Түс және символ. Сабақтың мақсаты



Дата16.09.2023
өлшемі127,96 Kb.
#181248
түріСабақ
Байланысты:
3 сынып қмж


Түс және символ.


Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Түс және символдар жайлы оқушыларды жаңа,
тың мәліметтермен таныстыру. Сондай-ақ символдар
жайлы тереңірек мағлұмат беру.

ә) Дамытушылық: Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге


дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, қорытынды жасай
білуге үйрету.

б) Тәрбиелілік: Белсенділігін арттыра отырып, бір-біріне көмектесу


мақсатымен оқушыларды ұйымшыл болуға тәрбиелеу.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық көрнекілік құралдар, көркем суретті альбомдар, фотолар және тағы басқалар.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:
Сендер табиғаттағы сан алуан түстерді бақылаған боларсыңдар. Табиғаттағы белгілі заттар өздеріне ғана тән түске ие. Сонымен қатар түспен түрлі сезімді, көңіл күйді және көптеген басқа құбылыстарды көрсетуге болады. Символ - бұл кез келген бір түсінікті, құбылысты білдіретін шартты белгі. Әрбір халықтың, адамдар тобының өз символдары болады. Бейнелеу өнерінде де, өмірде де түстер символ ретінде жиі қолданылады. Қызыл, қара, ақ түстер символ ретінде жиірек кездеседі.

Қызыл түс - махаббаттың, сұлулықтың, қуаныштың, байлықтың, жеңістің, жастықтың белгісі. Мына сөздерге назар аудар. «Қыз», «қызыл», «қызық», «қызғалдақ» сөздерінің түбірі бір. Бұл кездейсоқ емес. Мұндай мысалдарды басқа ұлттардың тілінде де келтіруге болады: орыстың «красота», «красный» сөздерінің түбірі бір. Осыдан барып «Қызыл алаң», «Қызыл үй» атаулары пайда болған. Қытайда бай, ауқатты адамдар үйлерінің қақпаларын қызылмен бояған. Ежелгі құдайлардың үстемдігін, табиғаттан тыс ерекшеліктерін көрсету үшін қызыл киімде бейнелейтін болған.


Көптеген халықтарда ақ түс жарықты, өмірді, тазалықты, бейбітшілікті білдіреді. Ежелгі Римде ақбоз аттар, ал Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде ақ пілдер қасиетті саналған. Ақ көгершін - бейбітшіліктің белгісі. Қазақ халқы әжелердің ақ жаулығын аса қадірлеген. Ал қара түс зұлымдықты, түнді білдіреді. Көп елдерде ол қайғы-қасіреттің түсі. Ертедегі шеберлер көркем шығармаларында құбыжықтар мен шайтандарды қара түспен берген. Қара түске ақ түс қарама-қарсы, сондықтан да болар, суретшілер шығармаларындағы мейірімді батырлар мінген ат ақ түспен бейнеленсе, ал зұлымдардың аты қара түспен берілген.


Қытайдың астанасы Пекин қаласында «Тыйым салынған қала» - императорлар өмір сүріп, билік құрған Қытай империясының орталығы бар. Бұл сарайдың қызыл қабырғалары оңтүстікті, күнді, бақытты білдірген. Ал ашық сары шатырлары жердің символы болған.
Қазақтың декоративтік шығармашылығында көгілдір түс - аспанның символы, жасыл түс - өсімдіктердің, өмірдің белгісі, ақ түс - тазалықтың, құдіретті аспан күштерінің символы, қызыл түс - отты, қанды, өмірді, сұлулықты, ал сары - кең даланы, даналықты білдіреді. Бұл түстер қазақтың ұлттық кілемдерінде жиі пайдаланылады.


Барлық халықтар үшін символдар бірдей болмайды. Олар халықтардың мәдени, тұрмыстық салт-дәстүрлеріне, елдің географиялық орналасуына және басқа да көптеген жағдайларға байланысты туындайды. Мысалы, Еуропада қаралы күні қара киім киеді, бірақ Шығыс елдерінде, мысалы, Үндістанда ақ түсті киім киеді. Ал Жапонияда қара түс қуаныштың символы болып табылады.
Түрлі елдердің мәдениетін тереңірек зерттей түссе, кез келген символдың түпкі тамырын табуға болады. Қалай дегенмен, барлық символдарды адамдар ойлап шығарған. Балалар, сендер де өз символдарыңның түсін ойлап табыңдар.

Сондай-ақ басқа түстердің де өзіндік белгілері бар. Көгілдір түс


барлық елде де аспанның символы. Еуропа елдерінде көгілдір түс
жоғарғы мәртебенің, ерліктің, үстемдіктің белгісі. Осыдан «көгілдір
қан» ұғымы шыққан және бейбітшілік символы Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті жақтаушылары «көгілдір береттер» деп аталуы да сондықтан. Азия және Шығыс елдерінде көгілдір түс тек аспан түсі ғана емес, сонымен қатар тыныштық пен игіліктің белгісі. Сары түстің белгілері әр түрлі, кейде қарама-қарсы болып келеді. Еуропада сары түс сатқындықты білдіреді, көбінесе ол ескертудің символы ретінде қолданылады. Ал көптеген мемлекеттерде, әсіресе Азия мен Шығыс елдерінде сары түс - жаздың, алтынның, күннің,
күзгі егіннің, қуаныштың, байлықтың түсі.
1. Сен қалай ойлайсың, мына сөз тіркестері қандай мағынаны білдіреді: «жарық дүние», «ак тілек», «қара ниет», «ақ жүрек», «алтын қолдар», «ақ сүйек», «сары уайым» ?
2. Қалыңдықтың ақ көйлегі, жол жөндеушілердің сарғыш және сары киімдері, ақ ту, ашық хаттардағы қызыл жүрек суреті, пираттардың жалауларының қара түсі қандай мағынаны білдіреді?
Үйге тапсырма беру: Түс және символ жайлы толығырақ таныс, символ ойлап тап.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет