Түркия Тақырыбы: Түркия мемлекетінің құрылуы және Ататүріктің мемлекет қалыптастырудағы реформалары


Мұстафа Кемалдің өмірі және оның құқық қорғау ұйымдарын құруы



бет2/11
Дата11.05.2022
өлшемі426,14 Kb.
#142062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
301-ататүрік реформалары 13- такырып (4)
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ

Мұстафа Кемалдің өмірі және оның құқық қорғау ұйымдарын құруы


Мұстафа Кемал паша 1881 жылы Салоника қаласында Али Ризабей деген ұсақ қызметшінің отбасында дүниеге келеді. 1894 жылдан бастап жас Кемал әскери мамандыққа бейімделе бастады. Әскери лицейді және академияны үздік бағамен аяқтайды. 24 жасында Бас штабтың капитаны деген шенге жетіп, Сирия гарнизонында оған әскери қызмет жүктеледі. 1905 жылы “Жас түріктер” ұйымымен жақындасып, Сирия тобындағы жас офицерлерді біріктіріп, “Ватан” саяси үйірмесін құрады. 1911—1913 жылдары М. Кемал Африкадағы және Балқан түбегіндегі соғыстарға қатысқан. 1916 жылы Кавказ майданын­ да генерал шені мен паша деген лауазым алды. Ол отаршылдарға қарсы азаттық күрестің туын көтерген Шығыстағы алғашқы саяси қайраткерлердің бірі болды. 1918—1923 жылдардағы Түркиядағы ұлт-азаттық күрес оның есімімен кемалдық революция деп аталды. М. Кемалдың тікелей қатысуымен 1919 жылы та- мызда және қыркүйекте Құқық қорғау ұйымдарының жалпытүркиялық конгрестері өткізілді. Сивас қаласында өткен конгресте 13 адамнан құрылған уәкілетті өкілдік комитет сайланды. Оның төрағалық қызметі М. Кемалға жүктелді. Сұлтан үкіметі шетел әскерлерінің көмегімен азаттық қозғалысын басуға кіріскенде, М. Кемал бастаған өкілдік Мұстафа Кемал 60 комитет жаңа парламент шақыру қажеттігін жариялап, бұқара халықты азаттық күреске жұмылдырды. 1920 жылы Анкара қаласында Ұлы халық жиылысы (жаңа парламент) шақырылып, Түркияның тәуелсіздігі мен тұтастығы жарияланды. Ұлы жиылыс елдегі жалғыз ғана заңды орган деп жарияланды.Мұстафа Кемал бастаған жаңа үкімет құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет