«Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»



бет80/128
Дата05.02.2022
өлшемі4,38 Mb.
#17399
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   128
Ылғалдау аппараты офсеттік басу қалыбындағы ашық жол элементтеріне, бояудың жағылмауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын (яғни, бояудың жағылуынан сақтау үшін) офсеттік басу машинасының арнайы құрылғысы. Офсеттік басу машинасының ылғалдау құрылғысы аппаратындағы резервуарға арнайы ылғалдау ерітіндісі құйылып, жаймалау біліктері арқылы бекітілген офсеттік басу қалыбына жағылады. Офсеттік басу әдісінің қалыптарындағы ашық жол элементтерінің гидрофильдік қабілеті болғандықтан басу қалыбының ылғалдау ерітіндісін қабылдап, майлы бояуды қабылдамайды (майлы бояу жағылмайды). Офсеттік басу қалыптары осы негізде жасалған, яғни, бұл басу қалыптарында гидрофильді және гидрофобты қабілеттер бар.
Гидрофильділік - жазық басу әдістерінде (офсеттік басу әдісі, литография) беріктігі жоғары ашық жол элементтерін қалыптастырады, ал гидрофобтық қабілет қалыптағы басу элементтерінің беріктігін арттырады. Яғни, гидрофобтық әсер - қалыптағы басу элементтерінің майлы бояуды қабылдап, ылғалдау ерітіндісін қабылдамайтын қабілеті. Сондықтан жазық офсеттік басу әдісі қалыптарындағы басу элементтері майлы бояуды қабылдап алады да, ылғалды қабылдамайды. Офсеттік басу қалыптары осындай ерекшеліктерге ие болғандықтан ашық жол және басу элементтері бір жазықта орналаса алады. Жазық басу әдісі деп аталатын себебі де басу қалыптарының осы ерекшеліктерінен шыққан.
Енді ойыңқы басу әдісімен басатын машиналарды алсақ, олардың да өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, бұл машиналар, біріншіден, арнайы резервуардағы сұйық бояуға (ойыңқы басу әдісінде барынша сүйық бояу қолданылады) малынып шығатын басу қалыбындағы ашық жол элементтерінде жағылған артық бояуды сыдырып тастап, тазалап тұратын жұқа металл пышақ — ракельмен жабдықталады. Ойыңқы басу әдісімен басатын машиналардың жылдамдықтары өте жоғары болғандықтан, міндетті түрде кептіру құрылғыларымен жабдықталуы керек. Кейбір машиналарда арнайы ұнтақ себелегіш құрылғылар да болады. Олар жаңа басылып жатқан оттискі беттеріндегі кеппеген бояу қабаттарының – келесі оттискінің қарсы жағына жабысудан сақтайтын арнайы ұнтақ заттар сеуіп тұрады
Жалпы басу машиналарын мысалға ала отырып, басу жабдықтарын басу үдерісіне дайындау жұмыстарының қалай орындалғанын қарастырып көрейік: басу машинасындағы өзі салғышты (самонаклад) дайындау — қағазды дайындау — қағаз жүргізіп тұратын жүйені дайындау — бояу аппаратын дайындау — бояуларды дайындау — қалыпты орнату — басылым қалыбын дайындау — бояудың берілуін ретке келтіру — қысымын реттеу (флексографияда приправка) — сәйкестендіру (приводка) -түзету-бекіту— сынама көшірме алу — басуға бекітілетін оттискі алу — себелегіш құрылғыны дайындау — таралымды басу.
Басу үдерісінде машинада орындалатын - сәйкестру (приводка) операциясының маңызы өте зор. Ол басылымның оң жағы мен кері жағындағы мәтін және бейне материалдарының және ондағы әртүрлі бояуларды сәйкестендіру мақсатында, олардың оң жағы мен кері жағының бір-біріне дәл келуін қадағалап, орын-орнына дәлдікпен орналастыру операциясы. Мысалы тек мәтіндік ақпараттардан тұратын өнім басылғанда мәтін жолдарының қағаздың оң жағы мен кері жағында бір-бірімен дәл келуін қамтамасыз ету. Тәжірибеде бұл машинадағы қалыпты да, қағазды да (белгілі шамада) жылжыту арқылы да жасалады, ал жаңадан шығып жатқан автоматтандырылған басу машиналарында монитор арқылы сәйкестіріліп отырады.
Басу қысымын біркелкілендіру (приправка) операциясы негізінен дәстүрлі шығыңқы басу әдісіне тән — мұнда басу қалыптары мен басу машиналарының ерекшеліктеріне сәйкес басу қысымын реттеу операциялары орындалатын. Қысымды біркелкілендіру үшін, арнайы жасалатын серпінді майысқақ қабаттардан тұратын декель материалы қолданылатын. Флексографияға дейін көптеген жылдар қолданыста болған, металды басу қалыптарымен жұмыс істейтін шығыңқы басу әдісінде (ескірген, қазір қолданылмайды) терілген металды әріптерден тұратын қалыпқа қысымның біркелкі берілмеуінен де, басу элементтері биіктіктерінің әр түрлілігі салдарынан да, басу машинасындағы басу құрылымының кемістігі — металды өңдеу кезінде пайда болған, кедір-бұдыр кемістіктер декель арқылы біркелкілендірілетін. Басу қысымы жеткіліксіз болып тұрған тұсына қосымша қағаздар желімденіп, ал қысымы артық тұстағы қағаздарды ойып кесіп тастау арқылы қысымды тұрақтандыратын.
Басу қалыбына түсетін қысымды реттеу басу элементтері мен ашық жол элементтері бір жазықта орналасқан офсеттік басу әдісінде де қолданылады. Мұнда, қысымды реттеу – арнайы декельдің қызметін атқаратын және басу қалыбындағы бояуды өзіне қабылдап алып, сонан соң барып, оны қағазға беретін арнайы майысқақ әрі серпінді резинаматалы материал атқарады (кейде резинаматалы пластина деп аталады).
Қазіргі нарық талаптары бойынша барынша үлкен сұранысқа ие болып жүрген орап-буу материалдарына сұраныстың көбеюіне байланысты өнімділігі жоғары, бояу сіңбейтін материалдарда да баса беретін, басу қалыбын даярлау технологиясы да қарапайым, қазіргі кезде барынша үлкен қолданыстағы флексографиялық басу әдісінің кеңінен дамуына әсер етті. Әрине, флексографиялық басу қалыбын дайындау технологиясының қарапайымдылығы ғана емес, орап-қаптау заттарына сұраныстың артуымен қатар, өнімді жоғары сапада даярлау мүмкіндігі мен экономикалық жағынан ұтымдылығының әсері мол болды.
Флексографиялық басу әдісімен тамақ, сусын өнімдерімен қатар сыйлықтарды орап-қаптауға арналған өнімдерді бояу сіңбейтін пленка сияқты әр түрлі материалдарда майысқақ фотополимерлік басу қалыптарын қолданып, мәтінді-бейнелік ақпараттарды арнайы сұйық бояумен басып шығарады. Флексографиялық басу әдісінің құрылымы әртүрлі көптеген арнайы материалдарда (полиэтилен, полипропилен, целофан, қағаз, гофрокартон, фольга және т.б.) баса алатын мүмкіншілігі бар, кеңінен қолданылып жүрген, болашағы зор. Бұл басу әдісінің техникасы мен технологиясын қарастыратын болсақ, флексографиялық басу әдісінің кеңінен қолданылуына майысқақ резиналы басу қалыптарының пайда болуы бірден бір себеп болды.
Флексографиялық басу әдісінің басты ерекшелігіне – майысқақ фотополимерлік қалыптан басу бояуының төмен қысыммен материалға тікелей берілуі жатады. Бұл қалыптың басқа басу әдістерінде қолданылатын басу қалыптарынан көптеген артықшылықтары бар. Мысалы, қалыпты дайындау технологиясының қарапайымдылығы, үлкен таралымға төзімділігі, шығыңқы және ойыңқы басу қалыптарына ғана тән таралымға төзімділігі олардан әлдеқайда жоғары. Қалыптың майысқақтығы декельдің қызметін атқарып, қысымды теңестіру операциясын (приправка) қажет етпейді. Сондай-ақ флексографиялық басу әдісімен үстіңгі беті кедір-бұдыр, дөрекі қабатты материалдарда баса беруге болады. Офсеттік басу әдісімен мұндай материалдарда басу мүмкін емес. Флексографиялық басу әдісінің басты артықшылықтарына: әртүрлі қабатты, қалың материалдарда басу мүмкіндігі; су негіздегі бояуларды қолдану мүмкіндігі; басудан кейінгі үдерістерді (ламинация, ойып-кесу, бүктемелеу, бекіту, желімдеу және т.б.) бір ағымды желіде үздіксіз бір мезетте даярлау мүмкіншіліктері; экологиялық ұтымдылығы; бір рулоннан екінші рулонға аса жоғары жылдамдықта басу мүмкіншіліктері жатады.
Флексографиялық басу үдерісінде арнайы басу машиналары мен арнайы басу қалыптары қолданылады. Флексографияда қолданылатын басу қалыбы арнайы пресстелген резинадан немесе фотополимерлік материалдардан дайындалады. Қалыптағы басу элементтері ашық жолдардан шығыңқы орналасады. Флексографиялық басу әдісі - тікелей шығыңқы басу әдісіне жатады, себебі мұндағы шығыңқы орналасқан басу элементтеріне жағылған бояу басу машинасындағы жүріп тұрған материалға тікелей басыла береді. Жабдықтың бояу аппаратында орналасқан «анилоксты білік» деп аталатын біліктің арнайы ұяшықтары болады. Сол ұяшықтар арқылы қалыптағы басу элементтеріне бояу беріледі. Басу қалыбындағы ұяшықтардың саны басылымның ерекшеліктері мен сапасына қойылатын талапқа қарай әртүрлі болады.
Флексографиялық басу әдісі арнайы ротациялық басу машиналарында басылады. Бұл басу әдісімен басатын машиналары негізгі үш типтен тұрады. Олар: ярусты басу машиналары, секциялардан тұратын басу машиналары және планетарлы құрылымды машиналар. Ярусты құрылымды басу машиналары - жеке басу цилиндрынан тұратын, бір-бірінің үстіне орналасқан жеке басу түйіндерінен тұрады. Бұл флексографияда қолданысқа енген алғашқы басу машинасы. Бұл машиналарда қалың қабаттан тұратын қарапайым жұмыстарды басу ыңғайлы.
Секциялы құрылымды басу машиналары да ярусты машиналар сияқты әр түске арналған жеке басу секцияларынан тұрады. Әр секциясы бір-біріне горизонтальді орналасқан. Бұл машиналарда түрлі түстердің дәлдігін, әрі сапалы түсуін қамтамасыз ететін арнайы өлшеу-қадағалау құрылғылары болады. Мұнда ірі гофрлы картондар сияқты қораптар басылады.
Флексографияда қолданылатын басу машинасының тағы бір түріне планетарлы құрылымды, көп бояулы өнімдерді басуға арналған, басу түйіндері бір-біріне тәуелсіз, бір ортақ цилиндрді айнала орналасқан арнайы біліктерден тұратын басу машинасы жатады. Бұл басу машинасында көп бояулы түрлі-түсті өнімдер басылады.
Қазіргі кезде флексографияда тез кебетін, сұйық, сумен араластырылатын бояулар қолданылады. Флексографиялық басу әдісінде қолданылатын арнайы бояулардың маңызы зор. Себебі, басу бояуларының ерекшеліктеріне қарай басылымның айқындығы, қанықтығы мен жалтырақтығы арта түседі. Оттискіде бекітілуіне қарай флексографиялық басу бояуларын бірнеше типке бөлуге болады. Олар: сіңіп, құрғап бекітілетін суда еритін, ауада ұшып кететін спиртті немесе спиртте еритін, УФ сәулесі арқылы бекітілетін бояулар. Суда еритін бояулар барынша экологиялық таза, әрі жұмыста ыңғайлы деп есептеледі. Мұндағы ерітінді су немесе су менен спирттің қосындысы. Су негізді бояулар бірден сіңіріп алатын материалдарда (қағаз, картон) қолданылады. Пленкаларда нашар бекітілетіндіктен (адгезиясы төмен), бұл бояуларды синтетикалық материалдарды басуда қолдануға болмайды.
Негізі ұшпалы ерітінділерден тұратын бояулар суда еритін бояулармен салыстырғанда арзан, адгезиялық қабілеті, яғни, материалда бекітілуі мен материалдағы жалтырақтық сапасы жоғары. Бұл бояулар синтетикалық материалдарда сапалы бекітілетіндіктен, пленка типтес, майысқақ орап-буу, этикеткалық материалдарды басуда кеңінен қолданылады.
Ең сапалы өнімдер ультрафиолетті бекітілетін бояулармен басылады. Басылған нүктелі бейнематериалдардағы түстер қанық беріледі, түс балансының сәйкестігі, дәлдігі және кебу қабілеті мен таралымдағы төзімділігі жоғары. Мұнда материалға бояудың берік бекітілуін қамтамасыз ететін қоспаны – фотополимерлік композиция деп атайды. Бұл бояудың иісі мен дәмі болмағандықтан тағам және фармацевтика саласында кеңінен қолданылады.
Баспа-полиграфия саласының даму барысына кеңінен қолданылып жүрген компьютерлік санды технологиялардың әсері өте жоғары. Осы саладағы барынша кең қолданыста жүрген басу әдістерінің бір түрі – санды басу әдісі.

Каталог: 2017 -> KazNU-MTIJ-2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
KazNU-MTIJ-2017 -> Материалдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   128




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет