Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


«1922 жылы 19 ақпан күні: оқу-ағарту комиссариатының қызмет тапсырмасына орай 16 ақпаннан бастап азамат Әділев институттағы қызметінен босатылады»



бет59/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   242
«1922 жылы 19 ақпан күні: оқу-ағарту комиссариатының қызмет тапсырмасына орай 16 ақпаннан бастап азамат Әділев институттағы қызметінен босатылады» (Ташкенттегі тұңғыш қазақ институты, Ташкент, 2005 жыл, 11-бет).

Бұл Дінше Әділевті «қызыл партизаннан дала қарақшысына» айналуға бастаған, ең соңында «алашордашыларды» жаппай түрмеге тоғытқан тұйық жолдың алғашқы қадамы, том-том тергеу ісіне тіркелуге тиісті бірінші құжат болатын.

Сол қысқа мерзімде ол «ешкім құқық бермеген, ешкім мойындамаған», 1921-1922 жылы құрылған «астыртын ұйымның құпия мәжілісін» өткізіп үлгереді. Сөйтіп Д.Әділевтің:

«Дулатовтың қонақүйдегі бөлмесінде өткен Ташкенттегі ұйым мәжілісіне Дулатов, Иса Қашқынбаев, Халел Досмұхамедов, Ермеков (– ?), Кәрім Жәленов, Ақмолда Ізтілеуов қатысты. Уәлихан Омаров пен Дулатовтан басқасын бұрын танымайтынмын. Сіз білесіз бе, білмесеңіз айтайын, содан кейін Ташкентте Орта Азиядағы үйлестіруші топ ретінде ашылған ұйымның бас қосуы өтті. Орынбордағылар бұл топтан хабарсыз болатын. Олар орынборлықтардың мақсатын қолдады. Ұйымдастыру шарасы қаралып, әр қаладан сенімді адам тауып, сол қалада шағын топ құру мәселесі талқыланды. Ақмоладан, Семейден бөлімше ашу ұсынылды. Ондағы басты сенгеніміз Ермеков пен Ғаббасов болды. Айтпақшы Петропавл мен Семейде ұйым бұрыннан бар екен ...»,– деген көрсетіндісі Х.Досмұхамедовті және оның майдандастарын түрменің табалдырығынан аттатты.


Сонымен, 1930 жылы 14 қыркүйек күні: ПП ОГПУ-дің Шығыс бөлімінің Каз ССР-і бойынша өкілі Попов, Қылмысты істер кодексінің 58/7 58/33 59/3 баптары бойынша айыпталған Мұхамеджан Тынышбаевтің үстінен қозғалған №2370 істі қайта қарап шығып, осы істе тергелетін қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымының мүшесі ретінде:

1883 жылы Гурьев округінің Қызылқоға ауданында туған, Алматы қаласының тұрғыны, ұлты қазақ, шаруадан шыққан, жоғары білімді, мамандығы дәрігер, КазГУ-дің профессоры, партияда жоқ, үйленген, қарамағында асырайтын 5 адамы бар, 1920 жылдан Қазақстанда тұру құқы шектелген, сотталмаған және тергеуде болмаған Халел Досмұхамедовті:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   242




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет