Түркістан- 2020 жыл Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



Дата07.02.2022
өлшемі27,99 Kb.
#86869
Байланысты:
4-дшы Оразбек Күмісай ЖМА-911
Абайтану эссе, stud.kz 77983, Unit 31 (Word Skills)

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ- түрік университеті




БӨЖ
Тақырып : Орта қашықтыққа жүгіру ұл 2000 м, қыз 1000 м әдіс-тәсілдерін дамыту
Қабылдаған: Жинисбаев Нағашбек
Орындаған: Оразбек Күмісай
Тобы: ЖМА-911

Түркістан- 2020 жыл
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1)Орта қашықтыққа жүгіру ұл 2000 м, қыз 1000 м әдіс-тәсілдерін дамыту
ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі
қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық
снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл
атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.Жеңіл атлетика дене тәрбиесінің ең негізгі бір құрамы болып табылады. Жеңіл атлетикасыз дене тәрбиесінің бірде-бір сабағы өткізілмейді десек те болады. Сондықтан ол өзінің сан салалығына және кең ауқымдылығына байланысты «спорт падишасы» деп аталады. Бұл өте дұрыс қойылған атау, өйткені жеңіл атлетиканың элементтері спорттың барлық түрлерінде қолданылады. Жүгіру жарысын бәрінен бұрын ежелгі грек олимпиадалық ойындарының атлеттері бастағаны белгілі.
Жүгіру – бұл үлкен ерік пен жігер көрсету... салмақсыздықты, өз денеңнің қозғалыс жылдамдығын сезіну, бәрін ұмыта ұмтылу, уақыт ағысын артқа тастау, ең ақырында, жеңістің жеңістің жақын екеніне сену. қуанышы! Жеңіл атлетика – бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары – тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.Жүгіру – қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа – 100, 200, 400 м және 110м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтық 800, 1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа – 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.

ІІ. Негізгі бөлім
Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде қай сөреден (төменгі, жоғарғы) шығу онша маңызды емес. Әдетте, спортшылар жоғарғы сөреден жүгіруді пайдаланады. Бұл ретте жүгіруші күшті аяғын сөре сызығына, екінші аяғын артқа қояды. «Дайындал!» пәрмені бойынша ол аяғын бүгіп, кеудесін алға еңкейтеді. Тұрған қалпын орнықтырып, кейбір спортшылар алдағы тұрған аяққа қарама-қарсы қолын жолға тірейді. 800 м-ге жүгіруде төменгі сөре жиірек пайдаланылады.Жүгірудің басталуы қысқа қашықтықта жүгіргендегідей болғанымен, тек күш жұмсау қарқыны біршама аз болады. Кеудені жылдам тіктеу керек. Қашықтықтың арту шамасына қарай қажетсіз, бірақ қашып құтылмайтын, шапшаңдықтың азаюы болады, ал онымен күрес құралы есебінде күшті үнемдеудің маңызы зор болмақ. Сондықтан да орта және ұзын қашықтыққа жүгіру техникасын жетілдіру – жүгіру шапшаңдығы мен спортшының күшін үнемдеу арасындағы оңтайлы ара қатынасты орнықтыру жолымен жүреді.Қашықтықтың арту шамасына қарай адымның ұзындығы азаяды. Орта қашықтыққа жүгірушілердің адымының ұзындығы әдеттегі адымынан 15-20см, ал ұзын қашықтыққа жүгірушілерде 10-15см артық болады. Сонымен бірге тірелу фазасының ұзақтығы біртіндеп артады және дененің еңкею бұрышы көбейеді. Қысқа қашықтыққа жүгірушілерде, ол шамамен 750-ты, орта қашықтыққа жүгірушілерде 800-ты және алыс қашықтыққа жүгірушілерде 85-870-ты құрайды.Орта және ұзын қашықтыққа жүгіруде аяқ басу, алдымен табанның ұшымен, кейін бүкіл табанға түсе, икемді түрде жүзеге асырылуы керек.Серпілу фазасында жамбас шамалы ғана алға беріледі, мұның өзі бұлшық еттердің күшін жақсы пайдалануға мүмкіндік береді. Осы фазаның ақырғы сирағы итерілетін аяқтың санының қатарында болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет