Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Сақтар мен ғұндар әдебиетінің ерекшелігін айқындаңыз



бет6/129
Дата10.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#190653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Байланысты:
Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы -emirsaba.org

Сақтар мен ғұндар әдебиетінің ерекшелігін айқындаңыз.

Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар-қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша б.з.б) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар .Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер» немесе «азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім.Ал парсылар сақтар кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген.Жауынгер көшпенділердің батырлары туралы аңыз-әңгімелер б.з.б V ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы Гередоттың «Тарих» атты кітабында , қытайлықтар Сыма-цяньның «Жылнама», Бань-Гудің «Ханнама» атты кітаптарында жазылған.Олар біздің заманымыздан бұрын гректермен мәдени-сауда-саттық байланысын орнатқан. Византиялық Феофилакт Симокатта: «Күн шығыста тұрған скифтерді біз түркілер деп атаймыз»,-деген.



«Сақтардың» біздің заманымызға дейінгі дәуірлерде-ақ 26 әріптен тұратын өз жазуы болған .Оның дәлелі ретінде Алматы маңындағы Есіктен табылған Алтын адамның жанындағы күміс тостағандағы жазуларды айтуға болады.Жазуы бар жерде әдебиет, мәдениет дамитыны анық.Күміс тостағандағы: «Аға, саңа, очуқ! Без чөк! Бүкүн ічре азуқ».Аудармасы:Аға саған(бұл) ошақ! Ошағынан безгендер,тереңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай)! (А.Аманжолов оқып шыққан ),-деген жолдарды жазған ел-жұрттың бұдан да көлемдірек шығармалары болу керек.сөйлеу тілінің өзімізге мәлім түркі тілі екені көрінеді.
Міне осы сақтардан бүгінгі күнге дейін жеткен дастандарының жалпы сюжеті мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де сол үзінді түрінде сақталып келген мұралардың өзінен-ақ сюжеттік желісін,басты идеясын,көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес.Сондай дастанның бірі-Алып Ер Тоңға. Алып Ер Тоңға – аты аңызға айналған тарихи тұлға. Алып Ер Тоңға-Тұран елінің билеушісі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ер жүрек батыры.Дастанда оны елдің көреген көскмі ретінде де бейнелейді.
Тұран әскері қолбасшысының атына қосылып айтылатын «Алып»сөзі сол заманда «күшті», «батыр», «қаһарман», «ержүрек» деген мағынаны білдірген.Алып-сақтар мен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырдың,қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім.Түрік қағанаты тұсында бұл сөз әскери титул мағынасында да қолданылған.Ежелгі түркі халықтары өз батырларының атына «алып» сөзін қосып айтатын болған.
Сондай-ақ «Алып Ер Тоңға» дастаны жайындағы мәліметімізді толықтыра түсуге бұл салада жемісті еңбек еткен Туркияның әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдар- Б.Аталай,Р.Арат, Ш. Ертайлан, Ф.Көпрүлузаде, Н.Банарлы тағы басқалар еңбек сіңірді.
Бір қызығы – парсы елінің ұлы шайыры Әбілқасым Фердауси осы «Алып Ер Тоңға» дастанын толық күйінде оқыған сияқты.Ол өзінің әлемге машһур «Шахнамасында» Туран елінің патшасы,әскери қолбасшысы, даңқты батыры Алып Ер Тоңға жайындағы эфсана-аңыздарды, тарихи деректерді , мақтау өлеңдері мен жоқтау жырларын аса дарынды сөз зергерлеріне ғана тән шеберлікпен пайдалана білген.. Алып Ер Тоңға- Туран елі үшін жағымды қаһарман, ал Иран жағы үшін ол нағыз жау, басқыншы патша екені мәлім.Сол себепті ұлы шайыр «Шахнамада» Алып Ер Тоңғаны, яғни Афрасиабты бір жағынан жанкешті батыр, орасан күштің иесі, дарынды қолбасшы етіп көрсетсе, екінші жағынан, Иран елін қанға бөгеуге әзер тұрған залым патша ретінде бейнелейді. Соның өзінде, Фердауси өз шығармасында Алып Ер Тоңғаның түркі дастанындағы батырлық келбетін көп өзгертпей сол күйінде сомдап берген сияқты.
Ежелгі түркі әдебиетіне тән дәстүрлердің бірі-батыр шешуші шайқасқа шығарудың алдында қорқынышты түс көреді. Алып Ер Тоңғаның түс көруіне арналған дастанның жыр жолдарын Фердауси өз шығармасында зор шеберлікпен пайдалана білген.Мұнда «Афрасиабтың қорқынышты» түс көруі деп аталатын жырда төмендегідей жолдар бар.
Иран қолы қарақұрым қаптаған,
Жерімізді аямай-ақ таптаған.
Әр найзаға бір-бір басты іліпті,
Бір-бір басты қолтықтап та жүріпті.
Жарқ еткізіп алмас қылыш жасқады,
Қақ ортасынан екі бөліп тастады.
Жаудың келе жатқанын батырдың түс көруі арқылы жеткізу тәсілі қазақтың батырлық жырында да ұшырайды.Мәселен, «Алпамыс батыр» жырында қазақ елін шабуға әзірленіп жатқан қалмақ ханы Тайшық батыр да түсінен шошып оянады.Ол түсінде қалмақты қырғалы келе жатқан Алпамыс батырды көреді.
Мен бір бүгін түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім,
Құрсаулы қара бура кеп,
Қарсы қарап шабынды,
Айдарлымды құл қылды,
Тұлымдымды тул қылды[8,43]
Ежелгі түркі әдебиетіне тән бұл көркемдік дәстүрдің сол көне дәуірдің өзінде жазба әдебиеттен жалғасын тапқанын көреміз.Біз сөз етіп отырған «Алпамыс батыр» жыры - Қорқыт ата кітабындағы (VIII ғасыр) «Байбөрі баласы Бәмсі – Байрақ туралы жырдың » сан ғасырлар бойы талай өзгерістерге ұшырап, біздің заманымызға жеткен нұсқасы.Бұл екі жырдың да сюжеттік желісі де, сөз қолдану тәсілдері де, композициялық құрылысы да бір-біріне жақын тұр.
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанының 277-286-ші бәйттерін түгелдей Алып Ер Тоңға мадақтауға арналған:
Түркі бекеттеріне назар салып қарасаңыз,
Олар ішінде әлемге атты әйгілі,даңқтылары көп.
Түрік бектері ішінде мәртебесі ең биік тұрғаны.
Елге құт болғаны-Алып Ер Тоңға
Дастанда ақын Алып Ер Тоңғаны қалың қол бастаған батыр ғана емес,сонымен бірге, көреген көсем,білімді жан,ақылды ел ағасы , елге тұтқа болған қаһарман ретінде бейнелейді:
Оның күші мен ерлігіне ешеім тең келмес,
Ал, ақыл мен даналығы бәрінен де асқан.
Қаншама ержүрек ,даңқты жандарды,
Мына жалған бір сәтте ғайып(үнсіз) етіп жібереді. Сондай-ақ ақын мемлекет тұтқасын берік ұстап тұру үшін білім мен парасат қана емес,сонымен бірге,ерік,жігер, қаһарман, өктемдік, өзгелерге үстемдік ететіндей ызғар қажеттігін айтады.Дәл осындай қаһарман Алып Ер Тоңға деген түйін жасайды.
Сонымен, ақын Жүсіп Баласағұн сақтар көсемі туралы дастанды түпнұсқадан оқи отырып, Алып Ер Тоңғаның жарқын бейнесін жасағаны дау тудырмайды.
Қорыта айтқанда, «Алып Ер Тоңған» дастанының негізгі идеясы-Туран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ – бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу болып табылады.Бұл дастан Алып Ер Тұнғаның қайтыс болып, бүкіл түркі елінің күңіренген жоқтау жырымен аяқталады. «Алып Ер Тоңғаны жоқтау» деп аталатын жыр М.Қашқаридың «Диуани лұғат -ат түрік» атты сөздігі арқылы бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз жеткен.Бұл жоқтау «Алып Ер Тоңға» дастанының ең соңғы тарауы болса керек.Аяулы батыры қаза болғанда жоқтау айту дәстүрі түркі халықтары арасында күні бүгінге дейін сақталған.Жоқтау айту дәстүрі қазақ ауыз әдебиетінде кең тарағаны мәлім.Бұл жоқтау төмендегідей жыр жолдарымен басталады:
-Алып Ер Тоңға өлді ме?
Жаман дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма?
Енді жүрек жыртылар.
«Алып Ер Тұнға»дастанында ақын батырды жоқтай отырып, өмірдің барлық адамдар үшін өткінші екенін, ғұмырдың мәңгі еместігін, тәңір адамда ажалмен сынайтынын, тағдыр оғы тисе, тау шыңдары да быт-шыт болатынын зор күйінше сезіммен жеткізеді:
Замана күнін тебірентер,
Пенденің күшін кемітер.
Әлемдегі ерді сиретер,
Қашса тағы ,қуалар (іздер)
Алып Ер Тоңға қайтыс болғанда бүкіл ел қайғырғанын,ең қатыгез батырлардың өзі еңіреп жылағанын, адамдардың нұрлы жүздері сарғайып кеткенін, батырлар өз жырларын жыртып, айғай салып жылағанын батыр эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп жеткізген.Мұнда «тау қойнауы жыртылар», «атса оны кезеп», «атын болдыртты», «қайғы тоздыртты», «жүз сарғайтты», «запран жаққандай» деген сияқты тұрақты сөз тіркестері жиі ұшырайды.
«Алып Ер Тоңға » дастаны- түркі тайпаларының байырғы поэтикалық өлшемінде туған.Бұл өлшем бойынша, жырдың алғашқы үш жолы өзара ұйқасады да, төртінші жолы келесі шумақтың төртінші жолымен ұйқасып отырады.Көне түркі поэзиясының көг өлшемі негізінен а-а-а-ә ;б-б-б-ә;в-в-в-ә; түрінде болып келеді.Бұған жоғарыда келтірілген жыр жолдары дәлел .
Сөйтіп «Алып Ер Тоңға » дастаны-түркі халықтарының ежелгі ерлік тарихын аңызға айналған шежіре-деректер негізінде баяндайтын,көне түркі фольклорының дәстүрлі талаптарына сәйкес туындаған қаһармандық жыр.
Қорыта айтқанда, сақтар, ғұндар, ежелгі түркілер өздерінің ерлік дастандарында («Алып Ер Тонға », «Шу», «Атилла», «Ергенекөн», «Күлтегін» тағы басқа жырлары) батыр мінген аттың ер тұрманын бейнелеп көрсетуге әрқашанда ерекше мән беріп отырған.Қазақтың батырлық жырларында («Ер Қосай», «Ер Көкше»,«Қарасай» тағы басқа) ер-тұрманды бейнелеп,жырлау дәстүрі өз жалғасын тапты.
М.Қашқаридың «Диуани лұғат – ат түрік» атты еңбегінде Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екені айтылды.
Ежелгі түркі ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша «Шу» дастаны қадым заманда сақтар дәуірінде-ақ өмірге келген жыр.Белгілі түрік ғалымы Н.С.Банарлы өзінің «түрік әдебиетінің тарихы» атты зерттеуінде «Шу» дастаны бізге қытай көне жазбалары арқылы жеткені, соның өзінде, дастанның жалпы сюжеттік желісі мен жеке үзінділері сақталғанын айтады.Қытай жазбалары арқылы жеткен мәліметтер бойынша, сақтар өз мемлекетінің ұланғайыр бір аймағын Шу өлкесі деп атаған екен. «Әлемдік әдебиеттер тарихында түрлі аңыздарды өзінің сюжеттік желісіне арқау етіп алған дастандарды зерттеген ғалым Н.С. Банарлы. Түрік дастандары негізінен тарихта орын алған маңызды оқиғалардан елес беретінін ескертеді.Сонымен «Шу» батыр дастанында сол өңірдің көз тартатын ғажайып табиғат көріністері , бау-бақшалы егістік алқаптар, жыландай бұралаңдап ағатын өзендер мен айдында аққу құстар қиқу салған көлдер, өзен бойында қалың болып өскен құрақ қамыстар суреттеледі.Байырғы Баласағұн шахарының маңайынан жас әмірші Шу батыр жаңадан салдырған шу қала қамалының сәулеті жайында айтылады.
Бұл дастанда тағы да назар аударарлықтай көрніс бар. Шу батырдың көк шатырының үстінде мұздай қару –жарақ асынған арғымақ атқа мінген 12 нөкер күндіз-түні қоршап тұрады. «Шу» дастаны бізге толық күйінде жетпесе де шағын үзінділері бойынша-ақ мұның өзі көлемді, оқиғасы тартымды, желісі ширақ, көркемдік дірежесі жоғары, сол дәуірдің тарихынан мол мәлімет беретін шежіре дастан болғанын аңғару қиын емес.Сақтар дәуіріндегі ауыз әдебиеттің ғажайып үлгісі болып табылатын Шу батыр жайындағы дастан өзінен кейінгі түркі жазба әдебиетінің қалыптасуына зор әсер етті. Мәселен,Шу батыр үлкен бір іске кірісер алдында елдің батырларын, ұлықтарын, бектерін шақырып алып, оларға қарата үндеу-сөз айтады.Шу батырдың халқына қарап айтқан мұндай үндеу-сөздері бізге сол күйінде,яғни поэзия түрінде жетпеген. Шу батырдың сақтарға қарата айтқан монологы бізге зерттеуші ғалымдардың прозалық баяндауы арқылы ғана жеткен. Ал ел бастаған қағанның өз халқына қарата айтқан ұран- сөзі «Күлтегін» жырында да кездеседі:
Тәңірдей тәңір жаратқан
Түрік Білге қаған
Бұл шақта отырдым.
Сөзімді түгел естіңдер
Бүкіл жеткіншегім ұланым
Бірікен халқым әулетім
«Қорқыт ата кітабында» Қазан ханға қарата айтылатын Қорқыттың осындай сөзі бар: «О,Қазан хан! Сені жұрт барлық оғыз жігіттерінің,ұстыны, біздей кем кетіктің қорғаны, Баяндүр ханның күйеуі, Төле құстың тұқымы, Түркістанның діңгегі, тайпалармен рулардың арыстаны, қара тобырдың жолбарысы, қара аттың иесі, Ораз ханның әкесі деп айтушы еді. [26,49] Бұл ияқты өз халқына немесе ел басқарған ханына қарата сөз айту дәстүрі қазақтың батырлық жырларында да жиі ұшырайды.
Сақ, ғұн, оғыз және қыпшақ тайпаларының ең асыл қазнасы санлатын рухани байлығы-ауыз әдебиеті жайында жазылған зерттеулер жеткіліксіз дәрежеде деуге болады. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ғұндар дәуірінде өмірге келген түрлі аңыз -әфсаналар, мақал-мәтелдер, тұрмыс салт жырлары, лирикалық өлеңдер және батырлық эпосы әлі күнге дейін толық зерттеле қойған жоқ.Ауыз әдебиетінің бұл үлгілері біздің заманымызға толық күйінде емес, қысқа-қысқа үзінділер түрінде жетті. Ал, кейбір батырлық жырлардың жалпы сюжеттік желісі ғана сақталып қалған. Бұлар негізінен көне заман тарихшылары Геродот, Ктезий,Полиэн,Харес Матиленскийдің еңбегі арқылы белгілі болып отыр.Өздері орта ғасырда өмір сүрген Табари, Масуди, Исфахани, Бируний сияқты ғұламалардың кітаптарынан да ежелгі ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілерін табуға болады.
Ал, біздің жыл санауымыздан көп ғасырлар бұрын Еуропаға қоныс аударған дала қыпшақтарының арғы ата-бабалыры саналатың ғұндардың ерлікке толы өмірі, тұрмыс- тіршілігі халқына «Вальтария», «Нибелунгтер туралы жыр» деп аталатын көне герман эпостық жырларында айтылады.
Сонымен, қадым заманның батырлық жырлары да өмірде болған тарихи туындыларды, қоғамдық құрылыстарды бейнелейді. Алайда ерлік эпостарында «тарихи оқиғалардың сол күйінде, ешбір өзгеріссіз, қайталанып айтылуы шарт емес.Мұнда негізгі тарихи деректер сақталып қалады.Әйтсе де бұл оқиғаның өзі халық қиялынан туған ғажайып қызық оқиғаға бүркемеленіп беріледі».Басқаша айтсақ, ерлік эпостарының өмірге келуінде халық өмірінде маңызды рөл атқарған тарихи тұлғалар жайында аңыздар ерекше орын алады.





        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет