалыпқа көшеді. Ооспора өсер алдыңца, оның диплоидты ядросы редукциялық жолмен бөлінеді. Нәтижесіңде қысқа тарамдалмаған гаплоидты жіпше-өскіннің бастамасы жетіледі, одан жаңа өсімдік пайда болады. Өмірлік циклы гаплоидты фазада өтеді, зигота ғана диплоидты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет