Түрі: Ой бөлісу. Әдісі: «Жүректен — жүрекке» шеңбері, ой қозғау, «Ашық микрофон»


ІҮ кезең . «Конверттегі сұрақтар»



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,68 Kb.
#86413
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
Тренинг отбасы

ІҮ кезең . «Конверттегі сұрақтар»
«Біз баламызды танимыз ба?» деп аталады. Бұл кезең ата — аналарға арналады. Ортаға 6 ата-ананы шақырамыз.
Құрметті ата-аналар конверттің біреуін таңдап, ондағы сұрақтарға жауап берулеріңіз сұралады.
1
1. Балаңыздың парталас көршісі кім?
2. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
№2

1. Балаңыздың сүйікті асы не?
2. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?
3.
Реклама 05
1. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
2. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
4.
1. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
2. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
5.
1. Балаңыздың бойында қандай өнер бар?
2. Балаңыздың жағымды және жағымсыз қасиеттерін атаңыз.
Сыныптың ұлдардың орындауындағы «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.

Анаң-күнің жүрегің,
Әкең -өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Әжең- асыл ардағың,
Атаң- дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Ағаң –қамқор асқарың,
Інің- мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын
Бейнебаян «Отбасы құндылығы»

1.Бейнебаяннан не байқадыңыз?
2.Қандай тұжырымға келдіңіздер?
3. Бір сөйлеммен түйіндеңіз?
Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсеретеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.
Кері байланыс: «Тілек ағашы». Ал енді оқушылар алдарыңыздағы түрлі- түсті үй түріндегі стикерлерге отбасыларыңызға тілектеріңді жазып, тілек ағашына жапсыруларыңыз сұралады.
Қорытынды сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мулдашева Маназилия апайға беріледі.

  • Осымен біздің ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын! Келесі кездескеше сау саламатта болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет