Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып Нұр-Сұлтан, 2022 Мазмұны



бет1/25
Дата17.11.2023
өлшемі335,6 Kb.
#191820
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Қазақ тілі 9-сынып ТЖБ (1)
Жоба тарих, 5-сынып, СОӨЖ



«Қазақ тілі» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)


тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


9-сынып

Нұр-Сұлтан, 2022


Мазмұны


1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. Күтілетін нәтижелер 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 4
6. Модерация және балл қою .......................................................................................................5

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар............................................. 9-14


2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.............................................16-20
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар............................................. 21-30
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар............................................ 31-35





  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

  1. Күтілетін нәтижелер


    1. тыңдалым және айтылым:

білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу- кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сӛйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі ӛмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым- қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және диалогті қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; ӛз пікірін қорғайды және дәлелдейді; ӛз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сӛйлеушінің кӛзқарасын бағалайды; сұрақтар арқылы мәтін мазмұнын болжайды; ӛз сӛздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды;

    1. оқылым:

білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей- тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және ӛзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккӛздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың ӛзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды;

    1. жазылым:

білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін кӛрсете отырып, ӛзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық- композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет