Түркістан облысы, ТҮлкібас ауданы, кершетас ауылы қ. Жандарбеков атындағы жалпы орта мектеп мусаева сауле абдуллаевна



Дата10.11.2023
өлшемі25,27 Kb.
#190644
Байланысты:
МАҚАЛА


ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ТҮЛКІБАС АУДАНЫ , КЕРШЕТАС АУЫЛЫ
Қ.ЖАНДАРБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП
МУСАЕВА САУЛЕ АБДУЛЛАЕВНА
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
ТАҚЫРЫП:


Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы мұң.

Бала тәрбиесінің алғашқы қадамы отбасыдан басталатынын білеміз. Сол себепті ата-ананың баламен жасайтын қарым-қатынасының үлкен тәрбиелік мәні бар. Әсіресе отбасындағы мәдениетті қалыптастыру, ерлі-зайыпты адамдардың бір-біріне айтқан игі ниеті, кішіпейілділігі, силасуы, отбасы қажеттілігінен туындаған мәселелерді ақылдаса отырып шешуі бала мінезіне жағымды әсер етеді.


Бала тез еліктегіш, иланғыш болғандықтан, жаман қылықтарды тез үйренеді. Сондықтан отбасындағы ерлі-зайыптылар арасындағы жарамсыз сөздердің, қатынастардың бала тәрбиесіне үлкен нұқсан келтіретіндігін айтпай кетпеуге болмайды.
Егер отбасыда бала талап қойылмастан өз бетінше жіберілсе, бала мінезінде шолжаңдық, қыңырлық, қисықтық, тартыншақтық сияқты жарамсыз қасиеттер қалыптаса бастайды. Осының өзі бала келешегін бұзықтықтың шыңырау құдығына сүйрейтіндігі жалпы жұртқа аян.
Балаға қойылатын талаптар барлық отбасында бірдей бола бермейді, кейбір отбасында жәй жалынып, айтқанын істететін болса, екінші біреулерінде, баланың қызығуына, жас ерекшелігіне, қабілетіне қарамастан, қатаң талап қойылады. Бірінші жағдайда ата-ананың жұмсақтығын пайдаланып, бала ерке шолжаң болып өссе, екінші жағдайда өз еркінен айырылып, амалсыз мойындайтын жалған қатынастар қалыптасады.
Кейбір ата-аналар балаларын жастайынан ерке етіп тәрбиелейді. Ерке бала бетін ешкім қайтармағандықтан, керекті де керексіз талаптардың бәрі айтылмай орындалғандықтан шолжаң және қыңыр болып өседі. Сонымен бірге сәл нәрсеге көңілі қалғыш, ызақор, менмен, көпшілікке жанаспайтын болады. Ондай бала көңіліне ұнамағанын істемейді, қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуға әрекет жасайды. Сол әрекетінде арзымайтын нәрселерді сылтау етіп, мұғалімдерді, ата-анасын алдай бастайтын болады.
Баланың мінез ерекшеліктерінде мұндай кемістіктерді болдырмау үшін отбасында оны тым еркелетпей, ұрып-соғып жазаламай ата-аналық мол мейіріммен, оның барлық қимыл-әрекеттерін терең талдай отырып, жарамды қылықтарын айрықша атап көрсетуден жалықпау керек.
Сонымен қоса, балаларда достық сезімінің күштілігінен өз жолдастарының жарамсыз қылықтарын әсірелеп өсіру күшті болады. Мұндай жағдай балалардың ойын үстінде сырлас-мұңдас болып, бір-бірінің кемістігін ата-аналарына білдірмеуге тырысқанда байқалады. Ал ойын үстінде бір-бірімен келіспей қалатын жағдайда олар әр уақытта шындықты айтып, кемістіктерін жасырмайды. Кейбір ата-аналар өз балаларының мінез ерекшеліктерін толық түсінбегендіктен, өз балам дұрыс болса болды деп, баласын жарамсыз қылықтары бар балалардан ажыратып ала бастайды. Бірақ бала ондай балалармен ойнауын, әрине, тоқтатпайды. Себебі ойнау үшін оған серік керек. Негізінде баланың достық сезімін арттыру үшін, оны бірге ойнаған жолдастарынан ажыратпай, қайта сол жолдас балаларын олардың ата-аналарымен бірлесе отырып талқылағанда, олардың ар-намысына тиместен, баланың ерекшеліктерін еске ала отырып, келешекте жөнделетініне сенім білдіре отырып тәрбиелеу керек.
Балаларда өмірдегі барлық нәрселерге қызығушылық күшті болатындығы себепті олардың арман-мүддесі, қиялы әлдеқайда шырқайды. Содан барып балалардың ойы мен әрекетінің арасында көптеген алшақтық білініп тұрады.осындай жағдайда балалардың шағармашылық ойын дамыту үшін олар тарапынан қойылған сұрақтарға қысқа да анық, дәйекті жауаптар беріп, балалардың ой арнасын серней шалқыған қиялы мен арман-мүддесі орындалуы мүмкін болатын салаға сілтеп отыру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет