Түрі: семинар-тренинг Көрнекілігі: ақ парақтар, маркер, фломастер т б Барысы



Дата08.11.2023
өлшемі15,98 Kb.
#190261
түріСеминар
Байланысты:
Тәрбие сағаты Жақсы мінез сарқылмас байлық
Мат сауаттылық, РӘМІЗДЕР қазақша, Хаттың түрлері, картотека 1-сынып, 5 лекц диф псих

Күні:
Тақырыбы: «Жақсы мінез- сарқылмас байлық»
Мақсаты: оқушылардың қоршаған орта мәдениеті туралы пікірін қалыптастыру,
өзін-өзі ұстауы, болашақтағы қажетті жақсы қасиеттерді жинақтау,
дағдыландыру.
Түрі: семинар-тренинг
Көрнекілігі: ақ парақтар, маркер, фломастер т.б


Барысы:

  1. Кіріспе. Дайындық тренинг

  2. Негізгі бөлім. «Өзімді бағалаймын» (іскерлік ойын)

«Мен мінсізбін» (аяқталмаған пікірді аяқтау)
«Сұлулықтың қандай түрі бар?» (топтастыру)

  1. Қорытынды.



Кіріспе.
Құрметті арулар, сұлу қыздар сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі шарамызға қатысып отырған ұстаздар, сынып жетекшілер сіздерді де көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі шарамызға белсенді қатысып, шынайы жауап береді деген сеніммен сіздерге тек сәттілік тілеймін. Барлықтарымыз қолымызға парақ алып, сол параққа өз есімдерімізді 3 рет жазып, бүктеп, мына қалпаққа жинай қояйық. Олай болса, іске сәт!
(әсем музыка қосулы тұрады).
Ендігі сіздерге тапсырма « шығыс базарына» аттанамыз. Базардан өз есімдеріңізді әр түрлі өнер көрсету арқылы сатып аласыздар.


Негізгі бөлім. (4 топқа бөлінеді)
Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Оны саралап, талдап, бағалап, керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылғанымыз жөн. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күніңде бір мәрте болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір өміріңді қалай өткізгенің жайында өзіңнен есеп ал» дейді екен.
«Өзімді бағалаймын» (іскерлік ойын)
Сіздерге таратылып берілген парақтың оң жағына «Жақсы» және сол жағына «Жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызда қандай қасиеттер бар, соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазыңыздар.
Талқылау:

  1. Қандай қасиеттеріңізді көп жаздыңыздар?

  2. Қайсысынан өзіңізді көп таптыңыз?

  3. Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?

  4. Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?



«Мен мінсізбін» (аяқталмаған пікірді аяқтау)
Қыздарымызға аяқталмаған пікірді аяқтау ұсынылады.

  1. Тәрбиелі қыздар көпшілік ортада өзін қалай ұстауы керек?

  2. Кітапханада.....

  3. Асханада.....

  4. Басқа мекемеге барғанда....

«Сұлулықтың қандай түрі бар?» (топтастыру)

  1. Мінез сұлулығы (байсалдылық, жайдары мінез, көпшіл көңіл.....)

  2. Түр сұлулығы (бота көз, әдемі жүз......)

  3. Дене бітімінің сұлулығы (ұзын бой, түзу аяқ, шымыр дене.....)

  4. Жан сұлулығы (көп білу, шешен тіл, шыншылдық, нәзіктік, қайсарлық.....)



Қорытынды.
Адам бойында сондай-ақ, ашу, қырсықтық, ерегесу, қызғаныш сынды қисық мінездер бар. Мысалы осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелеу керек екен. Кез келгеніміз ақыл,қайрат,сезім сияқты қасиеттерді жетілдірсек, өз өзімізді жетелеген боламыз. Әр адам жақсы адам боламын десе жаман қасиеттерден арылып, жанына жақсы қасиеттерді жинау керек.
Қыздарымыздың бойына қыз балаға тән әдемілік, нәзіктілік, мейірімділік сияқты қасиеттерді тілеймін.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет