Түсінік хат Қазақ тілі (Т1) (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)


оқу жылында білім беру процесінің нормативтік- құқықтық қамтамасыз



бет4/4
Дата24.10.2019
өлшемі99,18 Kb.
#50629
1   2   3   4
Байланысты:
КТП Қазақ тілі 4-сынып 2019-2020 ж




    1. оқу жылында білім беру процесінің нормативтік- құқықтық қамтамасыз етілуі:


1-4- сыныптарда білім беру процесі:


  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Ақпараттық- коммуникациялық технология» пәні бойынша

2018 жылғы 17 қазандағы № 576 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары;

  • «ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.


ҚАЗАҚ ТІЛІ
Түсіндірме жазба
«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.

Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру болып табылады.



Оқу жүктемесінің көлемі: 4-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.
9-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі

Жазба жұмыстарының түрлері

2-сынып

3-сынып

4-сынып

Сөздік диктант

5-7 сөз

9-12 сөз

12-15 сөз

Диктант

25-30 сөз

35-50 сөз

55-70 сөз

Көшіру

25-30 сөз

35-50 сөз

55-70 сөз

Мазмұндама

40-60 сөз

60-80 сөз

80-100 сөз

Шығарма

25-35 сөз

35-55 сөз

65-70 сөз

10-кесте. Жазба жұмыстарының критерийлері мен дескрипторлары



Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар


1.

Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен)

  • мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету;

  • әріптер мен дыбыстар арақатынасын белгілей біледі;

  • грамматикалық тапсырмаларды орындайды;

  • оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;

  • жазу кезінде сөздерді дұрыс жазады;

  • сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай біледі.




2.

Сөздік диктант

  • сөздерді қатесіз жазады;

  • ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.



3.

Ескерту диктанты – есту диктантының түрі. Мақсаты – мәтін, сөз жазғанға дейін орфограммаларды түсіндіру арқылы қателерді ескерту. Тақырыпты өтудің бастапқы кезеңдерінде қолданылады. Жазу алдында орфографиялық талдау жүргізіледі – білім алушылар сөздің қалай жазылғанын және неге екенін түсіндіреді.

  • тексерілетін емлеге сай ережені біледі;

  • сөздерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады;

  • өтілген материал аясында тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;

  • ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.



4.

Еркін диктант мәтінді жазу барысында білім алушылар жекелеген сөздерді ауыстыра алады, сөйлемнің құрылымын өзгерте алады. Мәтін әуелі тұтас оқылады, сонан соң бөліктері бойынша (3-4 сөйлем); әрбір бөлігі қайталап оқығаннан кейін жазылады. Білім алушылар мәтіннің әр бөлігін есте сақтау арқылы жазады. Бұл жұмыс түрі білім алушылардымазмұндама жазуға дағдыландырады.


  • сөздерді мағынасы жағынан таңдай біледі/алмастыра алады;

  • мәтіннің бөлігі бойынша есте сақтай отырып, жаза біледі;

  • сөздерді жазу кезінде орфографиялық ережелерді қолданады;

  • оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қоя біледі.

5.

Көру диктанты

Бұл диктант түрі білім алушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілгсн өлеңдерді алуға болады.




  • есте сақтау арқылы мәтін жаза біледі;

  • емлені жазу кезінде ережелерді қолдана біледі;

  • оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;

  • жазылған мәтін үлгісі бойынша тексереді.

6.

Суретті диктант (дыбыссыз диктант)

–мұғалімі үнсіз пәндік суретті көрсетеді, білім алушылар заттың атауын жазады.




  • суреттегі бейнені сөздермен сәйкестендіре біледі;

  • бейнеленген суретті сөздермен жаза біледі;

  • - емлені жазу барысында ережелерді қолдана біледі.

7.

Іріктеу диктантыесту немесе көру диктантының түрі. Бүкіл мәтінді жазу емес, тек қана оқылған ережелер орфограммасы бар сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді жазғызу. Қосымша тапсырма қоса жүруі мүмкін.

  • оқылған орфограммалары бар сөздерді таңдай біледі;

  • сөзді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана біледі.



8.

Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, білім алушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.

9.

Дұрыс құралмаған сөйлемдерден байланысқан мәтін құрау

  • дұрыс құралмаған сөйлемдерден мәтін құрай алады;

  • мәтін құрылымын сақтайды;

  • құралған мәтінді қатесіз көшіре алады.

10.

Қысқартулармен көшіру

  • сөйлемнің жеңілдетілген түрін жаза алады;

  • сөзді жазу кезінде емле ережелерін қолданады.

11.

Сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді көшіру

  • сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді жаза алады;

  • сөйлемдерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады.

12.

Мазмұндама

- мазмұндау кезінде ойды өзгертпей сақтай біледі;

- орфографиялық нормаларды сақтайды.



13.

Шығарма

  • жоспар құра алады;

  • ой бірізділігін сақтай біледі;

  • орфографиялық нормаларды сақтай біледі.

11-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сыныптар

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық бағалау саны

1-тоқсан


2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

4-сынып

2*

2*

2*

2*

*Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет