Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


жылғы қаңтарда Колчак пен Анненковтың барлау агенттері мені Қарқаралы қаласында тұтқынға алып, Қарқаралы түрмесіне қамады. Айыптаудың мәні



бет128/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   242
1919 жылғы қаңтарда Колчак пен Анненковтың барлау агенттері мені Қарқаралы қаласында тұтқынға алып, Қарқаралы түрмесіне қамады. Айыптаудың мәні Колчактың әскери-казак диктатурасының және Атамандықтың жауы, Атамандар диктатурасын құлату және Кеңес өкіметін қалпына келтіру үшін халықты қарулы көтеріліске дайындауға ұмтылған. 1919 жылғы 7 шілдеде (ескі стиль бойынша 2 маусымда) Колчак пен Атамандардың Әскери-дала соты Қарқаралы қаласында мені атуға үкім шығарды. Мен кассациялық шағым беруден бас тартып, өлім жазасына өзім қол қойып бекітуге келісетінімді мәлімдедім және шынында да, үкімді 1919 жылғы 7 шілде күні, кешкі сағат бестің шамасында өзім қол қойып бекіттім».

Ә.Ермеков (15 қарашадағы жауаптың жалғасы): «1917-1919. Бұл әскерилердің – колчаковшылар мен атамановшылардың билеп тұрған кезі болатын. Жазалау отрядтары, зорлық-зомбылық, дала-әскери соты жаппай орын алған еді. Жұмысшылармен, шаруалармен бірге сорлы қазақ елі де майдан даласына тән террорды, езгіні, басынуды бастарынан кешті. Губерниялық, уездік жер басқармаларының мүшелерін, «Алаштың» орталық кеңесін тұтқындау күн өткен сайын жиілей берді. Олардың кейбіреулері әскери-дала сотына беріліп, дарға асылуға дейінгі жаза қолданылды. «Алашорданың» мүшесі Ақбаев (Ж.Ақбаев – Т.Ж.) «большевиктердің төңкерісіне көмектесу үшін қару жасырғаны үшін» ату жазасына кесілді».

«Қысқаша өмірбаян»: «Осы кезде Қызыл Армия колчакшыларды (Колчак әскерін) Ресейден Азияға қуып шықты, Колчак атамандары қазақ зиялыларынан көмек күтіп, оған жағынып бақты. Сондықтан Сібір үкіметінің төрағасы Вологодскийдің ұсынысы бойынша корпус командирі Березовский өлім жазасының күшін жойды.

Бұған себепкер болған Қазақ комитетінің төрағасы, жалпыалаш сотының бас соты Р.Марсековтің:



«Егерде үкімет мекемелері «Алашорданы» мойындамаған жағдайда онда қазақ халқы Сібір үкіметінің ешқандай талабын да, өкімдерін де орындамайды. Сібір үкіметінің бірде бір өкімі жергілікті жерде таратылмайды»,– деген үзілді-кесілді жасаған мәлімдемемсі болатын.

«Қысқаша өмірбаян»: «1903 жылдың тамызынан 1905 жылғы 3 қарашаға дейін мен сот ведомствосында қызмет еттім, 1907 жылғы 7 сәуірден 1918 жылға дейін Семей округтік соты жанындағы Сенім білдірілген адвокаттың көмекшісі болдым. 1918 жылдың аяғынан бастап мен Семей губревкомының заң бөлімі жанындағы сот-тергеу учаскелерін басқару жөніндегі комиссияның мүшесі болдым. 1920 жылдың қаңтарынан Семей губревкомы басқару бөлімі заң бөлімшесінің меңгерушісі болып істедім. Менің етене араласуыммен губерния бойынша сот-тергеу учаскелері енгізілді (құрылды). 1920 жылдың сәуірінен бастап мен Семей кеңестік халық сотының мүшесі болдым. 1921 жылдың қарашасынан бастап 1922 жылдың ақпанына дейін мен Қарқаралы уездік халыққа білім беру бөлімі жанында жұмыс істедім. Айтпақшы, Қазақ фольклорын жинау жөніндегі комиссияның төрағасы болдым.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   242




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет