Төменгі сатыдағы автотрофты өсім



бет2/10
Дата05.09.2020
өлшемі375,68 Kb.
#77289
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (2)
биологиялық кеш, биологиялық кеш, слайд систематика, курсовой систематика
Қоректенуі. Балдырлардың көпшілігінде хлорофилл болады және автотрофты қоректенеді, бірақта олардың ішіңде жасыл түсі басқа пигменттермен жабылып көрінбей тұратыңдары да аз болмайды.

құрылысы. Талломы бірклеткалы, колониялы, клеткаланбаған және көп клеткалы болады. Сонымен бірге олар клеткаларының орналасуына қарай жіп тәрізді немесе пластинка төрізді болып келеді. Талломның вегетативтік клеткалары сырт жағынан целлюлозадан және пектинді заттардан тұратын қатты қабықшамен қапталған болады. Клетка қабықшасының сыртының кремнеземмен немесе ою-өрнек төрізді оның безегімен қапталуы жиі кездеседі. Цитоплазмасы клетканың бүткіл қуысын толтырады немесе оның қабырғасына жақын орналасады. Клетканың ортасында, іші клетка шырынына толы бір үлкен немесе бірнеше ұсақ вакуольдер болады. Клеткада бір немесе бірнеше ядросы және құрамында пигменттері бар, хроматофорлары болады. Хроматофорларьшың формалары алуан түрлі-пластинка, спираль, лента, астауша, жұлдызша тәрізді, торлы жөне т.б. болып келеді (9-сурет). Бұлар балдырларды анықтауға қажетті негізгі белгілер болып табылады. Кейбір балдырлардың хроматофорасыңца "пиреноидтар" деп аталынатын ерекше белоктік денешіктер болады, олардың айналасында артық қор заттары ретінде крахмал немесе соған жақын углеводтар жиналады. Крахмалдан басқа артық қор заттары ретіңде шыны майлары, липопротеид лейкозин, валютин белогі жиналады.

Көбеюі. Балдырларда көбеюдің вегетативтік, нағыз жыныссыз және жыныстық типтерінің барлығы болады. Вегетативтік көбеюі бір клеткалы түрлерінде клетканың тең екіге бөлінуі, колониялы түрлеріңде-аналық колонияның ұсақ калонияларға ыдырауы, көп клеткалы түрлерінде талломасының бөліктерімен, кейде вегетативтік көбеюге арналған органдары (мысалы, хара баддырларының түйнектері) арқылы жүзеге асады. Нағыз жыныссыз көбеюі зооспоралары немесе қозғалмайтын споралары арқылы жүзеге асады. Спора вегетативтік клетканың ішіңде немесе ерекше органдарда: зооспорангиларда немесе спорангиларда, олардың ішіндегі заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын бір клеткалы құрылым. Зооспоралар түзілгеннен кейін, көп ұзамай талшықтарын тастап, клетка қабықшасына оранып, жаңа особьқа айналады. Жыныстық көбеюі изо-, гетерогамия және оогамиялық формаларда жүзеге асады. Изо- және гетерогаметалары қатардағы вегетативтік клеткалардан түзеледі. Жұмыртқа клеткасы оогонилерінде, сперотазоидтары антеридилерінде жетіледі. Жұмыртқа клеткасы біреу не-месе бірнешеу болады, ал сперматозоиды- көп. Балдырларда тіркесу арқылы көбеюде (коньюгация, немесе зигогамия) жиі кездеседі. Бұл жағдайда екі вегетативтік клетканың біреуінің ішіңдегі протопласты екіншісіне құйылады. Осы сөз болған жыныстық көбеюлердің кез келгені зиготаның (2п) түзілуімен аяқталады. Біраз тыныштық кезеңін басынан өткізген соң, зиготадан редукциялық бөліністің нөтижесінде төрт зооспора түзіледі. Олардан келешекте жаңа особьтар пайда болады. Кейбір жағдайларда зигота тыныштық кезеңіне көшпей ақ, редукциялық жолмен бөлініп, бірден қозғалмайтын жаңа особьқа айналады. Бұл жаңа особьтар, тағыда жаңа жьшыс-тық көбеюдің мерзімі келгенше, ұзақ уақыттар бойы жыныссыз көбейе алады. Жаңа жыныстық көбеюдің мерзімінің келуі, көп жағдайда сыртқы ортаға байланысты болады. Алайда зиготадан жыныссыз фаза- спорофит (2п) түзіледі, ал онда жыныссыз көбею органы- зооспоранги жетіледі. Зооспорангидің ішіндегі заттардың редукциялық жолмен бөлінуінің нәтижесіңде гаплоидты (п) зооспоралар түзіледі. Зооспоралар өсіп гаметофиттер (п) береді, ал оларда жыныстық көбею оргаңдары гаметангилер жетіледі. Гаметангилерден гаметалар түзіледі. Гаметофит қосжьшысты да, дара жынысты да болады. Сонымен, балдырлардың біреулерінің өмірлік цикліңде ядролық фазалардьщ дұрыс алмасуы бол-майды, ал екіншілеріңде спора- және гаметофазаларының алмасуын айқын байқауға болады (134-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет