Аз сөздің астары



Дата04.12.2016
өлшемі124.76 Kb.
Аз сөздің астары.
Тарих тағылымнан таразыға салып, өткенімізді қайтадан санамызда екшеп, жаңаша ойлау жүйесіне қалыптаса бастаған қазіргі кезеңде өткеніміз бен келешегіміз туралы бұрын-соңды айтылған ұшқыры пікірлердің бәрін де ой өлегіне өткізіуіміз қажет. Өз тарихымыз бен өнерімізді неғұрлым төмендетіп, кемсіте сөйлегеніміз сондай, күні кешеге дейін орталық баспасөздерде халқымыздың осыдан үш-төрт ғасыр бұрын жер бетінде өмір сүргеніне де күмән келтірдік. Әрине дәл бүгінгі көзқарас тұрғысынан алғанда бұл сауатсыздықпен, егер саяси астар берсек, арандатумен бірдей екендігіне шүбә келтірмейміз. Бұл қайта құрудың нәтижесінде мүмкін болған байсалды да көрініс. Өнер саласына келетін болсақ, сондай шектеулі саланың бірі – творчество психологиясы болды. Таланттың құпиясы мол. Сол тумысы бимәлім құбылыстың себебі ашудан қорықтық, әлдебір жұмбақтың ашуынан сескендік. Оның түп тамыры – адамның тегі, тұқым қуалау заңдылығы қақындағы генетика ғылымының құбыжық ретінде көрсетуге тырысқан жалған ғалым лысенковшылардың байбаламы болатын. Бұл – адамның өзін өзі тануына шек қою еді.

Ой өрісін сабақтар әңгімеміз аталмыш тақырыптан мүлде басқа болсада, сонау пікірдің бірден тіл ұшына оралуы тегін емес. Себебі: белгілі қаламгер Сафуан Шаймерденовтың соңғы екі жылда шыққан «Әдеби толқындар», «Ағалардың алақаны» атты екі кітабын қайтара оқып, өнер тарихына және оның теориясына қатысты көптеген мәселелердің тасада қалып келгеніне таңдана әрі ренішпен іштей жасап қалдым. Қаншама таланттардың тағдырының тақырау тұсында тәлкекке ұшырап, ағысқа қарсы жүземін деп, маңдайын тасқа соққан десеңші. Творсество психологиясы ашылмай, адамның жасампаздық қуаты да еркіндікке ие болмақ емес. Ал біз соған кедергі жасап келіппіз. Бірақ шын талант тоқырау мен бұйығылықтың шырмауында жүріп-ақ пікір бостандығына ұмтылып, іштегі қыжылын қалайда сыртқа шығаруға тырысыпты. Қазір біз: «Ойпырмай, Баукең сөйтіпті», «анау дәйдің өзінен сескенбепті, батыр десе батыр деп тамсанамыз. Халқымыздың маңдайындағы ар намысындай көрінген Бауыржан Момышұлы шыныңда да батыр адам. Ол сол кездің өзінде айтарын бетке айтып, жариялылықтың жаршысы болды. Шыңдықты жасырып қалмады. Біз қазір іздеп теңеу таба алмай жүрген жағымпаздар, жершілдер, бюрократтар, рушылдар Баукеңнен алыс жүруге тырысты. Олар қорқатын. Ал сол Баукеңнің сәлемін алмаған адамды қалай түсінуге болады? Сыйламасын танымас дегенге саямыз ба? Жоқ. Бұл адамдағы гәп басқада. Адамның бойындағы мінезден, дәлірек айтсақ творсествоның психологиясынан іздегеніміз абзал. Аталы сөздің астарын Баукеңдей түсінетін және түсіндіре білетін қазақ аз. Ағайын арасындағы өкпеге ақын інісі Қалижан Бекқожинді қимаған Баукен өзіне сәлемдеспей қойғанда кездейсоқ адамға: «Менің кім екенімді білесінбе? Жоқ, мен ана Қалижанның ағасымын» - депті. Жайшылықтың өзінде мұртынан ашу шашып жүретін Қалекең күліп жіберіп, Бауекеңе жүгіріп сәлем беріпті. Сөз астарын ұғу деген осы. Сонымен қатар мұнда творчество адамына тән мінез-құлық, өнер адамына тән психология жатыр. Оның ар жағында бір ауыз сөзге кісі құнын кешкен ата дәстүрі жатыр. Тоқырау тұсында ойдың да тотұтқырланғаны сондай, ата дәстүрінің сәл ғана жұқанағын көрсек ұлтшыл, феодалшыл деп айқайлап арыз жазу жан тайынбадық. Ондай әдеттен арылып та біткеніміз жоқ.

Көркем шығарманың тағылымдық мәні оның көлемімен өлшенбейді. Рухани әсерімен бағаланады. Мен Сафуан Шаймерденовтың «Ағалардың алақаны» атты кітабындағы шап-шағын осынау әңгімені оқыған соң сол шығарманың астарындағы үлкен әрі ащщы шыңдықты аңғардым. Аймаңдайлы ағалар өзінің мінезімен де жариялылықтың шамын жағып, олармен іштей күресіп, қыр көрсетіп жүріпті. Өнер адамдарының өмірінде жан қарсылығын сыртқа шығарудың мұндай тәсілдерін меңгерген жанның бірі – Пабло Пикассо мен Поль Элюар. Фашизмді масқаралай әшкерелеген «Герниканы» көріп тұрып: «Мұны салған кім?» – деп жекіре сұраған неміс армиясының офицеріне: «Мұны салған да, салдырған да сендерсіндер» - дейінің өзіерлік емес пе? «Ағалардың алақанындағы» Баукең туралы әңгімелерді оқығанда дәл осындай ел аузынан түспейтін, ұрпақтар айта жүретің асыл сөздердің куәсі болғанымды жасыра алмаймын. Өзге әңгімелерге кепілдік бере алмасамда, бұғансенімдімін. Ал сөз өнері тарихында бір шуақ өлеңімен, бір ауыз тапқыр сөзімен тарихта қалған жырауларымыз бен шешендеріміз қаншама.

Жеке творчество иелерінің өмір тарихының, рухани мәдениетінің тұрмыстағы, өнердегі мінез-құлқының назардан тыс қалып, оларды тек шығармаларының мазмұнымен ғана бағалап келуіміздің өзінде де үлкен ебестік бар. Бұл дегеніңіз – заводтан шыққан дайын өнімді ғана біліп, ал соның ар жағындағы мыңдаған қиыншылықтар мен операцияларды сезінбеумен бірдей кез-келеген шығарманың астарында өнер иесінің өз образы тұрады. Мысалы аса талантты қазақ жазушысы, жалаң әлеуметтік ұранның дес бермей тұрған кезінде лирикалық прозамызды дамытқан марқұм МұқанИманжановтың туындыларын оқи отырып, мұндай тәуекелдікке қалай бел бұрғанына таңданатынымыз рас қой. Сөйтсек, оның себебі – жазушының жеке басыныңасқан мәдениеттілігінде, парасыттылығында екен. Адамның таным түсінігінде, жүрегіне сіңген кілікті өлім де жеңе алмапты. Тіршіліктегікөп достары сырқаты меңдеген тұста саябыр тап-тауып, өліммен бетпе-бет қалғанда Мұқан Иманжановтың соңғы сөзі «рахмет» деген тілек болыпты. Аяғы ашылып қалған соң күтуші әйелден соны қымтауды өтінеді. Өтініші орындалған сәтте «рахметін» айтыпты да көзін мәңгілік жұмыпты. «Құдай-ау, осындайда сырбаза, таза, адал адамдар неге ерте өледі екен. Өлсе де мәдениетті, ізгілікті, адамгершілікті ұмытпады-ау. Кек қағарын біле тұрып «рахметін» айтып үлгерді» - деп көз жасын бұлаған бейтаныс орыс әйелінің сөзі жаның сырқыратады. Демек, туындыларындағы ерлік пен батыл ойларды айтқызған – Мұқанның бойына туа біткен кішіпейілділік пен адамгершілік, мәдениеттілік. Сол қасиеттердің арқасында заманның өтпелі ағымына бас имеген. Міне твочество психологиясының ашылмаған бір құбылысы. Ал осыны біз бұрыннеге білмедік. Әрине, естіп-көргендер көп еді, бірақ сол мінездің астарына үңіліп, себеп-салдарына назар салып, кеңейте талдау ешкімнің ойына келмеді. Сафуан Шаймерденовтың ілхамына ғана іліккен. Бұл да тәрбиеліліктің, мәдениеттіліктің, заттылықтың белгісі.. Өмірден көрген – іңнен пікір түйе білетін зеректілікті танытады. Әрі аға әріптесінің кезінде тиісті бағасын ала алмаған, бірақ пысықтар мен басы асау замандастарына жолын кесітрмеген рухының мықтылығы да келешекке жеткізіп отыр. Демек, парызын да орындағаны.

Қазір өткен өмірімізді сынау күнделікті әдетке айналып, тіпті бойымызды соған әбден үйретіп алғандаймыз. Мұның өзі де сақтандыратын жай. Тек барлық кінәні кешегі өзіміз өмір сүрген, қолымызбен атқарған істен көріп, жамыраса жамандағанмен, одан тиісті қорытынды шығармасақ, онда бетбұрыстың кезінде де бетімізді дұрыс бұрмағанымыз болып табылады. Сондай нәзік те мәнді қарым-қатынастың бірі – ұлттық ынтымақтастық. Осынау көзге көрінбейтін сезімдердің ұшығын ұстап, дертті тұсын дәл таппасаң кеселге айналып кететін кірпияз құбылыстың дімкес тұстарын емеурінменде, ашық та айтқан адамдар болды. Соның бірі Сафуан Шаймерденов. Тегінде достықтың, сыйластықтың тегі де адалдық жатыр. Бір Сапарда жүрген тәжік ақыны Құтби Қиромның басында ала тақиясы бар екен. Шөлдеп-шалдығып келгенде үй иесінің келіншегі жөнді қабақ танытпайды. Себебін іздегенде өздерін ала тақия киген саудагерлердің үнемі алдап кететінің айтып, енді көзіне тиісті сыбағасын біреуге бекінгенін білдіреді. Жазушы екендерін естігенде ат ш-шапан айыбын төлеуге ұмтылады. Ал Құтби Киром намыстанудың орнына қуанып, өз елінің мәдениеті туралы толғайды. Алаяаяқтардың әр ұлтта барлығын айтады. Шындық па! Шындық. Екі халықтың өкілдері де ұтты ғой бұдан. Ал осы әңгімені ұлттар арсына сызат түсреді деп жалған намыстанған адамның күдігін естіп, қысқартуға бекінгенін көзіммен көріп едім. Сондамұның қай жері қате? Ешқандайда әбестігі жоқ. Қайта ағайындас екі халықтың арсындағы түсініспестіктің қыртысын жазып отыр емес пе. Міне жалған патриоттардың әсіресақтығына иек артсақ онда жаңағы халық көңіліндегі кірбің сол күйі қалар еді де кейін жазылмайтын дертке ұласып кетуі мүмкін еді ғой. Осы шындықты айту арқылы Сафуан Шаймкрденов бір халық халықтың өкіліне деген өкпесін назға айналдырып жіберіп отыр. Суреткер үшін бұдан артық мақсатты тағылым бола ма.

Шығарманың шыншыл болуын талап еткенде біз көбіне көркемдік шындыққа жүгінемізде, оның өмірлік астарын назардан тыс қалдырамыз. Мен осы «Ағалардыңалақанындағы» жазушының өз баласы туралы жазған «Өз машинасы»дегенде» атты шағын әңгімені оқығанда Сафуан ағамыздың өзіне, өз семьясына да сын көзбен қарап, сәл көңіліне көлеңке түссе бетке айтатын қасиетін байқадым. Орайы келгенде жариялықтың тізгініне жармаса отырып бір жайды жасырып қалуды жөнсіз деп таптым. Ол, бала-шағасының машинасын жазған кітапты үлкен сыйлыққа ұсынуға болама екен деп сөз таратып жүргендердің пікірі. Егерде, дәл осы әңгімеде Сафуан Шаймерденов атақты Чемпион Саян Шаймерденовшеберлігі туралы бір ауыз жылы сөз білдірсе, мен де қосылар едім. Ал мұнда сол әлем жүлдегері атанғанұлының өзімшілдігін, жеке меңшік психологиясын сынап отыр ғой.Қайта ұлы әкесіне ренжуі тиіс. Әкесінің машинасын мінгенде қалай болса солай тастай салып, күтпейтін ұлы өзі машина алғанда соны өбектеумен әлекке түседі. «Міне, жеке меншік психологиясы, өзімшілдік деген осы. Әкесінің мүлкіне немқұрайлы қараған адам өзіндікіне келгенде өрекпіп тұр» - деген сөзді мегзейді. Демек, жоғарыдағы алыпқашпа сөздер өтірік, ол жазушыға жалған жала жабудың, желсөз таратудың бір айласы. Керісінше, бұл әңгімеден аға ұрпақтың жас ұрпаққа деген тәрбиесі байқалады. Мүмкін, жолдарды жазу әке-Сафуанға ауыр да болған шығар, бірақ, жазушы Сафуан шыңдықтың алдына жалтара алмаған.

«Жел керуен», «Автограф», «Бір таба нан» атты үш бөлімнен тұратын бұл кітаптың тақырыбы өзара сабақтас. Және «Мегіл», «Мәжнүн тал», «Марғау», «Жыл құсы» сияқты повестерге көзі қанық оқырман бұл шығарманы оқып отырып, естеліктердің қатарына жатқыза салуы мүмкін. Шындықты желі етіп тарта отырып, шағын хикаялар арқылы көркемдік шешімге ұмтылған. Бұл ақиқаттың айғақтайтын жан толғанысы, өмір туралы жазушы көзқарасы. Есіндегілерін елге жеткізу үшін емес өмірден түйгендерін көркем жинақтау дәрежесіне көтеріп, кейінгіге ғибрат тастау. Мұндай көркемдік тәсіл ілгері-кейінді уақытта әлем әдебиетінде аз кездеспеген. Альфрад де Мюссеннің «Ғасыр ұлының толғанысынан» бастап күні кеше шет-жағасы аударылған Петер Вайстің «Қарсылық эстетикасына» дейін дәл осындай творчествосылық мақсат-мүддені қозғағаншынайы шығармалар. Сондықтанда Сафуан Шаймерденовтың деректі үш шығармасының шырыны-шырайлығында жатыр.

Творчестволық көзқарас бір күнде, бір жылда қалыптаспайды. Ол ұзақ уақыттың жемісі. Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығын «Ағалардың алақанымен» қанаттанса ұсынылған «Әдеби толқындар» атты сыни мақалар жинағын оқып шыққаннан кейін Сафуан Шаймерденовтың еуінші бір қасиетін аңғардым. Ол зеректігі. Мысалы, Н.Островскийдің әйгілі «Құрыш қалайшылықты заманының атының дұрыс аударылғанына еш күмән болмайтын. Бірақ, сөз төркінің індетіп көрсек шындығында да құрыш қалай шынығады, екіншіден, ыстал – құрыш емес, болат қой. Ендеше, болат шынықпайды, суарылады деген С.Шаймерденовтың пікіріне қарсы дау айта алмайсын. Бірақ, сұлу сөзге үйірлігіміздің белгісіндей нәтижесіндей боп осы күнге дейін «Құрыш қалай шынықты» деген аттан айрылмай келеміз. Ал құрыш дегеніміздің осы болаттайберік емес морт сынатын әлі толық қорытылмаған метал ғой.

«Әдеби толқындар» атты жинақ өзінің мазмұны жағынан алғанда «Ағалардың алқаныменен» жалғасып жатыр. Деректі әңгімелерде творчество адамдарының жан дүние психологиясымен жеке басындағы күйніш-сүйініштері өмірге танымдық көзқарастары тереңдей айтылса, екінші сыни кітаптарда олардың творчествосының қыр-сыры қамтылады. Сондай-ақ бұдан Сафуан Шаймерденовтың өзінің ой өресі қаламгерлік келбеті танылады. Әсіресе аударма саласындағы сын пікірлері әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Себебі сол кезде жарияланған аудармалардың ішінде қазірде қайта басылып жүргендері бар. Екінші аңғарылатын жай жалпы қазақ әдебиетіндегі кейінгі отыз жылғы назарға іліккен көркем шығармалардың деніне жазушының Сафуан Шаймерденовтың қандай пікірде болғанын байқаймыз. Бұл да сөз өнеріміздің даму жолындағы белесті танытатын жай.

Қорыта айтқанда Сафуан Шаймерденовтың Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығына ұсынған жоғарыдағы екі кітабы да тағылымдық, танымдық, мағлұматы мол туындылар. Бұл жазушының туған өнеріне деген құрметі мен ілтипатын білдіретін, ұзақ жылдардың жемісі. Мәселен шығарманың көлемінде, жанырында емес. Не айтты, қалай айтты соған байланысты. Ал С.Шаймерденовтын жүрегіне кір жасырылмағаны анық.


Тұрсын Жұртбаев

Жазушы портреті


Жүректің қылын тербеген.

Қашанда қабырғалы қаламгерлердің творчестволық талғамына зер салып, даралық сипатын саралағанда ол бейнелеген өмірдің қате қабат сырына үңіліп, оны философиялық тұжырымына ден қойып, олардың өмірін мақсатын, шеберлік шырайына нықтауға ұмтыласын.

Әрбір жазушының жүрегіне жақын, өзі өзі жақсы біліп, тамылжыта суреттелетін творчестволық әлемі бар, сол арқылы айтар ойын өмірменөзектесе өріп, адамдардың жан дүнеисінің құпиясын ашып, тиянақты тұжырым жасайды. Қаламгер творчествосының қыры сан салалы. Эпикалық, лирикалық, драмамалық сарынды бір адамның туындыларынан іздестіру әбестін. Әрине, ізденістің нәтижесіндегі жанрлық барлаулар, оны нышындардың қылаң беруі кез-келген иесінің парасатты парызы. Дегенменде шынайы шығармалардарын табиғатымен асталыпқамшының өріміндей сабақтасып, жүректің қылын тербейді.

Көркем шығарманың басты тұлғасы адам. Мейлі ол қалада тұрсын, ауылдың тұнық ауасымен тыныстасын қаһармандара интелектулды қасиетке ие тұлға ма, қарапайым тіршілік кешкен қатардағы қоғам мүшесі ме, бәрібір, әдеби туындының өзегіне желі ретінде тартылады. Тек жазушы өзінің суреттеуінің нәтижесінде әлеуметтік астар беріп, не лирикалық толғанысқа құрып, парасатты дүние дәрижесіне жеткізіп, тағылымдық нысананы мете тұтуы тиіс. Бұл орайда қазақ жазушыларының орта буын өкілдерінің арасында өзіндік өрнегімен қоңыр әуенімен, нәзік нақышымен, жеңіл психологиялық толғамымен дараланатын Сайын Мұратбековтың творчестволық лабороториясы ерекше назар аудартады. Он тоғыз жасында жарық көріп, жұртшылықтың ықыласына бөленген. «Таңғы шық» атты әңгімесінен бастап күні бүгінге дейін ауыл өмірін көркем шығармаларының артын арқауы етіп келеді.

Тақырып-қаламгердің өскен,и өзі етене аралап қан ортасына тікелей қатысты. Суреттелетін өмір көрінісін жете зерттеп, тыныс-тіршілігін бойыңа толық сәңіргенде ғана көркем шығарманың алдына қойған мақсаты орындалады. Бүгінгі таңда көкей-кесті тақырыптың ойын танылып, қаламын әр қияға сілтеп, өзін де, оқырманды да таңылдырып, із тастап жүрген қаламгерлер аз емес. Сайын Мұратбековтың бір ерекшелігі де осы бір тақырып тұрақтылығында. Оның кейіпкерлері де өз заманы замандастарымыз. Күнделікті қарым-қатынаста көріп, әңгімелесіп, сыр шертіп, әзілдесіп жүрген жандар. Әсіре қызыл сөзге, жасанды желіге әуес емес. Оның қаламынан шыққан әр оқиға өмірдің өзінен алынып, көзқанық сыралғы жайлардың негізінде өрбіп, лирикалық жылы леппен баяндалып, тазалығымен, жеңіл мұңымен жүрегіңді шымырлатып, өзін тұнығына батырады. Әсем әлемге жетелейді. Жазушының ұшқыр қиялы нәзік суреттеумен қабыса өрнектеліп, өзіне баурап алады.

Қазіргі әдебиетте ауыл өміріе арналған шығармалар оқырмандардың ықыласын аударып, бұл құбылыстың даму бағыттарына жіті ден қоюда. Одақ көлеміндегіәдеби пікір алулардың есептемегенде, үстіміздегі жылы Алматы қаласындасело еңбеккерлерініңкөркем шығармадағы бейнесі қақында халықаралық конференция өтті. Сол мәжіліске еңбек адамының психологиясына терең үңіліп, әлеуметтік мәселе көтеру қақында көптеген пікірлер айтылып, дара қағылып жатты. Осы бағытта қалам тартып, үздік шығармаларды өмірге әкелген совет жвзушыларының бір шоғырының қатарында Саиын Мұратбековтың да есімі аталып, орынды бағаланды. Бұл жиырма жыл бойы тың тынысын суреттеген, ауыл адамдарының өмірін жырлаған жазушы еңбегінің әуіл бағасы.

Бір қызығы – Саиын Мұратбековтың туындыларының дені әнгімелер. Әрине, әдебиеттің қай жанры да дара тамырлас. Бейімбет Майлиннің бір әнгімесінде кейбір бүйірі қалың повесть, романдарда кезігебермейтін типтік бейнелер, кесек оқиғалар, салмақты әлеуметтік астарлар бар. Сондықтанда жазушының қысқа жанрды іш тартып, аз сөзбен көп мағына беруге ұмтылуы талант иесінің талғампаздығын, жауапкершілігін танытады. Мөлуіреген танғы шықтай таза сезімге құрылған «Райгүл», «Қылау», «Алғашқы қар», «Менің қарындасым» атты әнгімелердегі жас жеткіншектердің пәк махаббаты, сырлы жан-дүниесі, арманшыл қиялы қоңыр әуенмен, лирикалық толғаныспен тамылжыта баяндалады. Онда бозыла таңдағы бозторғайдың әнін тыңдап, жарқын болашақты аңсайтын бозбала мен жанарына нұр тынған қарақат көз қыздың көктемдегі бүр ашқан гүлдей ояна бастаған махаббаты нанымды да шырайлы суреттеледі. Олардың көкіректеріндегі ықыласты ойларын, тәтті армандарын сыртқа шығармайды, іштей егіліп, елжіреп, қиялдың тұнық та терең тұңғиығына батырады. Бір-біріне ұласып, шытырманға жетелейтін күрделі оқиға да жау. Бүкіл шығарманың желісі психология мен сезім иіріміне негізделген. Шағын да шымыр оқырманның жүрегін дірілдетіп, толқытады. Әнгіме аяқталса да сен кейіпкердің болашағын көз алдына елестетіп ұзақ уақыт сол әсерден fqs&f алмайсын.

Психологиялық лиризм қазақ пропазысында 60-жылдардың басынданышан танытып, бүгінгі таңда қанатын кең жайып отыр. Осындай тың тынысты лептің алғашқы көрінісі Сайын Мұратбековтың творчествосында қылаң берді. Қаламгердің осы бағыттағы ізденістері әр шығармасынан анық байқалуы. Автор адамның ішкі сырына үңіліп, жан тебіренісі арқылы кеціпкерінің іс-әрекетін, мүдде-мақсатын, сағыныш-өкінішін ашады. Әрбір қаһарманның өз тілі,өз ұғымы, өз пікірі бар. Қанашама ұқсас тақырып жазса да кейіпкерлердің бейнесі мен тұжырымдалғын ой-пікір бір-біріне ұқсамайды. Оқшау, жеке дара қалып танытып, соны қырынан көрінеді. Жазушы болмашы оқиғаның өзін әсерлі, ойшықты тілмен өрнектеп, жүрекке жеткізеді.Мұның басты сыры – психологиялық лиризимнің күші. Сайын Мұратбеков шығарманың бояуын қоюлатпай, артық дыбыс қоспай, таза, поэтикалық дүние жазуды өзінің творчестволық мақсаты ретінде тұтынады. Сонымен қатар философиялық терен тұжырым мен, пайымды пікір де туындының салмағын арттырып, салауатты көркем шығарма дәрижесіне көселген.



Қарапайымдылық-қарабайырлық емес. Жазушының ьарлық кейіпкерлері ауыл адамдары. Сырт көзге қарағанда бір өңірдің тұрғындарының тағдырын роман-новелла ретінде алып, олардың әрқайсысына жеке дара тоқталған тәрізді.Осы орайда Г.Матвеоянның «Буйволы» мен «Тарғыл табыны» оралады. Бірақ әр әнгіменің айтар ойы мен көркемдік шешіміне көз жүгіртсең, автордың жеке адамның ғана бір өтпелі шағын емес, сол дәуреннің жиынтық бейнесінжасағаның, соған саналы түрде творчестволық ізденіспен, зер дайындықпен,келгенің анғарасын. Ол өмір толқынындв екшілудің нәтижесінде жүреккетұнған сезімнің бір сәтін, яғни адамның қуанышын, өкінішін, сағынышын қаз-қалпында ----- тілмен қағазға түсірген. Қаламгер адамның ғұмырындағышешуші кезеңді ғана алып, қамырдан қыр суырғандай ептілікпен, дәлдікпен баяндап, оқырманға үлкенфилософиялық тұжырым ұсынады.Әсерлі әңгімені оқып шыққан соң ешқашанда бей-жай күйде қалмайсыз. Қуанасыз, тебіренесіз, ренжисіз.

Адам өміріндегі қимас сәттер,


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет