Топ: мб – 20 – 3/11 Қабылдаған: Казангапова С. О. 2022 – 2023 Мазмұны



бет1/3
Дата09.11.2022
өлшемі182,87 Kb.
#157321
  1   2   3
Байланысты:
гульмира арай-1
EF SET Certificate, УМК каз 2021, Дарина тех

Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжі
Баяндама

Пәні: Мектепке дейінгі педагогика.
Тақырыбы: Педагогикалық зерттеу әдістері.


Дайындаған: Исманова Г. Т., Санлак А.
Топ: МБ – 20 – 3/11
Қабылдаған: Казангапова С. О.
2022 – 2023

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Педагогикалық зерттеу әдісі
Педагогикалық зерттеу әдістерінің түрлері мен ерекшеліктері
Қорытынды

Кіріспе

Педагогикалық зерттеу әдістері деп педагогикалық құбылыстар мен процестер, олардың элементтері мен компоненттер арасындағы заңды байланыстарды, қатынастарды, тәуелділіктерді тағайындау және ғылыми теорияларды құру мақсатында ғылыми ақпараттар алу тәсідерін айтады. Зерттеулерде жалпы теориялық әдістер, әлеуметтік және психологиялық әдістер, математикалық әдістер пайдаланылады. Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті - деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.


Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның пәні (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет