Тотығу-тотықсыздану реакциялары



бет3/6
Дата08.02.2022
өлшемі118,75 Kb.
#119297
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
352995.pptm
Тарих8, Отбасылық құндылықтар ,Жауапкершілікті ата -ана, Қазақстан Республикасының заңдарындағы отбасы мен нек...жә...лықпен жасалған некелердің алдын алу (профилактикалық) шаралары, Размерность (1)
Сl + 5 + 4ē→Сl+ ,
нейтрал атомға:
Сl+5 + 5ē→Сl0,
теріс зарядты ионға:
Сl + 5+6ē→Сl- айналады.
  • Тотықтырғыш— электрон қосып алушы бөлшек (нейтрал атом, молекула, ион).
  • Тотықсыздандырғыш — электрон беруші бөлшек (нейтрал атом, молекула не ион).

  • Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш дейтініміз электрон алатын, беретін заттың аты; тотығу, тотықсыздану дейтініміз электрон беру нсмесе алу процесінің аты. Тотықтырғыш электрон қосып алатын зат, ал электрон қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады, демек тотықтырғыш реакция кезінде өзі тотықсызданады. Енді тотықсыздакдырғьии электрон беретін зат, ал электрон беру процесін біз тотығу дедік, демек тотықсыздандырғыш реакция кезінде өзі тотығады.
    Тотығуды электрон беру процесі дедік, бірақ осы процесте сол берген электронды алатын процесс,
    яғни тотықсыздану процесі болмаса тотығу процесі жеке бола алмайды.
    Демек, электрон көшуімен байланысты әрбір реакция қарама-қарсы екі процестің — тотығу мен тотықсызданудың — б і р л е с у і.
    Осындай реакциялардың барлығын қазіргі кезде тотығу– тотықсыздану реакциялары деп атайтын болды.
    Анорганикалық химиядағы реакциялардың барлығын екіге бөлуге болады: 1) реакцияласушы элементтердің валенттігі өзгермей реакцияласу, 2) валенттігі өзгеріп реакцияласу. Біріншісіне жататын түрлі иондар арасындағы алмасу реакциялары, ол реакциялардың теңдіктерін де жазу оңай. Екіншісіне жататын қосылу, ығыстыру және бір сыпыра, көбінесе, күрделі болып келетін, химиялық реакциялар. Реакцияласушы элементтердің валенттіктерінің өзгеруі, реакция кезінде оның атомдарының, молекулаларының, иондарының электрондары бірінен-біріне ауысып кетуінен болады, ондайда олардың тотығу күйі (дәрежесі) өзгереді. Осындай реакцияларды тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды. Мысалы:


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет