Тотығу-тотықсыздану титрлеу



бет4/4
Дата23.03.2022
өлшемі26,11 Kb.
#136578
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
8 - зертханалық жұмыс
4 тапсырма.Амперметрмен жұмыс
Жұмыстың орындалуы

  1. Калий дихромат ерітіндісін дайындау

Көлемі 250,0 мл колбада молярлы эквивалентті концентрациясы 0,02-0,03 М K2Cr2O7 ерітіндісін дайындау үшін үлгінің массасын есептеп алады да, оны аналитикалық таразыда өлшеп, бюкстан воронка арқылы өлшем колбаға ауыстырып, сұйылтады. Алдымен колбадағы үлгіні судың аз мөлшерінде ерітіп алып, содан соң белгіге дейін дистилденген сумен толтырып, мұқият араластырады. Алынған ерітіндінің молярлы эквивалентті концентрациясын есептейді:


  1. Зерттелетін ерітіндіден темірді анықтау

Құрамында Мор тұзының белгілі мөлшері бар ерітіндіні көлемі 100,0 мл колбада сұйылтып, араластырады. Ерітіндінің аликвотты бөлігін пипетка арқылы титрлеу жүргізетін колбаға құйып ерітіндіге 10 мл Кнопп қоспасы және 1 тамшы дифениламин қосылады (артық болмау керек! Егер индикатор концентрациясы жоғары болып, қышқылдылық жеткіліксіз болса немесе титрлеу жай орындалса, ол химиялық өзгеріске ұшырап, қажетті күлгін-көк түстің орнына жасыл түс алынады). Колбадағы ерітіндіні стандартты K2Cr2O7 ерітіндісімен тұрақты күлгін-көк түс алынғанша титрлейді. Нәтижелерді қолданып темірдің массасын анықтаңдар.
Өзіндік бақылау сұрақтары
1 Дихроматометрлік әдісте біріншілік стандартты ерітінді ретінде не қолданылады, жартылай реакция теңдеуіне мысал келтіріңіз, эквиваленттік факторын есептеңіз. Әдісте неліктен титрлеу қышқыл ортада жүргізіледі?
2 Кнопп қоспасындағы компоненттерді атаңыз, олардың Fe(II)-ді дихроматометрлік әдіспен анықтау барысындағы әсерін түсіндіріңіз.
3 Fe(II)-ді дихроматометрлік әдіспен анықтау барысындағы нәтижелерді есептеу теңдіктерін жазыңыз.
4 Темірді дихроматометрлік әдіспен анықтауда қандай индикатор қолданылады, формуласын келтіріңіз.
5 Үшвалентті темірді тотықсыздандыру үшін қандай тотықсыздандырғыштар қолданылады, реакция теңдеуін жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет