Түрі: сайыс Көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, тақырып жазылған плакат Әдісі



бет2/5
Дата17.08.2022
өлшемі0,99 Mb.
#148133
1   2   3   4   5
Байланысты:
білгірлер ауылы
IELTS Speaking Study Plan 1 Month PDF, IELTS Speaking Study Plan 1 Month PDF
1 айналым – «Тыйым сөздер»
2 айналым – «Қазақтың өлшем бірліктері»
3 айналым – «Салт-дәстүр – асыл қазына»
4 айналым – «Сен білесің бе?»
5 айналым – «Қара жәшік»
Мұғалім: Қазақ халқы бала тәрбиесіне мән беріп, оның ырым – тыйымдарын , салт – дәстүрін ерекше сақтаған. Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалатын әрекет. Ал, тыйым рәсімдері жас ұрпақты , аруақты сыйлауға , табиғатты қорғауға, әдепті болуға , қарапайымдылыққа , инабаттылыққа баулиды. Халқымыздың әдет – ғұрпын , салт- санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындай білу – әрбір перзенттің борышы . Ол – мәдениеттің белгісі.
1 айналым – «Тыйым сөздер»
Слайдта суреттер көрсетіледі. Оқушылар сол суреттер бойынша тыйым сөздер айтады.





Берілген суреттерге байланысты тыйым сөздер айту.
Бесік.
Бос бесікті тербетпе. Бесікті саудалама.
Есік.
Босағаны керме. Табалдырықта тұрма.
Үй.
Үйге қарай жүгірме. Үйді айналма.
Қыз бала.
Қыз балаға шашты жаюға болмайды. Қызға қырық үйден тыю.
Киім.
Киімді жалбағай жамылма. Киімді оң қолынан бастап ки. Бас киімді теппе, лақтырма, теріс киме.
Ыдыс.
Жарық ыдыспен тамақ жеме.
Нан.
Нанмен, қамырмаен ойнама. Нанды бір қолмен үзіп жеме. Нанды төңкеріп қойма.
Су.
Суға түкірме. Түнде судың бетін ашық қалдырма.
Мал.
Малға теріс мінбе. Малды бастан ұрма. Малды жыңғылмен айдама.
От.
Отпен ойнама. Отты шашпа. Оттан аттама. Күлге су құйма.
Адамның дене мүшелері
2 айналым – «Қазақтың өлшем бірліктері»
Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар.
Мәселен, өлшем бірліктерін білдіретін қазақтың көне сөздері өте көп кездеседі. Адамзат дүниесі дән өлшейтін мысқалдан бастап, астық өлшейтін шойын таразыларға толы. Қазақтың байырғы өлшем сөздерінің өзін нақтылы, жобалы өлшемдер, жер арақашықтығын білдіретін, салмақты, ұзындықты, көлемді, уақытты, жас мөлшерін білдіретін, қатты және сұйық заттардың өлшем бірліктері бола алатын түрлерге іріктеуге, саралауға әбден болады. Біздің халқымыздың ауыз әдебиетінде татымдай, шынтақтай, қолдаяқтай, шейін, дейін, қарай, таман, салым, тарта, жуық, таяу, торсықтай, есе, рет, қиян – қырлы, қара – құрым, үш тұмша, найза бойы, баданадай, қарыс, қадақ, тұтам, тамам, уыс, күректей, қасықтай, астаудай, шымшым, шаршы, кез, елі, қырық құрау, қарыс, аршын, адым, таспа, сүйем, батпан, тамшы, титтей, шайнам, табан, шайқам, әммә, тарыдай, уыс, бір ауық, кесек, тақыр, мысқал, азды - көпті, айшылық, күншілік, жылшылық, ұдай, құлаш, ықылым, кешелі – бүгінді, шым – шымдап, тосат, пұт, қылаң, мүшел, барабар, қат, т. б. сөздер өлшем бірліктері ретінде қолданылып келген.
Құлаш- иық деңгейінде көтерілген қолдың екі саусағының арасына тең өлшем.
1 құлаш = 8 қарыс = 2,5 шариат кезі = 167,5 см.
2 таяқ тастам жер = 1 құлаш


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет