Төрлет құтты Жаңа жыл,Әкел шаттық жаңа жыр!



Дата20.06.2018
өлшемі20,27 Kb.
#43997
Тақырыбы: "Төрлет құтты Жаңа жыл,Әкел шаттық жаңа жыр!"

Мақсаты:

Дамытушылық: Балалардың үш тілде тілін дамыту, ертегілердің мазмұнын білу, шығармашылық қабілетін арттыру.

Білімділік: Дәстүрлі емес Жаңа жыл мерекесін, жыл ауысымындағы жануарлардың реттілігін білу.

Тәрбиелік: Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау және жануарларға деген қамқорлыққа баулу, достық сезімін ұғыну.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар және кішкентай бүлдіршіндер!

Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тауық жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Жаңа жыл ең көп тойланатын мереке екен. Бәрінің жүздерінен күлкі, шаттық, әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалардың безендіріліп тұрғанын көреміз. Құрметті қонақтар, балдырғандар сіздерді жаңа жылмен құттықтай отырып, кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Гүлзада Маратқызына береміз.



Жүргізуші: Уа, халайық, той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық тауық жылын.

(Ку - ка - ри - ку - уу деген әуен қойылады). Тауық шығып, шыршаны айналып шығады, балалар қол шапалақтап қарсы алады.



Тауық: Мен жаңа тауық жылымын,

Той - думанды сауық жылымын.

Береке, ырыс, табысты,

Өзіммен бірге ала келдім.

Көңілдерің дүр маржан,

Айналайын ұлдардан,

Айналайын қыздардан,

Мықтылығым мәлім ғой,

Өтіп кеткен жылдардан.

Жүргізуші: Жаңа күнге ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып,

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік.


Балалар "Аппақ - аппақ" әнін хормен айтып, шыршаны айналады.

Тауық: Міне, керемет балалар, қандай әдемісіңдер! Шыршамызда қандай әсем, ойыншықтары да көп екен. Ал, балалар, біздің арамызда кімдер жоқ?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар.

Тауық: Әрине, онда дауыстап оларды шақырайық. (Аяз ата, Ақшақар деп шақырады, Аяз атаның орнына Мыстан кемпір атып шығады).

Мыстан: Әәә, бәлем, мұнда менсіз той болып жатырма не? Мәссаған, мына шыршаның әдемісін - ай, алып кетейін деп шыршаны түбірімен әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды.

Тауық: Тоқтат, мыстан, мерекелік көңіл - күйімізді бұздың ғой, шыршамызға тимеші.

Мыстан: Айй, шырағым, уайымдама, орнына сыпырғышымды беріп кетемін.

Тауық: Тоқтамасаңыз, сізді Аяз атаға айтып орманнан көшіртіп жіберемін.

Мыстан: Жарайд, жарайд, мағанда тойдан сыьаға алып қойыңдар деп сыпырғышына мініп кетіп қалады.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар (4 - рет). Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді.

Аяз ата: Армысыңдар, балалар,

Құтты болсын балғындар,

Келген жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз - ұлдарым.

Өткен жылы келіп ем,

Уәдемді беріп ем,

Ойларың мен бойларың да,

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал мен кіммін, мені тани алдыңдар ма?

Балалар "Иә, Аяз ата" деп жауап береді.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар, Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіндерер маңайды,

Ақшақармын арайлы,

Жалт - жұлт еткен жүзімнен,

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын,

Менсіз қыстың сәні жоқ,

Әнмін жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда,

Алыс жолдан шаршадыңыз ба?

Әсем әні, биі де бар,

Отыр ата, сәл дем алып ал



Аяз ата: Амансың ба ұлдарым

Амансың ба қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Керемет бір ән тыңдап

Келіп тұр-ау демалғым

Жүргізуші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Аппақ қала, ақ дала,

Жасап алдым аққала.

"Қарлығаш" тобының орындауында "Аққала" әні.



Аққала: Уа, халайық, жарандар,

Айналаға қараңдар,

Жаңа жылдың бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар.



Жүргізуші: Қане, енді балаларымыздың өнерін тамашалайық.

...........: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.



Ж.Нұрислам.: Жаңа жылмен, жаңа жылмен құттықтаймыз әрине, Әкемізді, анамызды, қонақтардың бәрінде.

Ерсұлтан:Жаңа жылың мол болсын,басқан қадам оң болсын,төрле төрле жаңа жыл,бізге құтты жол болсын



"Қарлығаш" тобының "Тауық пен балапандар" биі.

Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде, әжесі мен атасынан қашып келе жатқан бауырсақ Жаңа жылдық кешке орман ішінде келе жатады. алдынан қоян шығады.

Қоян -Сардар: "Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін."

Бауырсақ - Бейбарыс: "Мені жемеші, мен саған ағылшынша тақпақ айтып беремін.

Chirstmas magic

Chirstmas fun

Marry christmas every one



Қоян Сардар: Мен қоянмын, қоянмын,

Қорқақ емес ноянмын,

Осында той болады деп,

Таңертең ерте ояндым. Жүр, екеуміз бірге барайық.



Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде, біздің Жаңа жылдық мерекемізге орманның төте жолымен Қызыл телпекті қыз келе жатады. Кенет алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр-Қуандық.: Әәәә, сұлуым, ұсталдың ба? Мен сені жеймін.

Қызыл телпек - Айша: Қасеке, мені жемеші, мен саған тақпақ айтып беремін.

Излучает она свет,

От улыбки ямочка,

Никого дороже нет,

Чем родная мамочка. Мінеки, анам пісірген бәліштен жей ғой.

Қасқыр-Қуандық.: Целый год мы ждали праздник,

И подарков и конфет.

На снегу я вчера видел,

Дедушкин Мороза след.

Жеті лағы бар ешкі екеуінің алдынан шығып қалады да:

Ешкі -Інжу.: Здраствуй, сказка! Здраствуй, ёлка!

Здраствуй, дедушка Мороз!

Не боюсь сегодня волка,

Даже дёргаю за хвост

.Бижан.: Тамаша, тамаша. Әбілқайыр:Келді тагы жаңа жыл

Шыршамыз тұр жараса Қуантумен біздерді

Басында әсем жұлдызы Құтты болсын жаңа жыл

Көз тоймайды қараса Құттықтаймыз сіздерді

Ердулат.: Аспан жерге төгеді Айсана: ағылшынша такпак

Ақ күмісін уыстап Сұлтан: тақпақ қазақша

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Мерейхан.: Қыс келді қыс келді

Ақтарып ақ қарды

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл



Рамазан.: Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды.

"Қарлығаш" тобының жігіттерінің орындауында "Гном" биі.
Клоун: Сәлем, балақайлар, мәссаған мен мерекеден кешігіп қалғанмын ба? (өз өнерін көрсетеді). Балалар, шыршаларың әдемі екен, бірақ неге шамы жанбай тұр. Қане, өзім жағып көрейін дейді да, күлдіргі бірдене істейді.Мен кім жаға алатынын білемін,сиқыршыны шақырайық. Клоун телефонымен сиқыршыға звондайды, сол кезде байқамай мыстанға қоңырау шалып қояды."Тез,жет, шыршамызды жағып бер!". Бір кезде мыстан келеді.

Мыстан: Балалар, мені шақырдыңдар ма? Шақырғандарың дұрыс болған, менің қолымнан бәрі келеді. "Әй, шалым, қалай сенің қалің? Менде тақпақ айтсам, мағанда сыйлық бересің ба? Мен бұзық болмаймын, тойдың шырқын бұзбаймын! Аппақ - аппақ қар аппақ, Қар жамылған жер аппақ. Бәрі аппақ, бәрі аппақ!"

Аяз ата: О, жарайсың мыстанжан! Сен сымбатты болсын деп, косметика жинағын ала келдім. Аяз ата күміс таяғымен шыршаны бір түртіп қалып еді, шыршаның шамдары жанып, балалар қол шапалақтайды.

Аяз ата: Барымысыңдар қарақтарым!

Балаларым, құлындарым.

Жаңа жылды алып келдім

Ақ шырақты жағып келдім.

Сендерге мына балалар

Тәтті сыйлықты алып келдім.

Балаларға пакеттегі сыйлықтарды таратады.

Тауық, Мыстан, Аяз ата, Клоун, Ақшақар, Аққала - "Жаңа жыл" әнін хормен

орындайды./салют конфеті атылады/



Жүргізуші: Лото ойынын жүргізеді.

Аяз Ата: Мереке тамаша өтті, көп рахмет сендерге балалар. Өнерлерің үстем болсын.

Ақша қар:

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсы үміт.

Кетер жылға мың алғыс.

Әкелген көп жақсылық.

Тауық: Жаңа жылдың таңы кеткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген күн,

Қанаттана кең әлемге тарайды.



Аяз ата: Қадамдарыңы нұр бітсін

Заманыңа гүл бітсін.

Дұшпандарың болмасын

Әруақтар қолдасын!

Жаңа жылда бақ қонсын

Жолдастарың көп болсынІ



Барлығы Аяз Атамен Ақшақарды шығарып салады. (қолдарын бұлғап)

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2017 жылға арналған мерекелік кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер, тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!
Каталог: uploads -> doc -> 032e
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
032e -> Сабақ жоспары. «Ұлттық тағамдарды ұнатамын» Мақсаты: оқушылар «Ұлттық тағамдары»
032e -> Сабақтың тақырыбы: Форма, силуэт, ырғақ, пропорция. Сабақтың мақсаты. Білімділілігі
032e -> Сатыбалды нжббм
032e -> Сабақ тақырыбы: Бұл не? Сабақ мақсаты: «Мектеп. Оқу құралдары»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет