Түр, тұлға, logos сөз, ілім дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын


Метафора. Сыртқы немесе ішкі ұқсастығына қарай бір заттың атауы ретінде қолдануды метафора деп атаймыз. Метафора



бет15/23
Дата20.02.2023
өлшемі169 Kb.
#169448
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі сабақ жоспарлары
9- мамыр, Терминдер
Метафора. Сыртқы немесе ішкі ұқсастығына қарай бір заттың атауы ретінде қолдануды метафора деп атаймыз.
Метафора – гр. metaphora –ауысу деген мағынаны білдіреді. М: кілт – ашқыш, кілт – істің тетігі, мәселенің кілті; мүше – орган атауы, мүше – үлес (Батырдан сауға, мергеннен мүше (мақал), мүше – ұйымның мүшесі; астар – киімнің ішкі жұқа жағы, сөздің астары т.б.
Тілімізде ұзақ уақыт ауыс мағынада қолданылатын, тұрақталып, заманнан заман өте келе алғашқы тұрақты мағынамен бара-бар дәрежеге жетті, әбден үйреншікті дербес сөзге айналып кеткен сөздер бар.
Метафоралық қолданыстар. М: Столдың аяғы, таудың беті, мәселенің кілті, ойға шолу (салыстыр суға шомылу), істің төркіні (келіннің төркіні), ақ алтын, қара алтын, дала кемесі.
Бұлар тұрақты (тілдік) метафора деп аталады. Бұдан басқа стильдік метафора немесе жеке қолданыстағы (индивидуальная) метафора деген болады. Бұлар тұрақты метафораның үлгісінде жасалады да белгілі бір ақынның немесе жазушының белгілі бір шығармасында ғана қолданылады. М: Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа (Абай). Шындықтың аулын іздеп шықтым жолға (С. Торайғыров).
Метафора көркем әдебиетте көркемдеуіш құрал ретінде жиі қолданылады.
Метонимия – гр. metanyma – «қайта атау». Бір заттың екінші бір затқа өзара іргелестігі, шектестігі негізінде бірінің атының орнына екіншісінің атының ауыс қолданылуын метонимия дейміз.
М: Көпей жеңгемнің қолын сағынып жүрмін (Ғ.Мүсірепов).
Қазан піскенше бәрі машина көруге кетті (Ғ.Мұстафин). Қазан – ет.
Немене? Байсалдың дауын айтар тіл, жақ жоқ деп пе ең? (М.Әуезов). тіл, жақ – адам. Құндыз – аң аты, бөрік. Жарғы – жүрістің түрі, жорға (ат). Бұл да көркемдеуші құрал ретінде қолданылады.
Синекдоха. Жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек атауы қолданылатын стилистикалық тәсілмен жаңа мағына жасау синекдоха деп аталады. М: Топта отырғандардың көбі – қатқан тондар, жал... жеңдер, арық пішіндер (Б.М.). Басың нешеу? Неше тұяғың бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет