Топ: 401 Тақырыбы


-топтағы сайыскерлерге сұрақтар



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі426,82 Kb.
#54038
1   2

1-топтағы сайыскерлерге сұрақтар

  1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан және қай жерде дүниеге келді?

6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.

2. Тұңғыш Президенттің ұстазы? Исмайлова Тәкура

3. Н.Ә.Назарбаев мектепті қай оқу жылында аяқтады? 1957-1958 оқу жылында



4. Н.Ә Назарбаев қашан Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді? 1960-69 жылдары.

  1. Елбасымыздың зайыбының есімін атаңыз. Сара Алпысқызы

  2. Н.Ә.Назарбаев қандай ғылыми атағы бар және қашан ол атаққа ие болды?  экономика ғылымының докторы 1993 жылы.

  3. Елбасының бос уақытында айналысатын сүйікті спорт түрі?  Гольф

  4. Интернет желісіндегі ресми сайтының атауы қандай? www.akorda.kz

  5. Елбасы біздің еліміздегі қандай жоғары наградамен мараптталған? Ерекше үлгідегі «Алтын Қыран»

  6. 1997 жылы Лондон қаласында шыққан Елбасының кітабын атаңыздар. «Уақыт жайлы, тағдыр жайлы, өзім жайлы»




     2-топтағы сайыскерлерге сұрақтар                                                  

  1. Елбасы отбасында нешінші бала? Отбасының тұңғышы

  2. Елбасымыз Украина жеріндегі қай қалада техникалық училищені аяқтады? Днепродзержинск

  3. Н.Ә.Назарбаев 1969-73 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласында қандай қызмет атқарды?

Партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

  1. Елбасы мектепті күміс медальға бітірген. Аттестатта қай сабақтан төрттік бағасы болды? Орыс әдебиеті пәнінен

  2. Тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш президенттік сайлау қашан өтті? 1991 жылы 1 желтоқсан

  3. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда қанша жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 44

  4. 1999 жылы 13 қаңтарда жарық көрген Елбасының еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы қиындықтары туралы жазған кітабы қалай аталады? Тарих толқынында

  5. Елбасы отбасында жұбайымен неше бала тәрбиелеп өсірді? үш қыз: Дариға, Динара, Әлия

  6. Латын тілінен аударғанда президент сөзі қандай мағына беретін саяси лауазым? «алдында отыратын»

  7. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қай жылы қабылданды? 2011ж желтоқсан айында

    2-кезең: Көкпар

  1. «Жаңа дәуірдегі Астана»

  2. «Астана – Елбасының ерлігі»

  3. «Елбасы және ел»


Ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап алынады. 12 ұяшықта «жанды сұрақтар» , «бейнелі сұрақтар» , «музыкалық сұрақтар» болады.

  1. ұпай «Астана»сөзі қай тілден алынған, қандай мағына береді?

Парсы тілінен алынған, « киелі орын, босаға» деген мағынаны білдіреді.

  1. ұпай Ол Астананың символы. Бәйтерек

  1. ұпай Астана қаласындағы Гиннестер рекорды кітабына енген океанариум Думан


20 ұпай Жанды сұрақ: Ақмола қаласы елбасы жарлығымен қай уақыттан бастап Астана деп атала бастады?  1991 жылы  6 мамырда 

20 ұпай Жанды сұрақ: ЮНЕСКОның шешімі бойынша Астана қаласына қашан «Бейбітшілік қала» атағы берілді?               1998 жылы.

20 ұпай Елбасының 2005 жылы жарық көрген Астана қаласының тарихына арналған кітабы қалай аталады? «Еуразия жүрегінде»



30 Музыкалық сұрақ: «Елім менің» музыкасы ойналады. Бұл қай ән? Сөзі мен әнін жазған кім? (Сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев, әнін жазған Б.Тілеуханов)

30 Бейнелі сұрақ: Орыс биографиялық қоғамының шешімі бойынша үстіміздегі жылы елбасыға қандай құрметті атақ берілді?

30 Бейнелі сұрақ: «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасының жас жігіт кезіндегі образын сомдаған әнші, актер, сазгер кім? (Нұрлан Әлімжанов)

3-кезең: «Даналық ойдан дән ізде»

Елбасының қанатты сөздерінің мағынасын ашу.
1-топ: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте     оның білімдік деңгейімен айқындалады» 
2-топ: Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі  өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.

Әділ қазылар шешім шығарғанша, «Туған жер» әнін хормен орындау.

Қорытынды: “... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы - бергідегі қазақ баласының бірді - бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты - толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат - қабілетімді, білім - білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”
- Ендеше, студенттер Елбасымыздың өнегелі еңбектерінен үлгі алып, тәуелсіздігімізге өз үлесімізді қосайық. Біздің үлес қосқанымыз, жақсы білім алып, осы елдің білімді азаматы болу.

 Білімі мен біліктіліктерін сынаған сайыскерлерге,

Тура төрелік жасаған әділ қазыларға,

Жанкүйер болған тыңдармандарға,



Қадірлі қонақтарға

Үлкен рахметімізді айтамыз!
Каталог: uploads -> doc -> 04d8
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04d8 -> Сабақ жоспары Күні: 11. 12. 2010ж
04d8 -> Сабақ тақырыбы: Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалиханов Пән: Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалиханов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет